1.Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері



жүктеу 66,37 Kb.
бет4/5
Дата13.02.2022
өлшемі66,37 Kb.
#37471
1   2   3   4   5
тарих 3 апта

Басты бет

  • Жаңалықтар

  • Блогтар

  • Видео

  • Медиатека

  • Кітап клубы

  • Тұлғалар

  • Инновация мен технология

  • Ауа райы мен климат

  • Бизнес

  • Инвестициялар

    • Басты бет

    • Блогтар

    • Қазақ Акср-ның құрылуы

    11 қараша 2019

    2 мин


    122600

    Жариялаған: Димаш Дүйсен


    ҚАЗАҚ АКСР-НЫҢ ҚҰРЫЛУЫ



    Қазақ АКСР құрылуы, шекарасы


    Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы. Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы уақытта ұлттың өзін-өзі билеу идеясын қабылдамаған В.И.Ленин мен большевиктер партиясы  унитарлық мемлекет құруға бет алды.

    Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Басында бұл автономия «Қырғыз» деп аталып, 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің басшысы «қырғыз» сөзін «қазақ» атауымен алмастырып, бұдан былай Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы деген атауды пайдалануға енгізді.

    1920-24 жылдар аралығында Қаз АКСР орталығы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, кейін 1927 жылдан бастап Алматы қаласына ауыстырылды. 

    Еуразия кеңістігінің біраз бөлігін алып жатқан қазақ жерін алу үшін патша үкіметі екі ғасырға жуық күресті. 1919 жылдың10 шілдесінде Владимир Ленин Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет туралы Декретке қол қойды. Онда Қазақ революциялық комитеті өлкенің ең жоғары әскери-азаматтық басқармасы ретінде құрылатыны айтылды. Декретте оның мақсаттары мен міндеттері – контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу, өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдай жасау, Қазақстанда Кеңестердің Құрылтай съезін әзірлеу белгіленеді. Революциялық комитеттің қарауына Астрахан губерниясының қазақтар тұратын өңірлері мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары кірді. Қазақ Акср орталық атқару комитетінің алғашқы төрағасы - С.Меңдешев. 

    Қазақ ревкомының басшысы болып, ұлты поляк, кеңестік тұңғыш комиссар С. Пестковский тағайындалды. Ревком құрамына В. Лукашев, Ә. Жангелдин, А. Байтұрсынұлы, М. Тұнғаншин, С. Меңдешев, Б. Қаратаев енді. Кейін оның құрамына А. Авдеев, Ә. Әйтиев, Ә. Әлібеков, С. Арғыншиев, Х. Ғаббасов, Т. Седельников, С. Сейфуллин, В. Радус-Зенькович тартылды.

    Қазревком мен оның жергілікті жердегі органдары қазақ даласында Кеңестерді ұйымдастыру, адал пиғылды ұлттың зиялы өкілдерін Кеңес құрылысына тарту, қазақ жерін біріктіру жұмыстарын жүргізді. Қазревкомның органы – «Ұшқын» газетін шығарды. 1920 жылғы 20 тамызда Кеңес үкіметі РКФСР құрамында «Киргиз (Қазақ) Аутономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декретке қол қойды.

    1920 жылдың 4 қазанында Орынбор қаласында Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы Кеңестерінің съезі өтті. Съезде РКФСР құрамындағы Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланып, Қазақ халқының ұлттық мемлекетінің шаңырағы қайта көтерілді. Республиканың құрамына Қарақалпақстан да кірген болатын.

    ҚазАКСР-нің конституциялық жолмен құрылғандығы «Декларация» республиканың экономикасы, мәдени шаруашылығы ілгері басатындығы айтылды. Қазақтың кеңістік ұлттық мемлекетінің орасан зор маңызы болды. Қазақ халқы ғасырлар бойы арманының орындалуы, отаршылыққа қарсы күрестің нәтижесі ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам деп қабылданды.

    Съезд жоғарғы үкімет органдарын – республиканың Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесін сайлады. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып С. Меңдешев, ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып В. Радус-Зенькович сайланды. Сонымен қоса съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы» қабылданып, онда халықаралық қатынастардың негізі «Ендігі жерде РКФСР-ға енетін ұлттардың өзара сенімі мен түсіністігіне негізделетін тығыз және туысқандық байланыста болып табылады» деп көрсетілді.

    Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы ел тарихындағы негізгі оқиғалардың бірі болып табылады

    Қазіргі таңда қазақстандық ғылым өзінің дамуының жаңа кезеңінен өтуде. Отандық ғылым саласының қайсысын алсақ та ілгерілеу, даму үрдісін байқаймыз. Соның ішінде тарихи-құқықтық салада да көптеген оң өзгерістерді көреміз. Бұрынғы Кеңестік идеология сарынымен жазылған жəне бағаланған тарихи оқиғалар мен үрдістер, қазіргі таңда өзінің объективтік бағасын алып, түбегейлі зерделенуде. Осы тұста, Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуының ажырамас бөлігіне  айналған, 1918-1924 ж. аралығында өмір сүрген Кеңестік үлгідегі Түркістан АССР-нің мемлекеттік- құқықтық бет-бейнесін қайта зерделеу мүмкіндігіне иеміз.

    Кеңестік Түркістан Республикасының, айтып өткеніміздей, тарих үшін аз ғана уақыт кешкеніне қарамастан еліміздің мемлекеттік-құқықтық болмысында орны бар. Себебі Түркістан АССР-нің құрамына қазіргі Қазақстанның халқы тығыз орналасқан Қызылорда, Жамбыл, ОҚО, Алматы өлкесі (сол кездегі Сырдария жəне Жетісу облыстары) кірген болатын. Кейіннен 1924 жылғы Орта Азия республикаларын межелеу саясатының нəтижесінде Қазақстанның оңтүстік облыстары ҚазАССР-нің құрамына қосылған болатын. Сондықтан да бітім-болмысы біз үшін өте маңызды екені даусыз.



    Түркістан АССР-нің мемлекеттік-құқықтық дамуында 1920 жылғы Конституцияның орны мен рөлі ерекше. Сол тұста жаңа Конституцияның қабылдану қажеттілігі күн сайын өзекті мəселеге айналған болатын. Оның ең басты себебі мен қажеттілігі Орталық Мəскеу болатын. 1918 жылғы Конституцияның өзгеріске ұшырауы мен жаңадан негізгі заңның қабылдануының басты себептері мен алғышарттарын анықтап көрелік. Біріншіден, 1918 жылғы Конституция Кеңес билігінің жаңадан қалыптаса бастаған кезінде жəне текетірес, даулы жағдайда қабылданған болатын. Екіншіден, Түркістан Республикасы Конституциясының кейбір нормалары РСФСР-дің 1918 жылғы Конституциясынан алшақ болатын. Үшіншіден, Түркістан Республикасы Кеңестік үлгідегі алғашқы автономды республика болғандықтан, шын мəнінде кең көлемді құзыретке ие болатын. Бұл əрине, өз кезегінде Орталықтың саясатына тура келмеді. Төртіншіден, Түркістан Республикасы мен РСФСР-дің өзара құқықтық байланысы мен əрекет  ету механизмі нашар жұмыс жасады. Бесіншіден, Кеңестік мемлекет басқару жүйесінде жаңадан пайда болған мемлекеттік органдардың қызметін құқықтық тұрғыдан рəсімдеудің қажеттілігі туындады. Алтыншыдан, Түркістан Республикасынан сыртқы байланыс жасау құзыретінен айыру мақсаты болды жəне т.б. себептер мен алғышарттарды атап өтуге болады.



    4. Қазіргі таңда қазақстандық ғылым өзінің дамуының жаңа кезеңінен өтуде. Отандық ғылым саласының қайсысын алсақ та ілгерілеу, даму үрдісін байқаймыз. Соның ішінде тарихи-құқықтық салада да көптеген оң өзгерістерді көреміз. Бұрынғы Кеңестік идеология сарынымен жазылған жəне бағаланған тарихи оқиғалар мен үрдістер, қазіргі таңда өзінің объективтік бағасын алып, түбегейлі зерделенуде. Осы тұста, Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуының ажырамас бөлігіне  айналған, 1918-1924 ж. аралығында өмір сүрген Кеңестік үлгідегі Түркістан АССР-нің мемлекеттік- құқықтық бет-бейнесін қайта зерделеу мүмкіндігіне иеміз.

    Кеңестік Түркістан Республикасының, айтып өткеніміздей, тарих үшін аз ғана уақыт кешкеніне қарамастан еліміздің мемлекеттік-құқықтық болмысында орны бар. Себебі Түркістан АССР-нің құрамына қазіргі Қазақстанның халқы тығыз орналасқан Қызылорда, Жамбыл, ОҚО, Алматы өлкесі (сол кездегі Сырдария жəне Жетісу облыстары) кірген болатын. Кейіннен 1924 жылғы Орта Азия республикаларын межелеу саясатының нəтижесінде Қазақстанның оңтүстік облыстары ҚазАССР-нің құрамына қосылған болатын. Сондықтан да бітім-болмысы біз үшін өте маңызды екені даусыз.



    Түркістан АССР-нің мемлекеттік-құқықтық дамуында 1920 жылғы Конституцияның орны мен рөлі ерекше. Сол тұста жаңа Конституцияның қабылдану қажеттілігі күн сайын өзекті мəселеге айналған болатын. Оның ең басты себебі мен қажеттілігі Орталық Мəскеу болатын. 1918 жылғы Конституцияның өзгеріске ұшырауы мен жаңадан негізгі заңның қабылдануының басты себептері мен алғышарттарын анықтап көрелік. Біріншіден, 1918 жылғы Конституция Кеңес билігінің жаңадан қалыптаса бастаған кезінде жəне текетірес, даулы жағдайда қабылданған болатын. Екіншіден, Түркістан Республикасы Конституциясының кейбір нормалары РСФСР-дің 1918 жылғы Конституциясынан алшақ болатын. Үшіншіден, Түркістан Республикасы Кеңестік үлгідегі алғашқы автономды республика болғандықтан, шын мəнінде кең көлемді құзыретке ие болатын. Бұл əрине, өз кезегінде Орталықтың саясатына тура келмеді. Төртіншіден, Түркістан Республикасы мен РСФСР-дің өзара құқықтық байланысы мен əрекет  ету механизмі нашар жұмыс жасады. Бесіншіден, Кеңестік мемлекет басқару жүйесінде жаңадан пайда болған мемлекеттік органдардың қызметін құқықтық тұрғыдан рəсімдеудің қажеттілігі туындады. Алтыншыдан, Түркістан Республикасынан сыртқы байланыс жасау құзыретінен айыру мақсаты болды жəне т.б. себептер мен алғышарттарды атап өтуге болады.




    жүктеу 66,37 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау