3-мәтін. Есім хан көбінесе ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін жорықтарда жүрді. Сол себепті де ол «Қасым ханның қасқа жолына» көп өзгертулер енгізген. Бізге келіп жеткен деректер бойынша Есім хан ердің құнына 100 жылқы, 6 түйе кесім белгілеген. Ол бай-кедей, жас-кәрі, қараша-сұлтан демей, бұл заңды еркек атаулының бәріне бірдей қолданған. Одан басқа үстеме, өнер құны, сүйек құны деген болған. Егер өлген адам бай немесе ақын, балгер, жырау болса, сол өнері үшін үстеме құн алған. Сол сияқты егер өлген адамның денесі туысқандарына тимей, ит-құсқа жем болса, сүйегі үшін құн төлеген. Сонымен қатар қалыңдыққа берілер қалыңмал мөлшері де белгіленген. Есім хан жеті атаға толмай некелесу ғұрпына тыйым салған. Ел аузында «Есім ханның ескі жолы» деген аңыз сақталған. Қасым ханның заң ережелерін Есім хан ел билеуде ұтымды пайдалана білді. Қазақ шежірелерінде Есім ханның қызметіне ерекше жоғары баға беріледі. Әйгілі Бұқар жырау Абылай ханға ренжіген кездерінде «Сенен бұрын жеті ханды жебедім, кешегі еңсегей бойлы ер Есімді де білемін...» деген». Мәтінде баяндалған «Есім ханның ескі жолы» заң ережелерінің шыққан мерзімін анықтаңыз: ++XVII ғасыр
4-мәтін. Г.Н.Потанинді қазақ халқының болашағы қатты ойландырды. Ол былай деп жазды: «Егер де біз Қазақстанды автономия етуге қол жеткізсек, Қараөткелді Алаштың орталығына айналдырамыз. Қазақ жастарын оқыту үшін университеттер ашамыз. Сол кезде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын жазған, Абай, Шоқан, Ахмет, Міржақып сынды ұлдарды дүниеге әкелген қазақ халқының қандай екенін барша Еуропа білер еді... Болашақта қазақтар әлемнің басқа халықтары арасынан өз орнын тауып, зор құрмет пен беделге ие болады.. 1915 жылы қазақ зиялылары көрнекті ғалымның 80 жылдық мерейтойын атап өтіп, өздерінің жағымды пікірлерін білдірді: «Ардақты қарт. Келдім бүгін тойыңа» өлеңінде Міржақып Дулатов оны «Сібірдің ардақты ақсақалы» деп атады. Қазақтың белгілі ақыны, лингвист-ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновта оған өз өлеңдерін арнады». Мәтіндегі Г.Н.Потанин сипаттап жазған Қараөткел жері орналасқан Қазақстанның өңірі: ++Астана
Достарыңызбен бөлісу: |