Балабақша және жалпы білім беру мекелерінде көру қабілеті зақымдалған әр балаға «тосқауылсыз» жағдай мен ортаны құру.
Бұл құжаттар Қазақстан Республикасының әрбір аймағында орналасқан білім беру мекемелердің қызметін реттеп отырады.
Демек, тифлопедагогика ғылымының дамуындағы өзекті мәселелер реабилитациялық кеңістікте кең түрде қарастырылып, бір жағынан көру қабілеті зақымдалған балалар категориясының барлығын тұтас қамту болса, екінші ретте көру қабілеті зақымдалған балаларға медициналық-психологиялық-педагогикалық қолдаудың қажеттілігі сияқты шешімін таппай тұрған жағдайлар болып отыр. Олардың ішінде әлі де болса зерттеуді қажет ететін, өзекті мәселенің бірі дамудағы кемшілікті ерте диагностикалау мен ерте түзету мәселесі.
Дамудағы кемшіліктерді ерте жастан түзету арқылы интеграциялау контексінде көру қабілеті зақымдалған бала дамуы қоғамдағы перспективті және жетекші тенденциялардың бірі ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта елімізде дене және психикалық дамуында кемшілігі бар балалардың категориясы туралы мәліметтер, оларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері жеткіліксіз қарастырылған. Бұл категорияның қатарына кіретін сөйлеу тілінде күрделі кемшілігі бар балалар, психикалық дамуы тежелген балалар, ерте жастағы аутизмге шалдыққан балалар, күрделі кемшілігі бар балалар, тәртібі бұзылған балалар құрайды.
Көру қабілеті зақымдалған тұлғаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мәселесі тарихи даму жағынан арнаулы білім беру жүйесіне мектеп жасындағы балаларды енгізеді. Мектепке дейінгі арнайы білім беру жүйесі өткен жүз жылдықтың 70-ші жылдарының басында қалыптасты. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері толық зерттелмегендіктен, оларға коррекциялық көмек көрсету жүйесінің мүмкіндігі аз болуда. Сонымен қатар, арнайы педагогикада шешімін күттірмейтін мәселелердің бірі - туғаннан 3 жасқа дейінгі бала дамуындағы кемшіліктерді ерте диагностикалау мен ерте түзету жұмыстары құрайды. Ерте кезең мен мектепке дейінгі шақ интенсивті түрдегі психикалық дамудың сензитивті кезеңдерін анықтаушы кезең болып табылады. Дамудың осы кезеңдерінде болашақтағы барлық психикалық процестердің, жеке тұлғаның дамуына негіз болатын мидың морфофункциялық қалыптасу кезеңі дамиды, шартты байланыстардың негізгі көлемі қалыптасады. Әзірге көру қабілеті зақымдалған ерте жастағы балалардың орталық жүйке жүйесінің органикалық бұзылуына байланысты сензитивті кезеңдерді қолданудың мүмкіндігі толығымен іске аспайды.
Аталған мәселелер турасындағы жеткен жетістіктердің қатарында 1990-шы жылдары Е.В. Кожевниковтың басшылығымен құрылған «Сәбилердің абилитациясы» бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама негізінде ерте кезден бастап диагностикалау мен түзету жұмыстарының мазмұны, ерекшеліктері анықталған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында балаларға ерте педагогикалық-түзетушілік көмек көрсетуге байланысты бірқатар құжаттар қабылданып, жүзеге асырылуда.
Ерте қолға алу (ерте қолдау) – психикалық-дене бұзылыстары скринингін, медициналық психологиялық-педагогикалық диагностиканы, емдеуді, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейінгі) балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау.
Мемлекеттік тарапынан ерте жастан коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету жүйесі әзірленіп (Р.А. Сүлейменова), негізгі деңгейлер бойынша жүзеге асырылуда:
Сәбилердің психикалық және дене дамуын жаппай тексеру. Ерте жастан көмекті көрсетуді іске асыру үшін жаппай тексеруді (скринингті) перзентханалар мен емханаларда жүргізілуі тиіс. Скрининг - “қатер” тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру.
2. Скрининг нәтижесінде анықталған “қатер” тобындағы балаларды ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымдарына жіберуді қамтамасыз ету.
3. Арнайы бала-бақшаларды жалпы үлгідегі бала-бақшалардың арнайы топтарында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелердің түзету кабинеттерінде оңалту аймақтарында іске асырылатын коррекциялық жұмыс ұйымдастыру.
4. Ерте коррекциялық көмек көрсету жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Бұл жұмыс барысында барлық мәліметтерді жүйелеп, компьютерге енгізу және ғылыми зерттеу бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыру, нәтижелері бойынша нұсқауларды дайындау.
Тағы бір өзекті мәселелерінің бірі - медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронажды (МӘПП) ұйымдастыру.
МӘПП – бұл дамуында ауытқуы бар баланың отбасына әр түрлі мамандардың біріге отырып, кешенді оңалту көмек шараларын ұзақ мерзімде қолдануды қалайды.
Патронаж дегеніміз балаға оның ата-анасы мен оқытушыларына ерекше көмек көрсету, баланың өмірін сақтау, қалпына келтіру, емдеу, арнайы оқыту, тәрбиелеу және қоғамға бейімдеу мәселелерін шешу бағытында арнайы көмектің түрі.
Айтып өткен жетістіктермен қатар, арнаулы білім беру жүйесінің жағдайын мемлекеттік арнаулы білім беру жүйесіндегі жайсыздықтар мен арнайы педагогиканың ғылым ретінде дамуындағы кертартпалықтар байқалады. Мұндай жайсыздықтарды анықтаудың себептері мынадай құбылыстармен түсіндіріледі:
Ерекше көмекті қажетсінетін тұлғаларды әлеуметтік бейімдеудегі қиындықтар. Көру қабілеті зақымдалған жасөспірімдер мен жастарды әлеуметтік бейімдеу, оларға кәсіптік білім беру мәселесі қазіргі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдісі ауқымды түрдегі теориялық және қолданбалы міндеттері шешуді көздейді.
Арнайы білім беру жүйесінде күрделі кемшілігі бар тұлғаларды есепке толық алмау.
Коррекциялық қолдауды қажет ететін анықталған балаларға арнайы көмек көрсетудің жетілмеуі.
Білім беру формасының қатаңдығы мен вариативтіліктің болмауы.
Соңғы онжылдық ішінде мемлекет тарапынан ұсынылған жаңа талаптар бойынша, арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктерге көз жүгіртсек, мүгедек тұлғаларға білім беру жүйесін жалпы білім беру жүйесінен бөлек қарастыру тарихы қысқа уақыттың ішінде қолға алынды, әлеуметтік-саяси, идеологиялық кедергілер қалыпқа келтірілді, дамыта оқыту жүйесі дами бастады. Жеке қайырымдылық инициативалық көмек түрлеріне рұқсат етілді, дамуында ақауы бар тұлғаларға патронаж арқылы көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |