4.Иллюстрацияланған материалдар: презентация(13 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі = Кодекс Республики Казахстан о здровье народа и системе здравоохранения : законы и законодательные акты . - Астана : Б. ж., 2009. – 1 экз.
2. Медик В. А. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.-30 экз.
3. Татарников М. А. Сборник должностных инструкций работников учреждений здравоохранения.- М.,2010.- 2 экз.
4. Бирлидис, Г. В. Правовое обеспечение профессиональной деятельности медицинских работников : учебник для студентов . - Ростов н/Д : Феникс, 2006. – 1 экз.
Жузжанов, О. Т. Стратегия и тактика законодательного обеспечения развития здравоохранения Республики Казахстан : монография . - Костанай : [б. и.], 2003. – 4 экз.
5. О здравоохранении в Республике Казахстан : основные законодательные акты. - Алматы : Юридическая лит., 2002. – 1 экз.
6. Об охране здровья граждан в Республике Казахстан : закон РК. - Алматы : Юрист, 2002. – 1 экз.
7. Шарманов, Т. Ш. Долгое восхождение к праву на здоровье : монография . - Алматы : Атамұра, 1998. – 2 экз.
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):
1. Медициналық және сот сараптаудың қандай түрлерін білесіз?
2. Қандай заңнамалық құжатта сараптаудың құқықтық негіздері көрсетілген?
5.Тақырыбы: ҚР азаматтарын медициналық сақтандыру жүйесінің құқықтық негіздері
2.Мақсаты: Студенттерді ҚР азаматтарының медициналық сақтандыру жүйесінің құқықтық негіздерімен таныстыру.
3.Дәріс тезистері:
Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Қорланған қаражат есебінен азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейді. Барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тегін денсаулық сақтаудан медициналық сақтандырудың айырмашылығы осында. Медициналық сақтандыру міндетті және ерікті сақтандыру жолымен жүзеге асырылады. Міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бір бөлігі болып табылады және мұнда сақтандыру жарналарын жұмыс істеуші азаматтар үшін кәсіпорынның, ұйымның, басқа да жұмыс берушілердің қаражатынан төленеді, ал еңбекке жарамсыздар, жұмыс сыздар үшін тиісті деңгейдегі бюджеттерден қаражат аударылады. Ерікті медициналық сақтандыруда сақтандыру тарифтері сақтандырушы ұйым мен медициналық мекеме арасындағы келісім бойынша белгіленеді.
Сақтандыру шарттарын азаматтар жеке өзі жасайды немесе олар сақтандыру жарнасын кәсіпорынның, ұйымның, тағыда басқа пайдасынан төлеу жолымен ұжымдық нысанда жасалуы мүмкін. Еңбекшілердің өз қаражатынан төленетін ерікті медициналық сақтандыру бойынша неғұрлым жоғары деңгейде медициалық көмек көрсету көзделеді. Арнаулы медициналық сақтандыру қорларына аударылатын міндетті не ерікті сақтандыру жарналары денсаулық сақтау мекемелерінің сақтандыру бойынша медициналық қызмет көрсетуін қаржыландыру көзі болып табылады. Азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін дербес коммерциялы емес қаржы ұйымдары ретінде жалпы ұлттық не аумақтық міндетті медициналық сақтандыру қорлары құрылады. Әрбір сақтандырылушы елдің кез келген аумағында медициналық көмек алуға кепілдік беретін медициналық полис алады. Мемлекеттік және жергілікті денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыруға аударылған қаражатқа салық салынбайды.
Медициналық сақтандыру - бұл жұмыс берушілердің, азаматтардың сақтық жарналары мен бюджеттік қаражаттар есебінен сақтандырылған адамдарға зиянның орнын өтеу үшін және медицина мекемелерінің шығындарының өтемақысын төлеу үшін ауырған, жарақат алған жағдайда денсаулықты қаржыландыру жөніндегі қатынастар. Ол әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар елдердің сақтық қорғауы тұтас жүйесінің міндетті атрибуттарының бірі болып табылады.
Медициналық сақтандырудың екі түрі бар:
міндетті және ерікті.
Міндетті медициналық сақтандыру кезінде заңнамамен барлық азаматтар үшін бюджетке төленетін аударымдардың бірдей мөлшерлемесі белгіленеді, соның есебінен денсаулық сақтауға жұмсалатын ақшалай қор қалыптасады. Мұндай жүйе халықтың барлық жіктері үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді.
Ерікті медициналық сақтандыру міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толықтыру болып табылады. Ол сақтық төлемақыларды, яғни медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын өтемді, жүзеге асыруды қарастыратын жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып келеді.
Медициналық сақтандыруды ұйымдастырудың жұмыс істеуі медициналық қызмет көрсетудің рыногын тудырады, онда бұл қызметтер көрсетуді жасаушылардың - медициналық мекемелердің, олардың жұмыскерлерінің, жеке машықтанушы дәрігерлердің нақтылы бағалауы болатын өз еңбегінің саны мен сапасына тікелей мүдделігі пайда болады. Басқа жағынан, медициналық көмекті тұтынушылар ретіндегі пациенттердің емдеу-профилактикалық мекеме мен нақтылы дәрігерді таңдау құқығы пайда болады. Бұл міндетті медициналық сақтандыру қоры тарапынан пациенттердің мүддесін қорғаумен қосарланады: ол медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен көлеміне сараптық баға бере алады, емдеу нәтижелеріне кінәрат-талап таға алады, ал қажеттік кезінде емдеуші мекемеге немесе жеке машықтанушы дәрігерге экономикалық санкциялар қолдана алады.
Сөйтіп медициналық сақтандыру, сақтандыру жүйесінің маңызды құрамды буыны болып табылады және қоғамдық өндірістің аса маңызды факторы - еңбек ресурстарының ұдайы толықтырылуының әлеуметтік-экономикалық үдерістерінде оның рөлі салмақты. Бұл рөл медициналық сақтандыру қорларының жұмыс істеунің қағидалық ерекшеліктеріне негізделген: қалыптастырудың қоғамдық ынтымақтастығы, іс-әрекеттің орталықсыздандырылуы (бөлшектенуі), ұйымдастырудың міндетті нысаны - бұлар барлық азаматтарға қажетті медициналық көмек берудің кепілдіктерін қамтамасыз етеді.
4.Иллюстрацияланған материалдар: презентация(10 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі = Кодекс Республики Казахстан о здровье народа и системе здравоохранения : законы и законодательные акты . - Астана : Б. ж., 2009. – 1 экз.
2. Медик В. А. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.-30 экз.
3. Татарников М. А. Сборник должностных инструкций работников учреждений здравоохранения.- М.,2010.- 2 экз.
4. Бирлидис, Г. В. Правовое обеспечение профессиональной деятельности медицинских работников : учебник для студентов . - Ростов н/Д : Феникс, 2006. – 1 экз.
Жузжанов, О. Т. Стратегия и тактика законодательного обеспечения развития здравоохранения Республики Казахстан : монография . - Костанай : [б. и.], 2003. – 4 экз.
5. О здравоохранении в Республике Казахстан : основные законодательные акты. - Алматы : Юридическая лит., 2002. – 1 экз.
6. Об охране здровья граждан в Республике Казахстан : закон РК. - Алматы : Юрист, 2002. – 1 экз.
7. Шарманов, Т. Ш. Долгое восхождение к праву на здоровье : монография . - Алматы : Атамұра, 1998. – 2 экз.
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):
1.ҚР азаматтарын медициналық сақтандырудың қандай жүйелерін білесіз?
2.Сақтандырушының қандай құқықтарын білесіз?
3. Сақтандырушының міндеттеріне не жатады?
Кредит №3
1. Тақырыбы: Адамның репродуктивті құқығын қорғау. Репродуктивті құқық қорғау саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері.
2. мақсаты: Студенттерді репродуктивті денсаулықпен таныстыру. Репродуктивті құқық қорғау саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін оқып үйрету.
3. Дәрістің тезисі:
96-бап. Азаматтардың ұрпақты болу құқықтарын қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
1. Азаматтардың:
1) ұрпақты болуды еркін таңдауға;
2) ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау жөнінде көрсетілетін қызмет¬терді алуға;
3) өзінің ұрпақты болу денсаулығының жай-күйі туралы дәйекті және толық ақпарат алуға;
4) бедеуліктен емделуге, оның ішінде Қазақ¬стан Республикасында рұқсат етілген, ұрпақты болудың қазіргі заманғы қосалқы әдістері мен технологияларын қолдана отырып емделуге;
5) жыныстық жасушалар донорлығына;
6) контрацепция әдістерін пайдалануға және еркін таңдауға;
7) хирургиялық стерилизациялануға;
8) жүктілікті жасанды түрде үзуге;
9) өзінің ұрпақты болу құқықтарын қорғауға;
10) балалардың санына және олардың некеде немесе некесіз тууының уақытына, туу аралығын¬дағы ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін қажетті аралық жиілікке қатысты шешімді ерікті түрде қабылдауға;
11) жыныстық жасушаларды сақтауға құқығы бар.
2. Кәмелетке толмаған адамдардың ұрпақты болу денсаулығын сақтауға, сондай-ақ имандылық-жыныстық тәрбие алуға құқығы бар.
3. Азаматтар өздерінің ұрпақты болу құқық¬тарын жүзеге асыру кезінде басқа азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға міндетті.
97-бап. Әйелдердің жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңінде денсаулығын сақтау
1. Әйелдің жүктілік кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейін, оның ішінде шарананы тірі туудың және өлі туудың халықаралық кри¬терийлерімен айқындалатын мерзімінен бұрын босанғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген әдістерді қолдана отырып, денсаулығын сақтауға және көмек алуға құқығы бар.
2. Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарында медици¬налық, консультациялық көмек тегін медициналық көмек¬тің кепілдік берілген көлемі шегінде ұсынылады.
3. Жүктілік кезеңінде зерттеп-қарау, емдеу және медициналық араласу әйелдің немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуды кешеуілдету әйелдің және баланың (шарананың) өміріне қауіп төндіретін жағдайларда зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуды жүзеге асыру туралы шешімді дәрігер немесе дәрігерлік комиссия қабылдайды.
98-бап. Бедеуліктен емделу
1. Адамдардың денсаулық сақтау ұйым¬дарында, жекеше медициналық практикамен айналы¬сатын жеке тұлғаларда қауіпсіз және тиімді әдістермен, оның ішінде Қазақстан Республика¬сының аумағында қолдануға уәкілетті орган Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес рұқсат еткен, ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен техноло¬гияларын пайдалана отырып, олардың тиімділігі, қолданудың оңтайлы мерзімдері туралы, ықтимал асқынулар, медициналық және құқықтық салдар¬лары туралы толық әрі түбегейлі ақпаратты және олардың организмге әсер етуіне қатысты өзге де мәліметтерді міндетті түрде ала отырып, бедеу¬ліктен емделуге құқығы бар.
2. Тіркелген, некеде тұрған адамдардың ұрпақ¬ты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын өзара келісім бойынша ғана пайдалануға құқығы бар.
99-бап. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологиялары, клондау
1. Әйелдердің ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларына (жасанды инсе¬минацияға, жасанды ұрықтандыруға және эмб¬рионды имплантациялауға) құқығы бар.
2. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын жүргізудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.
3. Жыныспен байланысты аурулардың тұқым қуалау мүмкіндігі жағдайларын қоспағанда, ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен техноло¬гияларын пайдалану кезінде болашақ баланың жынысын таңдауға жол берілмейді.
4. Адамның эмбрионын коммерциялық, әскери және өнеркәсіптік мақсаттар үшін алуға болмайды.
5. Қазақстан Республикасында адамды клон¬дауға - генетикалық жағынан бірдей түрлерді өрбітіп-өсіруге тыйым салынады.
100-бап. Суррогат ана болу кезіндегі меди¬циналық көмек
1. Суррогат ана болу суррогат ана (донорлық эмбрион енгізілгеннен кейін ұрықты көтеріп жеткізетін әйел) мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бала көтеруді және мерзімінен бұрын босану жағдайларын қоса алғанда, бала тууды білдіреді.
2. Медициналық-генетикалық зерттеп-қарау нәтижелерін қоса алғанда, психикалық, сомати¬калық және ұрпақты болу денсаулығының қанағаттанарлық жай-күйі туралы медициналық қорытынды алған жиырма жастан отыз бес жасқа дейінгі әйелдер суррогат ана бола алады.
3. Суррогат ананың, ықтимал ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, баланың құқықтары және келісім-шарт жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңнамасымен реттеледі.
101-бап. Жыныстық жасушалар донорлығы және оларды сақтау
1. Он сегіз жастан отыз бес жасқа дейінгі, тәні мен психикасы сау, медициналық-генетикалық зерттеп-қараудан өткен азаматтардың жыныстық жасушалардың донорлары болуға құқығы бар.
2. Донорлардың өздерінің донорлық жыныстық жасушаларының кейінгі тағдыры туралы ақпаратқа құқығы жоқ.
3. Донорлықты жүргізудің және жыныстық жасушаларды сақтаудың тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді.
102-бап. Контрацепцияны пайдалану
1. Азаматтардың контрацепция, оның ішінде медициналық контрацепция әдістері мен құралдарын таңдауға, сондай-ақ олардан бас тартуға құқығы бар.
2. Азаматтарға денсаулығының жай-күйін, жасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, контрацепцияның қолайлы әдістері мен құралдарын жеке іріктеу жөніндегі медициналық көмек көрсетіледі.
103-бап. Хирургиялық стерилизациялау
1. Қаламаған жүктіліктің алдын алу әдісі ретінде хирургиялық стерилизациялау отыз бес жастан асқан немесе кемінде екі баласы бар азаматтарға қатысты, ал медициналық айғақтар мен кәмелеттік жастағы азаматтың келісімі болған жағдайда - жасына және балаларының бар-жоғына қарамастан жасалуы мүмкін.
2. Хирургиялық стерилизациялауды денсаулық сақтау ұйымдары, жекеше медициналық практикамен айналысатын, осы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке тұлғалар осы операцияның біржола жасалатыны туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, азаматтың жазбаша келісімі бойынша ғана жүргізеді.
3. Хирургиялық стерилизациялауды жүргізудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді.
104-бап. Жүктілікті жасанды түрде үзу
1. Әйелдің жүктілікті жасанды түрде үзуге құқығы бар.
Жүктілікті жасанды түрде үзудің алдын алу мақсатында дәрігерлер моральдық-этикалық, психологиялық және физиологиялық теріс салдарларды, ықтимал асқынуларды түсіндіруге бағытталған әңгімелер өткізуге міндетті.
2. Жүктілікті жасанды түрде үзу әйелдің қалауы бойынша жүктіліктің он екі аптаға дейінгі мерзімінде, әлеуметтік айғақтар бойынша - жүктіліктің жиырма екі аптаға дейінгі мерзімінде, ал жүкті әйелдің және (немесе) шарананың өміріне қатер төндіретін медициналық айғақтар болған кезде (шарананың дамуы мен жай-күйінің өмірмен сыйыспайтын туа біткен кемістігі түзелмейтін монотектік генетикалық аурулар болған кезде) - жүктіліктің мерзіміне қарамастан жасалады.
3. Кәмелетке толмаған адамның жүктілікті жасанды түрде үзуі олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.
4. Емдеу-профилактикалық ұйымдарда әйелдің қалауы бойынша жүктілікті жасанды түрде үзуге дейін және одан кейін, контрацепция әдістері мен құралдарын жеке іріктеуді қоса алғанда, медициналық-әлеуметтік консультация өткізіледі.
5. Жүктілікті жасанды түрде үзудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді.
4.Иллюстрацияланған материалдар: презентация(15 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі = Кодекс Республики Казахстан о здровье народа и системе здравоохранения : законы и законодательные акты . - Астана : Б. ж., 2009. – 1 экз.
2. Медик В. А. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.-30 экз.
3. Татарников М. А. Сборник должностных инструкций работников учреждений здравоохранения.- М.,2010.- 2 экз.
4. Бирлидис, Г. В. Правовое обеспечение профессиональной деятельности медицинских работников : учебник для студентов . - Ростов н/Д : Феникс, 2006. – 1 экз.
Жузжанов, О. Т. Стратегия и тактика законодательного обеспечения развития здравоохранения Республики Казахстан : монография . - Костанай : [б. и.], 2003. – 4 экз.
5. О здравоохранении в Республике Казахстан : основные законодательные акты. - Алматы : Юридическая лит., 2002. – 1 экз.
6. Об охране здровья граждан в Республике Казахстан : закон РК. - Алматы : Юрист, 2002. – 1 экз.
7. Шарманов, Т. Ш. Долгое восхождение к праву на здоровье : монография . - Алматы : Атамұра, 1998. – 2 экз.
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):
1.Репродуктивті денсаулық дегеніміз не?
2. Адамның репродуктивті құқығын қорғаумен кім айналысады?
3. Репродуктивті құқықты қорғау аясындағы азаматтардың міндеттері мен құқықтары қандай?
2. Тақырыбы: Психиатриялық көмек көрсетілетін науқастардың құқығы мен жеке қызығушылықтарын қорғау.
2. Масаты: Студенттерді психиатриялық көмек көрсетілетін науқастардың құқығы мен жеке қызығушылықтарын қорғаумен таныстыру.
3. Дәрістің тезисі:
20-тарау. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші
адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
116-бап. Психиатриялық көмек алуға жүгінудің еріктілігі
1. Психиатриялық көмек психиканың бұзылуының (ауруының) профилактикасын, азаматтардың психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды, психикасының бұзылуының диагности¬касын, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарды емдеуді, оларға күтім жасауды және медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтиды.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық көмек адам ерікті түрде өтініш жасаған кезде оның жазбаша келісімімен көрсетіледі.
3. Кәмелетке толмаған адамға, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға психиат¬риялық көмек осы Кодексте көзделген тәртіппен олардың заңды өкілдерінің келісімімен көрсетіледі.
117-бап. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін атқаруды шектеу
1. Азамат психикасының бұзылуы (ауруы) салдарынан уақытша, соңынан қайта куәландыру құқығымен кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты атқаруға жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Жарамсыз деп тану тиісті сараптаманы жүзеге асыруға лицензиясы және (немесе) аккредиттеу туралы куәлігі бар мамандандырылған психиатриялық медициналық ұйымда құрылатын дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.
Азамат аталған комиссияның шешіммен келіспеген жағдайда, ол жөнінде сотқа шағымдана алады.
2. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және ол бес жылда кемінде бір рет жинақталған тәжірибе мен ғылыми жетістіктер ескеріле отырып, қайта қаралады.
118-бап. Психиатриялық көмек көрсетілетін азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
1. Азамат өзіне психиатриялық көмек көрсетілген кезде өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін өз таңдауымен өкілді шақыруға құқылы. Өкілдікті ресімдеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
2. Кәмелетке толмаған адамның немесе сот әре¬кетке қабілетсіз деп таныған адамның психиат¬риялық көмек көрсетілген кездегі заңды мүд¬делерін қорғауды олардың заңды өкілдері жүзеге асырады.
3. Азаматқа психиатриялық көмек көрсетілген кезде оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды адвокат немесе заңды өкіл жүзеге асы¬рады. Психиатриялық көмек көрсететін ұйымның әкімшілігі осы Кодекстің 97-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде және 123-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, адвокат шақыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
119-бап. Психиканың бұзылуының (ауруының) диагностикасы және оны емдеу
1. Психиатр-дәрігер психиатриялық көмек көрсетеді.
2. Психиканың бұзылуы (ауруы) диагнозын клиникалық көріністерге, зертханалық деректерге, объективті мәліметтерге сәйкес психиатр-дәрігер қояды. Диагнозды азаматтың қоғамда қабылданған моральдық, мәдени, саяси және діни құндылық¬тармен келіспеуіне не оның психикалық денсаулық жағдайына тікелей байланысы жоқ өзге де себептерге негіздеуге болмайды.
3. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамға диагноз қою және оны емдеу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен рұқсат етілген медициналық құралдар мен әдістер қолданылады.
4. Медициналық құралдар мен әдістер ауруды ауытқулардың сипатына қарай диагностикалық және емдеу мақсаттарында ғана қолданылады және оларды адамды жазалау түрінде пайдалануға тыйым салынады.
5. Дәрігер психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамға немесе оның заңды өкіліне немесе адвокатқа психиканың бұзылуының (ауруының) сипаты туралы, емдеу мақсаттары мен әдістері туралы ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын емдеудің ұзақтығы туралы, ықтимал ауруды сезіну, жанама әсерлер туралы және күтілетін нәтижелер туралы деректерді беруге міндетті. Берілген ақпарат туралы медициналық құжаттамада жазба жасалады.
6. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамды емдеу оның немесе оның заңды өкілдерінің келісімі алынғаннан кейін жүргізіледі.
7. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның келісімінсіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз емдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған кезде ғана, сондай-ақ осы Кодекстің 94-бабының 1-тарма¬ғында көзделген негіздер бойынша ауру¬ханаға еріксіз жатқызған кезде жүргізілуі мүмкін. Ауруханаға шұғыл жатқызылған реттерді қоспа¬ғанда, мұндай жағдайларда емдеу психиатр-дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
8. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психикасының бұзы¬луынан (ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің ұсынылып отырған емдеуден бас тартуға немесе оны тоқтатуға құқығы бар.
9. Емделуден бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне емдеуді тоқтатудың ықтимал зардап¬тары түсіндірілуге тиіс. Емделуден бас тарту оның ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле отырып, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр-дәрігердің қолы қойылып, медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді.
120-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың құқықтары
1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдар Қазақстан Респуб¬ликасының Конституциясында көзделген, азамат¬тардың барлық құқықтары мен бостандықтарына ие болады.
Психикасының бұзылуына (ауруына) байла¬нысты азаматтардың құқықтары мен бостан¬дықтарын жүзеге асыруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.
2. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың бәрі өздеріне психиатриялық көмек көрсетілген кезде:
1) психиатриялық көмекті тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүрген жері бойынша алуға;
2) емдеудің кез келген сатысында медици¬налық құралдар мен әдістерді пайдаланудан, ғылыми зерттеулерден немесе оқу процесінен, суретке түсіруден, бейне жазудан немесе киноға түсуден бас тартуға;
3) осы Кодекспен реттелетін мәселелер бойынша дәрігерлік комиссияда жұмыс істеу үшін психиатриялық көмек көрсетуге қатысатын маманды (оның келісімімен) тартуға;
4) егер пациент он сегіз жасқа толмаған болса, жалпы білім беретін мектептің немесе интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектептің бағдарламасы бойынша білім алуға;
5) хат-хабар алысуға, посылкалар, банде¬рольдер, ақша, почта аударымдарын алуға және жіберуге, телефонды пайдалануға, келушілерді қабылдауға, мерзімді баспа басылымдарына жазылуға;
6) ең қажетті заттарды ұстауға және сатып алуға, өз киімін пайдалануға құқылы.
3. Жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекемелерде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құқықтардан басқа:
1) қосымша тамақ сатып алуға;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс медициналық қызметтер алуға;
3) жеңіл керек-жарақтар, киімдер, аяқ киімдер сатып алуға;
4) қалааралық телефон байланысын пайда¬лануға;
5) қолма-қол ақшаны бақылау шотын пайдалануға құқығы бар.
Аталған құқықтарды іске асыру осы құқықтар берілетін адамның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
121-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегетін, қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары сот шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қолданылады.
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шара¬лары денсаулық сақтау жүйесінің психиатриялық ұйымдарында:
1) амбулаториялық мәжбүрлі байқау және психиатрдың емдеуі;
2) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
3) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
4) жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде жүзеге асырылады.
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін психиатриялық стацио¬нарға орналастырылған адамдар психиатриялық стационарда болған бүкіл кезеңінде еңбекке жарамсыз деп танылады.
4. Жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақша, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің (бұдан әрі – мекеме) қолма-қол ақшасын бақылау шотына мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін аударылады.
5. Ақшаны пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
6. Мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотының қаражатын пайдалану жөніндегі есеп пен есептілік, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
122-бап. Мемлекет кепілдік берген психиат¬риялық көмек көрсету және әлеуметтік қорғау
1. Мемлекет:
1) шұғыл және жоспарлы психиатриялық көмекке;
2) психиатриялық сараптамаға, еңбекке уақытша жарамсыздықты айқындауға;
3) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға, оның ішінде оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес – мүгедектерге әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетуге және ең¬бек¬ке орналасуына жәрдемдесуге кепілдік береді.
2. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға психиатриялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін және оларды әлеуметтік қорғау мақсатында мемлекет:
1) психиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
2) психикасының бұзылуынан зардап шегуші кәмелетке толмағандарға, оның ішінде оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес – мүгедектерге жалпы білім беретін және кәсіптік оқытуды ұйымдастырады;
3) өндірістік-емдеу ұйымдарын, сондай-ақ еңбек терапиясына, мүгедектерді қоса алғанда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарды осы ұйымдарда еңбекке орналастыру үшін жаңа мамандықтарға оқытуға арналған еңбек жағдайлары жеңілдетілген арнайы өндірістер, цехтар немесе учаскелер құрады.
123-бап. Психиатриялық куәландыру
1. Психиатриялық куәландыру зерттеп-қаралатын адамның психикасының бұзылуын (ауруын) анықтау, психиатриялық көмек көрсету қажет¬тігін және оның түрлерін айқындау мақ¬сатында, сондай-ақ қорғаншылық, еңбекке уақыт¬ша жарамсыздықты айқындау туралы мәселені шешу үшін жүргізіледі.
2. Психиатриялық куәландыру, сондай-ақ профилактикалық тексеріп-қарау, зерттеп-қара¬латын адамның өтініші бойынша немесе жазбаша келісімімен немесе оның заңды өкілдерінің куәландыру себептері көрсетілген жазбаша өтініші бойынша; кәмелетке толмаған адамға немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға қатысты - олардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе жазбаша келісімімен жүргізіледі.
Зерттеп-қаралатын адамды психиатриялық куәландырудың деректері мен оның психикалық денсаулық жағдайы туралы қорытынды медици¬налық құжаттамада тіркеледі, онда психиатр-дәрігерге көріну себептері мен медициналық ұсынымдар да көрсетіледі.
3. Заңды өкілі қарсылық білдірген немесе ол болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамды куәландыру қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүргізіледі, оған сотқа шағым жасалуы мүмкін.
4. Осы баптың 5-тармағының 1) тармақ¬шасында көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық куәландыру жүргізетін дәрігер зерт¬теп-қаралатын адамға және оның заңды өкі¬ліне өзін психиатр ретінде таныстыруға міндетті.
5. Зерттеп-қаралатын адам психикасының бұзылуы (ауруы) асқынған деп жорамалдауға негіз болатын іс-әрекеттер жасаған кезде, оған өзінің келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін, мұның өзі:
1) оның өзіне және айналасындағыларға тікелей қауіп төндіруіне;
2) оның дәрменсіздігіне, яғни тиісті күтім болмаған жағдайда негізгі тіршілік қажеттерін өз бетінше қанағаттандыруға қабілетсіздігіне;
3) егер адамға психиатриялық көмек көрсетіл¬мей қалдырылатын болса, психикалық жай-күйінің нашарлауы салдарынан оның денсаулығына елеулі зиян келуіне байланысты туындайды.
6. Егер зерттеп-қаралатын адам осы Кодекстің 124-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен динамикалық байқауда тұрса, оған оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін.
7. Әртүрлі психиатриялық сараптамалар мен адамды психиатриялық куәландыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
8. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда психиатриялық куәландыру туралы шешімді психиатр-дәрігер адамның заңды өкілін хабардар ете отырып, қабылдайды.
9. Осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды өзінің келісімін¬сіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру туралы шешімді мұндай куәландыру үшін осы баптың 5-тармағында санамаланған негіздердің бар-жоғы туралы мәліметтер қамтылған өтініш бойынша психиатр-дәрігер қабылдайды.
10. Психиатриялық куәландыруға келісім беру туралы өтінішті психиатриялық куәландыруға жататын адамның заңды өкілі, кез келген медициналық мамандықтағы дәрігер және өзге де азаматтар беруі мүмкін. Көрінеу жалған өтініш беру қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
11. Алынған мәліметтер бойынша куәланды¬рылуға жататын адам өзіне немесе айналасын¬дағыларға тікелей қауіп төндіретін жағдайларда, нақты адам психиатриялық куәландыруға келісімі туралы ауызша немесе жазбаша өтініш беруі мүмкін. Психиатр-дәрігер психиатриялық куәлан¬дыру туралы дереу шешім қабылдайды және ол медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді де кейіннен куәландырылатын адамның заңды өкіліне хабарланады.
12. Куәландырылатын адам өзіне немесе айналасындағыларға тікелей қауіп төндірмейтін жағдайда психиатриялық куәландыру туралы өтініш жазбаша түрде берілуге, онда мұндай куәландырудың қажеттігін негіздейтін толық мәліметтер және ол адамның (не оның заңды өкілінің) психиатр-дәрігерге көрінуден бас тарта¬ты¬ны туралы деректер қамтылуға тиіс. Психиатр-дәрігер шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер сұратуға құқылы. Психиатр-дәрігер өтініште осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мән-жайлардың жоқ екенін анықтап, психиатриялық куәландырудан жазбаша түрде дәлелді себеппен бас тартады.
124-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші науқастарды динамикалық байқау
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда психикасының бұзылуынан (ауруы¬нан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің келісіміне қарамастан динамикалық байқау белгіленуі мүмкін және ол психиатр-дәрі¬гердің тұрақты тексеріп-қарауы арқылы адамның психикалық денсаулығының жай-күйін байқауды және оған қажетті медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.
2. Динамикалық байқау психикасының бұзылуы тұрақты немесе созылмалы болып, ауыр, өзгермейтін сипат алған, асқынған ауру белгілері жиі болатын адамға белгіленуі мүмкін.
3. Динамикалық байқауды белгілеу қажеттігі және оны тоқтату туралы мәселені шешуді амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететін психиатриялық ұйымның әкімшілігі тағайындай¬тын психиатр-дәрігерлер комиссиясы немесе денсаулық сақтау органы тағайындайтын пси¬хиатр-дәрігерлер комиссиясы қабылдайды, комис¬сияда кемінде үш дәрігер болады.
4. Психиатр-дәрігерлер комиссиясының дәлел¬ді шешімі медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді. Динамикалық байқауды белгілеу немесе оны тоқтату туралы шешімге осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
5. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам сауыққан немесе оның психикалық жай-күйі айтарлықтай әрі тұрақты жақсарған кезде бұрын белгіленген динамикалық байқау тоқтатылады. Динамикалық байқау тоқта¬тыл¬ғаннан кейін сол адамның өтініші бойынша немесе келісімімен не оның заңды өкілінің өтініші бойынша немесе келісімімен психиатриялық көмек консультация және емдеу түрінде көрсе¬тіледі. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам психикалық жай-күйі өзгерген кезде осы Кодекстің 123-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен өзінің келісі¬мінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз куәлан¬дырылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда психиатр- дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша пси¬хикасы бұзылған (ауырған) науқастарға дина¬микалық байқау қайта жалғастырылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |