13 дәріс. Өнімді пайдаланудың әр түрлі жағдайларын есепке алу. Құндық регрессиялық тәуелділіктер әдісі Қарастырылатын сұрақтар: -
- Техникалық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі
- Корреляция және регрессия түрлері, себепті байланысы
- Техникалық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі - бұл өнімді сатып алу кезінде тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеттілігін көрсететін интегралды ұғым. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізінде оның сапасы, жетілдірілуі жатыр. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір өткізу нарығы мен қызмет көрсету саласының жағдайларына қарамастан бағаланады.
- Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі негізінен сапа көрсеткіштерінің жиынтығымен, жетілуімен, сапа деңгейімен, ал техникалық өнім үшін - техникалық деңгейімен анықталады.
- Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз - сатылатын өнімнің белгілі бір уақыт кезеңіндегі нарықтың талаптарына сәйкестігі. Демек, бәсекеге қабілеттілік түрліше бағаланады.
- Техникалық деңгей көрсеткішімен бағаланатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігі өнімнің тұтынушылардың заманауи талаптарына қоғамның және оның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі және оның ғылыми-техникалық прогресс сәйкестігімен анықталады.
- Өнімнің сапасы бойынша бағаланатын бәсекеге қабілеттілік тұрақты емес, бірақ жетекші әлемдік өнім өндірушілердің ғылыми-техникалық прогрестің қарқынына байланысты.
Коммерциялық көрсеткіштермен анықталатын сатылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі нақты нарықтың коньюнктурасына байланысты болады. Бұл бәсекеге қабілеттілік келесі негізгі көрсеткіштермен бағаланады, оларға жататындар: баға деңгейі, жеткізу мерзімі, төлеу мерзімі, кедендік баждардың деңгейі, салықтар мен алымдар деңгейі (тауарларды сатып алуға байланысты), өндірушілер мен сатушылардың міндеттемелер мен кепілдіктердің орындалу дәрежесі және кепіл беру. Тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі, олардың сапасы қанағаттанарлықтай бәсекеге қабілетті болса ғана мүмкін болады. Сапасыз өнімдер арзан және төлем шарттары қолайлы болсада сату нарығында бәсекеге қабілеттігі болмайды. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі - оның сапасында. - Коммерциялық көрсеткіштермен анықталатын сатылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі нақты нарықтың коньюнктурасына байланысты болады. Бұл бәсекеге қабілеттілік келесі негізгі көрсеткіштермен бағаланады, оларға жататындар: баға деңгейі, жеткізу мерзімі, төлеу мерзімі, кедендік баждардың деңгейі, салықтар мен алымдар деңгейі (тауарларды сатып алуға байланысты), өндірушілер мен сатушылардың міндеттемелер мен кепілдіктердің орындалу дәрежесі және кепіл беру. Тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі, олардың сапасы қанағаттанарлықтай бәсекеге қабілетті болса ғана мүмкін болады. Сапасыз өнімдер арзан және төлем шарттары қолайлы болсада сату нарығында бәсекеге қабілеттігі болмайды. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі - оның сапасында.
- Бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін әр өнім өндіруші тұтыну бағасын есептеп, оны бәсекелес өндірушілердің тұтыну бағасымен салыстырып, өнімнің техникалық және реттеуші параметрлерін сақтай отырып, оны барынша төмендетуге қол жеткізуі керек
- Тұтынудың толық бағасы, әсіресе техникалық өнімдер үшін - олардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |