2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет35/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   176

98

– міне, сол артында қазақ тіліндей бай да құнарлы, таза да тағылымы мол 

тіл қалдырған қазақтың дана да дарынды дала академиктері.

Көркем сөздің зергері Ғабең (Ғабит Мүсірепов) өзінің бір сөзінде: 

«Қазақ халқы бар тарихын көше жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, 

құмға  шашпай,  жұртында  қалдырмай,  шабындыға  алдырмай,  барлық 

жинаған сөз байлығын, күй мен жырын бізге жеткізді. Бұл бәрімізге де 

қымбатты мұра, бай қазына» деп, түйгені бар.

Шынында  да,  қазақ  халқының  бүгінгі  ұрпағы  мақтанғысы  келсе, 

артында осыншама тіл байлығын қалдыра білген бабаларымен мақтана 

алады.

Мағжан ақынның:

«Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бар, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың,

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың» - деуі осыны айғақтай түседі. 

Екіншіден,  «Мәдени  мұра»  құндылықтарын,  әсіресе  жүздеген  том 

болып шығып жатқан және шығатын тіл құдіретіне қатысты дүниелерді 

кітап сөрелеріне тізіп қою ғана бағдарламаның мақсатына жатпаса керек. 

Біздің  пайымдауымыз  бойынша  бұл  іс-шаралардың  түпкі  мақсаты,  бір 

жағынан – халқымыздың рухын көтеру де, екінші жағынан - ана тіліміздің 

рухани дәрежесін көтеру.

Осыншама мол рухани-мәдени мұра қолына тигенде ол кімді болса 

да, әсіресе ұлтын сүйер зиялы қауым, білімді жас ұрпақ пен қарапайым 

жұртшылықты бейжай қалдырмауы тиіс. Өйткені бұл ұлттық, патриоттық 

сезімді  қоздыратын  қоғамда  бұрын-соңды  болмаған  ерекше  құбылыс. 

Егер  бұл  іс-шаралар  дұрыс  жолға  қойылып,  бағдарлама  жүзеге  асып, 

пайымдаған мәреден шығып жатса, қағаз жүзінде емес, іс жүзінде қалың 

жұрт бұл игі мақсатты науқанға жаппай қатысып, белсене араласса, қазақ 

тілінің жағдайы күрт өзгеруі ықтимал.

Бұл  іс-шаралардан  ешкім  де  шет  қалмауға  тиіс.  Әсіресе,  тіл  сүйер 

қауым мен тіл үшін күресті бір міндетім деп жүрген, ұйым құрып, өзінше 

күрес ашып жүрген көптеген тіл жанашырларының төл ісінің бірі – тіл 

құдіретімен  дүниеге  келіп,  рухани-мәдени  қазынамыздың  ұйытқысы 

болып  қалыптасқан  ауыз  әдебиетіміздің  баға  жетпес  құндылықтарын 

уағыздау болса керек.



Үшіншіден,  «Ұлттық  тіл  де  –  ұлт  мәдениетінің  бір  саласы»  дедік. 

Демек, тіл байлығы да – мәдени  мұра. Тіл байлығы, әдетте, тіл құдіретінен 




99

туындаған  рухани-мәдени    құндылықтарымыздың  саны  мен  сапасына 

сәйкес келеді. Тек ауыз әдебиетінің таңдамалары үлгілерінің өзі жүздеген 

том  болып  жатқанда,  сөз  қорымыздың  да  аз  болмайтындығы  ғой.  Бұл 

дүниелерімізді лексикографиялық еңбектерден анық көре аламыз.

«Мәдени  мұра»  бағдарламасының  ауқымында  жоспарланып, 

орындалып жатқан ірі-ірі еңбектер көп-ақ. Мысалы, солардың ішінде 15 

томдық қазақ тілінің түсіндірме сөздігін (шамамен 150 мың реестр сөзді 

қамтиды), Қазақ тілінің аймақтық сөздігін (22 мың реестр сөзді қамтиды), 

31  томдық  терминологиялық  сөздікті,  сондай-ақ  қос  сөздер  сөздігін, 

синонимдік,  фразеологиялық,  паремиологиялық  т.б.  сөздіктерді  атауға 

болады.

Тіл байлығы тек сөз санымен ғана емес, сөздің сапасымен де, яғни 



мағына санымен де өлшенеді. Егер осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, 

қазақ тілі сөз қорының сапалық (мағыналық) байлығы 150 мың емес, 1 

миллион  мағыналық  бірліктен  (семантикалық  единицадан)  тұрады  деп 

жобалай  аламыз.  Бұл  –  жер  бетіндегі  өркениетті  елдердің  (ағылшын, 

орыс, қытай т.б.) тілдерімен шамалас көрсеткіш. 

«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  бойынша  жүзеге  асырыла  бастаған 

және  жақын  жылдарда  оқырман  қауымының  қолына  тигелі  отырған 

рухани  мұраның  жүздеген  том  болып  шығатын,  әрқайсысы  бір  құнан 

қойдың бағасымен барабар құндылықтарға, міне, осылар жатады.

Күтіп ұстай білген, қолдана білген, бағалай білген тіл қауымы үшін 

бұл  қазына-байлықтан  артық  құндылық  болмаса  керек.  Өйткені  ол  - 

өзінше  өркендеп,  дамыған  ұлттық  мәдениетіміздің  ұйытқысы,  қайнар 

бұлағы.  «Ел  мәдениеті  тілден  басталады»  дейтініміз  де,  міне,  содан 

болса керек.

Тіл  саясатына  байланысты  Елбасының  тікелей  өзі  араласып 

жөн  сілтеп,  көрсетіп  отырған  бағыт-бағдары  (мыс..  «Қазақстанның 

болашағы – қазақ тілінде»; «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын 

ұйымдастырушы  ұйытқы»  т.б.),  мемлекет  тарапынан  қабылданып 

жатқан қаулы-қарарлары мен нақтылы іс-шаралары – бәрі де, сайып 

келгенде,  мемлекеттік  тіліміздің  мәртебесін  көтеруге  бағышталып 

отыр.


Солайы солай, бірақ Елбасының, өкіметіміздің тәуелсіз мемлекет 

болғаннан  бергі  ұстанған  саясаты  көп  ұлт  өкілдері  тоғысқан 

мемлекетте  ел  тыныштығын  сақтау,  халықтар  бірлестігін  нығайту 

және  елдің  экономикалық-әлеуметтік  жағдайын  жақсарту  болып 

келгендігі  айдай  әлемге  белгілі.  Бүгінде  еліміз  бұл  салаларда  да 



100

дұшпандарымыз  күйініп,  достарымыз  сүйінетін  зор  табысқа  қолы 

жетіп отыр. Бұл табысымыз да барша әлемге аян.

Әлеуметтік-экономикалық  проблемалардан  кейінгі  кезекте 

шешілуге  тиісті  проблемаға  халқымыздың  рухани-мәдени  даму 

үрдісін анықтап, соны жан-жақты қолдау іс-шаралары жатса керек.

Елбасының  өзі  бас  болып,  қолдаушысы  көптеген  ұлтжанды 

азаматтар  болып,  қабылданып,  жүзеге  асырыла  бастаған  «Мәдени 



мұра»  атты  мемлекеттік  бағдарлама,  міне,  осы  бір  қоғамдық-

әлеуметтік даму үрдісінің өз ретімен басталып, заңды түрде жалғасып 

келе жатқан ғажайып көрінісі болып отыр.

Бұл  бағдарламаға  қоғамдық  өмірдің  әрбір  саласы  өз  мақсат-

мүддесін жүктеп отырғаны белгілі. Міне, солардың ішінде бұл мемлекеттік 

бағдарламадан  тіліміздің  күтері  мол.  Өйткені  рухани-мәдени  мұра  ең 

алдымен ана тіліміздің құдіретіне тікелей байланысты.

Біздің  ойымызша,  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы,  әсіресе  оның 

рухани-мәдени саласындағы айқындалатын құндылықтарбіріншіден, өз 

тілін сүймейтін, «қазақ тілі – қойшы-қолаң тілі, мемлекеттік тіл болуға 



жарамайды»  деп  күстаналаушылар  үшін,  қағынан  жеріген  нигилистер 

мен  қазақ  тілінің  «жаназасын  шығаруға»  асығушылар  үшін  күтпеген 

жерден келіп тиген пәрменді  соққы болуы ықтимал. Қоғамдағы мұндай 

топ – қазақ тілінің кең өріс алуына ашық та жасырын қарсы, аяғына тұсау 

болып келе жатқан қауіпті топ.

Халық та, оның тілі де мәңгілікті қалайды

Заманымыздың  екі  ұлы  ойшыл  жазушысы  –  бірі  қырғыз  Шыңғыс 

Айтматов: «Жер бетінде уақытша жасағысы келетін халық болмайды, ол 

әрдайым мәңгілікті қалайды», – десе, енді бірі – қазақ Ғабит Мүсірепов: 

«Тіл  –  мәңгіліктің  мәңгілігі,  ол  жасаған  сайын  жасара  береді»,  –  деп 

топшылайды.

Рухани үндестігімен бірін-бірі толықтырып, қанаттандырып тұрған 

осы бір ой-толғаныстың тұңғиық-терең мәніне зерделеп қараған зейінді 

ұрпақ одан көп нәрсені аңғара алатын сияқты. Шынында да, неге халық 

өзіне  де,  тіліне  де  мәңгілікті  қалайды,  осында  бір  заңдылық  бар  ма? 

Осыған орай, адамзат тарихы мәңгі-бақи жасаған этностар мен тілдерді 

біле ме?


Бүгінде мемлекеттік мәртебе алып, Заң жүзінде марқайып отырған 

қазақ  тілінің  тағдыр-тауқыметін  сөз  етуден  бұрын,  міне,  осы  сұраққа 

қысқаша болса да жауап іздегіміз келеді.



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау