Патогендік әсері. Паразиттің бірнеше әсері бар: механикалық, паразиттің иесінің есебінен қоректенуі, тіршілік өнімдерінің токсикалық әсері. Симптомдары тениоздағыдай, көңіл бөлетін жағдай паразиттің адам ағзасынада ұзақ жылдар тіршілік етуі.
Диагностикасы. Дәл диагноз қою үшін нәжiстен жетілген бунақтарын тауып, жатыр тармақтарының (17-35) санау қажет. Жұмыртқаларын шошқа цепенінің жұмыртқаларынан ажырату мүмкін емес.
Алдын алуы. Жеке – жеткілікті термиялық өңдеуден және санитарлық-ветеринарлық сараптамадан өтпеген етті пайдаланбау. Қоғамдық – ірі қара малдың залалдануын алдын алу; мал шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарды тексеруден өткізу, емдеу; сыртқы ортаны адам нәжістерінен ластанудан қорғау; еттi ветеринарлық-санитарлық тексеруден өткiзу.
Достарыңызбен бөлісу: |