2
munaily@mail.ru
Мұрағат
Солай бола тұрса да, Маңғыстау мен Үстірттің
тарихи ескерткіштерін ғылыми зерттеу, мемлек
еттік қорғауға алу, насихаттау, қорғаусақтау
мақсатын көздеген қорықмұражай 1980 жылы
ғана құрылды. Дегенмен, ҚКСР Мәдениет ми
нистрлігінің аталмыш мекемені ашу туралы
бұйрығындағы «...қайта құрылған мұражайқо
рығына» деген жолдарды оқысақ, ескерткіштерді
қорғау жөніндегі мекеме бұрын да болған сияқты
көрінеді.
Мекеменің құрылуына 1977–80 жылдары об
лыстық мәдениет басқармасының бастығы бо лып
қызметтенген Дәметкен Бошамбаева мұ рындық
болды. Негізін қалап, аяғынан тұрып кетуіне оның
алғашқы басшысы Қабиболла Сарбалаев көп тер
төкті. Мәдениет министрлігі де аянып қалмады,
Мұражайлар бөліміне арнайы тапсырма беріп,
білікті мамандармен қамтып, қорларды жасақтау,
ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, мұражай
қорық жұмысын жүргізу бойынша практикалық
және әдістемелік көмек көрсетуді міндеттеді.
Қорық – 1957 жылы салынған, Ақтау қала
сының алғашқы мәдениет ошақтарының бірі –
бұрынғы қысқы клуб ғимаратында орналасты.
Қазыналы түбектің қазынасын қазық жүгіртіп
іздеген Кольцов геологиялық экспедициясының
45ші партиясының бастығы А.Кориневскийдің
бастамашылығындағы клуб құрылысына бас ин
женер Н.Сухоручко, автобаза бастығы И. Перепе
лица қатынасты. Ал, құрылысын – Насыр Қаниев
бастаған жергілікті шеберлер, сол кездегі Ақтау
селосының тұрғындары: Төлебай Рахов, Әлқуат
Бесбаев, Ақберген Қожабергенов, Жөнекеш
Қартбаев т.б. жүргізді. Бұл ғимарат тарихимә
ени ескерткіш ретінде 1993 жылы мемлекеттік
қорғауға алынған. Сол жылы мекеме де қазіргі
атауымен атала бастады.
Кеңес өкіметінің атеистік ілімді уағыздағаны
белгілі. Қазақстанда, соның ішінде Маңғыстау
өлкесінде де тарихи мәдени және сәулет ескер
ткіштерін–тек мәдени мұра ретінде түсіндіру
және оларды өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолын
да, әсіресе, «әулиелік орындарды» әшкерелеу
бағытында кеңінен пайдалану көзделді. Өткен
ғасырдың 80жылдары «бақсылық пен діндарлық
сенушілікпен байланысты «қасиетті орындарға»
– Бекет ата, Шопан ата, Саназар ата, Құлбарақ
ата т.б. қойымдықтары жатқызылды. Өкінішке
орай, Тәуелсіз еліміздің тұсында «Бақсылық
пен діндарлықсенушілікпен байланысты» фак
тілер өзгеше реңкпен қайта жаңғырды. Қорық
қызметкерлері күнбекүн «ЮНЕСКО шеңбе
рінде қорғалған діниқабірлеу орындарындағы
антисәулеттік тұрпайылық, ғылыми негізі бар
жекелеген қабірлерді иемдену және оның басы
на құрылыс жүргізу, шырақшылық және жаба йы
туризм» т.с.с. заң бұзушылықтармен күресуге
мәжбүр.
Бастапқыда ислам археологиялық архитек
ту расына жатқызылып келген тарихимәдени
ес керт кіштер қорығы саналып келген мекеме
де қазіргі таңда облыс аймағында шашырай ор
наласқан тарихимәдени ескерткіштерді есеп
ке алу және өлкедегі құдықшыңырауларды,
қа рауылмұнараларды, қорғаныс бекiнiстерiн,
керуенсарайлары мен ескi керуен жолдарын
ғылыми зерттеу, есепке алу, төлқұжаттау жұ
мыстары жүргізіледі. Маңғыстау облысы бойын
ша 449 тарих және мәдениет ескерткiші мемле
кеттiк қорғауға қабылданған, оның iшiнде 21i
рес публикалық мәртебеде. Бұған қоса 800ден
астам тарихимәдени мұра нысандары алдын ала
есепке алу тізіміне енгізілген. Қорық құрылымын
«Ескерткіштерді есепке алу және қорғау», «Ғы
лымизерттеу архитектурасы»,«Ғылымизерттеу
археологиясы», «Экскурсия және насихаттау»,
сондайақ ескерткіштердің құжаттары, тари
хи деректер, бағалы кітаптар, т.б. жәдігерлер
сақталатын «Қор» бөлімі құрайды. Қорық қыз
меткерлері негізгі жұмыс бағыттары бойынша
Маңғыстау түбегі мен Үстірт жотасы, Каспий
маңының оңтүстік бөлігіндегі Бозашы түбегі
аймақтарына археологиялық барлау жүргізу
және тарихи ескерткіштерді зерттеу, есепке алу,
техникалық жағдайын тексеру мақсаттарында
жылмажыл экспедициялар ұйымдастырып тұ
рады. Іссапар барысында негізгі қызмет түрінен
бөлек, қызметкерлер елді мекендерге соғып,
маңайдағы ескерткіштер туралы аңызәңгімелер,
тарихи деректер жинауға да тырысады. Жинал
ған деректер негізіндегі шығарылған ғылыми жи
нақтар да жеткілікті.
Мұражайқорық 35 жыл тарихында, бар бол
ғаны бесінші басшы басқарып отырған ұйыт қы
лы, ынтымақты ұжым. Қабиболла Сарбалаевтан
соң, оны Ерболат Беркалиев, Мақсұт Нұрқабаев,
Фран гиза Таимова басқарды. 2013 жылдан бастап
мекеме тізгіні жас та болса, республика көлеміне
тегіс танылып үлгерген генеалогия және эпигра
фика маманы Нұрлан Құлбаевтың қолында.
Отыз бес жыл мұғдарында қорықта Алманова,
Амангалиев, Айтыманов, Хизгилова, Тасимов,
Богословский, Нұрбаев, Бектұрғанов, Абланов,
Астафьев, Қалменов, Құлымбаев, Қожабеков
және өзге де қызметкерлер еңбек етіп, тәжірибелі
маман иелері болып қалыптасты. Солардың бірі
– археолог Мұрат Қалменов – былтырғы жылы
Қазан қаласында «Археологические памятники
Устюрта и Мангистау на средневековых караван
ных путях (X–XIV вв.)» деген тақырыпта еңбе гін
қорғап, ғылыми дәрежеге қол жеткізді.
Сәулетшілік, ісмерлік – атадан–балаға мұра
боп қалынған ел өнері. Ал, ел өнері ешқашан
кө нермейді. Бұған «Ашық аспан астындағы
мұражай» қорықшыларының еселі еңбегі дәлел.
Сұлтанбек ҚҰДАЙБЕРГЕН,
Маңғыстау облыстық мемлекеттік
мұрағатының мұрағатшысы
Департамент өзінің қызметін 1998 жылғы 9 шілдеде
қабылданған «Табиғи монополиялар және реттелетін на
рықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
(бұдан әрі Заң) сәйкес жүзеге асырады. Заң табиғи моно
полиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы
қызметті реттейді, тұтынушылардың, табиғи монополиялар
субъектілерінің және реттелетін нарықтар субъектілерінің
мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Табиғи монополия субъектісі (бұдан әрі Субъект) де
геніміз табиғи монополия жағдайында тауарлар өнді
румен, жұмыстарды орындаумен және тұтынушыларға
қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкер немесе
заңды тұлға.
Аталған Заңның 5 бабына сәйкес, Субъектіге табиғи
мо нополия саласына жатпайтын өзге қызметтерді жүзеге
асыруға тыйым салынған.
Сондайақ, Субъектiнiң реттелiп көрсетiлетiн қыз
меттерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың
құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрудi не
тиiстi тауар нарығының табиғи монополия жағдайынан
бәсекелестiк рынок жағдайына экономикалық жағынан
ақтауға болатын ауысуын тежеудi болдырмау мақсатында
субъектіге:
1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен,
жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты;
2) табиғи монополия аясына жатқызылған реттелiп көр
сетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түскен
кiрiстер нарық субъектiсiнiң барлық қызметiнен күнтiзбелiк
бiр жыл iшiнде түскен кiрiстердiң бiр процентiнен аспаған
жағдайдағы;
3) күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде өзге қызметтiң кiрiстерi
Субъектiнiң барлық қызметiнiң бес процентiнен аспаған
жағдайдағы;
4) табиғи монополия аясында қызметтер көрсететiн
(тауарлар, жұмыстар) құрылымдық бөлiмшенiң ұйым
дас тырушылық және аумақтық оқшаулануы мүмкiн бол
маған жағдайдағы қызметтерді жүзеге асыру үшін Де
партаменттің келісімі талап етіледі.
Ал мұндай келісім алу үшін Субъекті Қазақстан Респуб
ликасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төраға
сы ның 2013 жылғы 19 шілдедегі № 216НҚ бұйрығымен
бекітілген «Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге
қызметті жүзеге асыруына келісім беру туралы қол
даухаттарды ұсыну және оларды қарау қағидаларын бекіту
туралы» ережесіне сәйкес Департаментке өтінішпен бірге
мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
1) анықтама қызметтің осы түрін жүзеге асыру себеп
тері көрсетілуге тиісті қолдаухатқа берілген негіздеме;
2) бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес өткен
жыл ішіндегі қаржылық есептілік, ағымдағы жыл ішінде
гі Субъектінің қаржылық ахуалы туралы мәліметтер, оның
ішінде Субъектінің қызмет түрлері бөлінісіндегі кірістер
мен шығыстар туралы мәліметтер, жоспарланып отырған
өзге қызметтен болжанып отырған кірістер мен шығыстар
және субъектінің қаржышаруашылық қызметінің нәти
желері (егер өзге қызмет алғаш рет жүзеге асырылған
жағдайда) туралы мәліметтер;
3) Субъект көрсетілетін қызметтерден (өндірілетін та
уарлардан, жұмыстардан), оның ішінде өзге қызметтен
алатын кірістердің көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін
тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша алдыңғы
және ағымдағы күнтізбелік жылдардағы есебі;
4) қолдаухатта көрсетілген өзге қызметті жүзеге асыруға
арналған негізгі құралдардың болуы туралы;
5) өзінің қызметін бір жылдан кем жүзеге асыратын,
сондайақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарық
тар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15бабы
ның 3тармағында көрсетілген Субъектілерді қоспағанда,
соңғы аудиторлық тексеру есебінің және оған қосымшаның
көшірмесі;
Сонымен қатар, Департамент қолданыстағы заңнама та
лаптарын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес
Субъектіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға
және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
Э. ШАКЕНОВА,
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті
қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша
департаментінің заңнаманың сақталуын бақылау және
талап қою жұмысы бөлімінің бас маманы
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және
Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар тұлғаларға олар
дың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы»
заңы қабылданды.
Мүлікті жария ету мақсаты көлеңкелі экономиканы қысқартуға, ұлттық эко
номикаға қосымша қаражат тартуға және инвестицияларды ұлғайтуға ықпал етеді.
Заңға сәйкес жария ету нысандырына ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның
жарғылық капиталындағы қатысу үлестері, құрылыс нормалары мен қағидала рына
сәйкес келетін құрылыстар мен ғимараттар, басқа адамға рәсімделген, сонымен
қатар, Қазақстаннан тысқары аумақтардағы жылжымайтын мүліктер жатады.
Бұл ретте жекеленген қылмыстарды жасау нәтижесінде алынған мүліктер жа
рия етуге (заңдастыруға) жатпайды. Мәселен, жеке адамға қарсы және адамның
конституциялық және басқа да құқұқтары мен бостандықтарын бұза отырып
алынған мүліктер, конституциялық құрылым мен мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы
қылмыстық жолмен алынған кірістер, сондайақ сыбайлас жемқорлық және басқа
да құқұқ бұзушылық пен мемлекеттік қызмет мүддесіне қайшы қылмыстар жасау
бойынша алынған мүліктер рақымшылыққа жатпайды.
Жалпы алғанды, жария ету негізінен елдің экономикалық айналымына қо
сымша қаржы қаражаты мен мүліктерді тарту мақсатын көздейді. Бұл ретте
заңдастырылған қаражат пен мүліктер салық салу мақсаттары үшін табыс ретін
де қарастырылмайды, соған сәйкес оларға табыс салығы да салынбайтын бо
лады. Алайды, мүлікті жария етуді өткізу үшін жария етілген мүліктің құнынан
10% мөлшерінде алым алынады. Бұдан бөлек, жария етілген мүлік субектілері
қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Мүлікті жария ету.
2015 жылғы 31 желтоқсанда, мүлікті жария етуге ұсыну үшін қаражаттарды қа
былдау 31 қарашада аяқталады.
Бүгінгі таңда Мұнайлы аудандық салық басқармасында Қазақстан Республика
сы аумағының шегінен тыс жерлердегі мүлікті (ақшадан басқа) жария ету, өткізу
жөнінде комиссия құрылды.
Жария ету субъектілері тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшелерге мы
надай құжаттарды табыс етеді.
1. Белгіленген нысанға сәйкес екі дана мүлікті жария етуді өткізуге арналған
өтініш.
2. Өтінішті береген кезде түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куә лан
дыратын құжаттың көшірмесі.
3. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлердегі жылжымай
тын мүлік және шетел мемлекетінде тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық
капиталындағы қатысу үлесі бойынша құжаттар, осындай мүлікке құқұқ белгілей
тін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
4. Эмитенттері шетел мемлекетінде тіркелген бағалы қағаздар бойынша құ
жаттар. Бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиісті жүйесіндегі
дербес шоттан үзінді көшірме не резиденті, бағалы қағаздардың эмитенті болып
табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген осы бағалы қағаздарға меншік
құқұғын растайтын өзге де құжат.
5. Мүліктің сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжат. Шетел
валютасында көрсетілген мүлік құны Қазақстан Республикасының ұлттық валю
тасы − теңгеде өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
белгілеген ресми бағам бойынша есептеледі.
6. Мүлікті жария ету үшін төленген құжатты нотариалды куәландырылған қазақ
немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.
Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙ ҚОРЫҚШЫЛАРЫ
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының құрылғанына – 35 жыл
«Маңғыстаудың ойында қадам сайын бір мешіт, әулиесі қойдай күңіренген» – деп ақын текке
жырламаса керекті. Маңғыстау – Дешті Қыпшақ – Еуразия құрлығындағы бекзат өнер – тас
өрнекті сәулетшіліктің тамыр жайған жері. Әрідегі шетелдік жиһанкездерді, одан бергі Алек
сеев, Залесский, Шевченко, Толстов, Поляковтарды таңдайқата қылған баба дәстүр ғой бұл!
Қандастарымыздың қаламына іліккен тұсы – соғыстан кейінгі кезең. Әуелі Н.Бәсенов 1948
жылы Жем бойындағы адайлардың қауымдарын, Сам құмын айнала зерттеп түрен салса, 1956
жылы шыққан М.Меңдіқұловтың «Памятники архитектуры полуострова Мангышлака и Запад
ного Устюрта» деген ғылыми бітігі көпшілік санасына сәуле түсірді.
Мұнайлы ауданы тұрғындарының назарына!
МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ
МОНОПОЛИСТІК ҚЫЗМЕТ ЗАҢМЕН
РЕТТЕЛЕДІ ӘРІ ШЕКТЕЛЕДІ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департа
мент) – темір жол көлігі, электр жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау,
азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға
ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) арналған бағаларды, Қазақстан
Республикасы Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ар
налған бағаларды мемлекеттік реттеуді, мемлекеттік монополияға жатқызылатын салада өз қыз ме тін
жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін Қазақстан Республикасының заңнама сына
сәйкес реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.
№18 (469) 13 наурыз 2015
ж
.
Амал келді, жыл келді!
Түсіндірме