2-тақырып. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау



жүктеу 35,54 Kb.
Дата05.01.2022
өлшемі35,54 Kb.
#36517
касипкер жоспар


2-тақырып.

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау

1. Нарықты экономика жүйесінде әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың жұмыс істеу үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай (шарт) құрылған. Әрбір кәсіпорын өз жұмысын бастай отырып, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарға қажеттілігін, сонымен қоса кәсіпорынға өндірісте бар қаржыны жақсы пайдалану үшін болашаққа болжам жасайды.

Егер өзінің өндірістік шаруашылық жұмыстарын және өз болашақтары мен мүмкіндіктері туралы экономикалық ақпараттың жүйелі жоспарсыз, нарықтық экономикада меншік иелері табысқа жете алмайды.

Нарық кезінде нарықты реттеушілердің салалық, бәсекелестік, саяси, әлеуметтік сияқты ортаның қажеттіліктерінің өзгеруін қажеттілік пен мүмкіндіктерді алдын ала байқауды тек жоспарлаумен байланыстыру мүмкін.

2. Кәсіпорынға жоспарлау өндірісті басқарудың басты функциясы болып табылады. Қазіргі менеджментте қолданылып жүрген басқару функциясының жалпы жіктелуі Ф.Тейлор, А.Файол, Г.Эмерсондер қалыптастырған және оның ізімен ұйымдастыру басқару функциясының жүйесі көрсетіледі, әрбір функция шаруашылық субъектісінің жоспарлы қызметіне жатады: мақсатқа негізделу, стратегияны өңдеу, жұмысты, бағаны және нәтижелерді бақылауды, мақсатты өңдеу және жоспарды нақтылау.

Жоспардың түрлері және сипаттамасы

3. Нарықты экономика жүйесінде, кәсіпорын экономикасын жоспарлау мемлекеттің экономикалық процестерді реттеу саласына сәйкес жүргізіледі. Бұл жағдайда әрбір кәсіпорын өз жұмысын тиімді жүргізіп, көбірек пайда табу үшін жасалынады, әрі оған жоғарыдан жоспарлау міндеті қойылмайды, бірақ салық жүйесі арқылы, кәсіпорын жұмысы бақыланып отырылады. Әрбір өндірістік кәсіпорын жоспардың бірнеше түрін қолдану арқылы, өнеркәсіптің даму стратегиясын, болжамдарын жасай алады. Жоспар жасау арқылы, өнімді өндіру, сату көлемдері, қажет шикізат пен техника қажеттіліктері анықталады. Осындай бағыттарды анықтау үшін жасалған жоспар бірнеше түрде жіктеледі.

Олар: жоспар жасау түріне қарай – стратегиялық, индикативтік және тактикалық болып; уақытымен байланысты – ұзақ қысқа, орта мерзімді болып; жоспар зерзатына байланысты – кәсіпорын, цех, бөлім, бригадалық, жұмыс орны жоспары болып; құжат түріне қарай – жоспар, бағдарлама, жоба, болжау, тапсырма, т.б. болып; жоспарлау әдіс бойынша – баланстық, мөлшерлік, сызбалық, экономика – математикалық болып бөлінеді




Сурет 1 – Әртүрлі мерзімдегі жоспар




  • Стратегия – жоспарлау кешені, кәсіпорындар оны жасау кезінде нарыққа толық кіруді қарастырады.

  • Стратегиялық – жоспар – 3-5 ж мерзімге арналып жасалынады.

Кәсіпорынның негізгі өнімінің топтамалары нарықтағы ұзақ жылдық мақсатты көздейді. Стратегиялық жоспар жыл сайын түзеліп отырады.

  • Жылдық жоспар – алдағы жылдық барлық қаржылай көрсеткіштерінің өндірістік

экономикалық және қаржылай көрсеткіштерінің жұмыстары жатады. Көрсеткіштерінің мазмұндамасы стратегиялық жоспарға сай келуі тиіс.

  • Тоқсандық және айлық жоспар - өндірістік жылдық есеппен мерзімдік ауытқуы бар.

Ұзақ мерзімді жоспарлау стратегиялық жоспарлаудың негізгі түрі болып есептелінеді. Жоспарлауды орындаушы басшылары нақты бизнестің саласына жауап береді. Олар өз функцияларының мақсатын біледі.

Егер кәсіпорын стратегиясы болашақтағы орны мен рөлін анықтау болса, стратегиялық жоспарлау сол жағдайдағы жетудің нақты жолын көрсету болып табылады. Стратегиялық жоспарлаудың қамтитын кезеңі, әдетте 10-15 жылды құрайды. Стратегиялық жоспарлау жасау деіңгейіне, саласына байланысты негізінде алдағы 3-5 жылға есептеледі. Мысалы: Жабдықтарды сатып алу және пайдалану, кадр саясаты, өнім ассортиментін анықтау және т.с.с осы кезеңде жоспарлайды. Осы жоспар негізінде, қысқа мерзімдері жоспарлау жасалынады. Бұл 1-3 жылға дейінгі аралықты қамтитын кәсіпорын дамуын жоспарлау. Бұл жағдайда кәсіпорынның жарты жылдық және жылдық қадамдары нақты көрсетілуі тиіс. Мысал: шикізат, материалды жоспарлау және т.с.с. Ал ағымдағы жоспарлау, әдетте бір жылға жүргізіледі. Мұндағы көрсеткіштер тоқсанға бөлінеді. Ағымдағы жоспар стратегиялық жоспар негізінде бір жылға жасалынады және кәсіпорынның техника экономикалық көрсеткіштерін тиімді пайдалану және табыс табу жолдары қарастырылады.

Нарықтағы жоспарлау талаптары келесі түрімен айқындалады:


  • маркетингтің бағдарламаларының жоспарлаудағы байланысы.

  • Қазақстан Республикасының дамудағы әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың ұйымдық процесіндегі жоспарлау есебімен іске асыруды әзірлеу.

  • Кәсіпорынның негізгі индикативті жоспарын әзірлеу

  • Индикативті жоспардың орындалуын бақылау

- Қойылған мәселелерді орындау үшін қажетті кәсіпорындар өндірістік бөлімдерін жоспарлау процесі.

Кәсіпорындағы жоғары деңгейдегі ұйымдастырудың жалпы қойылған мәселелерінен кейін барлық өндірістік салаларда нақты жұмыс түрлері анықталады, онда орындалуы мерзімі, қажетті шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай өңделген өнімдер, және т.б. Сол себептен, кәсіпорындардың барлық жұмыстарының жоспары осыған байланысты бағытта жүреді.

Жоспар құру кезінде ең басты қойылған талаптардың бірі – мамандардың ақпараттық, қамтамасыз етілуі, сонымен қатар, маркетингті мәліметтердің ішкі мәліметтерді болжамдау. Оларға кіретіндер:


  • Нақты өндірістік күштің құрылымы.

  • Ұжым саны және олардың мамандарылған деңгейі

  • Қаржылары

  • Нақты айналым құралындағы қажеттілік.

  • Жаңа бұйымдар шығару бойынша ғылыми-техникалық өңдеуді иелену.

- Талдау, өңдеу, ақпарат жиыны болып – жоспарды өңдеудегі құралы болып табылатын маманның алдын-ала жоспарлау жұмысы болып табылады.

- Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметінің жоспарын құру жоспардың негізгі бөлімдерінің бөлімшелерін дайындаудан тұрады, оларға кіретіндер:



  • Өндірістік жоспардағы өнімнің сатылуы;

  • Материалдық – техника жоспарын қамтамассыз ету;

  • Еңбек ақы төлемі және еңбек бойынша жоспар;

  • Жаңа техника және инвестиция бойынша жоспар;

  • Қаржылық жоспар.

Кәсіпорындағы өндірісті жоспарлау өндірістік бөлімшелер бойынша оперативтік өңдеу жоспары жолымен іске асады.

Ағымдағы жоспардың көмегімен соңғы қорытындыны көруге болады, яғни өндіріс табыстылығы және пайданың көлемі. Өндіріс жоспарындағы өнімді сату ағымдағы жоспардың негізгі бөлімі болып саналады, ал қалған бөлімдері соның негізінде өңделеді.


Сурет 2 – Кәсіпорындағы шаруашылық қызмет жоспарының құрылымының нығайтылуы

4. Кәсіпорын жоспарының бөлімдері, оның құрылымы өндіріс масштабына байланысты болады. Бұл бөлімде өндірістің сатылу көлемі көрсетіледі. Жоспардағы бөлімдердің құрған қорытындысы бойынша, кәсіпорындағы шаруашылық қызметтің жоспарының теңестіруіне жету болып табылады немесе басқа сөзбен айтқанда өндірістік, техникалық, экономикалық, әкімшілік мекемелер және әлеуметтік іс шаралар динамикалық жүйесімен байланысты.

Жоспардағы өзіндік құн бөлімдері, экономикадағы өндірістік бөлімдермен, өндірістік тапсырманы тәртіп бойынша орындалуды қалыптастырады. Өндірістік операциялардың құрылымы орындалу мерзімі, жұмысы, қызмет түрлері көрсетіледі, сонымен бірге, қаржыландыру көзі және көлемі қарастырылады.

Мекеменің құрған жоспарының жалпы талабы өндіріс құралдарын тиімді қолдану және сапалы өнім шығаруды жоспарлау, өндірістік шығынды төмендету болып табылады.

Ішкі өндірістегі бригадалардың, цехтардың бөлімшелерінің жоспарлау жұмыстары толық жұмысты жоспарлау маңыздылығымен ерекшеленеді. Бұл жағдайдың болуының себебі, кәсіпорындағы өндірістік бөлімшелер заңды тұлға болып табылмайды. Сол себептен, олар тауар сатуда басқа да кәсіпорындармен қарым-қатынас жасай алмайды.


Сурет 3 - Кәсіпорын жоспарының орындалу барысы

Қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындар ағымдағы жоспарлаудың маңызды бөлімдерінде келесі жоспарлау көрсеткіштерін және мөлшерін көрсетеді:


  • номенклатура және өндірілген жұмыстың саны, тоқсан, ай, тәулік, ауысым;

  • шикізатты жұмсаудағы мөлшерді, материалдар, отын, энергия және т.б;

  • өнім сапасын белгілейтін көрсеткіштер;

  • еңбекақы қоры;

  • өнімнің есептік бағасының жоспары;

  • рентабелділік есептілік.

Көптеген кәсіпорындарда тоқтамсыз есеп және өндірістік процесті бақылау жүреді. Ол басшыларға жоспардың ауытқуын әр ауысымнан кейін мәлімдеп отырады. Оны алғаннан кейін, оны қалпына келтіру шаралары қарастырылып отырады.

Мемлекеттің қазіргі нарықтық экономикалық шарты өзінің жеке меншік қызметін жоспарлай алады, яғни олар келесідегідей заңды және жеке тұлғалардың сол арқылы алатын табыстарының және салықтардың құрылуынан, мемлекеттік апараттың маңыздылығына кеткен бюджеттік шығындардың іске асырылуы, мемлекет үшін өнімді сатып алу және аймақтарда, салаларда қажеттіліктің құрылуы, сонымен бірге бірыңғай категориялы азаматтарға көмек көрсету. Сонда ғана қоғамның мұндай жоспарлануы өз алдына макроэкономикалық жоспарлау болып табылады.

Бағдар негізінде, мемлекеттік мекемелердің іс-әрекетімен және мемлекеттік емес мекемелердің экономикалық басқаруын оңтайландыру осы саланың экономиасымен, келісімді құрылымдық техникалық сұрағын шеше алады. Ол әр түрлі саладағы шаруашылық субъектілерінің мекемелік-құқықтық формасы индикативтік жоспарлаудың құрылымдық түрлерінің дамуы болып келеді.

Индикативтік жоспар мемлекеттік айналымдағы шаралардың және әкімшіліктің орындау іс-әрекетінің бағдарын әлеуметтік экономикалық дамуына қол жеткізуінің көрсеткішінің күрделі, маңызды құжаты болып табылады.

Индикатор түсінігі - жүйені немесе өзіндік құнның күрделі мінездемесінің зерзаты ретінде түсіндіріледі, яғни олардың негізгі параметрлерінің жағдайын қалыптастыру түрінде көрсету және әр түрлі уақыттағы жүйенің қалыптасуында оптималды нұсқаны таңдау болып табылады.

Индикативтік жоспарлаудың функциясы - бюджеттік-жоспарлық, ақша-несиелік комплекстік жолмен қолданатын экономикалық конъюнктураның жақсаруы болып табылады. 60-жылдың ағымында Францияда және Жапонияда индикативтік жоспарлау қолданылды. Өзінің құрылымдық формасы бойынша ол макро жоспарымен және ішкі кәсіпорын жоспарымен, кәсіпорынның қызығушылығымен сонымен бірге, экономикалық секторлардың және салалардың мемлекеттік саясат құрылымының аймақтағы қатынасындағы алып сатушыны қамтамассыз ету. Жоспарлау мынадай түрмен тарайды: макро-микроэкономикалық деңгеймен және мемлекеттік экономикалық саясаттың ұзақ уақыттағы алып сатарын және мекемедегі өңдеу сапасының қолайлы өнім шығаруымен.

Индикативтік жоспарлаудың жүйесі әлеуметтік-экономикалық есеп берудің жалғастыру шешімінен тұрады: стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау, орта мерзімді жоспарлау және жылдық (ағымдағы) жоспар.

Нарықтық қатынастағы әрбір кәсіпорынның шарты ұзақ мерзімді жоспардың дамуынан көп көңіл бөлінеді. Мұндай жоспарлау, ағымдағы 10-15 жылды қамтып, ұзақ мерзімді белгілейді. Сонымен бірге, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалык саясаттың жалпы бағдарына және алып сатар сатысына, сонымен бірге экономикалық дамуының есеп беруі болып табылады.

Ұзақ мерзімді жоспарлау ағымдағы жоспарлаудың экономикалық мәселесін және қол жеткізілген мақсаттар бойынша мемлекеттегі әлеуметтік экономикалық саясаттарының бағдарындағы негізгі шешімді қабылдауға көмектеседі, яғни ағымдағы жоспарлауда келесілер бойынша көре аламыз:

- макроэкономикалық саясат (ақша-несиелік, салық салымы, бюджеттік
саясат);

- институционалды құрылымның қайта жетілуі (жеке меншік


қатынасының өзгеруі, нарықтың дамуы және нарықтың инфрақұрылымы,
кәсіпкерліктің дамуы);

- сырткы экономикалық саясат;

- экономиканы басқару;

- инвестициялық саясат;

- ғылыми-техникалық саясат;

- материалдық өндіріс салаларының күрделі дамуы және олардың инфрақұрылымы;

- әлеуметтік саясат;

- экологиялық саясат;

Нақты көрсеткіш құрамы Қазақстан Республикасының үкіметінің байланысындағы жоспарланған ағымның негізінен және процесті болжау макроэкономикалық сипатының күрделі негізіне байланысты анықталынады. Олар арқылы барлық өндірістік салаларының дамуына бағытталған болашақ бағыт-бағдар іске асады. Бағдар негізінде орта мерзімдік жоспар өңделеді, яғни (3-5 жылға) мемлекеттік бағдармен және ағымдағы жоспардың әлеуметтік сферасы және экономикада барлық кешендік іс-шаралар көрініс табады.

Жылдық (ағымдағы) жоспар макроэкономикалық баланстың ағымдық шешіміндегі бағдарының өңделу жолымен іске асады, сонымен бірге түзету арқылы экономикалық реттеу үшін және басқа да орта мерзімдік жоспардың шараларымен анықталады. Күрделі индикатор – көрсеткіш әлеуметтік экономикалық даму бөлімінде өңделеді.

Нарықтық келісім-шартта ішкі зауыттардың жоспарлаудың жаңа қағидалары бар. Не дегенмен, қажеттілік, оны өндіріс масштабынан, қоржындық тапсырыстың қалыптасуынан және өндірістік басқарудағы маңыздылығының сапасы үлкен маңызға ие.

Кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуіне көптеген жағдайлар әсер етеді. Оның ішінде: қандай өнімді (немесе қызметті) қаншалықты көлемде, қай уақытқа өндіру қажет екендігін, сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, анықтау, өндірісті ұйымдастырудың тиімді жолын таңдау, уақтылы ресурстармен қамтамасыз ету, негізгі және айналым капиталдарының деңгейін анықтау, өнімді сатудың әдістері мен сатудың формалары және т.с.с. Сондықтан, кез-келген кәсіпорын нәтижелері қызмет ету үшін жоғарыда аталған факторларды тиімді үйлестіре алуға ұмтылуы қажет, яғни оларды ішінара байланыстырудың қандай да бір әдістері мен формалары пайдаланатын қажеттілігі туады. Ондай әдіс кәсіпорындардың өндірістік және шаруашылық іс-әрекетін жоспарлау болып табылады. Әсіресе, нарық пен бәсеке жағдайында кәсіптік іс-әрекетті жоспарлау экономикалық өсімділік, өмір сүру қабілеттілігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылмақ.

Жоспар төмендегі талаптарға жауап беруі қажет:

- біріншіден, жоспар не? Қашан? Қалай? жүзеге асырылады? Деген сауалдарға жауап беруі;

- екіншіден, жоспар бүгінгі күннің негізінде құрылуы;

- үшіншіден, жоспарды жүзеге асыруға қажетті ресурстар көлемі анықталуы;

- төртіншіден, жоспар кәсіпорынның рентабельділігін қамтамасыз ете алуы;

- бесіншіден, жоспардың қысқа және ұзақ мерзімділігі анықталуы;

Осы талаптарды орындай отырып жоспарлауды жүзеге асырылу процесінде төмендегі қағидаларға сүйенуі міндетті. Олар:

- сыртқы және ішкі ортаның түрлі өзгерістері кезінде жоспарға өзгерістер енгізу, яғни кәсіпорындардың қызмет ету ортасының өзгерістеріне бейімделіп кетуі:

- үздіксіздік

- комммуникабельділік (өзара байланыстылық пен өзара тәуелділік)

- (комплекстілік) кешенділік

- көпварианттілік

Мұндағы көрсеткіштер тоқсанға және ай, күнге бөлінеді.



4. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары келесі негізгі бөлімдерді қамтиды:

  1. Кіріспе

  2. Өндіріс саласының жағдайына сипаттама

  3. өндірістік жоспар

  4. өнімді тұтыну және маркетиг жоспары

  5. жобаны ұйымдастыру жоспары

  6. қаржылық жоспар

  7. капитал шығынының экономикалық тиімділігін бағалау

Кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде мыналар аса маңызды қаржы-экономикалық көрсеткіштер болып табылады:

  • өнімді өткізуден түскен табыс; бұл көрсеткіш мақсаты арналымның қорлары бойынша ақша қаражаттарын одан әрі бөлужәне пйдалану ауқымдары мен мүмкіндіктерін алдын ала анықтайды;

  • шығыстардың көрсеткіштері; (өткізілген өнімнің өзіндік құны, шығындардың жалпы шығындары жеке элементтердің үлес салмағ, кезең шығыстары);

  • жалпы табыс;

  • таза табыс;

  • рентабельдіктің (табыстылықтың) деңгейі;

  • амартизациялық аударымдардың мөлшері;

  • өндірістік және әлеуметтік дамудың шаруашылық есеп қорларының ауқымы;

  • жабдықтаушылармен, тұтынушылармен, банкпен, бюджетпен, басқа ұйымдарман есеп айырысу ахуалының көрсеткіштері;

  • айналым қаражытының деген қажеттіліктің оның қолда барымен сәкестігі;

  • негізі және айналым қорларын пайдаланудың көрсеткіштері;

  • акционерлік капиталдың ауқымы және дивиденттердің көлемі;

  • жалдау ақысының мөлшері және басқалары;

  • кәсіп орын қаражаттары өтімділігінің көрсеткіштері.

Бизнес жоспардың табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылық жүргізідің барлық деңгейлеріне ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады.
жүктеу 35,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау