1.«Индустрияландыру», «жаңғырту» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз. «Индустрияландыру»



жүктеу 242,77 Kb.
бет35/37
Дата24.04.2023
өлшемі242,77 Kb.
#42304
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
1.«Индустрияландыру», «жа ырту» тарихи терминдеріне аны тама бе

80. «Кеңестік кезеңдегі жетістіктердің бірі халыққа білім берудің жедел дамуы болып саналады». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
Тұжырыммен келісемін. Большевиктер билікке келген алғашқы күндерінен бастап жаппай сауатсыздықты жою үшін күрес жүргізуге кірісті. Кеңес үкіметінің жергілікті билік органдары Азамат соғысы жағдайында мүмкіндігінше мектептер ашты. Халықты ағарту арқылы большевиктер өздерінің идеологиясын сіңіруді және қарапайым адамдардың сеніміне кіруді көздеді.
1918 жылы шілдеде Түркістан АКСР-інде Халық ағарту комиссариаты (Наркомпрос), ал бұған дейін Қырғыз революциялық комитетінде мектеп бөлімі ашылған еді. 1919 жылы желтоқсанда В.И. Ленин «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декретке қол қойды. 1920 жылдан бастап большевиктер Лениннің тапсырмаларын жүзеге асыра отырып, барлық жерде сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссиялар құруға кірісті. Олар хат танымайтындарды есепке алуды, мұғалім кадрларын даярлау, мектептер мен қысқа мерзімді курстар ұйымдастырумен айналысты. Сауатсыздықты жоюдың көшпелі пункттері, әйелдер арасындағы сауатсыздықты жою үшін қызыл отаулар, коммуна мектептері, мектеп-интернаттар, рабфактар (жұмысшы факультеттері) құрыла бастады. Сауатсыздықты жою күресінде «қызыл отау» аталатын білім ошақтары жұмыс істеді. Олар отырықшы халық арасында оқу үйі атқаратын міндеттерді орындады.
1924 жылдың ақпан айында «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының қазақстандық бөлімі жұмысын бастады.  1939 жылы Қазақстанның 50 жасқа дейінгі халқының сауаттылығы 80%-ға жақындады. Қазақ халқының сауаттылығы – 54,5%, орыс халқының сауаттылығы – 70,4% деп анықталды. Жаңа кеңестік билік бүкіл білім жүйесін қайта құруды талап етті. 1918 жылы Қазақстан аумағының едәуір бөлігін қамтитын РКФСР-да қабылданған «Бірыңғай еңбек мектебі туралы» ережесіне сәйкес бұрынғы бастауыш училищелер, гимназиялар, реалдық училищелер және басқа да оқу орындарының орнына 2 сатылы бірыңғай еңбек мектептері құрылды. Оның бірінші сатысында – 8-ден 13 жасқа дейінгі, ал екінші сатысында – 13-тен 17 жасқа дейінгі балалар оқиды деп бекітілді. 1918 жылғы қазандағы «Шағын ұлттар мектебі туралы» қаулыға сәйкес, барлық ұлттар, соның ішінде қазақтар өздерінің ана тілінде оқуды ұйымдастыра алады деп жарияланды.
1920–1921 оқу жылында республикадағы мектептердің саны 2410-ға жетті (1914–1915 оқу жылында – 2011). Қазақ мектептерінде әліппе оқулықтарының өзі де жетіспеді. Жоғары білімі бар білікті педагогтер өте аз еді. Мысалы, 1924 жылы Ақмола уезінде жоғары білімі бар бірде-бір қазақ болған жоқ. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. 1929–1940 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпби жазу жүйесі енгізіліп, 1940 жылдан ол кирилл графикасымен ауыстырылды. Большевиктер билікке келгеннен кейін республикада жоғары оқу орындары мен техникумдар ашыла бастады.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы жылдары жоғары білімі бар білікті кадрлар жетіспеді. 1928 жылы Қазақстанда алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педагогикалық институты ашылды. Кейін оған ұлы Абай есімі берілді.
Кейіннен басқа да жоғары оқу орындары ашылды: Алматы малдәрігерлік институты (1929), Қазақ ауылшаруашылық институты (1930), Алматы медицина институты (1931), Орал педагогикалық институты (1932). 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. 1941 жылы республикада 20 жоғары оқу орны және 118 кәсіптік арнаулы оқу орындарында 40 мыңға жуық студент оқыды.
Аса көрнекті ғалымдардың Қазақстанға ҰОС кезінде көшіп келуі жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін нығайтуға қолайлы жағдай жасап, жаңа ЖОО ашылуына мүмкіндік берді (Алматы шет тілдер институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институты). 1950 жылдары жалпы білім берудің мазмұнын жетілдіру жұмыстары жүргізіліп, мектептегі политехникалық оқытуға ерекше мән берілді. 10 жылдық білім беру жүйесіне көшу басталды. Мектептерде машинатану кабинеттері, оқу-тәжірибе алаңдары ұйымдастырылды. 1950–1960 жылдары кешкі мектептер ашыла бастады.
1959 жылғы санақ бойынша республикада жергілікті ұлт өкілдерінің саны халықтың 30%-ын ғана құрады. 1972 жылы республика жалпыға бірдей орта білім беруге көшті. Білім беру және тәрбие жұмысының бағдарламасына өзгерістер енгізу үшін жаңа реформалар жүргізілді. Тарих, әдебиет, биология, химия, астрономия, география, еңбек және шетел тілдері пәндері бойынша жаңа оқу бағдарламалары әзірленді, жаңа оқулықтар шығарылды. Республика мектептерінде кабинеттік жүйе енгізілді. Олар бюджеттік және демеуші ұйымдар есебінен де жабдықталды.
1980 жылдары балаларды 6 жастан бастап мектепке қабылдау бағдарламасы іске қосылды. Үлкен қалаларда балабақшалардың жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қала берді. Қалалық және ауылдық мектептердегі оқыту сапасында да айтарлықтай айырмашылықтар байқалды. Мектеп жүйесіндегі ауыр дағдарыс ауқымды деңгейде ХХ ғасырдың 80-жылдарының екінші жартысында басталды.
81. «Заманауи қазақ әдебиетіне социалистік реализмнің бұлжымас ережелерінен толықтай бас тарту, идеологиясыздандыру, өмір құбылыстарына тарихи тәсілді тереңдету, алдыңғы қатарға ұлт мүдделерін шығару тән. Сонымен бірге көптеген қазақ жазушылары стиль мен эксперимент еркіндігі үшін күресуде». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға бірнеше дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
Қазақстанның өнері мен әдебиеті Орта Азия көшпелілерінің жүз жылдық мәдениетінің бай мұраға толы 20-30 жж. әдебиет жарқын өкілдерімен (Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, кейінірек Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин және т.б.) бай 30-40 жж. қазақ әдебиетіндегі ірі құбылысқа М. Әуезовтің роман эпопеясы, пьесалар, әңгімелері жатады. Соғыстан кейінгі кезенде көркем әдебиет бірнеше дәуірдегі жазушылардың шығармашылығымен толықты. О. Сүлейменовтің, Ғ. Есенберлиннің, А. Кекілбаевтің, М.Шахановтың, О.Бөкеевтің және басқалардың кітаптары жетістікке жетті.
Мәдениеттің дамуындағы сәттіліктерге қарамастан рухани туындылардың қиыншылықтары көлеңкеде қалды. Қазақтың ұлттық әдебиеті деп саналса да, ол өзінің түп тамырынан алшақ болды. Азғантай шығармашылыққа қатаң тыйым салынды. Сондықтан мұнда көбінесе аудармалы, интернационалды европоцентризм идеялары әкелінді.
Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік саясат дәрежесінде нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы, 1951 жылы Орталық мұсылман халықтарының «Деде Қорқыт», «Алпамыс», «Манас». «Ер Сайын», «Шора Батыр», «Қобыланды» сияқты эпостарын діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға тыйым салды. Халықтық мәдениетті қудалаудың сорақы бір көрінісі — домбыраны феодализмге апарып тіркеу. Тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізген саясаты тек кеңестік ұлттарды «тазалаумен» шектелген жоқ. «Жаңа коммунистік мәдениетті қалыптастыру» дегенді басшылыққа алған партократия дүниежүзілік озық мәдениет үлгілеріне тосқауыл жасады. Белгілі «темір пердемен» қоршалып қойылған КСРО-да таза пролетарлық мәдениет дәріптелді; бүкіл Батыс — буржуазиялық, ал Шығыс — ескішіл феодалдық деп жарияланды. Мұның бір дәлелі — Отан соғысынан кейін сталинизмнің жүргізген шаралары. «Космополиттік мәдениет», «империализм ықпалдарына түскен» ғылымдар қатарына кибернетика, генетика, тілтану т.б. қойылды.
Социалистік реализм-социализм мен коммунизм құрушылардың дүниетанымын эстетикалық жағынан көрсететін көркемдік әдіс болды. Социалистік реализм стиліндегі туындылардың мазмұны мен нысаны социализм кезіндегі өмірлік мұраттарды -коммунистік партия мен жұмысшы табының рөлін, еңбекке табыну, тап жауларына деген жеккөрініш, жаңарту эстетикасы, энтузиазмды бейнеледі. Бұл әдіс 1930 жылдары өте танымал болды. Оның қатарына, С.Мұқановтың «Ботагөз» романы, С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы, қысқасы, «қарапайым адамдар» туралы еңбектер. 30-жылдары кеңес өкіметі ақын-жазушылар мен суретшілерді қатаң бақылауға алды. Олардың туындылары «түрі бойынша ұлттық, мазмұны бойынша социалистік сипатта» болуы тиіс еді. Әрине, ол кезде әдебиетте жетістіктер болды. Дегенмен кемшіліктері де бар еді:
-КСРО-да атеизм еді;
-Рухани ізденістерге тыйым салынды;
-мемлекет бекіткен бірыңғай ойлау жүйесі шығармашылық еркіндікті шектеді;
-жасампаздарды қатаң шектеулерге ұшыратты;
-әдебиеттанушылық ізденістерден «идеологиялық двиерсия» іздеді;
-шығармашылық одақтар болды, оларға ғана артықшылықтар берілді;
-орыстандыру саясаты кең түрде жүргізілді;
-қоғамдық өмірді интернационалдандыру жүргізілді.
Алайда, сол кездің өзінде қазақ жазушылары стиль мен эксперимент еркіндігі үшін күресті. Оларға: М.Әуезов, О.Сүлейменов, Ю.Домбровский, И.Шухов, Д.Снегин және т.б. жатты.
Қорытып айтқанда, большевиктік «мәдени революция» Жер шарының 76 бөлігінде «кеңестік адам» атты, бұрын-сонды болмаған, адамдардың айрықша түрін қалыптастыруға бағытталды. Бұл туралы Шыңғыс Айтматов шеберлікпен суреттеген мәңгүрт бейнесін еске алайық.

жүктеу 242,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау