Программалауға тапсырма
Композицияны пайдалана отырып, 2, 3, ... , n элементтерінен тұратын тізімді айналдыратын функция түрін жазыңыз.
Предикаттар мен логикалық композицияны пайдалана отырып, 2, 3, ... , n элементтерінен тұратын тізімнің аргументтері тізім бола ма соны тексеретін функция түрін жазыңыз.
Предикаттар мен логикалық композицияны пайдалана отырып, 2, 3, ... , n атомдарынан тұратын тізімнің аргументтері тізім бола ма соны тексеретін функция түрін жазыңыз.
Кез келген бүтін n саны үшін үш элементтен тұратын: кавдрат, куб, n санының төртінші дәрежесінен тұратын тізім құратын P(n) функциясын жазыңыз.
Кез келген бүтін n саны үшін екі аргумент мәні келесі түрде болатын айырма және бөлу қалдығынан тұратын тізім құратын P(n) функциясын жазыңыз. Бұл функцияда A(n) мәні (The answer is n) тізімі болады, ал (A 12) мәні мынаған тең - (The answer is 12);
Табиғи тілдегі сөз тіркесін шығаратын және оны тізімге түрлендіретін функция түрін жазыңыз.
Пайдаланушыдан Топ студентінің АТЫ-Жөнін сұрайтын (топ тізімі бұрын құрылған) және ол туралы мынандай: туған жылы, орташа баллы, ата-анасы жайлы, оған алдын-ала берілген қасиеттер тізімі туралы мәліметтерді беретін функция түрін жазыңыз.
Бір аргументтен тұратын (кез келген студент Аты-Жөні) және ол туралы алдыңғы мәліметтерді ауыстыра алатын тізімдерді құратын функция түрін жазыңыз.
Бір аргументтен тұратын (кез келген студент Аты-Жөні) және оның орташа баллы туралы алдыңғы мәліметті ауыстыра алатын тізімдерді құратын функция түрін жазыңыз.
№ 10, 11 Зертханалық жұмыс
Бейнелерді тану және оқу: генетикалық алгоритмдер
Есептеу техникаларының дамуынан әр түрлі процестер салдарынан туындаған есептерді шешу жолдарын жеңілдету,жылдамдығын арттыру,нәтижелер сапасын көтеру жақсарды. Мысалға, өмірде қолданылатын жұмыстар жүйесі, адам мен компюьтер арасындағы байланыс, роботтану жүйесі және т.б. Дегенмен кейбір есептерді қанағаттандыратын нәтижелер әліде ізделуде. Мысалы, қолжазба мәтінідегі жылдам қозғалатын объектілердіің бейнесін тану.Сондықтан бұл дәрісте қойылған есепті қарастыратын есептеу техникаларындағы қолданылатын әдістер мен принциптер туралы айтылады.
Көптеген жылдар бойы бейнелерді тану есебі тек психологиялық және биологиялық аспектілермен ғана қарастырылды. Ал, шыққан нәтиже бейненің функцияналды механизмін бермей, тек сапалық мінездемесін ғана берді.
XX ғасырда Норберт Винер негізін қалаған кибернетика ғылым бенелерді тануды зерттеу кезінде бірнеше әдістерді қарастыруға мүмкіндік берді. Жалпы айтқанда, бейнелерді танупроцесін математикалық әдіспен беру.
Мысалға, адам өміріндегі процесстер салдарынан адамның шешім қабылдауы кезінде өолданылатын факторлары шексіз болады. Қарапайым мысал ретінде, көшеде желді , сіркіреген жаңбыр жауып тұр, жалпы айтқанда басұа күштері көп, ал адам тек екі ғана шешім қабылдай алады: қолшатырды алу керек немесе алмау керек.
Қабылданатын шешімдер саны өмір тәжрибесіне байланысты. Сондықтан процестер қатарын автоматтандыру дегеніміз автоматтандыру құрылғыларын қолдану мүмкіндігіне қарай автоматтандыру болып табылады. Бұл, табиғат болмысымен берілген құбылыстар жиынтығын өзгерту, яғни бейнелер принципінің негізгі қасиеттерін айұындау болып табылады.
Әр түрлі бейнелерді тану функцияларын құру, адамды автоматты машинамен айырбастау мүмкіншілігін береді. Осының салдарынан логикалық, аналмитикалық,ақпараттық есептерді шешетін күрделі жүйелердің мүмкіндігі артады. Айта кететін жайт, адамның орнын басатын роботтардың сапасы көптеген факторларға байланысты, яғни квалификацияға, тәжрибеге, жақсы қасиеттерге, т.б.
Күрделі жүйені автоматтыр тексеру, белгілі уақытта өызтем жасау, кейбір жқмыс салдарынан туындаған қиындықты реттеуге, дыбыс толқандарын өзіндік әдістерімен реттеуге және сапалытүрде ақпарат беруге мімкіндік береді. Сонымен қатар, автоматтандвруды пайдалану адам қолынан келе бермейтін жылдамдықты пайдалануға мүмкіндік береді.
Осы қарастырған жағдайларды пайдалана отырып, бейнелерді тану есебіндегі адамның негізгі принциптерін қарастыра кетеміз;
Адамды бір операцияны қайта-қайта жасауынан босату және адамға өте қажетті күрделі есептерді қарастыруға мүмкіндік беру.
Есептерді қарастыру барысында жылдамдық пен сапаны арттыруға мүмкіндік беру.
ХХ ғасырдың 50-60 жылдары көптеген жұмыс саладарынан статистикалық шешімдер теориясы пайда болды.Бұның салдарынан жаңа объектіні берілген класстарға жатқызу алгоритмі табылды. Кибернетика негізінде жаңа ғылым дамми бастады. Бұл ғылым теоретикалық негізбен жіне тәжрибелік құрылғы көмегімен, кейіннен объектіні тану процесіндегі жүйенің көмегімен қарастырыла бастады. Бұл жаңа ғылым «Бейнелерді тану» деген атқа ие болды.
Бейнелерді танудың математикалық құрылғылары келесі салаларды қолдану арқылы дамиды:
қолданбалы математика бөлімдерін;
ақпараттар теориясын;
логикалық алгебра әдістерін;
математикалық программалауды;
систематехниканы.
70 жылдардығ ортасында бейнелерді тану ғылымы өзіндік бағыт алып, бенелердің математикалық нормалданған теориясын шығарды.
Достарыңызбен бөлісу: |