2 қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы Дәріс кешені Пән: «Медициналық заңнама» Мамандығы 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Курс-ІҮ Шымкент-2014 ж



жүктеу 297,5 Kb.
бет2/4
Дата15.04.2020
өлшемі297,5 Kb.
#29755
1   2   3   4

4.Иллюстрацияы материалдар: презентация(14 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі = Кодекс Республики Казахстан о здровье народа и системе здравоохранения : законы и законодательные акты . - Астана : Б. ж., 2009. – 1 экз.

2. Медик В. А. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.-30 экз.

3. Татарников М. А. Сборник должностных инструкций работников учреждений здравоохранения.- М.,2010.- 2 экз.

4. Бирлидис, Г. В. Правовое обеспечение профессиональной деятельности медицинских работников : учебник для студентов . - Ростов н/Д : Феникс, 2006. – 1 экз.

Жузжанов, О. Т. Стратегия и тактика законодательного обеспечения развития здравоохранения Республики Казахстан : монография . - Костанай : [б. и.], 2003. – 4 экз.

5. О здравоохранении в Республике Казахстан : основные законодательные акты. - Алматы : Юридическая лит., 2002. – 1 экз.

6. Об охране здровья граждан в Республике Казахстан : закон РК. - Алматы : Юрист, 2002. – 1 экз.

7. Шарманов, Т. Ш. Долгое восхождение к праву на здоровье : монография . - Алматы : Атамұра, 1998. – 2 экз.
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):


  1. Аттестация дегеніміз не?

  2. Аккредитация дегеніміз не?

  3. Лицензия дегеніміз не?

  4. Сертификаттау қалай жүргізіледі?



Кредит№2

1. Тақырыбы: Денсаулық қорғау саласындағы дәрігердің, жеке азаматтардың, пациенттердің құқықтары.
2.Мақсаты: Студенттерді денсаулық қорғау саласындағы дәрігердің, жеке азаматтардың, науқастардың құқықтарымен таныстыру.
3.Дәрістің тезистері:

87-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз етудің кепілдіктері

Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:

1) денсаулық сақтау құқығына;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілуіне;

3) медициналық көмекке бірдей қол жеткізуіне;

4) медициналық көмектің сапасына;

5) дәрілік заттардың қолжетімділігіне, сапасына, тиімділігі мен қауіпсіздігіне;

6) аурулардың профилактикасы, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуіне;

7) жеке өмірге қол сұғылмауына, дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуына;

8) ұрпақты болуды таңдау еркіндігіне, ұрпақты болу денсаулығын сақтауға және ұрпақты болу құқықтарының сақталуына;

9) санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық салауаттылыққа және радиациялық қауіпсіздікке кепілдік береді

88-бап. Азаматтардың құқықтары

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттары уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етілуге;

3) медициналық ұйымды, сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті еркін таңдауға;

4) өздерінің жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті сақтандыру жүйесінің қаражаты және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс қосымша медициналық қызметтерге;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен айғақтар болған кезде, бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алуға;

6) медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дұрыс тағайындамауынан және қолданбауынан денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

7) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыруға;

8) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурулар профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері, клиникалық зерттеулер, қоршаған ортаның жай-күйін, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын, дұрыс тамақтану мен тамақ өнім­дерінің қауіпсіздігін, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындыларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы дәйекті ақпаратты өтеусіз алуға;

9) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сарапшы ұйымдардан және субъектілерден өткізілетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға;

10) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) денсаулық сақтау ұйымына, жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасауға;

11) мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы өтініш беруге құқығы бар.

91-бап. Пациенттердің құқықтары

1. Пациенттің осы Кодекстің 88-бабында көрсетілген құқықтардан басқа:

1) диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;

2) қандайда бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алуға;

3) дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға;

4) отбасының, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің тарапынан қолдау көрсетілуге;

5) медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі қандай мүмкіндік берсе, сондай шамада дерт зардабының жеңілдетілуіне;

6) өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір естуге және консилиум өткізілуіне;


4.Иллюстрацияланған материалдар: презентация(11 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі = Кодекс Республики Казахстан о здровье народа и системе здравоохранения : законы и законодательные акты . - Астана : Б. ж., 2009. – 1 экз.

2. Медик В. А. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.-30 экз.

3. Татарников М. А. Сборник должностных инструкций работников учреждений здравоохранения.- М.,2010.- 2 экз.

4. Бирлидис, Г. В. Правовое обеспечение профессиональной деятельности медицинских работников : учебник для студентов . - Ростов н/Д : Феникс, 2006. – 1 экз.

Жузжанов, О. Т. Стратегия и тактика законодательного обеспечения развития здравоохранения Республики Казахстан : монография . - Костанай : [б. и.], 2003. – 4 экз.

5. О здравоохранении в Республике Казахстан : основные законодательные акты. - Алматы : Юридическая лит., 2002. – 1 экз.

6. Об охране здровья граждан в Республике Казахстан : закон РК. - Алматы : Юрист, 2002. – 1 экз.

7. Шарманов, Т. Ш. Долгое восхождение к праву на здоровье : монография . - Алматы : Атамұра, 1998. – 2 экз.
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):


  1. Денсаулық қорғау саласындағы дәрігердің құқықтары қандай?

  2. Денсаулық қорғау саласындағы азаматтардың құқықтары қандай?

  3. Денсаулық қорғау саласындағы кейбір азаматтардың және науқастардың құқықтарын білесіз?



2.Тақырыбы: Медициналық қызметкерлердің жауапкершілігі .
2.Мақсаты: Студенттерді барлық медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер міндеттерімен таныстыру.
3.Дәріс тезистері :

Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер міндетті: Өз кәсіптік міндеттерін шын пейілмен орыдау, пациенттерге мейіріммен және адамгершілікпен қарау, медициналық этика және деонтология қағидаларын ұстану, аурулардың алдын алуға атсалысу, азаматтардың денсаулығын нығайту, медициналық көмек көрсету, шұғыл жағдайларда тұрғындарға медициналық көмек көрсету, медициналық салауаттылықты тұрғындар арасында жоғарылату, салауатты өмір салтын насихаттау, медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің ар Кодексін ұстану, дәрігерлік құпияны сақтау, аурулар туралы, пациенттің жыныстық және отбасылық мәліметтерін құпияда сақтау,өз кәсіптік деңгейін үзілісссіз жоғарылатып отыру, керекті жағдайларда керекті маманның кеңесін алу. Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіптік жұмысына мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың араласуына рұқсат берілмейді, тек Кодекспен қаралған жағдайда.

Өзінің кәсіптік деңгейін бюджет қаражатынан немесе жұмыс беруші мекеменің атынан, егер қызметкер мемлекеттік емес ұйымның қызметкері болса,5 жылда 1 рет.Өз кәсіптік міндеттерін орындау кезінде денсаулығына немесе өміріне қауіп болған бақытсыз жағдайларда айыппұл төлеунауқастың ,өміріне қауіп төнген жағдайларда байланыс құралдарын, транспорттың барлық түрін ең жақын ауруханаға жеткізуге кедергісіз қолдануға,қызметтік тұрғын үй беру, көлік шығынын өтеу, өз кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде орындаған жағдайда марапатау,өз кәсіби құқығын және арын сақтау, азаматтың денсаулығын сақтауда немесе оның денсаулығына нұқсан келтірген жағдайда кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру бюджет қаражаты есебінен, жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі. Өзінің кәсіптік деңгейін бюджет қаражатынан немесе жұмыс беруші мекеменің атынан, егер қызметкер мемлекеттік емес ұйымның қызметкері болса,5 жылда 1 рет.Өз кәсіптік міндеттерін орындау кезінде денсаулығына немесе өміріне қауіп болған бақытсыз жағдайларда айыппұл төлеунауқастың ,өміріне қауіп төнген жағдайларда байланыс құралдарын, транспорттың барлық түрін ең жақын ауруханаға жеткізуге кедергісіз қолдануға,қызметтік тұрғын үй беру, көлік шығынын өтеу, өз кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде орындаған жағдайда марапатау,өз кәсіби құқығын және арын сақтау, азаматтың денсаулығын сақтауда немесе оның денсаулығына нұқсан келтірген жағдайда кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру бюджет қаражаты есебінен, жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі Міндеттер мен құқықтар, еңбек қатынастары. Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің ар Кодексін.ҚР Кодексін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»Медициналық қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыру.Медициналық қызметкерлерді құқылы сақтандыру.

4.Иллюстрацияланған материалдар: презентация(9 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі = Кодекс Республики Казахстан о здровье народа и системе здравоохранения : законы и законодательные акты . - Астана : Б. ж., 2009. – 1 экз.

2. Медик В. А. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.-30 экз.

3. Татарников М. А. Сборник должностных инструкций работников учреждений здравоохранения.- М.,2010.- 2 экз.

4. Бирлидис, Г. В. Правовое обеспечение профессиональной деятельности медицинских работников : учебник для студентов . - Ростов н/Д : Феникс, 2006. – 1 экз.

Жузжанов, О. Т. Стратегия и тактика законодательного обеспечения развития здравоохранения Республики Казахстан : монография . - Костанай : [б. и.], 2003. – 4 экз.

5. О здравоохранении в Республике Казахстан : основные законодательные акты. - Алматы : Юридическая лит., 2002. – 1 экз.

6. Об охране здровья граждан в Республике Казахстан : закон РК. - Алматы : Юрист, 2002. – 1 экз.

7. Шарманов, Т. Ш. Долгое восхождение к праву на здоровье : монография . - Алматы : Атамұра, 1998. – 2 экз.
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):

1. Медициналық қызметкерлердің әлеуметтік сақтандыру жөнінде қандай шаралар жүргізіледі?

2.Медициналық қызметкерлердің құқықтық сақтандыруда қандай шаралар жүргізіледі?

3.Денсаулық сақтаудың мемлекеттік секторында жұмыс істейтін медициналық қандай әлеуметтік қолдау жүргізіледі?


3. Тақырыбы: Медициналық қызметкерлерді әлеуметтік-құқықтық сақтау.
2.Мақсаты: Студенттерді медициналық қызметкерлерді әлеуметтік-құқықтық қорғаумен таныстыру.
3.Дәріс тезистері :

Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер міндетті: Өз кәсіптік міндеттерін шын пейілмен орыдау, пациенттерге мейіріммен және адамгершілікпен қарау, медициналық этика және деонтология қағидаларын ұстану, аурулардың алдын алуға атсалысу, азаматтардың денсаулығын



182-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері

1. Медицина және фармацевтика қызмет­керлері:

1) кәсіби қызметін жүзеге асыруға арналған қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуге;

2) жеке медициналық қызмет (жеке практика) жүргізуге;

3) бес жылда кемінде бір рет мемлекеттік бюджеттің немесе денсаулық сақтау саласының мемлекеттік емес секторы ұйымының қызметкер­лері болса, жұмыс берушінің қаражаты есебінен өзінің біліктілік деңгейін көтеруге;

4) штат санының қысқаруына немесе ден­саулық сақтау ұйымдарының таратылуына байланысты қызметкерлер босап қалған жағдайда, бюджет немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен қайта даярлықтан өтуге;

5) еңбек міндеттерін атқару кезінде өздерінің денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өтетуге;

6) азаматтың өміріне қауіп төнген жағдайда ұйымдардың немесе азаматтардың меншігіндегі байланыс құралдарын, сондай-ақ қолда бар көліктің кез келген түрін азаматты таяу жердегі медициналық ұйымға жеткізу үшін кедергісіз және тегін пайдалануға;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүріп-тұру сипатындағы қызметіне байланысты көлік шығыстарын өтетуге;

8) кәсіби міндеттерін жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшін көтермеленуге;

9) өзінің кәсіби ар-ожданы мен абыройын қорғауға;

10) медицина қызметкері тарабынан салақ немесе қырсыз көзқарас болмаған кезде азаматтың денсаулығына келтірілген зиян үшін кәсіби жауапкершілікті сақтандыруға құқылы.

3. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:

1) жергілікті өкілді органдар айқындайтын мөлшерде лауазымдық жалақыға үстеме;

2) коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілеген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен өтеу;

3) жеке меншігінде малы барлар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жем-шөппен, мал жайылатын және шөп шабылатын жер учаскелерімен қамтамасыз етіледі;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерден басқа, денсаулық сақтау қызметкерлеріне жергілікті бюджеттер есебінен жергілікті өкілді органдар қосымша жеңілдіктер белгілеуі мүмкін.

нығайту, медициналық көмек көрсету, шұғыл жағдайларда тұрғындарға медициналық көмек көрсету, медициналық салауаттылықты тұрғындар арасында жоғарылату, салауатты өмір салтын насихаттау, медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің ар Кодексін ұстану, дәрігерлік құпияны сақтау, аурулар туралы, пациенттің жыныстық және отбасылық мәліметтерін құпияда сақтау,өз кәсіптік деңгейін үзілісссіз жоғарылатып отыру, керекті жағдайларда керекті маманның кеңесін алу. Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіптік жұмысына мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың араласуына рұқсат берілмейді, тек Кодекспен қаралған жағдайда.

Өзінің кәсіптік деңгейін бюджет қаражатынан немесе жұмыс беруші мекеменің атынан, егер қызметкер мемлекеттік емес ұйымның қызметкері болса,5 жылда 1 рет.Өз кәсіптік міндеттерін орындау кезінде денсаулығына немесе өміріне қауіп болған бақытсыз жағдайларда айыппұл төлеунауқастың ,өміріне қауіп төнген жағдайларда байланыс құралдарын, транспорттың барлық түрін ең жақын ауруханаға жеткізуге кедергісіз қолдануға,қызметтік тұрғын үй беру, көлік шығынын өтеу, өз кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде орындаған жағдайда марапатау,өз кәсіби құқығын және арын сақтау, азаматтың денсаулығын сақтауда немесе оның денсаулығына нұқсан келтірген жағдайда кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру бюджет қаражаты есебінен, жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі. Өзінің кәсіптік деңгейін бюджет қаражатынан немесе жұмыс беруші мекеменің атынан, егер қызметкер мемлекеттік емес ұйымның қызметкері болса,5 жылда 1 рет.Өз кәсіптік міндеттерін орындау кезінде денсаулығына немесе өміріне қауіп болған бақытсыз жағдайларда айыппұл төлеунауқастың ,өміріне қауіп төнген жағдайларда байланыс құралдарын, транспорттың барлық түрін ең жақын ауруханаға жеткізуге кедергісіз қолдануға,қызметтік тұрғын үй беру, көлік шығынын өтеу, өз кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде орындаған жағдайда марапатау,өз кәсіби құқығын және арын сақтау, азаматтың денсаулығын сақтауда немесе оның денсаулығына нұқсан келтірген жағдайда кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру бюджет қаражаты есебінен, жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі Міндеттер мен құқықтар, еңбек қатынастары. Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің ар Кодексін.ҚР Кодексін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»Медициналық қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыру.Медициналық қызметкерлерді құқылы сақтандыру.



4.Иллюстрацияланған материалдар: презентация(13 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі = Кодекс Республики Казахстан о здровье народа и системе здравоохранения : законы и законодательные акты . - Астана : Б. ж., 2009. – 1 экз.

2. Медик В. А. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.-30 экз.

3. Татарников М. А. Сборник должностных инструкций работников учреждений здравоохранения.- М.,2010.- 2 экз.

4. Бирлидис, Г. В. Правовое обеспечение профессиональной деятельности медицинских работников : учебник для студентов . - Ростов н/Д : Феникс, 2006. – 1 экз.

Жузжанов, О. Т. Стратегия и тактика законодательного обеспечения развития здравоохранения Республики Казахстан : монография . - Костанай : [б. и.], 2003. – 4 экз.

5. О здравоохранении в Республике Казахстан : основные законодательные акты. - Алматы : Юридическая лит., 2002. – 1 экз.

6. Об охране здровья граждан в Республике Казахстан : закон РК. - Алматы : Юрист, 2002. – 1 экз.

7. Шарманов, Т. Ш. Долгое восхождение к праву на здоровье : монография . - Алматы : Атамұра, 1998. – 2 экз.
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):

1.Медициналық қызметкерлердің әлеуметтік сақтау жөнінде қандай шаралар жүргізіледі?

2.Медициналық қызметкерлердің құқықтық сақтау жөнінде қандай шаралар жүргізіледі?
4. Тақырыбы: Медициналық және сот сараптаудың құқықтық негіздері
2.Мақсаты : Студенттерді медициналық және сот сараптаудың құқықтық негіздерімен таныстыру.
3.Дәрістің тезисі:

Денсаулық сақтау саласындағы сараптаманы дәрілік заттардың, мединалық керекті заттардың сараптамасынан басқа , сараптаманы жеке немесе заңды тұлғалар лицензия немесе аккредитация туралы күәлігі негізінде жүргізеді.

Денсаулық сақтау саласында сараптама жүргізу азаматтардың денсаулығын қорғаудағы бірден бір маңызды орынды алады.Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласында сараптаманың келесі түрлері жүргізіледі: медициналық қызметтің сапасын сараптау, уақытша жұмысқа қабілетсіздікті, әскери-дәрігерлік сараптау, сот –медициналық сараптау, сот-психиатриялық сараптау,сот-наркологиялық сараптау,дәрілік заттардың,медициналық керекті заттардың, мед.техниканың сараптамасы,ғылыми-медициналық сараптама.

57-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама

1. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама азаматтардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болып табылады.

2. Қазақстан Республикасында денсаулық сақ­тау саласындағы сараптаманың мынадай түрлері:

1) медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама;

2) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сарап­тама;

3) әскери-дәрігерлік сараптама;

4) сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар;

5) санитариялық-эпидемиологиялық сарап­тама;

6) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама;

7) ғылыми-медициналық сараптама жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тір­кеу деректеріне өзгерістер енгізу кезінде дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптаманы қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы сараптаманы жүр­гізу­ді жеке және заңды тұлғалар тиісті лицензия және (немесе) аккредиттеу туралы тиісті куәлік негізінде жүзеге асырады.

 

58-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама

1. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама – жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызметтер көрсету сапасының дең­гейі жөнінде қорытынды жасау үшін медициналық қызметтер көрсетудің тиімділік, толымдылық және стандарттарға сәйкестік көрсеткіштерін бейне­лейтін индикаторларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығы.

2. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама ішкі және сыртқы сараптама болып бөлінеді.

3. Ішкі сараптама жүргізу үшін әрбір медици­налық ұйымда ішкі бақылау (аудит) қызметі құрылады. Осы қызметтің құрылымы мен құрамын ұйым басшысы көрсетілетін медициналық қызмет­тер көлеміне қарай бекітеді.

Ішкі бақылау (аудит) қызметі медициналық ұйымның медициналық көмек көрсетуді ұйымдас­ты­руына, клиникалық қызметіне, медициналық көмек көрсету тәртібін және стандарттарды бұзу фак­ті­лерінің анықталуына, сондай-ақ емделуде жатқан пациенттер жолданымдарының бес күннен аспайтын мерзімде қаралуына ағымдағы талдау жүргізеді.

Ішкі бақылау (аудит) қызметі жүргізілген аудит нәтижелері бойынша көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының төмендеуінің анықталған себептері мен жағдайларын жою жөнінде медици­налық ұйым басшысына ұсыныстар енгізеді.

4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сыртқы сараптаманы уәкілетті орган және (немесе) тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.

5. Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

 

59-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама

1. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жеке тұлғаның еңбекке жарамсыздығын ресми тану және оны ауыру кезеңінде еңбек міндеттерін орын­даудан уақытша босату мақсатында жүргізіледі.

2. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізудің, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыз­дық парағын және анықтамасын беру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.



 

60-бап. Әскери-дәрігерлік сараптама

1. Әскери-дәрігерлік сараптама денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке неме­се ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарындағы, әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі­нің, өртке қарсы қызмет, қаржы полициясы, кеден органдарындағы, прокуратура органдарын­дағы қызметке (бұдан әрі – әскери қызмет немесе ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызмет) жарамдылықты белгілеу үшін, сондай-ақ азаматтардың әскери қызметті немесе ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызметті және әскери жиындарды өткерумен (міндеттерді орындаумен) байланысты ауруының, мертігуінің (жаралануы­ның, жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрі – мертігу) және қайтыс болуының себепті байланыстарын айқындау үшін жүргізіледі.

2. Әскери-дәрігерлік сараптама:

1) мыналарды:

шақыру учаскелеріне тіркелетін, әскери қыз­мет­ке немесе әскери жиындарға шақырылатын және әскери (арнайы) оқу орындарына, республи­калық әскери мектеп-интернаттарға (лицейлерге) түсетін азаматтарды;

әскери қызметке немесе ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызметке, оның ішінде келісім-шарт бойынша қызметке кіретін азаматтарды;

әскери қызметті шақыру бойынша немесе келі­сім­-шарт бойынша өткеретін әскери қызмет­шілерді;

әскери (арнайы) оқу орындарының курсант­тарын, кадеттер мен тәрбиеленушілерді;

радиоактивтік заттармен, иондандырушы сәуле­лену көздерімен, зымыран отыны компонент­терімен, электр-магниттік өрістер көздерімен қыз­мет­ке (жұмысқа) іріктеп алынатын және қызмет өткеріп (жұмыс істеп) жүрген әскери қызметші­лерді (Қарулы Күштер қызметшілерін);

мемлекеттік авиацияның авиация персоналын;

әскери жиындарға немесе әскери қызметке шақырылған кезде немесе есепке алу мақсатында запастағы азаматтарды медициналық куәландыру кезінде;

2) ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және құқық қорғау органдарына қызметке кіретін азаматтарға психологиялық-физиологиялық іріктеуді жүзеге асыру кезінде;

3) әскери қызметті (әскери жиындарды) неме­се ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық қор­ғау органдарындағы қызметті өткерген әскери қыз­мет­шілердің немесе азаматтардың мертігуінің, ау­р­уының себепті байланыстарын айқындау кезінде;

4) азаматтар әскери қызметтен немесе ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау орган­дарындағы қызметтен босатылған кезде олардың денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке немесе ұлттық қауіпсіздік орган­дарын­дағы, құқық қорғау органдарындағы қызметке жарамдылық санатын айқындау кезінде;

5) әскери қызметшілердің, әскери міндетті­лердің, қызметкерлердің әскери қызмет (әскери жиындар) немесе ұлттық қауіпсіздік органдарын­дағы, құқық қорғау органдарындағы қызмет кезеңін­де не әскери қызметтен (әскери жиындар­дан) немесе ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызметтен босатыл­ған­нан кейін әскери қызметті (әскери жиындарды) немесе ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызметті өткеру кезеңінде алынған мертігу, ауру салдарынан қаза табуының (қайтыс болуының) себепті байланыстарын айқын­дау кезінде жүргізіледі.

3. Әскери-дәрігерлік сараптама органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізеді.

4. Денсаулық жағдайының Қазақстан Респуб­ли­касының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскер­лері мен әскери құралымдарындағы, ұлттық қауіп­сіздік, ішкі істер және мемлекеттік авиация орган­дарындағы қызметке сәйкес келуіне қойыла­тын талаптарды қорғаныс, ішкі істер саласындағы орта­лық атқарушы органдар және ұлттық қауіпсіз­дік­ті қамтамасыз ету саласындағы орталық мемле­кет­тік орган уәкілетті органмен келісім бойынша бекітеді.


жүктеу 297,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау