1.«Индустрияландыру», «жаңғырту» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз. «Индустрияландыру»



жүктеу 242,77 Kb.
бет1/37
Дата24.04.2023
өлшемі242,77 Kb.
#42304
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
1.«Индустрияландыру», «жа ырту» тарихи терминдеріне аны тама бе


11 сынып Қорытынды Мемлекеттік Аттестаттау Қазақстан тарихы билеттерінің жауабы Асанбекова Г.С.



1.«Индустрияландыру», «жаңғырту» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз.
«Индустрияландыру»-аграрлық қоғамнан индустриялық, экономикада өнеркәсіптік өндіріс басым болатын қоғамға қарай жеделдетіп өту үрдісі.
«Жаңғырту»- заманауи талаптарға жауап беретін қайта құрулар үдерісі, қоғам өмірінің әртүрлі жақтарының жаңаруы.
2. «Сауатсыздықты жою», «қызыл отау» «иммиграция» терминдеріне анықтама беріңіз.
«Сауатсыздықты жою»- кеңес өкіметінде сауатсыздықты жою бағытында жүргізілген іс-шара.
«Қызыл отау»- кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы қыз-келіншектердің сауатын ашу үшін ұйымдастырылған киіз үй.
«Иммиграция»-қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп келуі.
3. «Шовинизм», «толеранттылық» терминдеріне анықтама беріңіз.
«Шовинизм»- нәсілдік артықшылықты насихаттайтын және ұлттық жауласу мен жеккөрініштікті қоздыратын, неғұрлым реакцияшыл ұлтшылдық.
«Толеранттылық»- төзімділік (лат. tolerantia-шыдамдылық, шыдау, қабылдау) әлеуметтанушылық ұғым; өзге дүниетанымға, тұрмыс салтына, мінез- құлық пен әдет-ғұрыптарына төзімділікті білдіреді.
4. «Полиэтникалық қоғам», «депортация» терминдеріне анықтама беріңіз.
«Полиэтникалық қоғам»-бірнеше этникалық және ұлттық топтардан, диаспоралардан тұратын қоғам.
«Депортация» - (лат.-қуу)-1920-1940 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін кезеңінде КСРО-ның бірқатар халықтарын тарихи мекендеген жерлерінен қуу. Депортация ауыр қылмыстардың қатарына жатады.
5. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мәдениетінің негізгі бағыттары мен жанрларын анықтаңыз.
20-50-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттің дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, З.Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және әртістер жұмыс істеді.
Бұл кезеңде Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі Ә.Қастеев керемет туындылар жазды. Ол жазған көптеген акварель туындылар «Ескі және жаңа тұрмыс» деген топтама ретінде белгілі. Суретші туындыларынан ұлттық ерекшелікке, адам жанына терең үңілуге, тарихқа, халықтың салт-дәстүріне деген шынайы көзқарасы анық байқалады. Ә.Қастеев жазған мыңнан астам картиналар мен суреттер «республиканың көркемсурет қолжазбасы» деп бекер аталмаған. Соғысқа дейінгі кезеңде Ә.Ысмайылов, X. және К.Қожықовтар, Б.Сәрсенбаев, О.Таңсықбаев сияқты қазақ суретшілері жұртшылыққа кеңінен танымал болды. Соғыс жылдарында Қазақстанда ұлттық көркемсурет өнерінің дамуына зор үлес қосқан Украина, Белоруссия, Ленинград және Мәскеуден келген суретшілер жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысындағы жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері де үлкен үлес қосты. Ғылым және өнер адамдарының шығармашылық еңбегі майдандағы кеңестік әскерлердің ерлігімен, жұмысшылар мен колхозшылардың тылдағы даңқты істерімен қатар Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына өзіндік жарқын із қалдырды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы - патриотизм және Отанды қорғау. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Қазақстан композиторлары 300-ден астам музыкалық шығармалар: опералар, симфониялар, әскери-патриоттық әндер жазды. Соғыс жылдарында опера өнері дами түсті. 1942 жылы Е. Брусиловскийдің «Гвардия, алға!», 1944 жылы А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» опералары қойылды. Соғыстан кейінгі жылдарда Е. Брусиловский мен М. Төлебаевтың «Амангелді», А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Төлеген Тоқтаров», М. Төлебаевтың «Біржан - Сара» опералары жазылды. 1949 жылы осы операның авторларына және негізгі партиясын орындаушыларға КСРО Мемлекеттік сыйлықтары тапсырылды. 1940 жылы «Көктем» атты алғашқы қазақ балеті қойылды. Соғыс жылдарында Қазақ музыкалық театрының балетіне Г. Березова жетекшілік етіп, сахнада әлемге әйгілі артистер өнер көрсетті. 1942 жылы маусымда Галина Уланова Алматыда алғаш рет театр сахнасына шықты.
Республикада жаңа театрлар ашыла бастады. 1937 жылы Қызылордада Корей музыка-драмалық театры, ал 1944 жылы Алматыда Балалар мен жасөспірімдер театры ұйымдастырылды. 1937 жылы Қазақ театры академиялық театрға айналды, бірқатар актерлер республиканың халық және еңбек сіңірген артистері атақтарын алды.
Соғыстан кейінгі жылдары жазба әдебиет те дамыды. Д. Әбілев, Ө. Сәрсенбаев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Ө. Шәріпов, Ә. Әбішев, Ғ. Мұстафин қазақ кеңес әдебиетінің танымал шеберлеріне айналды. Әдеби жанр түрі көп болғанымен, тақырыптарды таңдау аясы шектелді. Көркемөнер мен әдебиетті жаңғыртпақ болған өнер адамдарының шығармашылығына шек қойылды. 20-30-жылдардағы қуғын-сүргінге ұшырап, таптық методологияға негізделген әдебиет социалистік құрылыстың тек жақсы жақтарын, халықтың социалистік жасампаз өмірін, халықтар достығын, жаңа қоғамдық қатынастарды бейнеледі.
Соғыстан кейінгі уақытта әдебиетшілер шығармашылығы қатаң идеологиялық бақылауға алынды. Соған қарамастан 40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың басы Қазақстан кеңестік әдебиетінің гүлденген кезі болды. 1947 жылы М. Әуезовтің «Абай» романының 2-томы басылып шықты, 1948 жылы, С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», 1949 жылы Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романдары жарық көрді. 1949 жылы «Абай» романы үшін М. Әуезовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы беріліп, роман жазушыға дүниежүзілік даңқ әкелді. 50-жылдардың басында қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының, Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков және т.б. шығармалары жарық көрді. Соғысқа дейінгі уақытта қазақ киносы да қалыптасты. 1938 жылы Қазақстанда тұңғыш көркем фильмдер студиясы ашылды. 1938 жылдың соңында Алматы кинохроника студиясы ұйымдастырылып, қазақтың тұңғыш дыбысты деректі фильмі «Жамбыл ата» көрерменмен табысты. Осы жылы «Ленфильм» киностудиясында қазақстандық кинематографистердің алғашқы көркем фильмі- «Амангелді» түсірілді. 1941жылы Мәскеу және Ленинград киностудиялары Қазақстан астанасына қоныс аударып, олар Алматы көркем фильмдер киностудиясымен бірігіп көптеген фильмдер түсірді. Олардың қатарына «Екі жауынгер», «Илья Муромец» және т.б. фильмдерді жатқызуға болады. 1945 жылы Алматы көркем фильмдер киностудиясы тұңғыш рет өз күшімен «Абай әндері» фильмін жарыққа шығарды. Білім беру ісіне келсек, 1920-1940 жж елде «Сауатсыздықпен күресті» жүргізді, 15-50 жас аралығындағыларды жаппай оқытты. 1949 жылы жетіжылдық, 1962 жылы сегізжылдық білім беру іске қосылды. 1972 жылдан бастап, орта білім беруге көшірілді.1928 жылы тұңғыш ЖОО ашылды, ҚазПИ Абай атындағы, 1929 жылы Алматы мал-дәрігерлік институт, 1930 жылы ауыл шаруашылығы институты, 1931 жылы Алматы медицина институты, 1934 жылы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университет ашылды.
Мәдениет саласы мектептер, университеттер, кітапханалар, театрлар, филармония, кинтеатрлар, мәдениет үйлері, стадиондар, спорт сарайлары, цирк, ботаникалық бақтар мен саябақтардан тұратын қалалық қоғамдық мәдени орта жасалды. Кеңес заманында Қазақстан мәдениетінде рухани ізденістерге бөгет жасайтын атеизм болды. Бірыңғай ойлау жүйесі шығармашылық еркіндікті шектеді, жасампаздарды қатаң шектеулерге ұшыратты. Мәдениетке идеологиялық бақылау орнатылды. Кеңестік цензура қатаң болды. Мемлекет ізденімпаздықты қолдамады.

жүктеу 242,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау