4.Иллюстрацияланған материалдар: презентация(13 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі = Кодекс Республики Казахстан о здровье народа и системе здравоохранения : законы и законодательные акты . - Астана : Б. ж., 2009. – 1 экз.
2. Медик В. А. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.-30 экз.
3. Татарников М. А. Сборник должностных инструкций работников учреждений здравоохранения.- М.,2010.- 2 экз.
4. Бирлидис, Г. В. Правовое обеспечение профессиональной деятельности медицинских работников : учебник для студентов . - Ростов н/Д : Феникс, 2006. – 1 экз.
Жузжанов, О. Т. Стратегия и тактика законодательного обеспечения развития здравоохранения Республики Казахстан : монография . - Костанай : [б. и.], 2003. – 4 экз.
5. О здравоохранении в Республике Казахстан : основные законодательные акты. - Алматы : Юридическая лит., 2002. – 1 экз.
6. Об охране здровья граждан в Республике Казахстан : закон РК. - Алматы : Юрист, 2002. – 1 экз.
7. Шарманов, Т. Ш. Долгое восхождение к праву на здоровье : монография . - Алматы : Атамұра, 1998. – 2 экз.
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):
1.Психиатриялық көмек көрсетілетін тұрғындардың құқығын қорғау мен жеке қызығушылықтарын қорғаумен кім айналысады?
2.Психиатриялық көмек көрсетілетін азаматтардың құқықтары мен міндеттері қандай?
3. Тақырыбы: Биологиялық өлімді анықтау. Өмірін сақтауға бағытталған жасанды шараларды тоқтату шарттары.
2.Мақсаты:Студенттерді биологиялық өлім түсінігімен таныстыру. Өмірін сақтауға бағытталған жасанды шараларды тоқтату шарттары.
3. Дәрістің тезисі:
140-бап. Биологиялық өлімді анықтау. Өмірге дем беру жөніндегі жасанды шараларды тоқтату жағдайлары
1. Биологиялық өлім өмірлік маңызды функ¬циялар біржола тынатын, организм тіршілігінің тоқтауын білдіреді.
2. Биологиялық өлімді медицина қызметкері мынадай белгілердің жиынтығы негізінде растайды:
1) жүрек қызметінің тоқтауы;
2) тыныс алудың тоқтауы;
3) орталық жүйке жүйесі жұмысының тоқтауы.
3. Өмірге дем беру жөніндегі жасанды шаралар тек қана:
1) биологиялық өлім расталған;
2) консилиум бас миының біржола семуін тіркеген кезде, жақын туыстарының және (немесе) заңды өкілдерінің бірауызды жазбаша келісімі болған кезде тоқтатылуы мүмкін.
141-бап. Эвтаназия
Эвтаназияны жүзеге асыруға тыйым салынады.
142-бап. Анатомиялық сый
1. Анатомиялық сый - әрекетке қабілетті адамның өз тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де өз еркімен құрбандық етуі, оны тиісінше ресімдеген шарты немесе өсиеті арқылы адам жүзеге асырады.
2. Анатомиялық сый туралы деректер жария етуге жатпайды.
3. Өсиет етілген тіндерден және (немесе) ағзалардан (ағзалардың бөліктерінен) басқа, табылған күннен бастап қырық бес күн ішінде танылмаған және сұрауы болмаған адамдардың мәйіттері де анатомиялық сый ретінде танылады.
4. Анатомиялық сый биологиялық-медициналық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми, ғылыми-практикалық және оқу мақсаттарында пайдаланылуы мүмкін.
5. Анатомиялық сыйды жасаудың және оны денсаулық сақтау ұйымдарына берудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4.Иллюстрацияланған материалдар: презентация(11 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі = Кодекс Республики Казахстан о здровье народа и системе здравоохранения : законы и законодательные акты . - Астана : Б. ж., 2009. – 1 экз.
2. Медик В. А. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.-30 экз.
3. Татарников М. А. Сборник должностных инструкций работников учреждений здравоохранения.- М.,2010.- 2 экз.
4. Бирлидис, Г. В. Правовое обеспечение профессиональной деятельности медицинских работников : учебник для студентов . - Ростов н/Д : Феникс, 2006. – 1 экз.
Жузжанов, О. Т. Стратегия и тактика законодательного обеспечения развития здравоохранения Республики Казахстан : монография . - Костанай : [б. и.], 2003. – 4 экз.
5. О здравоохранении в Республике Казахстан : основные законодательные акты. - Алматы : Юридическая лит., 2002. – 1 экз.
6. Об охране здровья граждан в Республике Казахстан : закон РК. - Алматы : Юрист, 2002. – 1 экз.
7. Шарманов, Т. Ш. Долгое восхождение к праву на здоровье : монография . - Алматы : Атамұра, 1998. – 2 экз.
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):
1.Клиникалық өлім дегеніміз не?
2. Биологиялық өлім дегеніміз не?
3. биологиялық өлімді кім қорытындылайды?
4. Тіршілік етуін ұстаушы жасанды шараларды тоқтату үшін шарттары қандай?
4. Тақырыбы: Денсаулық сақтаудағы білім алу қызметі.
2. Мақсаты: Студенттерді денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және білім берушілік қызметімен таныстыру.
3. Дәрістің тезисі:
176-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандары
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандары орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары ме¬ди¬циналық білімі бар адамдардың кәсіптік меди¬циналық қызметті жүзеге асыруға дайындығын айқындау мақсатында өткізіледі.
2. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандары:
1) медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандыққа сәйкестігін айқындау және оларға тиісті маман сертификатын беріп, клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберу үшін – міндетті біліктілік емтихандары;
2) тиісті біліктілік санаты берілетін мамандардың кәсіптік деңгейін айқындау үшін – ерікті біліктілік емтихандары болып бөлінеді.
3. Тиісті маман сертификаты болмаған, сон¬дай-ақ оның қолданылу мерзімі өткен жағдайда, жеке тұлғаға клиникалық практикамен айналысуға тыйым салынады.
4. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандарын өткізудің тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.
5. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде медициналық білім мен біліктілік санаттарын алған адамдарды денсаулық сақтау саласындағы мамандарға арналған біліктілік емтихандарына жіберудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.
177-бап. Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты
Жоғары білім беру ұйымдарын медициналық мамандықтар бойынша оқып бітірген түлектер мынадай мазмұндағы Қазақстан Республикасы дәрігерінің антын қабылдайды: «Дәрігердің құрметті атағын ала отырып, өз ұстаздарым мен әріптестерімнің алдында өзімді азаматтардың ден¬саулығын сақтауға бар болмысыммен бағыштап, дәрігерлік ұлы іске адал әрі қалтқысыз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін. Өз қызметімде денсаулығы ең жоғары құндылық болып табыла¬тын өз пациенттерімнің мүдделерін ғана бас-шылыққа аламын деп ант етемін. Жасына, жы¬ны¬сына, ұлтына, діни сеніміне, әлеуметтік жағ¬дайы мен азаматтығына қарамастан, мұқтаж болған әрбір адамға бірдей ынта-жігермен және шыдам¬дылықпен медициналық көмек көрсетуге ант ете¬мін. Дәрігерлік құпияны сақтауға, оны ешқашан пайдакүнемдік мақсатта пайдаланбауға ант етемін. Өз білімім мен дағдыларымды ұдайы жетілдіруге, өзіме де, өз шәкірттеріме де талапшыл болуға, еш¬қа¬шан риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және егер оны пациенттің мүддесі талап етсе, әріп¬тестеріммен кеңесуге ант етемін. Қазақстандық медицинаның игі дәстүрлерін сақтауға және байы¬туға, мені дәрігерлік өнерге баулыған адамдарға алғыс білдіре отырып, оларды құрметтеуге ант етемін.».
30-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет
178-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтің субъектілері
1. Денсаулық сақтау саласында ғылыми кадрлар даярлауды негізгі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет ретінде жүзеге асыратын заңды тұлға денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрі – ғылыми ұйым) болып табылады.
2. Ғылыми ұйымдар ғылыми-зерттеу ұй¬ымдары (ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми ор¬талықтар), жоғары медициналық және фар¬мацевтикалық білім беру ұйымдары және ғылыми қызметпен айналысатын өзге де ұйымдар болып бөлінеді.
3. Ғылыми ұйымдар Қазақстан Республи¬касының білім беру және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық, фармацевтикалық және білім беру қызметімен айналысуы мүмкін.
179-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру
1. Іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастыруды, денсаулық сақтау саласында ғылыми қолдауды үйлестіруді, медицина ғылымының тұжырым¬дамасын әзірлеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган ғылыми ұйымдардың құрылтайшысы болады.
3. Уәкілетті орган денсаулық сақтау саласындағы ғылыми бағдарламалардың ғылыми-медициналық сараптамасын жүзеге асырады.
4.Иллюстрацияланған материалдар: презентация(15 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі = Кодекс Республики Казахстан о здровье народа и системе здравоохранения : законы и законодательные акты . - Астана : Б. ж., 2009. – 1 экз.
2. Медик В. А. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.-30 экз.
3. Татарников М. А. Сборник должностных инструкций работников учреждений здравоохранения.- М.,2010.- 2 экз.
4. Бирлидис, Г. В. Правовое обеспечение профессиональной деятельности медицинских работников : учебник для студентов . - Ростов н/Д : Феникс, 2006. – 1 экз.
Жузжанов, О. Т. Стратегия и тактика законодательного обеспечения развития здравоохранения Республики Казахстан : монография . - Костанай : [б. и.], 2003. – 4 экз.
5. О здравоохранении в Республике Казахстан : основные законодательные акты. - Алматы : Юридическая лит., 2002. – 1 экз.
6. Об охране здровья граждан в Республике Казахстан : закон РК. - Алматы : Юрист, 2002. – 1 экз.
7. Шарманов, Т. Ш. Долгое восхождение к праву на здоровье : монография . - Алматы : Атамұра, 1998. – 2 экз.
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):
1.Денсаулық қорғау саласындағы білім алушылық қызметін қалай түсіндіресіз?
2. Денсаулық қорғау саласындағы ғылыми қызметтің қандай субъектілерін білуіңіз мүмкін?
5. Тақырыбы: Жұқпалы аурулар эидемиясының дамуына қауіп туған жағдайда және карантин кезінде оқшаулау шараларын жүргізу шарттары.
2. Мақсаты: Студенттерді оқшаулау шараларын жүргізу шарттарымен таныстыру.
3. Дәрістің тезисі:
150-бап. Инфекциялық аурулар эпидемиясының пайда болу қаупі төнген жағдайда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізудің шарттары
1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда, осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Респуб¬ликасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тиісті аумақтарда шектеу іс-шараларын, оның ішінде кәсіпкерліктің және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен карантин енгізеді.
2. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда орталық және жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлға¬лардың қызметін үйлестіру бойынша оралымды басшылық жасау төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға және төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық комиссияларға жүктеледі.
3. Жекелеген объектілерде шектеу іс-шара¬лары, оның ішінде карантин тиісті аумақтың (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрі¬герінің немесе оның орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық объектілерде - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мем¬лекеттік органдардың бөлімшелері басшыларының шешімімен енгізіледі (тоқтатылады).
4. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін және пайда болу мен таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
151-бап. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улану оқиғаларын тіркеу және тексеру
1. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланудың барлық оқиғалары, олардың анықталған жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының тіркеуге алуына, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет орган¬дары мен ұйымдарының мемлекеттік есепке алуына және есептілікті жүргізуіне жатады. Көр¬сетілген аурулар мен улану оқиғаларын тіркеу, есеп¬ке алу тәртібін, сондай-ақ олар бойынша есеп¬тілікті жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен халықтың улану оқиғалары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының тексеру жүргізуіне жатады.
152-бап. Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар
1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында дара кәсіпкерлер, жеке және заңды тұлғалар эпидемиологиялық айғақтар мен сани¬тариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға (дезинфекция), жәндік¬терді, басқа да буын аяқтыларды жоюға (дезинсекция) және кеміргіштерді қыруға (дератизация) бағытталған шаралар кешенін өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.
2. Төтенше эпидемия жағдайлары пайда болған кезде мемлекеттік санитариялық-эпидемио¬логиялық қызмет органдарының ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы орган¬дарының шешімімен кезектен тыс міндетті дезин¬фекциялық, дезинсекциялық және дерати¬зациялық іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. Ошақтық дезинфекцияны медициналық ұйымдар, сондай-ақ санитариялық-эпидемио¬логиялық қызмет ұйымдары жүргізеді.
4.Иллюстрацияланған материалдар: презентация(11 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі = Кодекс Республики Казахстан о здровье народа и системе здравоохранения : законы и законодательные акты . - Астана : Б. ж., 2009. – 1 экз.
2. Медик В. А. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.-30 экз.
3. Татарников М. А. Сборник должностных инструкций работников учреждений здравоохранения.- М.,2010.- 2 экз.
4. Бирлидис, Г. В. Правовое обеспечение профессиональной деятельности медицинских работников : учебник для студентов . - Ростов н/Д : Феникс, 2006. – 1 экз.
Жузжанов, О. Т. Стратегия и тактика законодательного обеспечения развития здравоохранения Республики Казахстан : монография . - Костанай : [б. и.], 2003. – 4 экз.
5. О здравоохранении в Республике Казахстан : основные законодательные акты. - Алматы : Юридическая лит., 2002. – 1 экз.
6. Об охране здровья граждан в Республике Казахстан : закон РК. - Алматы : Юрист, 2002. – 1 экз.
7. Шарманов, Т. Ш. Долгое восхождение к праву на здоровье : монография . - Алматы : Атамұра, 1998. – 2 экз.
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):
1.Карантин дегеніміз не?
2. Жұқпалы аурулар эпидемиясы дегенді қалай түсінесіз?
3. қандай жағдайда карантин жарияланады?
Достарыңызбен бөлісу: |