№12 жалпы білім беру орта мектебі» кмм 5«Д» сыныбының тәрбие жұмысының жылдық есебі 2017-2018 оқу жылы


Иманды ұл, инабатты қыз-елдің көркі



жүктеу 1,87 Mb.
бет12/25
Дата12.05.2020
өлшемі1,87 Mb.
#30356
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Иманды ұл, инабатты қыз-елдің көркі
Мақсаты: Оқушыларды қазақ қызы мен ер баланың бойына тән өнерлік тәлімдік қасиеттермен таныстыру, мұны ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен байланыстыра білу. Ұл бала мен қыз баланы бір-бірін шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйласымдылықты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру; Оқушылардың бойында әдептілік қасиеттерді дамыту; Талғаммен киінуге, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру, яғни эстетикаға тәрбиелеу. 
Қыз бен ер баланы тәрбиелеуге халқымыз ерте заманнан бері ерекше мән беріп келеді. Қыз бен ер баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей ізетті болуды, ер тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына, мінгізуді, киімнің сәндісін, алтынды бұйымдардың жақсысын қыздарына тарту етуді дәстүрге айналдырды. Жиын тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа түскен келіндер қайынсіңілілерін, қайындарың атымен атамай, еркелетіп «Еркежан», «Шырайлым», «Төре жігіт» деген сияқты аттар қойған. Жалғыз келе жатқан қызды көрсе оған қорған болып, баратын жеріне шығарып салу әрбір ер адамның парызы болып келген. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» дей отырып, осы қызғалдақтай болып өсіп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. 
Міне, біздің ата – бабаларымыз осындай тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрыптарды атадан балаға мұра етіп қалдырып келді. Қыз бен ер баланың тәрбиесіне бүкіл ел болып, сонымен бірге ата-анасы да үлкен мән берді. Олар қыздарын тұрмыстық мүліктерді даярлауға үйретіп, жүн түту, жіп иіру, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу т.б өнерді олар бөгде босағаға бармай тұрып- ақ үйреткен. 
Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын-
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес.
Халқының сақтай білген ізгі салтын, - деген өлеңдегідей қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Бұрын оқымаған, тіптен хат та танымайтын қыздарымыз асыл қасиетті, жан дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандықтан, ешқандай байлыққа, асыл мүлік жиһаздарға қызықпағандығын жыр дастандардан көреміз. Қазақ қыздары мен ер балалар махаббат атты асыл сезімді аса бір қастерлеген, аялаған. Әсіресе қыздар мен ер балалар өз ұлтын, ана тілін сүйіп қастерлегенде ғана атадан балаға әлім – сақтан бері мирас болып келе жатқан ізгі қасиеттерді ата – анасы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық, ізеттілік басқа да әдет-ғұрыптар қалыптасары сөзсіз. Ата –бабамыз қыз бен ер бала тәрбиесіне көңіл бөліп, оның үй ішінде өзін ұстауына зор көңіл бөлген. Қыз бен ер бала ізетті, инабатты, асыл жан етіп, ісіне көркі сай шебер етіп тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, оларды айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін арта білген. Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді, ана тілінде сөйлейді. Сондықтан бүгінгі қыздарыңызды және ұлдарыңызды тәрбиелеу ананың және әкенің міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни, қыз бала мен ер бала тәрбиесіне тек қана анасы, әкесі жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр. Адам табиғатында өзіне түсініксіз көптеген сұрақтар бар. Ол сұрақтарды кімнен сұрарын білмейді де, көптеген қателіктерге ұрынады. Мектеп жасындағы қыз бала мен ер бала тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады.

Ал, қазір жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Соңғы кезде бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала мен ер бала тәрбиесіне қоғам кінәлі деген сөз жиі айтылады.Ал осы қоғам сіз бен бізден, ата-аналар мен ұстаздардан, тәрбиешілерден құралмай ма? Қазіргі кезде тәрбиеге не әсер етуі мүмкін? Ал қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана, әке емес, радио мен теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, дискотекалар жан-жақтан әсер етуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күнұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен, соған тоқталайық. 

Халқының сақтай білген ізгі салтын-дегендей, біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, әідептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.
«Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей» деген сияқты теңеулер қыз баланың ұқыптылығын , шеберлігін көрсетеді. «Қыз- елдің көркі, гүл – жердің көркі » деген де мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен , жанының нәзіктігінен , әрі іске талапты да алғырлығынан , өнер- білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай, мәпелеп өсіреді.Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда , біраз ерекшеліктердің бар екенін білеміз. Себебі, бүгін отбасында еркелетіп ұстап отырған қыз балаларымыздың күні ертең бойжетіп өскен соң, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағының отын жағатын әйел, ана болатынын айтсақ та жеткілікті.Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған.Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға деген керемет суреттемелер берген.Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйікімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттері бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен.Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалық, сыпайылық, әдемілік, ұялшақтық, мығымдық, өнерпаздық, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, махаббат мұратына жетуден талабы, намысы, қайрат-жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ қыз-келіншектердің бойында ізеттілік, ар-ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкен алдын кесе-көлденең кесіп өтпеу, жан ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші- ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шәй құю, кесте тігу, тағы басқа жанұяның үй жұмысына үйретуде анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.Ия, біздің халқымыз ер баланы ертеңгі мұрагер санағанымен, қыз баланы олардан әсте кем көрмеген. Көп жағдайда қыз бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген, ата-аналар, тіпті ұлдарынан гөрі қыздарын ерекше жақсы көріп, еркелетіп, еркін өсірген. Қазақ отбасында, мысалы ұлды жазалау, шектен шығып бара жатқан әкесінің, яки ағасының ондай тентекке қамшы жұмсап, қайырып алған кездері жиі кездессе, ал қызды жазалау кездеспейтін құбылыс десек те болады. Керісінше, әкесі мен ағалар қыздарды ерекелетіп «Өрісіңді кеңейтеді» деп әлпештеп өсірген.Гүл қай заманда да екі ғашықтың арасында емеурін білдіретін , тұспал жасайтын , жүректің сөзін сөйлейтін теңдессіз қызмет атқаратын әдемілік ретінде сұлулықтың символы. Құпия сезім түсініктің құралы кім оны білмейді.Құшағы гүлге толы ару қандай әдемі!


жүктеу 1,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау