2-китап indd


Ана тілі азбасын, атамекен тозбасын



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет83/196
Дата20.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#43915
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   196
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Ана тілі азбасын, атамекен тозбасын
Тарыдай шашылып, дүниенің төрт бұрышына түгел тарап 
кеткен туыстарымыздың өмір өрісін, тіршілік тынысын атамекендегі 
ағайын-туғандар бұрын да қалт жібермей қадағалап, сыртынан 
бақылап келсе де, дәл бүгінгідей жіті араласу, қою қарым-қатынас 
жасау, барыс-келіс бұрын-соңды болмай келді. «Бармасаң, келмесең 
– жат боларсың, алмасаң, бермесең – сарт боларсың» дегеннің дәл 
өзі болды. Қазақстаннан тыс болса да, бұрынғы Кеңес Одағындағы 
туыстарымыздың жағдайы бір басқа. Ал сол Одақтың сыртындағы 
бауырларымыз үшін кезінде өз атамекеніне барар жолдың темір қақпалы 
кірер есігі ылғи да жабық тұратынын несін жасырамыз. Етене жақын 
ағайынның арасын алыстатып, бір-біріне жат етіп келген осынау бір 
империялық «тәртіптің» күйреуі бүгінде қазақ халқының да игілігіне 
айналып отыр.
Енді, міне, егеменді ел, тәуелсіз мемлекетке ие болып отырған қазақ 
қауымы есін жиып, еңсесін көтеріп, отбасындағы орны толмайтын 
шетелде жүрген туыстарын іздей бастады. Бұл да жақсылықтың, жаңа 
заманның нышаны. Қара шаңырақ астына түгел жиналып, сағыныш 
құшағын жая қауышып, мәре-сәре болу, ата-баба салты бойынша 
әруақтарға ас беріп, дүбірлі той өткізу, алқалы жиын ашып, келелі кеңес 


181
құру – осының бәрі қазақ қазақ болғаннан бергі тарихымызда сирек 
болатын елеулі оқиға. Илаһим, осы бір қуанышымыз, Алланың бізге 
деген осы бір шапағаты ұзағынан болғай!
Әрине, ұзақ заманнан бері көрісе алмай, көріссе де емін-еркін 
араласа алмай кемдидар болып келген ағайын-тумалардың төрт көзі 
түгел бас қосар осынау бір алқалы кеңесте өзара айтар сыры, ортаға 
салар ойы аз болмаса керек. Біз солардың бір парасына ғана қысқаша 
тоқталмақшымыз. Әңгімеміз ана тіліміздің ұлттың басын қосар рухани 
ұйытқысы, елдің іргесін құрайтын соңғы қамалы іспетті тамаша қасиеті 
жайында болмақшы. 
Мәңгүрттік дертке шалдықпаған, өзін-өзі құрметтей білетін әрбір 
саналы қазақ баласы қай жерде жүрмесін, қай елдің отынын отап, 
түтінін түтетпесін, салт-дәстүрін сақтап, тәртібіне тәуелді болмасын, 
бәрібір, өз елін, өзінің тарихи отанын, ата-баба жұртын ешқашан да 
естен шығармауы керек. Өйткені, бұл – әркімнің-ақ азаматтық парызы, 
перзенттік борышы.
Алайда, өз елін жан-тәнімен сүю үшін, оның суығына тоңып, 
ыстығына күйетін ұлтжанды ұланы болу үшін аса қажетті ынсани 
қасиеттің бірі – ол өз ұлтының тілін білу. Тек ана тілі ананың ақ 
сүтімен бойына дарыған, сол тіл арқылы халқының асыл қасиеттерін 
қабылдап, рухани байлығынан мол сусындаған, салт-дәстүрін жетік 
меңгерген азамат қана өзін шынайы 
қазақпын
деп атауға санында 
ғана емес, санатында екендігін айтуына әбден болады. Бірақ, өкінішке 
орай, бүгінде қара шанырақ иелеріне де, шетелдік туыстарымызға 
да сын болып отырған басқа емес, дәл осы мәселенің өзі. Сондықтан 
да біз бүгін ұлтымыздың тұтастығы, ел іргесінің беріктігі, ұлттық 
санамыздың сергектігі, салт-дәстүріміздің өміршеңдігі және басқа 
да ұлттық қасиетіміздің сақталуы тек ана тіліміздің тағдырына 
тікелей байланысты екендігін ағайынның өзара бас қосқан бір сәтінде 
жасырып-жаппай-ақ ашық айтқымыз келеді. Осыған орай, ұлтымыздың 
тұтастық менталитетін сақтап қалудың жолы қазақтардың бәрін бір 
жерге жинап, бір шаңырақтың астына шоғырландыру емес, қай жерде 
жүрмесін өз тілін ұмытпау, құрметтеу, оның тұтастығын, өзіне ғана тән 
тамаша ерекшеліктерін сақтау, қолданыс аясын кеңейтіп, байлығын 
толық пайдалану деп есептейміз. 
Енді 10 миллион халқымыздың біртұтас ұлт екендігін танытып, 
барша қауымның басын қосуға рухани ұйытқы болып отырған 

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   196




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау