Эпидемиологиясы. Шигеллез - антропонозды инфекция: оның көзіне ауру адамдар мен тасымалдаушылар жатады. Инфекцияның таралу механизмі – фекальді- оральді. Таралу жолдары әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, Зонне шигелласы көбінесе тағамдық жолмен таралады, Флекснер шигелласы – су арқылы, ал Григорьев - Шиг варианты тұрмыстық- қатынас жолдары арқылы таралумен сипатталады. Патогенезі. Шигеллалар ауыз қуысы арқылы асқазан-ішек жолына түсіп, тоқ ішекке жетеді. Оның эпителиясына қоздырғыштар пили (кірпікшелер) мен сыртқы мембрананың ақуыздарының көмегімен жасушаларға жабысады. Олар инвазиялық факторларының арқасында жасушалардың ішіне өтіп, сонда көбейеді, нәтижесінде жасушалардың бұзылуына алып келеді. Ішек қабырғаларында ойық жара пайда болып, кейін орнында тыртық қалыптасады. Бактериялар бұзылғанда босатылатын эндотоксин жалпы интоксикация немесе улану тудырады, ішектің жиырылуын және іш өтуді күшейтеді. Пайда болған ойық жаралардан қан нәжіске түседі де, қанды-ірінді нәжіс пайда болады. Экзотоксиннің әсерінің нәтижесінде су- тұзды алмасудың көрнекті бұзылуы, ОЖЖ қызметінің, бүйректің зақымдалуы байқалады. Патогенезі. Шигеллалар ауыз қуысы арқылы асқазан-ішек жолына түсіп, тоқ ішекке жетеді. Оның эпителиясына қоздырғыштар пили (кірпікшелер) мен сыртқы мембрананың ақуыздарының көмегімен жасушаларға жабысады. Олар инвазиялық факторларының арқасында жасушалардың ішіне өтіп, сонда көбейеді, нәтижесінде жасушалардың бұзылуына алып келеді. Ішек қабырғаларында ойық жара пайда болып, кейін орнында тыртық қалыптасады. Бактериялар бұзылғанда босатылатын эндотоксин жалпы интоксикация немесе улану тудырады, ішектің жиырылуын және іш өтуді күшейтеді. Пайда болған ойық жаралардан қан нәжіске түседі де, қанды-ірінді нәжіс пайда болады. Экзотоксиннің әсерінің нәтижесінде су- тұзды алмасудың көрнекті бұзылуы, ОЖЖ қызметінің, бүйректің зақымдалуы байқалады. Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі 1 күннен 5 күнге дейін созылады. Ауру дене температурасының 38-39ºС-қа дейін жедел көтерілуінен басталады, іш ауыруы мен іш өту пайда болады. Нәжісте қан мен шырыш қоспалары анықталады. Әсіресе Григорьев-Шиг варианты қоздыратын шигеллез аса ауыр түрде жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |