Мақсаты: Студенттердің жеке басына тән ерекшеліктері, патриоттық сезім туралы түсінік қалыптастыру және осы ерекшеліктерді оқу-тәрбие процесінде ескеру.
Тірек ұғымдар: Отан-ана, патриоттық сезім, туған жер ата-ана түсінігі.
Жоспары.
Патриоттық сезімді қалыптастыру жолдары.
Жастық шақ - әлеуметтік-психологиялық құбылыс.
Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі.
Студенттер күнделікті амандасуды бір-біріне допты беру арқылы өмір жолында табыс тіледі. Бұдан соң студенттерге әртүрлі тақырыптар бойынша проблемалық сұрақтар қойылды.
Өзін-өзі тану сабағында оқу стилі бойынша өзіндік таным арқылы жеке тұлға белседілігін арттыруға берілген сауалнама.
Істің жағдайына орай биязы болғанды жақсы көремін.
Мен тәуекел еткенді ұнатамын.
Мен мәселені болжам арқылы емес, нақты шешкенді қалаймын.
Мен күрделі құбылыстарға қарағанда қарапайым, жай құбылыстарды артық санаймын.
Мен бір нәрсені ойланбай емес, тек солай болуы тиіс деп сезінгендіктен жасаймын.
Мен құбылыстарды солай болу керек деп қабылдай салмаймын, оларды тексергенді ұнатамын.
Біз оқып-үйреніп жатқанның ішінде маңыздысы не?
Мен жұмыста жаңа әдістерді үздіксіз іздеймін.
Мен бір жаңалық естісем оны қалай жүзеге асырып, байқауға болатынына жоспар құра бастаймын.
Мен орныққан тәртіптерді, ережелерді, кестені қатал ұстануға бейіммін.
Мен істерді ұқыпты, аяғына дейін жеткізіп істеймін. Мен уақытынан ерте қортынды жасауды ұнатпаймын.
Мен барлық мүмкіндіктерді таразылап барып қана шешім қабылдағанды ұнатамын.
Мен құбылыстардың бөлшектенгенін емес, оларды тұтас көргенді ұнатамын.
Мен жаңа нәрсені көргенді және ескіден айырмашылығы бар нәрселерді ұнатамын.
Пікірталаста мен тек маңызды нәрсенің түйінін айтқанда ұнатымын.
Мен бір қортындыға келгенше ойланып алғанды ұнатымын.
Маған кенеттен үйреншікті емес ойды айту қиын.
Салыстыру үшін көбірек ақпараттар алғанды жақсы көремін.
Мен жұмысты алдын-ала жоспарлағанды емес, олардың пайда болғанына қарай іске кіріскенді жөн көремін.
Мен басқалардың ойларының тәжірибеде қалай жүзеге асатынына карап бағалауға бейіммін.
Мен сезімге ғана сүйеніп шешім қабылдау мүмкін деп ойлаймын. Барлық деректер жөнінде ойлану керек.
Менде нәрселерді қалай жасау керектігі жөнінде кішкентай «пункт» бар, яғни шамалы перфенциониспін.
Мен пікірталастарда тосын ойларды ұсынамын.
Пікірталастарда нәтижелі болатын ойларды ұсынамын.
Мен жұмысты бастамас бұрын, мәселерді жан-жақты талдағанды ұнатамын.
Әдетте мен аз тыңдап, көп сөйлеймін.
Мен жұмысты атқарудың көптеген тәжірибелік тәсілдерін өңдей аламын.
Жұмыстың табыс кілті-ұқыпты, қисынды ойлауда екеніне мен сенімдімін.
Егер маған ресми хат жазу керек болса, онда мен алдымен оның бірнеше жобалық варианттарын жазып шығамын.
Мен шешім қабылдамас бұрын барлық баламаларды /альтернативаларды/ қарастырамын.
Мен бой үйренбеген ойларды ұнатпаймын. Олар қолдануға қолайлы емес.
Секірердің алдында абайлап қарап алар едім.
Әдетте мен сөйлегеннен гөрі көбірек тыңдаймын.
Нәрселердің қалай жасалғандығы мені қызықтырмайды, ең бастысы жұмыс істесе болғаны.
Мені жұмысты рахаттанып істеуге кедергі келтіретін ережелер мен жоспарлар абыржытады.
Мен отырыстарда ортаны думандатамын.
Мен жұмысты орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын.
Мен істің түбіне дейін тексеріп, олардың қалай жұмыс істейтін білгенді қалаймын.
Мен жоспар бойынша өтетін кездесілер мен пікірталастарды ұнатамын.
Мен кейде іс бақылаудан шығып кетсе де ренжімеймін.
Сауалнаманың ұпайын есептеу. Сауалнаманы орындаған соң студент өткен парағындағы тұжырымда көрсетілген құптама нөмерінің жанына аталған параққа «1» санын қояды. Содан соң әрбір тікпарақтағы «бірліктің» саны есептелді.
Тәжірибе соңынан шығармашылық белсенділігіне қарай төрт топ ажыратылды.
Белсенділер /нақты тәжірибе/.
Белсенділер жаңа әсерлер болғанда өздерін жақсы сезінеді. Олар «осы жерде және қазір» болғандарына риза әрі әсерді сезінгендері үшін бақытты. Олар ашық, скептик емес, сондықтан олар барлық уақытта оптимист болып келеді. Олардың философиясы: «Мен тағы бір нәрсені байқап көремін». Олар алдымен әрекет етеді, артынан оның салдары жайлы ойланады. Олардың әр күні іс-әрекетке толы. Олар көптеген идеяларға ие бола отырып, істің шншімін табуға кіріседі. Бір іске деген әуестік біткен соң олар басқаларын іздей бастайды. Жаңак күрделі тәжірибені жинақтауға ұмтылад, бірақ оларды орындау процесінің міндеттілігі, жинақтау ісі қанағаттандырмайды. Олар адамдармен араласқыш, қарым – қатынас процесінде оқиғалардың ортасында болуға тырысады.
Ойшылдар /рефлексиялық бақылау.
Ойшылдар белсенді әрекеттен гөрі ойланғанды ұнатады, оқиғаны әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастырады. Әртүрлі деректерді жинайды және қорытындыға келер алдында бәрін мұқият тексеріп алғанды қалайды. Бұл міндеттерді мұқият іріктеу мен талдау арқылы олар шешім қабылдауды мүмкіндігінше кейінге қалдыруды ұнатады. Олардың ұраны: «Абай бол!». Олар алды-артын ойлайтын адамдар, әрекет жасар алдында барлық варианттарды есептеп шыққанды ұнатады. Жиналыс пен пікірталастарда соңғы қатарда отырғанды ұнатады. Пікірталастарда өз пікірін айтпас бұрын, басқалардың пікірлерін тыңдап алады. Олар бағаны төмендетіп беруге бейім және шындыққа жалтарма, шыдамды болып келеді. Олардың іс-қимылдары өткенді, қазіргі кезеңдегі оқиғаларды қамтып отырады.
3. Теоретиктер /абстрактілі концептуализациялану/.
Теоретиктер өз бақылауларын күрделі, бірақ логикалық теорияға айналдырады және оны жалпылайды. Олар істің шешімін дәйекті әрі қисынды етіп таба біледі. Олар бір-біріне сәйкескелмейтін деректердікелісімді теорияға айналдырады. Барлық нәрселерді рационалды схемаға жүйелеп алмай тыным таппайды. Олар талдау мен синтез жасағанды ұнатады. Өз істерін жорамал, ереже, теориялық модель және ойлау схемаларына негіздейді. «Егер бұл қисынды болса, ол жақсы» деген философияға сүйенеді. Олар «Мұның мағанасы бар ма?» Бұл басқалармен қалай байланысқан? Жорамалдың негізі неде? Деп жиі сұрайды. Мәселеге барлық уақытта қисынды қарауға тырысады. Бұл олардың «ментальдық қалпы» және олар бұған қайшы келетіннің бәрін теріске шығарады. Олар күмәнсіз деректерге сүйенгенді санайды
Прагматиктер /белсенді тәжірибелеу/.
Прагматиктер барлық идеяларды, теорияларды және техникалардың іс жүзінде қалай жұмыс істейтіндігін тексеруге ұмтылады. Олар батыл түрде жаңа идеяларды көздейді. Және мүмкіндігінше оларды тәжірибеден өткізеді. Қызықтыратын идеялар болса, тез табысқа жетуге тырысады. Ойлану мен ашық пікірталасты жақтырмайды. Практикалық қорытынды жасауды ұнататын адамдар. Олар мүмкін мәселелерді "шақыру« ретінде қабылдайды. Олардың философиясы- барлық уақытта істі жақсы шеуге болады.
4-ші бөлім. Өзін-өзі тану арқылы жеке тұлға белсенділігін арттыру.
1- сабақ. Тақырыбы: Менің мамандығым.
Мақсаты:
Мамандығына орай өзін-өзі тану белсенділігін арттыру.
Әдістер: оқу,дискуссия, сұрақ – жауап, анкета, әңгіме, өзін-өзі болжау .
Әдістемелік құрал жабдықтар: студент дәптері, өзіндік таным хрестоматиясы, графопректор, күй таспа т.б.
Сабақ барысы: Қабылдау ойлау есте сақтау қабілетін дамыту. /Физико-матиматика факультетінің эксперименттік топ студенттеріне жүргізілді/. Студенттер бөлмеге енген соң бір-біріне тек қана бүгінгі істеріне шығармашылық табыс тіледі. Біріншіден ойлау шығармашылығын арттыру мақсатында студенттерден Серия А; және Серия Б сұрақ – жауаптары алынды. Оларға алдымен бір-біріне ұқсас мысалы: тауық-жұмыртқы, қуыршақ-ойнауға, кітап-оқуға, қалам – жазуға т.б. сөз тіркестерін 1 минутта оқып шығып кеін 3 минуттан кейін қайтадан жазып шығуын сұрадық. Бұдан соң Серия Б тапсырмасы бойынша бір-біріне ұғымдары мүлде ұқсамайтын, бірақ сұрақ саны бірдей сөз тіркестері берілді. Мысалы: отырғыш-қоңыз, шөп-самала, жол-кітап, қағаз-үй т.б. сөз тіркестерін оқып шығып/1 минутта/ содан соң 3 минуттан кейін ойда қалған сөздерін қағаз бетіне түсіруі сұралды. Келесі тапсырма бойынша студенттер ойлау есте сақтау шығармашылық белсенділіктерін арттыру барысында кестеде берілген сандарды ойша қосып, жазып берді. Мысалы: 4 қатар саны оқылды. Олар оқылған бойдан 30 секундтан кейін жылдам қосып жауабын толтырып отырды.
-
қатар
|
жауабы
|
1
2
3
4…
|
7,3,8,6
14,51,18,42
16,7,23,44
12,22,32,4…
|
Осылайша студенттер өздерінің мамандықтарына орай ойлау логикалық жеке тұлғалық белсенділігін арттыруға жол ашты.
№9 дәріс тақырыбы: Құндылықтардың жіктелу ерекшеліктері.
Мақсаты: Рухани-адамгершіліктің даму тарихы. Философиялық, педагогикалық, психологиялық құндылықтардың жіктелуі.
Тірек ұғымдар: рухани-адамгершілік құндылықтар.
Жоспары.
Құндылықтардың жіктелу ерекшеліктері.
Негізгі құныдылықтарға сипаттама.
№10 дәріс тақырыбы: Толеранттылық. Үйлесімді даму.
Мақсаты: Студенттердің жеке басына тән ерекшеліктері, толеранттылық, үйлесімді тұлға қалыптастыру.
Тірек ұғымдар: Әлем үйлесімдігі, діндер ұғымы, әлеге көзқарас.
Жоспары.
Толеранттық сезімді қалыптастыру жолдары.
Жастық шақ - әлеуметтік-психологиялық құбылыс.
Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі.
Тәуелсіз Республикамыздың болашақ азаматтарын тәрбиелеуде ой-санасы, көкірек көзі ашық, рухани жетілген тұлғалардың осы бағытта атқаратын міндеттері орасан зор. Рухани жетілген тұлғалардың айналасында ізгі ниетпен мақсатты көздеген адамдардың топтасуы, көпшіліктің сана-сезіміне, іс-әрекетіне ізгі әсер етеді. Сондықтан да жастарды дүниені ғылыми, философиялық, діни бірлікте тануға, ол үшін өзін-өзі жетілдіре білуге баулу қажет.
XX ғасырдың басындағы ағартушылар Ш. Құдайбердиев,
С. Торайғыров, М. Қашимов және қазақтың алғашқы педагог-ғалымдары Ж. Аймауытов, Ж. Жұмабаевтар мәдениеттің қалыптасып, дамуына, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің мақсаты мен міндетін, әдісі мен құралын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосты.
Ойшыл –ақын Ш. Құдайбердиев “Этика”, “Әдептілік”- атты өз еңбектерінде моральдық идеалдар туралы толғанады, мейірім, махаббат, жауапкершілік, бекзаттық, кісілік, т.б. қасиеттерінің жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік құндылығының маңызын дәлелдейді. Осыдан келіп адамгершілік-рухани дамыған тұлға –адамзат санасынан туындаған дүниелік құндылық бағдарын бойына жинақтайтын, сол арқылы дүниеге тұлғалық мәндегі объект ретінде қарайды. Олай болса, өмірге осындай дүниелік қатынастан, өмірге қанағаттанбаудан тұлға ізденіске түсіп, өзін-өзі дамытады. Өмірдегі қанағаттанбаушылық тұлғаның адамгершілік-рухани қалыптасуының белгісін көрсетеді. Рухани- адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың маңызды педагогикалық міндеттері- студенттердің белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін, адам нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.
Ағартушы Ш.Құдайбердиевтің “Адам болып туғанмен, адам боп қалу өте қиын”- деп келетін сөз тіркестерінен адам деңгейінде өмір сүру, дүниені танып білу, оған баға беру, сын көзбен қарау, болмыстағы кездесетін ұлылы-кішілі оқиғаларға терең зер салу, оны жүрегімен, жанымен , бүкіл болмыс бітімімен сезіну адам болып қалу адамның тек қана жеке бас мінезіндегі, болмысындағы жайттарды өзін-өзі түсінуге, рухани дамытуға шақырады.
Осы арада өзінің философиялық, психологиялық жалындаған ойларында адамның рухани байлығының жұтаңдауы, әлсіреуі қоғамдағы басты мәселенің бірі – қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастағы өзара түсініспеушіліктен, шынайы-таза көңілдің болмауынан, ішкі түйсік көздерінің көмескіленуінен және оның ашылмауынан өрбитінін айтып жеткізеді. Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын- деген сөздерінен рух үндестігін рухани жан-дүниенің үйлесімді дамуын қамту керектігі айтылып тұр. Діннен қорықпау керек. Таза ислам дін жолындағы рухани мәдениетті дамыту барысында студенттердің бойындағы көптеген өрескел қылықтарды жоюға болады. Рух тазалығын сақтап, жүрегінің көзі ашылғанда ғана санасына саңылау еніп жан-жағындағы тәрбиелік маңызы бар адамның әдебі, адалдығы, рухани тазалығы, сыйластығы, жанашырлығы, бағалауы, қамқорлығы, махаббат мейірімі қалыптасары сөзсіз.
Осыдан келіп, руханилық дегеніміз - адамның өзіне және айналасына деген қарым – қатынасында байқалатын жоғарғы талаптар мен ықыластың ісіндегі себептер мен әрекетіндегі ынтаның жүйесі - деп айтуымызға болады.
Жоғары білім беру – бұл қоғам мүшелерінің, жеткіншек ұрпақтың адамгершілік, интелектуальдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.
С.А. Назарбаева өз сұхбатында “…Білім беру – бұл ұлттық және жалпыадамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты-өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау жолымен оның интеллектін байыту. …Өзін-өзі тану бағдарламасының міндеті-тұлғаға өзін-өзі тануға өзін және әлеуметтік ортасын түсінуге және өмірдегі өзгеріп жатқан жағдайларға бейімделуге көмектеседі… ”.
№11 дәріс тақырыбы: Өмірдің бастауы – махаббат.
1. Махаббат түрлеріне түсінік.
2. Сезіммен ерік, жігер түсінігі.
3. Шынайы сезімнің тазалығы мен пәктігі.
студенттерге жан-жақты сапалы білім беру, жалпы жоғары білім беру желісін жетілдіру – оны барынша ізгілендіруді, жас жеткіншек ұрпаққа адамгершілік тұрғыдан тәрбие беруді жаңартуды талап етеді. Біздің жас мемлекетіміз қоғамымыздың зиялылық әлеуетін сақтап қана қоймай, оны жаңа нарықтық қатынастар шеңберінде жаңалап түлетуге, жоғары білім даярлық аясында кәсіптік шеберлігі жоғары, адамгершілік, имандылық, ар-ұят, отаншылдық сияқты қадір-қасиеттерді бойына сіңірген ұлттық интеллегенцияның, зиялы қауымның жаңа легін даярлауға мүдделі болып отыр.
Осы орайда өзіндік таным жобасының авторы С.А. Назарбаеваның [29]. “Қазіргі уақытта қоғамдағы балалар мен жас жеткеншектердің тұлғалық дамуында рухани -өнегелі тәрбиесі, гормониялық дамуын зерттеу аса қажет” – деп көрсетеді. Бұл орайда С.Назарбаева қазіргі жастар тәрбиесінде [30] этика, эстетика, рухани жан азығын өмірге деген көзқарасты өзгертіп, барлығына тек қана сүйіспеншілікпен, махаббатпен, ізгілікпен қарауға, өзінің ішкі жан дүниесін өзгерткенде, толықтырғанда ғана ол адамнан жоғары білікті азамат шығатынын “Путь к себе” еңбегінде көрсетіп кетеді [31]. “Быть здоровым человеком значит привести в равновесие тело, разум дух, установить мир и спокойствие в самом себе. Найти путь к себе. Без духовной любви всякое обучение бесполезно”-деп, бұл тұрғыда ғалым, білім алуда оны сүйе білуге, талпынысқа шақырады. Қоғамды ізгілендіру- XXI ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың талабы, мұның өзі әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жетуіне байланысты болып отыр, әрі бұл қатынастарда алдымен әлемнің тұтқасы ретінде адам аса айшықтана көрінеді. Ендігі жерде ізгілендіру мақсатына жету құралы зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс болып табылады. Өйткені, біздің ертеңгі күні осы қазіргі мәдениетті, бүгінгі білім, тәрбие берудің аясында өзіміз қалыптастырған қоғамға қадам басатындығымыз айқын.
Философиялық, педагогикалық, психологиялық шолу жасай келе адами қасиеттерді бейнелейтін, адамгершілікке бағытталған адами құндылықтарға тағы бір рет тоқталсақ. Құндылықтар - тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар. Оларға шындық, қайырымдылық, тұлға, пайда, бостандық, махаббат, шығармашылық, т.б. жатады. Құндылықтар- идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой сана арқылы қабылданады. Құндылықтар – құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау тәрізді бағдарды білдіреді. Құндылықтар- сезіммен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекет бағдарын белгілейді.
Құндылықтар тек объективті, яғни шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, солай бола тұра, субъективті, өйткені ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылық бағдарды игереді де, іс-әрекет етеді.
Құндылықтардың жіктелуі- Кесте 4
Жалпы адамзаттық құндылықтар
|
Жоғары сапа деңгейіндегі құндылықтар
|
Рухани – адамгершілік имани құндылықтар
|
-адам өмірі, бостандық, отбасы, қарым-қатынас, адам бақыты, ұрпақ жалғастыру, еңбек ету, табыс, ынтымақтастық, белсенділік, тәуесіздік
|
-адам конвенциясы, демократия, азаматтық қоғам, өркениет, әлеуметтік мәдениет т.б.
|
-мәдениет, саясат, әдебиет, Отан, Ана, Жер, дін, діл, ар-ождан, парыз, ерік, жігер, күш, махаббат, қайырымдылық, мейірімділік,
|
Педагогикалық рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалыптастыру бір бірімен тығыз байланыстағы ішкі құрлым жағдайында өзара ықпалдаса, өзара дамыта алатын субъектілік қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылады, соған орай педагогикалық рухани-адамгершілік құндылықтарының негізгі заңдылықтарын тереңірек қарастырудың маңызы зор.
Рухани – адамгершілік құндылықтарды философиялық, педагогикалық, психологиялық жағынан терең талдап, оларға жекелеген анықтама жасай отырып, рухани-адамгершілік құндылыққа жалпы біріктіре келіп анықтама береміз.
Сонымен “Рухани-адамгершілік құндылық дегеніміз” адамның өзінің табиғи жаратылысы мен өзін-өзі тану, қабылдау, сезіну арқылы сарапқа түсіп дамыған, сыртқы ортаның ықпалы нәтижесінде қалыптасқан, тұлғаның тұрақтылығы мен жетілу деңгейін, қоғамдағы орнын, даралық қасиеттерінің сипатын айқындайтын ішкі құрылымдық элемент- деп білеміз.
№12 дәріс тақырыбы: Өзін-өзі тәрбиелеу теориясы - өзін-өзі танудың құрамды бөлігі ретінде
Тірек ұғымдар: тәрбие теориясы, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаты
Жоспары
1. Тәрбие теориясы және тәрбиеге жалпы сипаттама.
2. Тәрбиенің мақсат-міндеттері, категориялары және тәрбие-білім беру мақсатын орындаудағы арнайы ұйымдастырылған әрекет ретінде.
3. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбиеге көзқарастар эволюциясы.
Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалыптастыру олардың бойында төмендегі қасиеттердің пайда болуына ықпал етеді:
жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық;
интелектуальдық сипаты: ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалық өріс-өресі, терең танымдық, өзін-өзі сыни ойлау қабілеті;
ашықтық, сабырлылық, табандылық, мейірбандық;
өз көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя алушылық, көмек көрсетуге даярлық;
болашаққа көзқарас сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне, адамгершілік қасиетіне сыни көзқарас, өзінің адами даму сапасына жоғары талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі дамытуға, өздігінен білім алуға қажеттілігінің болуы;
өз мамандығы бойынша студенттер өз бойындағы адамгершілікке жатпайтын олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуға ұмтылуы;
Біз жүргізген нақты сауалнамалық зерттеу мәліметтері көрсетіп отырғандай, студенттердің басым көпшілігі ізгілік, адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық, ар-ұят, имандылық, адамшылық, сүйіспеншілік, от басы татулығы , т.с.с. өмірлік принциптік мәні бар құндылық бағдарды әрбір жеке бастың бойынан табылуға тиісті қадір-қасиеттерден гөрі, студент жастарымыздың арасында қазіргі уақытта белең алып отырған келеңіз қоғамға жат қылықтар да аз емес. Оларға қазіргі жастар арасындағы кездесетін әлеуметтік енжарлық , қоғамдық өмірге деген селқостық, жалпы мәдени деңгейлерінің төмен қарай қатты құлдырауы, ішкілікке, нашақорлыққа салыну, қылмыс жасау жайлып бара жатқандығы ақиқат. Сондай-ақ дүниеқоңыздық, пайдакүнемдік, экстремизм, қайткен күнде баюға жанталаса ұмтылу сияқты дерт те кеңінен жайылып отыр.
Әрине, студенттерге жүргізіліп отырған философия, мәдениеттану, саясаттану пәндерімен мазмұны сабақтасып жатқан өзін-өзі тану пәнінен факультативтік сабақтар бағдарламасын құрып жүргізу оларды рухани – адамгершілік құндылықтарға оқытып, тәрбиелеу процесінде олардың әрқайсысының жеке басын жан-жақты үйлесімді қалыптастырып, тұлғалық, кісілік деңгейге жеткізу үшін көп іс атқарылуы тиіс. Себебі, студенттердің жеке тұлғасының, кемелдік бітім – болмысының қалыптасуына тек білім мен тәрбие беру процесі ғана әсер етпейді. Олардың жеке тұлғаларының қалыптасуына өзі өмір сүріп, іс-әрекет жасап отырған қоғамдық орта /ғылымда оны шартты орта деп атайды/, микроорта-нақты қоршаған орта, отбасы, ұжым, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, оқу орны, дос-жарандары, т.б. ықпал етеді. Үшіншіден, әрине, студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына білім беру мен тәрбиелеу процесі әсер етеді. Төртіншіден, олардың жеке бастарының жан-жақты әрі үйлесімді қалыптасуына өздерін-өзі тәрбиелеу жатады. Негізінен, осы жоғарыда аталған 4 фактордың ықпалының нәтижесінде студентердің жеке тұлғалық келбеті қалыптасып, нақтыланады.
Қазір Республикада жастарды тәрбиелеу мәселесінде адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамыту, жетілдіру бағытында үлкен ізденістер қолға алынып келеді. Ондағы ұстанған басты қағида – адамның кісілік келбеті мен адам деген атқа лайықты бола білуін қалыптастыру, адамның табиғатпен, әлеммен үйлесуі, халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақ ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін жүзеге асыру көзделуде.
Ойымызды қорытар болсақ, білім үрдісінің мақсаты – жастар рухының ішкі қуаты, ой-жігерін айқындауға, болашақ тұлғалық сапасын және осы өмірдегі өз міндетін анықтау ізденісіне басшылық жасау. Адам өзін-өзі танып, өз мақсатын анықтаса және оны ешқандай қиындықтарға қарамастан іске асыра білсе, сонда ғана ол тұлға бола алары сөзсіз. Осы орайда, Ш. Амонашвлидің …тәрбие- материалистік тар ұғымдағы адамгершілік сапасының сыртқы мазмұны ғана емес, тәрбие алатын тұлғаның жан-рух дүниесінің өрлеуі, адам өмірін белгілі мақсатқа бағыттаушы бастауы – деген тұжырымдарынан адамгершілік қадір қасиеттер, тұлғаның ішкі жан - дүниесімен /жан, рухымен/ астасып жатуында екендігін көрсетеді. Адамгершілік тәрбиесі сыртқы жалаң түрде емес, адамның жан дүниесінен өзіндік орын алып, оның қажеттілігін жанымен сезінгенде ғана рухани-адамгершілік қадір-қасиеттер өз бойында кемелдене дамып, сыртқа шапағатын төгері сөзсіз. Осыдан келе, қазіргі кезеңде жоғары рухани дүние құрылымын, табиғат заңдылықтарының сырын “жүрегі қатты, ойы суық адамдарға” айтып жеткізуге болмайды дегіміз келеді.
Жас ұрпақты тәрбиелеуді көздейтін дүние жөніндегі білім, табиғат, психика күштері адамды ізгілендіреді, олардың жүрегін оятады.
Рухтың ұясы-жүрек. Ақыл жүрекпен нұрланса, неғұрлым рахымға толы болса, соғұрлым адамды ізгілендіреді.
Жүрек жылуынсыз тек қана ақылмен қабылданған білім адамның өзіне де, қоғамға да болашаққа да теріс ықпал етеді. Жастардың даму кезеңдерінде адамның рухани өзегін қоректендіруші ретінде тәрбие, біліммен қатар қолға алынуы тиіс, яғни білімге адами және рахымдылық сипат беріліп, ақылды жүрек жылуымен нұрландырған жөн.
Ойымызды қорыта келе айтарымыз, студент жастарға білім берудегі рухани-адамгершілік құндылық сезім мен ақыл-ойға тең дәрежеде сүйену қажет. Осы тепе – теңдіктің болмауынан білім жүйесінде сыңаржақты педагогикалық көзқарастар орын алып келгені белгілі. Содықтан да, жоғары оқу орындарында тәрбие рухани-адамгершілік құндылық – өзін-өзі тану арқылы өзін-өзі тәрбиелеу үлгісін ұстанып, оны өмірге ендіру көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады.
Тәрбиедегі басты мәселе - студенттердің тұлғааралық қатынасын дамыту, яғни өз құрбы-құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуі, ол үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, әр адамның құндылығын және даралық ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы түрде түсіне білуі және өзіне сырт көзбен қарап, өзінің көңіл-күйін, атқарған іс-әрекетінің себебін түсініп, істеген ісінің нәтижесінде өзіндік баға беруі тиіс.
Студенттердің танымдық ұмтылысын дамыту үшін олардың өз артықшылығы мен кемшілігін көре білуіне және өзінің жеке басының құндылығын, даралық сипатын саналы сезінуге тәрбиелеу қажет.
Студенттік өмірдің алғашқы жылдарында мамандығына қарай білімді игеруге қажетті қабілет пен дағдылардың дамуын қалыптастырумен бірге студенттерді өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін саналы сезінуге бағыттау қажет.
Тәрбиені ізгілендірудегі басты мақсат- студенттерді ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өзіне және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға назар аудару.
Тұлғаға бағытталған тәрбиеде рухани- адамгершілік ұстанымдарын жүйелі түрде жүргізу тиімділікке жеткізеді. Ол үшін студенттердің мәдени құндылықтарды игеруіне, өзін-өзі дамыту дағдыларына, өмір сүре білуге бейімділігіне, тұлғааралық қатынастарды, дағдыларды игеруіне, өзіне және өзгеге жауапкершілікпен қарауына көмектесу басты нысана болып табылары сөзсіз.
Жетілген тұлға-ақыл-ойын, сезімін, еркін үйлесімділікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген адам. Оның барлық ақыл-ойы мен іс-әрекетінің түп-төркінінде адамды құрметтеу, жақсы көру, сүю, өз махабатын адамдарға арнау ұмтылысы басым болады. Жетілген тұлғаның өзгелермен қарым-қатынасы махаббатқа негізделуі және оның бойындағы әдептік сипаттарын Майғаранова Ш. “Мектеп оқушыларына рухани-ізгілік тәрбие беру” еңбегінде төмендегідей тұжырымдайды:
өзгелердің мүддесін өз мүддесінен жоғары қою, кеңпейіл болу, тәккапарлыққа жол бермеу;
ата-анаға балалық құрмет көрсете білу, оларды құрметтеу, ата-анаға адал болу, оларды сүю;
достарының, отбасының Отанының сенімін ақтау;
өз ісін ізгілік мақсатқа арнау – басқалардың мүддесіне қызмет ету және маңызды істің шешіміне жету үшін өзінің іс-әрекетін, күш-қайратын жұмсау;
барлық адамдардың пікірін сабырлылықпен қабыл алу, алайда жағымсыз іс-қылықтардан, шектен шыққан істерден бойын аулақ сала білу;
шығармашылық ізденіске түсуден тайынбау, ортақ мақсатқа жету үшін көпшілікпен бірге жұмыс жасай білу;
жанашырлық таныту, өзгелердің қайғы-қасіретіне, мұң-мұқтажына ортақтаса білу, оларға көмектесу;
кешірімді болу, ренішке, өшпенділікке жол бермеу, ол үшін жамандық ойлап, кек алудан аулақ болу;
қайшылықтарды, түрлі көзқарастарды, ой-пікірлерді түсініп, ортақ шешім табудың жолын іздестіру;
рақымды, мейірімді болу, адамның көңіл-күін алдын-ала сезе білу;
көмектесу, көмек күткен адамға көмек көрсетуге әзір тұру.
№13 дәріс тақырыбы: Өнер құдіреті .
Достарыңызбен бөлісу: |