1С: Кәсіпорында конфигурлеу және администрирлеу негіздері



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет4/19
Дата15.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#13853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

9

 

 



Бұл  жаңа  нұсқасының  платформасы  базалық  нысандарға  және  жеке 

берілетін компоненталарға  (бухгалтерия, оперативті есеп, есептеу) бөлінбейді.  

Ақпараттық  базада  екі  конфигурация  сақталады:  ағымдағы  мәліметтер 

қоймасына  (яғни  кестелер  құрылымына)  сәйкес  келетін,  мәліметтер 

қоймасының    конфигурациясы    және  қолданушылардың  жұмысын 

тоқтатпайтын өзгертулерді еңгізуге болатын және сақтауға болатын  ағымдағы 

конфигурация.  

Өңделуі: 

Анықтамалықтарда, 

құжаттарды 

және 

конфигурацияның 



басқа 

объектілерінде бірнеше кестелік бөліктермен жұмыс істеудің мүмкіндігі бар.  

Басқару  элементтерінің,  олардың  қасиеттері  мен  оқиғаларының    жиыны 

кеңейтілген.  Енді формада ActiveX – компоненталары орналасуы мүмкін.  

Экономикалық  ақпаратты  өңдеуге  бағытталған  сұраныстар  механизмі 

қайта  өңделген.  Сұраныстарды  мәліметтерді  алудың  негізгі  құралы  ретінде 

қолданады.  

 

Бақылау сұрақтары: 

1. 1С: Кәсіпорын жүйесінің негізгі нысандарына сипаттама 

2. 1С: Кәсіпорын жүйесінде анықтамалықтар нешеге бөлінеді? 

3. Жүйенің жұмысы негізгі 3 компонентке негізделіп жасалған. Атаңыз? 

4. 1С:Кәсіпорын жүйесі қандай салаларда қолданылады 

5. 1С: Кәсіпорын жүйесінде бухгалтерлік есептің қандай бөлімдері 

қолданылады? 

6. Бағдарламаға ақпаратты енгізу неше бөлімнен тұрады? 

7. Жоспарланған шот дегеніміз не?  

8. 1С: Кәсіпорын жүйесінің ақырғы қолданушылары? 

9. Жүйе сыртқы қосымшалармен қарым – қатынас жасаудың қандай 

механизмдерін қолданады? 

10. Ақпараттық базада қандай конфигурациялар сақталынады? 

 

 




10

 

 



Тақырып 2. 1С:Кәсіпорынның технологиялық платформасы 

 

Мақсаты:  1С:Кәсіпорын  платформасының  негізгі  механизмдерімен 

танысып, меңгеру. 



Жоспары:   

    2.1 1С:Кәсіпорын платформасының жалпы механизмдер сәулеті.  

              2.2 1С:Кәсіпорын платформасының негізгі механизмдері. 

    2.3 Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартты (БЕҚС)  желілік 

технологияларды қолдану  

 

          2.1 1С:Кәсіпорын платформасының жалпы механизмдер сәулеті 

1С:Кәсіпорын платформасының 8.3 нұсқасы 6 жылдық  1С:Кәсіпорын 7.7  

бағдарламалар  жүйесін  қолдану  тәжірибесі  негізінде  құрылды.  1-суретте 

1С:Кәсіпорын платформасының жалпы архитектурасы көрсетілген. 

 

 



1-сурет. 1С:Кәсіпорын жүйесінің жалпы архитетурасы 

 

2.2  1С:Кәсіпорын платформасының негізгі механизмдері  

1С:Кәсіпорын платформасының негізгі механизмдерін қарастырайық: 

 

Интернационалдылық – 1С:Кәсіпорын жүйесінде әр түрлі тілдердің 



қолдауы  конфигурациялардың  және  мәліметтер  қорының  мәтіндері  UNICODE 

форматында сақталғандықтан  іске  асып  отыр.  Бұл  формат  кез  келген мәтіндік 

ақпаратқа түрлі тілдердің белгілерін де қосуға мүмкіндік береді. Осылай келе, 

қолданушы  мәліметтерді  әр  түрлі  тілдерде  енгізе  алады.  Мысалы,  тауар 

сипаттамасын  немесе  келісім-шарт  мәтінін  өндіруші  мемлекет  тілінде  қосу 

керек  болса.  1С:Кәсіпорын  жүйесінде  көп  тілді  қолданбалы  шешімдерді  құру 

Интернационалдылық 

механизмдер 

Мәлімет алмасу 

механизмі 

Интерфейстік 

механизмдер 

Қолданбалы 

механизмдер 

Экономикалық және  

аналитикалық есеп 

беру механизмдері 

Web-сайттарға кірістіру 

механизмдері 

Қатынау құқығы жүйесі 

Әкімшілік ету 

құралдары 

 

1С:


 

Кәсіпорын 

платформасы 



11

 

 



мүмкіншілігі қарастырылған. Құрушы бір мезгілде бірнеше тілде конфигурация 

құра алады. Ал, әрбір қолданушы өз тілін таңдайды; 

 

Интерфейстік  механизмдер  –  1С:Кәсіпорын  жүйесінде  қазіргі 



заманғы интерфейс  дизайны  жүзеге  асырылған.  Интерфейстік  механизмдердің 

негізгі қолданылуы қолданушы мен қолданбалы шешім арасында өзара қарым-

қатынас орнату болып табылады; 

 



Қолданбалы  механизмдер  –  қарастырылып  отырған  жүйенің 

қолданбалы  механизмдерінің  құрамы  кәсіпорынды басқаруды  автоматтандыру 

есептерін  шешуге  бағытталған.  Құрушы  үшін  мәселелі-бағытталған 

объектілерді  қолдану  кең  көлемді,  бухгалтерлік,  қоймалық,  басқарушылық, 

мәліметтерді  талдау,  бизнес-үрдістер  деңгейінде  басқару  сияқты  есептерді 

шешуге мүмкіндік береді; 

 

Ортақ  механизмдер  –  1С:Кәсіпорын  жүйесі  негізінде  қолданбалы 



шешімдер  құру  тұжырымдамасын  анықтайтын  механизмдер  қатары  бар. 

Мұндай  механизмдердің  бар  болуы  қолданбалы  шешімдерді  құру  және 

ендірудің  технологиялық  мүмкіндіктерін  бизнес-сызбамен  максималды 

сәйкестендіруге мүмкіндік береді; 

 

Экономикалық  және    аналитикалық  есеп  беру  –  басу  формасын 



қалыптастыруға  мүмкіндік  беріп  қана  қоймай,  қолданбалы  шешіммен  тығыз 

жинақталған  интерактивті  құжатты  қалыптастыратын  құралдар  комплексін 

ұсынады. Қолданушы кез келген экрандық формамен қалай жұмыс істесе, есеп 

берумен де дәл солай жұмыс істей алады; 

 

Web-кеңейту  –  технологиялық  платформа  құрамына  кірсе  де  жеке 



бағдарламалық өнім ретінде жабдықталады. Ол Web-сайттарға кірістіру арқылы 

1С:Кәсіпорын  мәліметтеріне  қатынауды  ұйымдастырады.  Сонымен  қатар, 

1С:Предприятиенің  ақпараттық  қорын  қолданып  Web-қосымшаларын  құруға 

мүмкіндік береді; 

 

Қатынау  құқығы  жүйесі  –  қызмет  түріне  немесе  қолданушы 



лауазымына  сәйкес  құқықтар  жинағын  сипаттауға  мүмкіндік  береді.  Сонымен 

қатар,  мәліметтер  қорында  сақталған  объектілер  үшін  жеке  өрістер  мен 

жазуларға қатынау құқығын анықтауға болады; 

 



Масштабталулық  –  қолданбалы  шешімнің  жұмысының  әр  түрлі, 

бірқолданушылыдан  бастап,  үлкен  жұмыс  топтарымен  жұмыс  істейтін 

нұсқаларды қамтамасыз етеді; 

 



Пайдаланушы  жұмысы  –  қазіргі  заманғы  интерфейс  дизайнын 

бастаушылар  үшін  жеңілділікті  және  тәжірибелілер  үшін  жоғарғы 

жылдамдықты жұмысты қамтамасыз етеді; 

 



Мәлімет  алмасу  –  1С:Кәсіпорын  ақпараттық  қоры  негізінде  және 

басқа  ақпараттық  жүйелер  негізінде  құрылған  аумақтық  үлестірілген 

ақпараттық  жүйелер  құруға  мүмкіндік  береді.  Мысалы,  кәсіпорынның  негізгі 

кеңсесін,  филиалдарын,  қоймаларын  ортақ  ақпараттық  қор  ретінде  немесе 

1С:Кәсіпорын ақпараттық қоры мен Oracle ақпараттық қоры араларында өзара 

әрекеттестік ұйымдастыруға болады; 




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау