Жауап: Сауда жасайтын негізгі орындар округтік приказдар болды.
102)Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз. «1991 ж 21желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 30 минутта тәуелсіз мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президентінің резиденциясында жиналдыү М.С.Горбачев бұл жиынға шақырылған жоқ.Сағат 15-ке қарай күні бұрын дайындалған құжаттарды талқылау аяқталды.Жергілікті уақыт бойынша сағат 17-де 11 республиканың басшылары мәжілістің қорытынды құжаттарына қол қойды.Осы уақыттан бастап КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты...»
Жауап: ТМД-ның құрылуы
103) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз. «Бұл күн 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алудың 5 жылдығымен тұспа-тұс келді.Алматыда өткен митингіде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев , академик С.Зиманов,желтоқсан оқиғасына қатысқандар, алыс және жақын шет елден келгендер сөз сөйледі. «1986 ж. Желтоқсанда екі күш-жас,қатайып үлгермеген демократиямен тоталитарлық жүйе қақтығысты» деді митингіде сөз сөйлеген М.Шаханов. Алматыдағы оқиғалардан соң көптеген демократиялық бой көрсетулер болып өтті, тоталитарлық жүйе қүйреді»
Жауап: Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы
104) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз. «Хан 1368-1369 жж. Өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырды. Ол 1374-1375жж.Еділ бойына қарай жорық жасап,Алтын Орданың астанасы Сарайды,Қажы-Тарханды алып,Кама бұлғаларын бағындырды.Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмады»
Жауап: Ақ Орданың Алтын Ордадан мүлдем оқшаулануы.
105) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаның болған кезеңін анықтаңыз. «Қытай патшасы көп сыйлық талап етті, гуньмо оларға 1000 жылқы жіберді.Бұл оқиға бзб 107 ж.болған»
Жауап: Бзб 2ғасырдың басы
106)Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаның жағымсыз салдарының ішінде қате берілгенін анықтаңыз. «Көрсеткішті жоғарлатып көрсету үшін орасан зор аумақ жыртылды.Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы ауыр салдарға әкеліп соқты:топырақ эрозиясы күшейді.Егін үшін жыртылған миллиондаған жер шабындық жайылымдық алқаптардың көлемін тарылтты.Мыңдаған гектар жерлер елді мекен салуға тартып алынып, олардың инфроқұрылымын жүргізу үшін құнарлы жерлердің елеулі көлемі бөлінді.Нәтижесінде ауыл шаруашылығы орны толмас шығынға ұщырады. Қазақ халқының әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне оның мәдени құндылықтарына «жоғарыдан» менсінбей қараушылық орын алды.»
Жауап: Дәнді дақылдар өндірісінің төмендеуі.
107) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаға Н.Ә.Назарбаевтың көзқарасы. «Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет елдің экономикалық және саяси суреттей келіп, барлық кінәні реформа саясатына аударып,кеңес халқына үндеу тастады.Үндеу өткен уақыттың дақпыртты ұрандарымен көмкеріліп ,аяғында өздігінен құрылған комитетке жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.ТЖМК-ның №1 қаулысы бойынша...одақтық және автономиялы республикалар,өлке,облыс,қала,аудан, кенттер және ауылдар төтенше жағдай тәртібін мүлтіксіз орындауға міндеттенді. Осы қаулы негізінде саяси партия,қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылды, митинг,шеруге шығу,ереуіл жасауға тыйым салынды»
Жауап: ТЖМК-ны қолдамайтынын жариялады.
108) «Мәдени мұра»мемлекеттік бағдарламасының Қазақстан тарихы үшін маңыздылығын анықтаңыз. «Қазақстан Респуб. Президенті Н.Ә.Назарбаев 2004 жылғы 13 қаңтарда «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Бағдарлама қабылданғаннан кейін тарих пен мәдениеттің 51 ескерткіші қайта жаңғыртылып, Қазақстан аумағындағы 39 қалашық, қоныс,тұрақ, обалар мен қорғандарда маусымдық археологиялық зерттеулер жүргізілді.Қытайға, Түркияға, Монғолияға,Ресейге,Жапонияға, Египетке, Өзбекстанға,Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне 15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, Қазақстан тарихы, этнографиясы,елдері жөнінде бұрын белгісіз болып келген 5000-ға жуық қолжазбалар мен басылымдар табылды.
Жауап: Тың деректер зерттеліп, ғылыми айналымға енгізілді.
109-мәтін. «....§1. Орынбор шекара комиссиясы жанынан қырғыздардан 30 тәрбиеленушіге арналған мектеп ашылсын.
§2. Мектепті ашудағы басты мақсат - қырғыздар арасында орыс тілі мен жазуын таратудан басқа, билеуші-сұлтандар мен дистанцня бастықтарының жанынан ордада басқару жөніндегі хатшылар комитетіне лайықты адамдарды және басқа да тек қырғыздар тағайындалатын орындарға қызметкерлер даярлау болып табылады.
§3. Мектеп тікелей шекара комиссиясының басқаруында болады, оның жұмысын тікелей бақылау төрағаның жолдасына, ал ондай қызмет жоқ болса, не ол ұзақ уақыт орнында болмайтын жағдайда, төрағаның қалауы бойынша және Орынбор әскери губернаторының бекітуімен комисия кеңесшілерінің біреуіне жүктеледі.
§4. Мектепте мыналар жұмыс істейді: бақылаушысы (мектеп орналасқан үйде тұратын), орыс тілі, газа жазу және есеп мұғалімі, татар тілінің мұғалімі мен мұсылман дінінің үйретушісі.
§5. Жоғарыда аталған қызметкерлерді тағайындау және жұмыстан шығару тәртібі Орынбор қырғыздарын басқару туралы ережеде белгіленген.
§6. Мектепте бақылаушы және мұғалім қызметтерін орындау нағыз қызмет болып саналады.
§7. Бақылаушыға мектепті тікелей басқару және шәкірттерді бақылау тапсырылады. Бұл қызметті атқаруға қажетгі адамгершілік және басқа да қасиеттері бар отставкадағы офицерлер немесе азаматтық қызметтегі шенеуініктер тандалынады ...».
Достарыңызбен бөлісу: |