42. Қазақ қоғамының ру-тайпалық құрылымын сипаттаңыз.
XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары тарихи-географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталады.
43. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы большевиктердің экономикалық саясатын сипаттаңыз.
1917 жылғы 26 қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде Кенес үкіметі билікті өз қолына алды. Үкіметке большевиктер осындай саяси платформамен келді: Фабрикамен, зауыттар салды жане ол жұмысшы табына берілді. Мал жаятын, егін егетін жерлер помещиктердің, капиталистердін зауыт фабрикалары емес, шаруалардың, халықтың жері болу керек. Барлығы халықтың мүдесіне жұмыс жасау керек, деген реформаларымен келді. Түрлі зауыт фабрикаларды, кәсіпорындарды, шахталарды барлығын мемлкеттік меншікке көшірді. Экономикалық қиындықтарды шешу үшін 1919 жылы Кеңес өкіметі әскери коммунизм саясатын қабылады. Оның негізгі мақсаты «азық-түлік салғыртын» енгізу еді. Мемлекет пайдасына және соғыс қажеттілігіне ауылшаруашылығының «артық» өнімдері алынатын болып белгіленді.
1921 жылы большевиктер партиясының Х съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды. ЖЭс бойынша өндіріс орындарын мемлекеттік меншікпен қатар, жекеменшік иелігіне беру мүмкіндіктері ашылды. Меншіктің түрлеріне, жекеменшікке де рұқсат берілгенімен, іс жүзінде кеңес үкіметі экономикаға өз бақылауын жүргізуді тоқтатпады.
ЖЭС азық -түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырды. Оның басты айырмашылығы-мемлекетке тапсыратын азық-түлік салық мөлшері нақты белгіленіп, өнімнің артығын өз еркімен пайдалануға, сатуға рұқсат етілді. Шаруалар еңбек өнімділігін арттыруға көшті. Ақшалай жалақы төлеу енгізілді. ЖЭс бойынша жеке саудаға, жалдамалы еңбекті пайдалануға және кооперативтерге рұқсат берлді.
1925 жылы кеңес өкіметі индустрияландыру бағытын дариялады. КСРо бойынша ауыр өндірісті дамыту белгіленді. Өнеркәсіп экономиканың ең басты жетекші саласы болды. Балқаш мыс балқыту, Шымкент қорғасын, Мерке, Жамбыл қант зауыттары, Алматы еткомбинаты іске қосылды. Индустрияландыру барысындағы ең басты жоба-Түрксіб болды.
Достарыңызбен бөлісу: |