3-УРОВЕНЬ
#445
*!Тұмаудың эпидемиясы мезгілінде 35 жастағы әйелде жоғары тыныс алу жүйесінің қабынуы белгілері байқалды, 3 сағаттан кейін жұмсақ таңдайдың және жұтқыншақтың артқы қабырғасының қызаруы, жөтел, жоғары температура қосылды. Неғұрлым шынайы зерттеу әдісі
*түсті сынама реакциясы
*стерильділікке қанды тексеру
*комплемент байланыстыру реакциясы
*+пассивті гемагглютинация реакциясы
*преципитация реакциясы
#446
*!5 жасар қыздың анасы қалалық емхана дәрігеріне, қыздың жұтқыншағының артқы қабырғасында ұшық тәріздес бөртпелердің пайда болуы, жұтынғанда ауру сезімінің болатындығына, дене қызуының жоғарылап, қол саусақтарында көпіршіктердің пайда болуы шағымымен қаралды. Дәрігерде Коксаки – вирусына күмән пайда болды. Вирусты нәжістен немесе мұрын-жұтқыншақ бөліндісінен анықтау үшін вирусологиялық әдіс қолданылады.
Вирусты дақылдандыру әдісі
*+жаңа туылған тышқандарда
*қоянның аталық безінде
*ақ тышқандарда
*жасанды қоректік орталарда
*құрбақаларда
#447
*!Гепатитпен ауырған балада бауыры ұлғайған, сарғаю жоқ. Қанынан антиHAV Ig M анықталған. Диагноз қойыңыз.
*HAV тасымалдаушылық
*+ВГА, жедел формасы
*ВГА, созылмалы формасы
*ВГА, инаппарантты формасы
*ВГВ, трансфузиядан кейінгі формасы
#448
*! Донор қанын тексергеннен кейін дәрігер В гепатитінің маркерлерін анықтады. Қандай маркер анықталған жағдайда, донор қаны гемотрансфузияға тыйым салады
*+HBs Ag
*HBcAg
*HBeAg
*HBeAg
*HAVi
#449
*!В гепатитімен ауырып жазылған науқастың қан сарысуынан ұзақ уақыт бойы айналымда жүрген НВsАg анықталды. Бұл көрсеткіш көрсетеді
*+созылмалы үрдісті
*вирустың белсенді репликациясын
*бауыр циррозын
*үрдістің асқынуын
*науқастанушылықтың ауырлауын
#450
*!Микробиологиялық зерттеу барысында науқастың қан сарысуынан вирусты гепатит С anti-HCV IgG анықталды. Гепатит С вирусының біріншілік репликациясы өтеді
*тік ішектің лимфа түйіндерінде
*жоғары тыныс алу жасушаларында
*бас миы нейрондарында
*теріде
*+бауыр жасушаларында
#451
*!АИВ диагнозын дәлелдеуде қолданылатын зерттеу әдістері мен зерттеуге алынатын материалдар
*ана сүті (ИФТ)
*сперма (ТГАР)
*сілекей (ТГАР)
*+қан (ИФТ)
*нәжіс (ИФР)
#452
*!Науқастың қан сарысуын ИФТ реакциясы арқылы зерттегенде АИВ антиденелері анықталды.
Қолдануға тиімды тест-жүйе арқылы АИВ дәлелденеді:
*+иммуноблоттинг
*радиоиммунды анализ
*иммундыферментті талдау
*иммундыфлуоресцентті реакция
*жанама гемагглютинация реакциясы
#453
*!АИВ жұқтырған науқасты дәрігер кезекті үрдістің белсенділігін анықтауға тексерістен өткізеді. АИВ инфекциясының ЖИТС- ке ауысуын дәлелдейтін көрсеткіштер
* +Капоши саркомасы. Т-хелперлердің саны 200 кл/мкл төмен
*нейтрофилдер санының төмендеуі
*эритроциттер санының төмендеуі
*Т-киллерлер санының қауіптілік дәрежесінен төмендеуі
*gp41-ге антиденелердің түзілуі
#454
*!Вирусологиялық зертханаға «Тұмау» диагнозымен науқастың зерттеу материалы жеткізілді. Вирусологиялық зерттеу жүргізу қажет. Тауық эмбрионының қай бөлігіне вирусты жұқтыру қажет
*амниондық қуысқа
*ауалық қабыққа
*+аллантоис қуысына
*сарыуыз қабығына
*ұрыққа
#455
*!Вирусологиялық зертханаға «Тұмау» диагнозымен науқастың зерттеу материалы жеткізілді. Вирусологиялық зерттеу жүргілуі қажет. Тауық эмбрионының қандай бөліміне вирус жұқтырылады.
*амниондық қуысқа
*ауалық қабыққа
*+аллантоис қуысына (сұйықтығына)
*сары уыз қабына
*ұрыққа
#456
*!Белдемелі теміреткі диагнозымен аурухананың тері аурулары бөліміне стационарда емделуге 60 жастағы науқас түсті.Ұшық инфекцияларын зертханалық диагностикалауда қолданылатын әдіс
*+таңбалы жағындыны микроскопиялау, ИФТ
*микропреципитация реакциясы
*иммуноблотинг әдісі
*АР, ГАР
*ПР
#457
*!36 жастағы әйел 5-тамызда қатты қалтырап-дірілдеу, бас және бұлшық еттерінің ауыруы, қатты әлсіздік, дене қызуы 39,5°С –қа дейін жоғарлап ауырды. Науқас-ОҚО тұрғыны. Гинеколог-дәрігер ауырардан 5 күн бұрын қан кетуге байланысты әйелге ота жасаған. Ота кезінде әйелден шашыраған қан көзінің шырышты қабығына тиген. Ота жасалынып жатқан әйел ота үстінде қаза тапты. Қан кетудің салдары анықталмаған. Науқастың бөлімшеге түскендегі жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есінен танбаған. Склерит, конъюнктивит белгілері бар. Болжам диагнозы: «Геморрагиялық қызба» Диагнозды анықтау үшін қойылатын зерттеу әдісі
*ИФТ
*КБР
*ИФР
*+ПТР
*ГАТР
#458
*!6 жасар баланың кенеттен дене қызуы көтеріліп, қатты басы ауырып, құсты, аяқ-қолдарында ауру сезімі пайда болды. Қарап тексергенде: дене қызуы жоғары, қатты әлсіз, менингиальды симптомдар,сіңір рефлекстері күрт әлсіреген, аяқ басы салбырап қалған. «Полиомиелиттің салдану формасы» болжам диагнозы қойылды.
Осы жағдайдағы вируста индикация жасау тәсілі
*Пизу сынамасы
*Закс сынамасы
*+түрлі-түсті сынама
*гемагглютинация реакциясы
*гемагглютинацияның тежелу реакциясы
Достарыңызбен бөлісу: |