25
тәрбие жұмысы тек орыс тілінде жүргізіліп келді. Аудандық «Қазақ тілі»
қоғамының араласуы, білім бөлімі басшылығының батыл азаматтық танытуы
нәтижесінде қазір орыс тілінде бір мектеп, бір бала бақша ғана қалды».
Міне, осы бір ақпардан-ақ «Қазақ тілі» қоғамының қандай белсенді
күш екенін танып, білуге болады емес пе?! Ал біздің өкіметіміз неліктен осы
бір оңынан келіп отырған істі оңашалап тастағанына тіпті де таңданбасқа
болмайды.
– Сізге газет арқылы хат жазған жігіттің сөз төркініне терең
үңілгеніміз жөн. Қазақ мектептерін көбейту ісінде «Қазақ тілі» қоғамының
атқарған қызметі ұшан-теңіз. Амал қанша, соңғы кезде беті қайтып,
беделі төмендеп бара ма деп қорқамыз. Мен таяуда сіз атаған «Егемен
Қазақстан» газетінің бетінен Өмірсерік Қасеновтың «Түсінбеушілік пе
әлде бұра тарту ма?» деген рецензия-мақаласын оқып отырып, көптеген
фактілерге кез болдым. Соның бірі мынау: біздің елімізде 871000 мектеп
оқушысы, 77243 студент қазақ тілінде, 2,2 миллион және 189416 окушы
мен студент орыс тілінде оқиды екен. Екі тілдің ара салмағын осыдан-ақ
айырып алуға болатын шығар.
– «Бәрін айт та бірін айт» дегендей, ең аянышты жағдай – мектептеріміздің
болашағы болып отыр. Қазіргі уақытта қаржының тапшылығынан ауыл-
ауылдардағы 300-дей мектеп жабылудың аз-ақ алдында тұр. Бұлардың дені
– шағын комплектілі мектептер және алыс ауылдардағы қазақ мектептері.
Бұлардың жабылуына байланысты үлкен мектептердегі кластардың
тығыздығы қандай болмақ? Әрбір класқа 40-50 оқушыдан. Бұдан кейін білім
сапасы қандай болмақ?! Осыдан келіп орыс мектептеріне ауысу науқаны
күшеймей тұрмайтыны тағы белгілі. Оның үстіне қазақ мектептерінде білім
беру сапасы да төмендеп барады. Дені дұрыс мұғалім даярлап шығарудың
өзі күшке түсуде. Жоғары оқу орындары үшін оқулық (пәндік) жоқтың қасы.
–
Ғабит Мүсірепов ағамыздың мына бір сөзі ойға оралады. «Тіл
сөйлеу-сөйлесу, оқу-үйрену, жазу-сызу арқылы өседі. Бұл үшеуінің бірде-
біреуіне көңіл аудармау – ең үлкен қылмыс».
Осы бір ғажайып сөзден шығатын қорытынды – қазіргі уақыттағы
біздің өз тілімізді өзіміз елемегендей болып отырған қылығымыз қылмыспен
тең деген сөз. «Ана тілін тек өгей ұлдары ғана аяққа басады» деген де Ғабең
еді ғой. «Авгейдің ат қорасынан бастайық» деген мақаласында.
Әрине, тіл туралы, ана тілі туралы қазақ ғұламалары аз айтқан
жоқ, аз күрескен жоқ.
Менің бір таң қалатыным бағанадан бері әңгімелеп отырған
«Қазақ тілі» қоғамына мемлекеттік деңгейдегі құқық неге берілмейді?
26
Күні кеше туа салып аз уақытта тұншықтырыла, аты да, міндеті
де өзгерген Тіл комитетінің шыр ете түскен даусын ғана естігендей
болдық емес пе?! Расын айту керек, сол Тіл комитетінің болашағынан
үлкен үміт күткенімізбен, тындырған ісін біліп үлгермедік. Оның
есесіне жер-жерлер кешегі әміршілдік-әкімшілдік қоғамнан қалған
бірталай «қаратаяқтарға» аз уақытқа болса да нәпақа тауып беруге
әбден жарады. Мәселен, бір облыстағы аудандық, партия комитетінің
идеология бөлімінің нұсқаушысы болып істеген бір әйел «Қазақ тілі»
қоғамы алғаш құрыла бастаған кезеңде оған жан-тәнімен қарсы болып,
шабуылға шыққаны бізге мәлім. (Аты-жөнін атап айтуды қажет деп
таппадық). Мына қызыққа қараңыз! Сол әйел кейіннен Тіл комитеті
құрылған кезде облыстық, тіл басқармасының бастығы болып отыра
қалған. Бұдан нені аңғаруға болатынын тарқатып айтудың қажеті
де бола қоймас. Тіл комитетінің қызметін өзінше ұнатып барған да,
құлатып таратқан да осындай адамдар екені ақиқат. Жүрмей жатып
жүрелеп, күлмей жатып күмілжіп отырсақ, сырт жұрттың бізге
күле қарамасына кім кепіл. Мысалы, күні кеше ғана, осыдан үш-төрт
жыл бұрын астанамызға ат арытып, «елім, жерім, тілім!» деп еңіреп
келген дүние жүзі қазақтары құрылтайына жиналғандардың өзі біз
туралы не ойлады? Салтанатты мәжілісте сөйленген сөздердің оттай
ыстық лебі олардың жүрегінде әлі сақтаулы екені ақиқат. Қазақ тілінің
қалтыраған бүгінгі қалпын естігендердің еңсесі түсіп, ет бауыры езіліп
жатпағанына кім кепіл.
Мұның бәрін айтпағанда Ғылым академиясының болашағы туралы
да жұрт сан саққа жүгіртіп айтып жүр.
–
Ғылым академиясының бүгінгі жағдайының қиын екені рас.
Егер біз ғылымнан бір айырылсақ, ол тез арада қолымызға түсе қоймас.
Оның қайта айналып келуіне кем дегенде елу жылдай уақыт керек.
Адам білімімен жетіледі, мемлекет ғылыммен өркендейді. Мұны біздің
ешқайсымыздың ұмытуға қақымыз жоқ. Мемлекет өзінің өркениеті,
экономикасы, мәдениеті мен әдебиетінің, ең бастысы тілінің дамып
жетілуі үшін ең соңғы қара бақырына дейін аямаса керек.
Өкінішке орай, біздің Ғылым ордасының халі нашарлап кетті.
Ғалымдарымыздың жалақысын жалақы деп те айтуға болмайды. Одан
гөрі тапанша тағып банкінің алдын күзеткен күзетші мен автобустағы
билет тексерушінің табысы әлдеқайда жоғары. Сондықтан болар ғылымға
келіп жатқан жастар өте аз. Тіпті бар ғылым кандидаттарымыздың өзінен
айырылып, қалып жатырмыз, Көбі бизнеске кетті. Біз, әйтеуір, 40 жылдан