11-мәтін. «Іле өзені аймағында жүргізілген археологиялық материалдар бойынша бұл өңірде Х-ХІІ ғасырларда 56 қала болған. Іле аймағы Орта Азия мәдениет орталықтарынан қашық жатты. Тарихи мәліметтерге қарағанда, бұл өлкедегі алғашқы елді мекендер VІІІ-ІХ ғасырларда пайда болған. Қолөнер мен егінші қоныстардың үлкейіп, қалаға айналуына себеп сауда байланысының өсуі болды... 1253 жылы бұл қала үстімен жүрген Вильгельм Рубруктің мәлімдеуіне қарағанда, бұл өте үлкен қала болған. Қалада негізінен түркі тектес халықтар тұрған. Үлкен мешіті бар, ірі мәдениет орталығы екені де айтылған. Биіктігі 3 жарымнан 5 метрге дейін жететін қала қорғаны болған. Қорғанның әрбір 30-45 метр жерінде биік мұнаралар орнатылған… Қаланың орны мен үйіндісі қазіргі Талдықорған облысына қарасты Антонов селосы жанында жатыр». Мәтінде сипатталған ортағасырлық қаланы анықтаңыз: ++Қойлық
12-мәтін. «Ол өзінің батырлығымен, орасан зор дене күшімен, парасатты ақыл-ойымен, қызыл тілге шешендігімен, сондай-ақ ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен халыққа ерекше танылған еді. Оның әскери қолбасшылық өнерге шеберлігі, бір орыннан екінші орынға жедел ауысып кете алатын тактикалық тапқырлығы жақсы қаруланған, күші басым орыс әскерлерін қапыда қалдырып, талай рет жеңіске жеткізді. Ол ғажайып шешен адам болатын, өз тындаушыларын үйіріп әкетіп, ерлік күреске жігерлендіре білетін. Ағылшын зерттеушісі Бульжер Демитриус Чарлз... батырдың өз руластарын патша үкіметіне қарсы күреске жігерлендіре шақырғаны туралы жазды: «Рас, олардың аттары мен қаруы бар. Ат пен қару бізде жоқ деп кім айта алады? Біздің мұхит түбіндегі құмның қиыршығы сияқты көп екеніміз өтірік пе? Өздерің мойын бұрып қараңдаршы: шығыс пен батыста, солтүстік пен оңтүстікте де қаптаған қалың қырғызды (қазақты.-авт) көретіндерің анық. Сөйте тұра неге біз ат төбеліндей азғана жатжерліктерге бағынуға тиіспіз?!». Мәтінде сипатталған тұлғаны анықтаныз: ++Есет Көтібарұлы
13-мәтін. «Байқоңыр ғарыш айлағы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған.... Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы - 6717 шаршы шақырым. Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А.Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқонырдан одан кейінде ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық станциясы, жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонды» «Прогноз», сондай-ақ байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метеор», т.б. ЖЖС-тері серіктері ұшырылды. Байқоныр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты». Мәтінде сипатталған ғарыш айлағын салу үшін Байқоңырды таңдап алу себептерінің ішінен қате жауапты анықтаңыз: ++Жергілікті аймақтың экологиялық мәселесін шешуі
Достарыңызбен бөлісу: |