13 наурыз, 2015 жыл Газет 2007 жылдың 14 желтоқсанынан шыға бастады Газет әр аптаның жұма күні шығады МҰнайлы аудандық ҚОҒамдық-саяси газет



жүктеу 221,13 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата25.05.2018
өлшемі221,13 Kb.
#17371
  1   2   3   4


№18 (469)

13 наурыз, 2015 

жыл

Газет 2007 жылдың 

14 желтоқсанынан шыға бастады

Газет әр аптаның жұма күні шығады

МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

E-mail: munaily@mail.ru

Бәрекелді!

Партияның кезекті съезінің жұмысына 2000-ға жуық адам қатысты. Олардың қатарында өңірлік конфе-

ренцияларда сайланған 1200-ден астам делегат, Парламент депутаттары, мемлекеттік басқару органдарының, 

ұлттық  холдингтер  мен  компаниялардың  басшылары,  ғылыми  және  шығармашылық  зиялы  қауымның, 

дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Съезд  делегаттары  «Нұр  Отан»  партиясынан  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  кандидатурасын  Қазақстан 

Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы қаулы қабылдады.

Сонымен қатар партия Саяси кеңесінің және Орталық тексеру-бақылау комиссиясының есепті кезеңдегі 

жұмыстарының қорытындылары қаралды, сондай-ақ олардың мүшелері сайланды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде қалыптасқан жағдайларға байланысты ел алдында тұрған жаңа міндеттерді 

атап көрсетті.

- Біріншіден, мемлекеттік құрылысқа сыртқы ықпалдардың теріс әсер етуіне жол бермеу керек. Екіншіден, 

даму қарқынын сақтау қажет. Үшіншіден, әрі қарай өсуге қажетті жағдай жасау керек. Төртіншіден, әлемнің 

дамыған 30 мемлекетінің қатарына қарай ілгерілеуді жалғастыру қажет, - деді Қазақстан Президенті.

Осыған  байланысты  Нұрсұлтан  Назарбаев  мемлекеттігімізге  төнген  жаһандық  сын-қатерлерге  өзгеше 

және қуатты тойтарыс беру керектігін атай отырып, бес институционалдық реформа ұсынды.

Олар - заманауи, кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру; заң үстемдігін қам тамасыз 

ету; индустриаландыру және әртараптандыруды негіз еткен экономикалық өсім; біртұтас болашақтың ұлты; 

сондай-ақ транспарентті және есеп беретін мемлекет.

Қазақстан Президенті аталған реформалардың жиынтығы мемлекетті нығайту және оны әлемдегі дамыған 

30 елдің қатарына қосу үшін жағдай туғызатынына назар аударды.

-  Бұл  -  «Қазақстан-2050»  стратегиясын  жүзеге  асырудың  жолы.  Бес  институционалдық  реформа ның 

әрқайсысы - зор міндет және ел үшін орасан жұмыс. Мұндай реформаның табыстылығы билік пен халықтың 

табанды  ерік-жігері  арқылы  ғана  қамтамасыз  етілуі  мүмкін.  Ұсынылған  шаралар  қоғамдық  қатынастар 

жүйесін түбегейлі өзгертеді. Оларды жүргізу үшін мен Президент жанынан Жаңғырту жөніндегі Ұлттық ко-

миссия құруды ұсынамын. Ол бүкіл реформалар кешенінің жүзеге асуын үйлестіретін болады. Осылайша, 

біздің алдағы жылдарға арналған негізгі міндетіміз - осы бес институционалдық реформаны іске қосу және 

біртіндеп жүзеге асыру, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ бірнеше күннің ішінде ел азаматтарынан, еңбек ұжымдарынан, білім меке-

мелерінен, қоғамдық бірлестіктерден кезектен тыс Президент сайлауына қолдау білдірген және одан өзінің 

кандидатурасының ұсынылуын өтінген көптеген хаттар мен хабарламалар алғанын айтты.

- Қазақстанның және қазақстандықтардың игілігі жолындағы менің еңбегіме берілген жоғары баға үшін 

барлығына көп рахмет айтам. Өз халқыңның мұндай сеніміне ие болудан артық марапат жоқ. Бүгін съезд 

мінберінен менің атыма жылы лебіздер айтқан баршаға шын жүрегімнен ризамын. Мен алдағы сайлауға 

«Нұр  Отан»  партиясынан  президенттікке  кандидат  ретінде  түсуге  келісім  беретінімді  мәлімдеймін.  Мен 

Сіздерді, серіктестерімді - нұротандықтарды, барша қазақстандықтарды тағы да жұмылып, жеңіске жетуге 

шақырамын. Біздің ортақ рухани күш-қуатымыз бен биік мұратымыз - Мәңгілік Ел. Ол біздің XXI ғасырдағы 

дамуымызға прогресс қуатын дарытатын болады, - деді Қазақстан Президенті.

Съезде мемлекет және қоғам қайраткері К.Сағадиев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынба-

сары, партияның Саяси кеңесінің мүшесі А.Башмаков, Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстандағы 

бөлімшесінің төрайымы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері А.Бақтыгереева, «Нұр Отан» 

партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев, «Ата-

мекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Р.Ошақбаев, «Тайынша Астық» 

ЖШС бас директоры А.Рафальский, Алматы облысы Іле ауданының М.Мақатаев атындағы орта мектебінің 

директоры Г.Нәдірбекова, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ басқармасының төрағасы, 

Қазақстанның  Еңбек  Ері  Ю.Пя,  «Сәтбаев  Оперейтинг»  ЖШС-ның  бас  геологы  А.Дәулетов,  Павлодар 

облысының ҚХА жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Э.Паули, айтыскер ақын Б.Шойбеков 

сөз сөйледі.

Сөйлеушілер  Қазақстанның  Тәуелсіздік  алуындағы,  қалыптасуындағы  және  нығаюындағы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  тарихи  рөлін  атап  өтті.  Олар  сондай-ақ  еліміздің  басты  құндылықтарын  -  егемендікті, 

тұрақтылықты, бақ-берекені, дамуды және болашаққа ұмтылуды да Мемлекет басшысымен байланыстырды.

akorda.kz

Мемлекет басшысының 

төрағалығымен «Нұр Отан» 

партиясының XVI съезі өтті

Астана.  11  наурыз.  Baq.kz  -  Қазақстан  Пре-

зиденті  Нұрсұлтан  Назарбаев  мемлекеттік 

тіл  бойынша  міндетті  емтиханнан  өту  үшін 

Орталық сайлау комиссиясына келді, -деп ха-

барлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  "Осы  уақытқа  дейінгі  президенттікке  канди-

даттар  секілді  Нұрсұлтан  Назарбаев  үш  сұраққа 

жауап берді. Біріншісі - "Біздің күшіміз бірлікте", 

екіншісі  -  биыл  100  жылдығы  тойланып  жатқан 

Ілияс  Есенберлиннің  шығармашылығы  туралы, 

оның  үстіне  Қазақ  хандығының  550  жылды-

ғы  да  бар.  Үшінші  сұрақ  -  еркін  сөйлеу  "Баба-

лар сөзі - даналық көзі", - деп түсіндірді ҚР ОСК 

лингвистикалық комиссиясының төрағасы Мырза-

тай Жолдасбеков.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы бұл сын-

нан сүрінбей өтті.

"Артық-кем  айтып  неғылайын,  Нұрсұлтан 

Әбішұлының  қазақ  халқының  алдында  бүгінге 

дейін  өтпеген  сыны  жоқ.  Осы  сыннан  да  ол  кісі 

ойдағыдай  өтті.  Біз  тіл  мамандары  ретінде  ерек-

ше  бағалап  отырмыз.  Нұрсұлтан  Әбішұлы  На-

зарбаев  мемлекеттік  тілді  еркін  меңгерген  де-

ген  қорытынды  жасап  отырмыз",  -  деп  түйді 

М.Жолдасбеков.

Н.Назарбаев мемлекеттік тіл 

емтиханынан сүрінбей өтті

Пәтер кілттерін нәзік жандыларға арналған мереке-

лік кеште салтанатты түрде табыстаған аудан басшысы   

Елубай  Әбілов  қыз-келіншектерге  жүрек  жардысын 

былай  арнады:  «Сіздер  сүйкімді  де  сұлу,  қуатты  да 

қажырлы, сенімді де берік жансыздар. Кәсіби шеберлікті 

тамаша ұялата отырып, қызметтің барлық салаларында 

салмақты міндеттерді атқара да аласыздар. Сүйікті де ая-

улы ана, шаңырақтың сенімді де сергек қамқоршысы да 

сіздер». Баспаналы болғандардың басымы көп балалы, 

мемлекеттік  қызметкерден  құралған  қыз-келіншектер, 

8-і  жетім  балалар.  Бұл  күні  әйел-қыздардың  бір  тобы 

пәтер кілтерін алып мәре-сәре болса, тағы бір тобына 

Күміс  алқа  тағылды.  Аудан  өнерпаздары  ән-билерін 

тарту  етсе,  «Нұр  Отан»  партиясы  аудандық  филиалы 

төрағасының бірінші орынбасары Есенбай Құли өзінің 

«Сен маған ұнайсың» атты жаңа туындысын ұсынды. 

Осындай бейбіт күнді жақындатуға себепші қазақтың 

қайсар  қыздарынан  Несібелі  Якупова,  Ақажан  Ын-

дыбаева  да  кештің  қадірлі  қонағы  болды.  Азаматта-

рын  майданға  аттандырып,  жеңіс  күнін  тылда  жүріп 

қарсы  алған  осынау  жандарға  сый-сыяпат  табыстаған 

аудан  әкімі  мереке  күні  соғыс  ардагері  Фахрузиян 

Серебрякованың  үйіне  де  бас  сұқты.  Мейрамның 

символына  айналған  гүл  шоқтары  мен  облыс  әкімі 

Алик  Айдарбаевтың  сәлемдемесін  жеткізген  ол,  қарт 

майдангердің хал-ахуалымен танысты. 

Шахида ЖҰМАН 

«Мұнайлы»  

БАСТЫ  ТАРТУ - БАСПАНА

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасына сай, Президент Жолдауындағы тап-

сырмаларды  іске  асыру,  тұрғын  үйге  қолжетімділікті  арттыру,  тұрғын  үй  құрылы-

сын дамытудың аудандағы жоспары бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. 

Өткен жылы 12 пәтерлі 8, 24 пәтерлі 1 үй халық игілігіне берілді. Биыл тағы 25 адам 

көктемнің жайма шуақ алғашқы мерекесі қарсаңында баспаналы болды.

-  Ал,    жасың  құтты  болсын,  Жыл  құтты  болсын! 

Бұл барша маңғыстаулықтардың амал күнгі тілегі.  Ата 

дәстүр ардақталатын бұл күннің мәні  маңғыстаулықтар 

үшін ерекше.  Күллі адамзат баласы бір жасқа есейеді. 

Өйткені табиғат ана бусанып, жаңа күнді туады. Жаңа 

күнмен  адамның  жаңа  арман-мұраттары  басталып,  

өткен жылдан қалған өкпе-ренішті таратып,  бір бірі-

мен құшақтаса көріседі. Жаңа айдың тууы жаңа күннің 

келуі  алдындағы  толғақ  іспетті.  «Ай  көрдім,  аман 

көрдім» деп  туған айға тағзым ететін қазақ нанымы 

жылдың басталуын,  жаңа күннің басталуын  «Амал» 

деп атайды.   Бұл–тіршілік біткен бусанып, қара жер 

қыстай  жинаған  құнарын  төсіне  шығарып,  бойына 

жан біткен тамыр бүршігін атып, мәуелі жемісін бе-

руге дайындалып, мал төлдеп көбеюге кірісер, табиғат 

пен  адам  тынымсыз  қозғалысқа  түсер,  қам  қарекет 

пен  тіршілік  іс-әрекеттің  басталуы.    Аймақ  жұрты 

көрісу күні деп атайтын наурыздың 14-інде жасы кіші 

жасы үлкенге барып, қол беріп, төске төс түйістіріп, 

құшақтасып көріседі.  Далалық тіршілік дағдысымен 

таң рауандап атқан соң алдымен жанұя мүшелері өзара 

жасы үлкенінен бастап көрісіп, онан кейін туыстары-

на,  құда-құдағайларына,  көршілеріне  арнайы  барып 

ақжарма тілекпен, шын көңілмен көрісу әдебін жасай-

ды.  Бұл күні ыстық бауырсақ,  қазанда буы бұрқыраған 

ас, тәттілер толы дастархан барлық үйден табылады. 

Батыс жұрт  бұл күнді асыға күтеді.  Тіпті алдын ала 

даярлық жасап, үйлерін безендіріп, ас-суларын қамдап 

қояды.  


Отпан тау кешенінде жыл сайын осы Амал мейрамы 

салтанатты түрде аталып өтіп, көңілді дүрмектің, көл-

көсір тілектердің тиегі ағытылады. Арнайы спорттық 

шаралар ұйымдастырылып, ән айтылып, күй ойна лып, 

жасы  үлкендер  бата  беріп,  маңғыстау  жұртшылығы 

мәре-сәре қуанышқа   кенеледі. Биыл да бұл үрдіс жал-

ғасын  тауып,  Мұңал  ата  ұрпағының  ұйымдастырып 

жатқан түрлі шаралары аясында аталып өтпек. 

Молшылық  пен  қуанышқа  бөленген  ағайынның 

риясыз көңілін сыйластықпен жалғастырып,  кішкен-

тай балаларды мәз-мейрам ететін, құрмет пен ізеттің 

жарқын үлгісі, тәрбиенің қайнар көзі–Амал мерекесі, 

қош келдің! 

Анаргүл  ЖЕКСЕМБАЙҚЫЗЫ.

«Мұнайлы»

Амал келді, жыл келді!



Ай көрдім, аман көрдім

ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ


жүктеу 221,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау