Дақылды өсіру. Шигеллалар - факультативті анаэробтар. Олар қоректік орталарға талғамсыз, 37ºС-та және рН 7,2-7,4 болатын қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Тығыз ортада ұсақ мөлдір колониялар, ал сұйық ортада диффузды лайлану түзеді. Шигеллаларды өсіру үшін байыту ортасы ретінде көбінесе селенит сорпасын қолданады. Ферменттік белсенділігі. Шигеллалардың басқа энтеробактерия-ларға қарағанда ферменттік белсенділігі төмен. Көмірсуларды қышқыл түзе отырып ыдыратады. Шигеллаларды ажыратуға мүмкіндік беретін негізгі белгі олардың маннитке қатынасы: Shigella dysenteriae маннитті ыдыратпайды, В, С, D топқа жататын өкілдері маннитті ыдыратады, маннитпозитивті. Антигендік құрылымы. Шигеллалар О антигенге ие, оның біртексіздігі топ ішінде серологиялық варианттары мен серологиялық астындағы варианттарды бөліп шығаруға мүмкіндік береді; S.sonnei штамдарында К-антигені анықталған. Антигендік құрылымы. Шигеллалар О антигенге ие, оның біртексіздігі топ ішінде серологиялық варианттары мен серологиялық астындағы варианттарды бөліп шығаруға мүмкіндік береді; S.sonnei штамдарында К-антигені анықталған. Патогенді факторлары. Барлық шигеллалар энтеротропты, нейротропты және пирогенді әсер беретін эндотоксин түзеді. Эндотоксин шигеллаларды қышқыл рН және өт әсерінен қорғайды. S.dysenteriae (1 серологиялық варианты) - шигелласы ағзаға энтеротоксиндік, нейротоксиндік, цитотоксиндік және нефротоксиндік әсер ететін экзотоксин бөледі, соған сәйкес су-тұз алмасуын, ОЖЖ қызметін бұзады, тоқ ішек эпителий жасушаларының жойылуына, бүйрек жолдарының зақымдалуына алып келеді. Резистенттілігі. Шигеллалардың әртүрлі факторлардың әсеріне тұрақтылығы төмен. Ең төзімдісі ашық құбыр суында 2,5 айға дейін ашық су қоймасында 1,5 айға дейін сақталатын S. sonnei болып табылады. S. sonnei ұзақ уақытқа дейін сақталып қана қоймай, тағамдарда, әсіресе сүт өнімдерінде көбейеді. Резистенттілігі. Шигеллалардың әртүрлі факторлардың әсеріне тұрақтылығы төмен. Ең төзімдісі ашық құбыр суында 2,5 айға дейін ашық су қоймасында 1,5 айға дейін сақталатын S. sonnei болып табылады. S. sonnei ұзақ уақытқа дейін сақталып қана қоймай, тағамдарда, әсіресе сүт өнімдерінде көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |