1731 ж. – Xixғ. екенші жартысы. XVIII ғасырдың 20


Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің - Қазақ АКСР-нің және Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы. (1920 - 1936 жж.)



жүктеу 306,2 Kb.
бет12/112
Дата21.01.2022
өлшемі306,2 Kb.
#34185
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   112
тарих гос

Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің - Қазақ АКСР-нің және Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы. (1920 - 1936 жж.).

ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІК СОЦИАЛИСТІК РЕСПУБЛИКАСЫ (ҚазАКСР) – 1920 – 36 жылдарғы кеңестік автономиялық мемлекеттік құрылым. 1919 ж. 10 шілдеде В.И. Ленин “Қазақ (қырғыз) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы” декретке қол қойды. 1920 ж. 30 тамызда Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК құрамында “Автономиялық қазақ (қырғыз) Социалистік Кеңес республикасын құру туралы” декрет қабылдады. Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал обл. және Каспий обл. мен Астрахан губ-ның қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қ. болып белгіленді. 1920 ж. 4 – 12 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Оған 273 делегат қатынасты. Съезде Қазақ АКСР-дің ОАК сайланып, ХКК құрылды. 1921 ж. соғыс коммунизмі саясатының орнына жаңа экон. саясат енгізілді. 1921 – 22 ж. жер-су реформалары жүргізіліп, 470 мың гадан аса жер қазақ шаруаларына қайтарылды. 1924 ж. 5 – 10 қаңтар аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 4-съезінде республика конституциясының жобасы талқыланды. Кеңестік Орта Азия республикаларын ұлттық-межелеу нәтижесінде Жетісу және Сырдария облыстарының қазақ аудандары Қазақ АКСР-ге қосылды. Патша әкімш. енгізген “киргиз” деген атау 1925 ж. сәуірде жойылып, қазақтар өзінің тарихи атын қайтарып алды. Ел астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губ. РКСФРге өтті. Жаңа әкімш. бөлік бойынша Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Семей, Орал (құрамына Бөкей обл. уез дәрежесінде кірді) облыстарынан және респ. үкіметке тікелей бағынатын Қостанай округі мен Адай уезі, сондай-ақ, Қарақалпақ автономиясы облысы кірді. 1928 ж. Қосшы одақтары нығайтылып, 300-ден астам ұжымшар (колхоз), 5 кеңшар (совхоз) құрылды, губерниялар мен уездер таратылып, округтер мен аудандар құрылды. 1929 ж. 13 округ (Адай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Гурьев (қазіргі Атырау), Қарқаралы, Қызылорда, Қостанай, Кереку (қазіргі Павлодар), Қызылжар (қазіргі Солт. Қазақстан облыстары), Семей, Сырдария, Орал) құрылды. 1929 ж. мамырда ел астанасы Алматыға көшірілді. 1929 ж. жаппай ұжымшарға бірігу қозғалысы басталды. Ол байлар мен кулактарды тап ретінде жою, кеңестік озбырлық тұтатқан көтерілістерді қарулы күшпен басу және көшпелі халықты отырықшыландыру науқандарымен қатар жүргізілді. 1928 – 37 ж. республикада 1–2 бесжылдық жоспарлары бойынша 200-ге жуық ірі өндіріс орындары салына бастады. Олардың ішіндегі ірілері Шымкент қорғасын, Балқаш мыс қорыту з-тары болды. КСРО-дағы 3-көмір бассейні атанған Қарағанды және Алтайдағы кен орындары тез дамыды. Жедел түрде Түрксіб т. ж. іске қосылды. 1932 ж. бұрынғы округтер таратылып, орнына 6 облыс (Алматы, Ақтөбе, Бат. Қазақстан, Қарағанды, Оңт. Қазақстан, Шығ. Қазақстан) құрылды. 1936 ж. КСРО-ның жаңа конституциясы бойынша ҚазАКСР одақтас республикаға айналды.

ҚазКСР

Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалисттік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалды республика. КонституциясыҚазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж.26 наурыздабекітілген. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленумбар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.

1972 ж. республиканың тұрғындарында 4971 мың адам (1940 жылдан 5,4 есе көп. Қазақ КСР -да жаңадан 200ден астам қала және қ. т. поселке пайда болды. Қазан революциясынадейін 50 мыңнан артық халқы бар бірде-бір қала болмаған еді, 1974 ж. мұндай қалалардың саны 27-ге жетті, 100 мыңнан артық халқы бар 16 қала болды, оның ішінде 2 қаланың халқы 500 мыңнан асты (Алматы 813 мың. Қарағанды 559 мың). Ескі қалалардың халқы да өсті: Алматыда 1926 ж. 45,4 мың халық тұрса, 1974 ж, 813 мың болған, Шымкентте284 мың, Семейде265 мың, Өскеменде252 мың, Павлодарда228 мың, Таразда228 мың, Ақтөбеде170 мың.

Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар- экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуеттуралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қорыжәне алтын қорындағыүлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципінпаш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқаберілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қарудысынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды




жүктеу 306,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау