2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет7/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   176

19

Өзіңіз басы-қасында болып, ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген 

«Қазақ тілі» қоғамының тұсауы, әлі есімізде, 1988 жылғы қазанның  21-інде 

кесіліп еді. Бұл біздің халық үшін елеулі оқиға болды Одан кейінгі кезеңде, 1990 

жылғы шілденің 1-нде «Тіл туралы заң» өз күшіне енді де оңымыздан күн, 

солымыздан ай туғандай әсерде болдық, 1992 жылдың қазан айында өткен 

«Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы» да жан дүниемізді жадыратып-

ақ  тастап  еді.  Осыдан  кейінгі  іле-шала  желтоқсан  айында  өткен 

республикалық «Қазақ тілі» қоғамының II құрылтайында айтылған сөздер 

мен  байласқан  серттер  әлі  күнге  дейін  есімізде.  Аталмыш  құрылтайда 

бүкіл бұқаралық ой-сананың түйіскен тұстарынан туындаған пікірлердің 

жиынтығындай  болып  көрінген  «Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының 

жарғысы» өмірге келіп еді. Біздің мемлекеттік тіліміздің өз дәрежесінде 

еркіндеп шығуына ықпал ететін де осы бір тарихи орны бар құжат деп 

таныдық. «Тіл комитеті болмаса ештеңе іс жүзіне аспайды» дедіңіздер, ол 

да өз кезегімен дүниеге келді.

Өткен-кеткеннің бәрін несіне термелеп отыр демеңіз, осы бір істердің 

бастаушысы да, қостаушысы да өзіңіз болған соң өткен уақыттың өрге 

сүйреген  өршілдігі  туралы  болсын,  өзек  күйдірер  өкініші  болсын  ортаға 

салсаңыз деген тілек бар еді. Қазақ тілі деген қасиетті қара нар қай қиядан 

асып, қай сайға барып шөгіп қалды екен, біздің соны білгіміз келеді.

 «Қазақ тілі» қоғамын құру үшін ғана қаншама еңбек жұмсалғанын 



бұл жерде айтып жатудың қажеті жоқ. Бұл өзі біздің халқымыздың қарық 

болғанынан құрылған немесе ұлтымызды ұлы етіп көрсеткіміз келгендіктен 

құрылған  қоғам  емес.  Керісінше,  керегесі  кескіленген,  туырлығы  тесілген 

тума тілімізден айырылуға жақындап қалғандағы тұяқ серпер болса да бір 

қимылдап қалудың қажеттігінен туындап еді.

Әуелгі  1985  жылдан  басталған  жылы  лепке  бет  төсеп,  жүрек  жібіте 

бастағаннан  кейінгі  уақытта  қайта  құру,  жариялылық,  демократияны 

тереңдету деген саяси тепкішектерге табан тіреп қалғымыз келді. Өйткені 

осы бір кезеңдерде тұтас ұлттардың өткен тарихын таразылауға, бүгінгісін 

бажайлап,  болашағын  болжамдауға  жол  ашылғандай  болды.  Мұның  ең 

басты бір көрінісі ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алуы еді. Әрине, бұған 

әсер еткен КОКП Орталық Комитетінің 1989 жылғы Қыркүйек пленумында 

қабылданған  ұлттық  саясат  жөніндегі  платформасының  қабылдануы  екені 

аян.


Қазақ  тілі  мемлекеттік  мәртебе  алғаннан  кейінгі  уақытта  осы 

жетістікке  тойынып,  тоқырап  қалуға  болмайтыны  өзінен  өзі  белгілі 

болатын.  Оның  себебі,  Қазақстандағы  қазақ  тілінің  қолдану  аясының 



20

тым тар мөлшерде екені беп-белгілі тұрған жай ғой. Міне, сондықтан да 

қалайда «Қазақ тілі» қоғамын құруымызға тура келді. Әрине, бұл туралы 

ел арасында қарсы пікірлер де болды. Бұдан кейін ең бірінші, Қазақ КСР-

інің Тіл туралы заңын жасау міндеті кезек күттірмейтін мәселе екендігі 

айқындалды да бұл заңның жобасы бекітіліп, 1990 жылдың 1-шілдесінен 

бастап  өз  күшіне  енді.  Ендігі  кезекте  осы  Тіл  туралы  заңды  жүзеге 

асырудың  жолдарын  нақты  белгілеп  беретін  Мемлекеттік  бағдарлама 

жасалды. Қазақ КСР Ғылым академиясында терминологиялық орталық 

құру,  «Қазақ  тілі»  атты  журнал  шығару,  қоғамның  қаражаты,  жарна 

туралы  ұсыныстардың  бәрі  дерлік  «Қазақ  тілі»  қоғамының  тарапынан 

түсті десе болар. Бұл мәселелер туралы сол кезеңдегі баспасөз беттерінде 

де кеңінен сөз қозғалды.

Шындығын айту керек, мемлекеттік тіл – қазақ тілі үшін сол кездегі 

халық  арасындағы  мәдени  және  саяси  қозғалыстың  кең  ауқымдылығы 

кісі қуантарлықтай еді. Менің өзім Дүние жүзіндегі 10 миллионға жуық 

қазақтардың  2-3  миллионы  «Қазақ  тілі»  қоғамына  мүше  болады  деген 

дәмегөй ойда едім.

–  Осы  тұста  сөзіңізді  бөлейін,  «Қазақ  тілі»  қоғамының  II 

құрылтайының  қарсаңында-ау  деймін,  «Қазақ  тілінің  қанша  мүшесі 

бар?»  –  деген  тақырыпта  дабыл  қаққан  мақала  шықты.  Онда 

республикалық қоғамның басқармасындағылар «Қазақ тілі» қоғамының 

қанша  мүшесі  бар  екендігін  анық  білмейді,  тек  қана  «миллионнан 

астам мүшеміз бар» деп мөлшерлеп соғады дегендей сөздер айтылған. 

Мақала  тілшісі  құрғақ  сөзбен  құрық  сілтемей,  әр  облыстағы  «Қазақ 

тілі» қоғамдарымен сөйлескенде өзі естіген нақты деректерге сүйенген 

екен.  Біз  сонда  осы  мақала  авторының  айтқанына  илана  отырып, 

«сонда республикалық «Қазақ тілі» қоғамы ең басты табыс көзі болып 

саналатын  мүшелік  жарнасын  уақытылы  түгел  жинап  алып  отыру 

үшін өз мүшелерінің нақты санын білуі керек қой. Бұлары қандай?» деп 

таң қалғанбыз. Әрине, тереңірек ойлаған адамға бұл істің тым шалағай 

жүргізілуі  жаңадан  қалыптасып  келе  жатқан  қоғамның  бастауыш 

ұйымдарынан басталатын баспалдақтардың тайғанақтығынан болса 

керек. Әйтпесе, әрбір бастауыш ұйымда қанша мүше бар екені ап-анық 

болып тұрса, тұтас санға нақты жету сонша қиын емес секілді.

– Жасыратын несі бар, республикалық «Қазақ тілі» қоғамы кейіннен 

халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы болып кеңейтілгенімен кейін де қаржы 

жағынан қанағат тауып көрген жоқ. Жер-жердегі «Қазақ тілі» ұйымдары 

кедейшіліктен  кембағалдыққа  дейін  жетті  десек  болар.  Сараңның 

садақасындай  аннан-мұннан  түскен  демеушілердің  берген  қаржысы 




жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау