«Түркістан медицина колледжі» МКҚК
Информатика пәнінің оқытушысы Абдираманова Альбина Бахбергенқызы
Сабақтың тақырыбы: Кесте құру және оны пішімдеу
Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ
Уақыты: 180 мин
Курсы: II
Тобы: М-201
Өтілетін орны: I ғимарат 311 компьютерлік технология кабинеті
Сабақтың педагогикалық мақсаты:
Кәсіби бағдар беру, ғылыми жобалау, оза оқыту, дамыта оқыту, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім берудің сапасын арттыру;
Интерактивті технология әдісі мен электронды оқулықты қолданудың маңыздылығын көрсету;
Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;
Интерактивті тақтаны қолдану арқылы студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;
Пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;
Ақпараттық ізденіс қабілетін арттыру;
Пәнге деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттердің білімін қалыптастыру, студенттерді білімнен хабардар етіп қана қоймай, тың мәліметтер беріп, алған білімдерін Microsoft Word-та мәтінді енгізуді және кестелерді безендіруді дұрыс қолдануға үйрету.
Дамытушылық: Microsoft Word программаcында кесте құру және оны пішімдеу туралы түсінік бере отырып, ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тапсырмаларды орындата отырып, таным қабілетін, зейінін, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасауға, жинақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Студенттерді жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Студент білуі керек:
Студент істей алуы керек:
Кесте автоформат командасының қолданылуын;
Кестелерді бірнеше бөліктерге бөлуды;
Кестелер тақырыбын құру. Ұяшықтарды біріктіру және бөлу;
Мәтінді безендіруді (пішімдеу);
Пішімдеу құралдар үстелін пайдаланып құжаттарды пішімдеуді.
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: Интерактивті,
дамыта оқыту, ойын, компьютерлік, ақпараттық, сын тұрғысынан ойлау, бақылау, бағалау, коммуникативтік оқыту технологиясы.
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
Сабақтың әдісі – Интерактивті тақта, компьютерде жұмыс істеу, бейне таспадан үзінді көрсету, жаңа бағдарлама орнату, көрнекілік құралдарды қолдану, өзіндік іздену, сұрыптау, сараптау, өзін-өзі бақылау, даралап оқыту, кесте толтыру және білім мен тәжірибені байланыстыру.
Пәндер аралық, пәнішілік байланыстардың құрылымдық- логикалық схемасы:
Достарыңызбен бөлісу: |