№2 басылым 11. 09. 2014ж орнына беттің -беті


Жүк ағындарының сипаттамасы



жүктеу 4,18 Mb.
бет18/33
Дата22.05.2018
өлшемі4,18 Mb.
#16231
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33

Жүк ағындарының сипаттамасы

Жүк ағындары белгілі бір уақыттағы белгілі-бір бағыт бойынша тонналық жүк сандары.

Графикалық жүк ағындары сызба түрінде немесе жүк ағындарының эпюрасы түрінде ұсынылады. Жылжымалы құрам тасымалдауындағы қатынас жолдарында жүктің қисық сызықты қозғалысы түзу сызықтықпен алмасады.

Жүк ағындарының эпюрасы келесі түрде құрылады. Бірінші, белгілі бір ұзындық масштабымен тасымал кезіндегі бір немесе бірнеше аймақтар белгіленеді. Содан соң осы сызыққа белгілі бір масштабпен тасымал қашықтығын қоса алғандағы жүк саны сызылады: бірінші кезекте жүк, келесі де қабылдау пункті

Жүк тасымалының эпюрі түзу және кері бағытта сызылады. Түзу және кері бағыттағы жүк ағындары қатынасының шамасы бағыт бойынша жүк ағындарының бірқалыпсыздық коэффициенті деп аталады.

Жүк ағындары эпюрасын тұрғызуда екі жағдай болуы мүмкін: барлық жүк жөнелтетін және жүк қабылдайтын пункттар.

Жүк ағындары картограмма түрінде ұсынылуы да мүмкін. Картограмма- аралас жүктердің арнайы қатынастағы автомобиль жолдары, көшелердегі жүк ағындарының картадағы графикалық бейнелеуі.

Эпюр мен картограмма жүк тасымалындағы жылжымалы құрамның маршруттық қозғалысын жасауда үлкен мәнге ие болу мүмкіндігін көрсетеді.

Жүк ағындарының құрылымы: салалық, топтық, туыстық (тұқымдық).

Экономикалық факторлардың ықпалы. Осы жоба үшін экономикалық факторлардың ықпалы практикалық болып табылады. Жоғарыда көрсетілгендей, жобаның коммерциялық тартымдылығы өте төмен, әрі жобаны іске асырудан келетін пайдалар кәсіпорынға емес, мемлекетке түседі. Сан жағынан бағалау және пайдалылықтың тиісті көрсеткіштерінің есебі қажет болған жағдайда, осы жобадағы ақша бұдан басқа, мемлекет экономикасына оң салым салатын (оң үлес қосатын) қосымша сыртқы факторлардың (экстерналий) есебінен алу да сондай-ақ жобаның экономикалық тиімділігін арттыруы мүмкін.


Дәріс№8

Автокөліктегі тиеу жұмыстарын ұйымдастыру. Тиеу көліктерін классификациялау. Тиеу көліктерінің өнімділігі. Тиеу көліктерінің пункттері және өнімділігі

Автомобиль тасымалдарында тиеу-түсіру жұмыстары.

Автомобильге жүкті тиеу мен түсіру уақытының шамамен қосымша операцияларының орындалу мерзімі, жүк тасымалы ережелерінің негізгі қосымшасында келтірілген.

Тиеу-түсіру жұмыстары МемСТ –мен талаптарға, тиеу-түсіру жұмыстарында сала аралық еңбекті қорғау ережесі бойынша және жүктерді таратуда немесе басқа да нормативті бекітілген құжаттар келтірілген тәртіппен жүргізіледі.

Тиеу-түсіру жұмыстары өндірісінің әдістерін таңдауда жұмыстағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың рұқсатты әсерінің деңгейін азайтуды алдын ала қарастырады:


  • тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру;

  • қауіпсіздік талаптарына жауап беретін қондырғылар мен құралдарды қолдану;

  • нормативті техникалық құжаттар мен пайдалану құжаттарына сәйкес өндіріс жабдықтарын пайдалану;

  • көтергіш-көліктер жабдықтарымен жүктердің араласуында дыбыстық және басқа да белгілерді қолдану;

  • көлік құралдары мен өндіріс жұмыстары орындарында жүктерді дұрыс тарату және жинау.

Тиеу-түсіру операция жұмыстары көбіне механикалық әдіспен көтергіш көліктердің жабдығы мен механизация құралдарын қолдану арқылы орындалады.
Авто тасымалдар тарифі

Автокөлік құралдары көбіне уақытша, шақырым бойынша және жасалынған немесе жүргізілген жұмыстарға байланысты тарифтерді алады.



Уақытша тарифтер. Белгілі-бір уақыт ішінде тасымал көлемі мен санын анықтау мүмкін болмағанда клиенттерге ұсынылатын тарифтер.

Тариф бір сағатқа жылжымалы құрам түріне және пробегті есептеу арқылы жүргізіледі.



Километр бойынша тарифтер. Жылжымалы құрам моделі мен түріне және пробег шамасына байланысты қарастырылатын төлемдер. Көбіне бұл тарифтер қалааралық тасымалда немесе автокөлік құралдары өз ішінде араласуында орындалады.

Жасалынған немесе жүргізілген жұмыстарға байланысты тарифтер. Бұл тарифтер белгілері жүкті тасымалдау мен жүк класына байланысты автокөлік қызметінде жүк тасымалдауда еркін баға бойынша тасымалдаудың өзіндік құны мен бәсекелік дәрежесіне байланысты анықталады.
Дәріс№9

Автокөлiк жұмысының көрсеткiштерi
Көліктік жүйенің маңызды жұмыс көрсеткіштері

Көліктік жүйенің маңызды жұмыс көрсеткіші жылдамдық болып табылады, ол 3 түрлі болады. Пайдаланушылық, орта (жолаушы тасымалдауында қатынас жылдамдығы деп аталады), техникалық. Қалаларда жылдамдық нормаланады. Статистика бойынша қазақстандағы орта жылдамдық 30 шақ/сағ тең.

Қарқындылық – бұл халықтық жылжу деп аталатын сандық көрсеткішпен айқындалатын алмасу. Потенциалды, абсолютті, жалпы деп аталатын түсініктерге бөлінеді. Жалпы алғанда жылжымалылық – бұл берілген уақыт аралығындағы адамдар тобының бір адамға шаққандағы орын алмастыруының саны. Егер бірнеше адам қаралатын болса, бұндай жағдайда жылжымалылық күтілетін орын алмастыру мағынасына ие болады. (nқор)

Потенциалды жылжымалылық – бұл биологиялық немесе қоғамдық, әлеуметтік жағдай, байланыс және ақпарат құралдары қажеттілігінен туындаған халықтық жылжымалылық. Көпфакторлылық және өзара байланыс қиындығынан қажеттілігінің сандық жағы анықталмайды.

Таратылатын қажеттілік – бұл қатынас қиындығына халық бюджетіне, қала жоспарламасына, ауырлық күші орталығының орналасуы мен орнына, оларға қызмет көрсететін олардың көліктік желілеріне байланысты аталған жағдайларда таратылатын фактілік қажеттілілік (КЖ).

Абсолютті жылжымалылық – бұл аталған орын алмастыру теліміндегі бір адамның уақыт бірлігіндегі келетін бір адамның орын алмастыру саны.

Жалпы жылжымалылық – аталған әкімшілік кешеніндегі барлық халықтың, барлық халық топтарының уақыт бірлігіне қатынасы бойынша қалалық жолаушы көлігінің телімдегі орын алмастыру саны (тіркелген).

Дәріс№10

Әуе жолы көлiгiнiң тасымалдарын ұйымдастыру. Халықаралық жолаушы әуе жолы тасымалдары
Дүниежүзілік азаматтық авиация

Дүниежүзілік азаматтық авиация – бұл құрамына халқы әр түрлі тілдерде сөйлейтін 188 ел кіретін өте күрделі жүйе, 900-ден астам әуе компанияларын, 5000 пайдаланушыны, 16000 ұшақта ұшатын 150000 ұшқышты, 240000 техникалық қызметкерлерді, сондай-ақ 1350 ірі және 10000 шағын әуежайларды қамтиды.

Жаңа ғасырдың басталуы қарсаңында әлемде шамамен 37 млн.км дүниежүзілік көлік жолы қызмет етіп тұрды, соңғы онжылдықта оның жыл сайын өсуі 4,5 % деңгейінде тұрақтанды. Сарапшылардың бағалауынша, бұл үрдіс 2010 жылға дейін сақталады. Мұның өзінде әуе жолдарының ұзындығы барынша тез қарқынмен өседі. Ол 1970 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 2,1 есе артады.

Кез келген уақыт сәтінде ғаламшардың әуе кеңістігінде 10 мыңға жуық әуе кемелері ұшып жүреді. 2004 жылы бүкіл әлемдегі 3000 коммерциялық әуе компанияларында 2 миллионнан астам адам еңбек етті, олар әуе тасымалын басқару, жоспарлау, ұшу, маркетинг, сату ісімен және басқа қызмет түрлерімен айналысты. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының деректері бойынша дүниежүзілік әуе көлігі өнеркәсіптің авиациялық және сабақтас салаларын қоса алғанда 21 млн жұмыс орнын жұмыспен қамтамасыз етіп, дүниежүзілік жалпы өнімге шамамен 700 млрд АҚШ долларын қосады. 2004 ж. дүниежүзілік әуе тасымалының көлемі 460348 млн ткм болған.

Дүниежүзілік әуе тасымалында әзірше Солтүстік Америка басым болып отырғанына қарамастан, XXI ғасырдың екінші онжылдығында Азия-Тынық мұхит аймағы көшбасшылыққа шығатын болар. Азия-Тынық мұхит аймағы географиялық себептер бойынша бөлшектенбегендіктен және бөлшектенуі мүмкін болмайтындықтан, Батыстан Шығысқа қарай бұлайша ығысудың зор маңызы бар. Қытайды есептемегенде, Азия елдерінің көпшілігінде елге келетін бір ғана нүкте бар. АҚШ әуе компаниялары мұны асқан қиындықпен түсінді. Қазіргі уақытта АҚШ-тың екі әуе компаниясы – Northwest және United – ғана Тынық мұхит арқылы ұшады, оның екеуі де Токионы негізгі келу әуежайы ретінде пайдаланады. Бұл аймақты бөлшектеп пайдалануға тырысқан басқа американдық әуе компаниялары, жұмсартып айтқанда, одан ығыстырылып қалды.

Қазақстанның азаматтық авиациясы

Азияаралық барлық әуе маршруттарының орталық бөлігін алып жатқан Қазақстанның осынау геосаяси жағдайды пайдалана отырып, өзінің азаматтық авиациясын дамытуға сирек кездесетін мүмкіндігі бар. Еуропа мен Азия арасындағы жалпы транзиттік әуе қозғалысының шамамен 30 пайызы ҚР арқылы өтетін Атлант мұхиты аралық маршруттар желісіне келеді.





жүктеу 4,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау