1С: Кәсіпорында конфигурлеу және администрирлеу негіздері



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет3/19
Дата15.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#13853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

7

 

 



есептердің  макеттерін  және  экрандық  формаларын  құрады,  кірістірілген 

бағдарламалау тілінде бағдарламалық модельдерді жазады. Ақырғы қолданушы 

кәдімгі  режимде  жұмыс  жасайды.  Кәсіпорын  барлық  мәліметтерді  деректер 

қорына  еңгізеді,  есептерді  құрады  және  т.б.  жасайды.  Конфигурацияны  өңдеу 

немесе  модификациялаудың  бірінші  кезеңінде  өңдеуші  пәндік  облысты  және 

қолданушылардың талаптарын талдайды (талдау жүргізеді), конфигурацияның 

объекттерін  құрады  немесе  өзгертеді,  олардың  арасындағы  байланыстарды 

жасайды,  есептердің  экрандық  формаларын  және  макеттерін  жобалайды, 

кірістірілген  тілде  жүйенің  жұмыс  жасау  алгоритмдерін  жүзеге  асырады. 

Нәтижесінде  ақырғы  қолданушылардың  жұмысын  автоматтандыратын 

қолданбалы шешім алынады. Қолданбалы шешімнің құрылымы  конфигурация 

объектілерінің  құрамымен  және  олардың  арасындағы  байланыстармен 

анықталады. Конфигурацияның объекттері деп  1С: Кәсіпорын 8.0 құралдарын 

айтады. Мысалы Тауарлар анықтамалығы, Төлем беру құжаты және т.б.    

1С:Кәсіпорын жүйесі төмендегідей салаларда қолданылады: 

өндірістік және сауда кәсіпорындарын, бюджеттік және қаржылық 



ұйымдарды, қызмет көрсету салаларын автоматтандыру; 

ұйымдастырушылық және тұрмыстық қызметті автоматтандыру; 



бірнеше шот жоспарлары бар бухгалтерлік есепті жүргізу, 

регламенттелген есеп беруді ұйымдастыру; 

басқару есебі үшін және аналитикалық есеп берулерді құру үшін кең 



мүмкіндіктер, көпвалюталы есеп жүргізу; 

бюджеттеу, қаржылық талдау және жоспарлау есептерін шешу; 



жалақыны есептеу және қызметкерлерді басқару және т.б. 

 

1.3  1С: Кәсіпорын жүйесінің негізгі мүмкіндіктері  

1С:  Кәсіпорын  жүйесі  бухгалтерлік  есептің  барлық  бөлігінде 

қолданылады: 

-  Банк және касса есебі. 

-  Негізгі құралдар және (активті емес) материалдық емес активтер есебі. 

-  Тауарлар есебі, өнім өндіру және қызмет көрсету. 

-  Ұйымдар мен алашақ берешектері мен есеп беруші тұлғалармен өзара есеп 

айырысу есебі.  

-  Еңбекақы бойынша есеп айырысу. 

-  Бюджеттің есеп айырысуы. 

-  Көп деңгейлі шоттар жоспарымен жинақтамалы есеп жүргізу. 

-  Бірнеше шоттар жоспарымен жұмыс істеу  

-  Валюталық есеп 

-  Көп  деңгейлі  таңдамалы  есеп  өлшеміне  байланысты  көп  деңгейлі 

таңдамалы есептің жұмыс жасауы.  

-  Сандық есеп. 

-  Бір деректер базасымен бірнеше кәсіпорындарда есеп жүргізу желілігі. 

Бағдарламаға ақпараттарды енгізу бірнеше режимнен тұрады: 

1)  қолмен енгізу режимі 

2)  типтік операциялар режимі  




8

 

 



3)  құжаттау режимі 

Бағдарлама жеке немесе желі бойынша істейді. Әртүрлі нысандармен бір 

уақытта  жұмыс  істеу  үшін  қолайлы  көп  терезелі  интерфейспен  қамтамасыз 

етілген. Бухгалтерлік бағдарламаны жұмысқа дайындаудың ең бірінші жауапты 

және  көлемді  кезеңі  тұрақты  және  шарты  тұрақты  деректерді  компьютерге 

енгізу болып табылады.  

1С:  Кәсіпорын  бағдарламасында  осындай  деректерді  сақтауға  арналған 

анықтамалар  мен  аспаптамалар  бар.  Олардың  ішіндегі  ең  негізгісі 

жоспарланған  шоттар  болып  табылады.  Бағдарламалармен  жұмысты  бастамас 

бұрын  бухгалтер  пайдаланушы  кәсіпорында  жүргізілетін  есептің  негізгі 

принципі және оны жүргізу барысында қолданылатын шоттарды анықтап алып, 

оны  Қазақстанның  шоттар  жоспарына  ауыстыру  керек.  Осы  шоттар  негізінде 

бухгалтерлік  есеп  жүргізіледі  немесе  керекті  құжаттар  алынады.  Кәсіпорында 

нормативті құжаттармен берілген стандартты жоспарланған шоттар және басқа 

да арнайы жоспарланған шоттар, шоттар жүйесі кәсіпорынның есеп саясатына 

байланысты.  1С:  Бухгалтерия  жүйесінде  есепті  бірнеше  жоспарланған  шоттар 

арқылы және де одан  басқа да жүргізу мүмкіндіктері қарастырылған.  

Жоспарланған  шоттарды  басты  мәзірдің  амалдар  пунктінен  таңдау 

арқылы іске қосамыз. Жоспарланған шоттардың әр жолы бухгалтерлік есептің 

нақты және қосалық шотын көрсететін кестеден тұрады.  

 

1.4  1С:Кәсіпорын жүйесінің басқа қосымшалармен қарым-қатынасы 

Жүйе  сыртқы  қосымшалармен  қарым–қатынас  жасаудың  келесі 

механизмдерін қолданады: 

Файлдар  арқылы  мәліметтермен  алмасу.  Бұл  мәтіндік  және  DBF  – 

файлдары,  сонымен қатар XML – құжаттары болуы мүмкін. 1С: Кәсіпорын 8. 0 

жүйесінің кестелік құжаты MS Excel  форматында сақталуы мүмкін.  

Automation механизмдері арқылы қарым – қатынасу, бұнда 1С: Кәсіпорын 

8.  0  клиент  және  сервер  ретінде,  яғни  басқарушылық  және  басқарылатын 

қосымша сияқты бола алады.  

1С:  Кәсіпорын  8.  0  жүйесімен  тез  және  сенімді  жұмыс  істеуін 

қамтамасыздандыру  үшін  осы  технологиямен  жұмыс  жасайтын  басқа 

бағдарламалардан СОМ – қосылуы арқылы қарым  - қатынас жасау.  

Интернет  - технологияларымен жұмыс жасау: электрондық поштамен (e-

mail), HTTP, HTTPS, FTP хаттамалары бойынша файлдармен жұмыс. 

Басқа  тілдерде  жазылған  ActiveX  басқару  элементтерін  экрандық 

формаларда орналастырудың мүмкіндігі. 

Басқа тілдерде жазылған  1С: Кәсіпорын үшін dll- кітапханаларын қосуды 

қамтамасыздандыратын  сыртқы компоненталар технологиясы. 

Бұл  құралдар  1С:  Кәсіпорын  8.0  бағдарламасымен  күрделі  интегралдық 

шешімдерді құрастыруды қамтамасыздандырады.  

8.0 нұсқасының кірістірілген тілі 7.7 нұсқасымен ұқсас емес. Ақпараттық 

базаны  конвертациялау  кезінде  бағдарламалық  модельдердің  мәтіндері 

конвертацияланбайды.  



жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау