8
«мамандандырылған дайындау жүйесі» болып табылатын, бейінді оқытуды
енгізген кезде ғана мүмкін. Оқушылардың бейінді оқытуы ұйымдастыруын
құру және эксперименттік тексеру білім беруді жаңалау стратегиясына
негізделеді (білімді оның тұлғалық дамушы бағытталуын даралау және
дифференциациялау,
қызметтік және
құзыреттік тәсілдерді іске асыру,
коммуникативтік
дамыту,
аймақтың
еңбек
нарығы
қажеттілігі
мен
геоэкономикалық кеңістігін есепке алу) [4].
Оқушының оқыту профилін таңдауы бейіндік мектепті құрудың негізі
болып табылады. Алайда бұл таңдау әлі жеке шешім қабылдау субъектісі
болып табылмайтын жастағы мектеп оқушысына міндеттеледі. Сондықтан
метептегі бірінші оқуды бастаған күннен бастап оқушыларды тұрақты іздеуге
және өз жолын таңдауға шақырып отыру қажет. Сондықтан мектептерге
бейіндік және элективтік курстар (міндетті және таңдау бойынша) енгізу керек,
себебі олар оқушы қызығушылығы мен кәсіптік бейімделуін дамытуға әсер
етеді. Бұған қоса, оқыту бейінін анықтау оқушының танымдық қызығушылығы
негізінде ғана емес, білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының
мүмкіндіктерін, аймақтық білім жүйесінің құрылымы, әлеуметтікмәдени орта
дәстүрі мен ерекшеліктерін есепке алу негізінде жүзеге асырылады.
Бейінді оқыту тұжырымдамасын құрудың әдістемелік негізі «таяу даму
аймағын» құратын, ілеспелі оқыту үдерісімен сәйкес келмейтін оқыту мен
дамыту
үдерістерінің
динамикалық қатынасы туралы Л.С.Высотскийдің
гипотезасы болып табылады. Бейінді оқыту теориясын құруда В.В.Давыдовтың
дамытатын оқыту теориясы елеулі үлес қосты, ол теория бойынша дамытушы
оқыту мазмұнының әдісі – оқушылар мен педагогтардың бірлескен оқу
қызметін ұйымдастыру, ал даму өнімі – басты психикалық жаңаашылымдар
болатын теориялық
білім болып табылады.
Кейінірек бұл идеялар
Ш.А.Амонашвили, В.В.Рубцов, И.С.Якиманский және т.б. жұмыстарында
қарқын алды [5].
Бейіналды дайындық пен бейінді оқыту үдерісіндегі оқушылардың өзін-өзі
дамыту феноменінің әдістемелік негізін әр оқушының даралығы, өзіндік
ерекшелігі, өзін-өзі бағалауын мойындау негізіне кіретін, білім берудегі жаңа
тәсіл – антропоэкологиялық тәсілді (А.А. Макареня, С.В. Кривых, И.В. Иванов,
Е.В. Бускина, А.Н. Макарчук) ашады. Адамзат табиғатының терең біліміне
(онтогенез дағдарысы, жас физиологиясы мен психологиясы, идентификация
заңдары, өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту) негізделген
тәсіл - білім берудің гуманистік тұжырымдамасы талаптары: толеранттық,
педагогикалық қолдау, атсалысу және т.б. талаптарды есепке алатын, субъект-
субъекттік қатынас. Баланың барлық даму сатысын: дене, эмоционалдық,
зияткерлік, рухани-адамгершілік,
әлеуметтік және т.б. оның қалауы,
қызығушылығы мен талпысынына сәйкес, оқушы денсаулығын сақтау кезіндегі
оның
жеке даму
қарқынын дамытуды
қамтамасыз ететін когнитивті,
перцевтивті, креативті қабілеттері мен мүмкіндіктерін есепке алатын тәсіл.
Білім беру міндеттерін шешудің антропоэкологиялық тәсілі адамзаттың жоғары
9
құндылығынан және адамдар мен олардың қаоғамдастығын («іскер қоғам»)
ұйымдастыру тәсілі ретінде өркениеттің тиімділік өлшемінен туындайды [6].
Жалпы орта білімнің бейіндік оқыту мазмұны екі - жаратылыстану-
математикалық және қоғамдық-гуманитарлық білімдік - бағыттан тұрады.
Бейіндік пәндер бойынша көптілді оқыту мүмкіндігі болады.
Жаратылыстану-математикалық
бағыт
құрамында
екі бейін болады:
физика-математикалық және химия-биологиялық.
Физика-математикалық бейінге «Математика» (ілгері деңгей), «Физика»
(ілгері деңгей), «Информатика және АКТ», «English for specific purposes»,
«Графика және жобалау» пәндері кіргізіледі.
Физика-математикалық бейін пәндерінің мазмұны мыналарды қамтамасыз
етуі керек:
- математика, информатика, физика, графика және жобалау, модельдеуді
практикада қолдануға бағыт алу;
- математика, информатика, физика, графика және жобалау, модельдеуді
болмысты танудың бір ғылыми әдісі ретінде меңгерту;
- білім алушыларда математикалық және физикалық модельдеу аппаратын
білу құзыретін қалыптастыратын білім, білік, дағдыларды меңгерту;
- түрлі
сипаттағы
қолданбалы
физика-математикалық
модельдерді
құрастыра алатын практикалық дағдыларды меңгерту;
- басқа білім деңгейлеріндегі білім мазмұнымен сабақтастық;
- өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі
білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін
талдау және негіздеу;
- білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде
жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға болуға
даярлану.
Химия-биологиялық бейінге «Химия» (ілгері деңгей), «Биология» (ілгері
деңгей),
«Рекреациялық
география»,
«Englishforspecificpurposes»,
«Информатика және АКТ» пәндері кіргізіледі.
Химия-биологиялық бейін пәндерінің мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі
керек:
- жаратылыстану циклы пәндерін пәнаралық байланысты ескере отырып
тереңдете және кең ауқымды етіп оқыту;
- білім
алушылардың
қазіргі
кезеңдегі
жаратылыстану
білімі
тұжырымдамасын меңгеруі;
- химия, биология, географиядан білім мазмұнының жоғары білім
деңгейіндегі білім беру мазмұнымен сабақтастығы және бейініне сәйкес оқуды
жалғастыруы мен мамандық таңдауы мақсаты қойылуы;
- қазіргі кезеңдегі жаратылыстану таным әдістері мен оларды оқу іс-
әрекетінде практикалық қолдану негіздерін игеруі;
- өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі
білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін
талдау және негіздеу;