№1 Зертханалық жұмыс
Пролог тілінде есептің қойылуы
Жұмыстың мақсаты: Турбо-Пролог тілінде программа құрудың негізгі принциптерін , тілдің базалық түсініктерін оқып – үйрену.
Жұмысты атқарудағы әдістемелік ұсыныстар.
Турбо Прологта деректер фактылар мен ережелердің көмегімен көрсетілдеі. Турбо – Пролог жүйесіндегі бір жүйеге келтірудің ішкі программалары, программаның орындалуын және деректерді өңдеуді басқарады.
Турбо-Пролог тілінде жазылған кез-келген программа бес бөлімнен тұрады. Кілттік сөздерді: domains, database, predicates, goal, clauses. Әрқайсысы өздеріне сәйкес тараудың басын білдіреді.
Барлық программалар бұл тараулардың барлығын бірдей қамтымауы мүмкін. Сонымен қатар пролог тілінде программаның кез келген жеріне түсінік (комментарии ) беріп отыруға да болады. Ол былайша жазылады.
/*комментарий */
Пролог тілінде программа жазған кезде мына ережелерді есте ұстаған жөн:
барлық қатынастар мен объектілер аттары кіші әріппен жазылады;
алдымен қатынас (предикат) аты жазылады. Сонан соң дөңгелек жақшаға алына отырып объектілер аттары кіші әріппен жазылады. Объектілер арасы үтірмен («,») бөлінеді;
әрьір факт, мақсат нүктемен («.») аяқталу ытиіс.
Программаны орындау жүйе мақсат операторын кездестіргеннен бастап жүреді.
Мақсат дегеніміз – берілген программа шешуге тиіс тапсрыманың құрастырылуы. Турбо – Прологта ішкі мақсатпен қатар, кілтжиынынан программаны жұмысқа қосқаннан кейін енгізілетін сыртқы мақсаттың қолданылатынын жоғарыда атап өткенбіз. Бұл жағдайда Турбо – Пролог Goal (мақсат) шақыруын береді. Диалог жүргізу терезесінде Турбо – Пролог мақсатты –программадағы фактылармен және ережелермен салыстырады.
Салыстыру принципі жоғарыдан төменге, солдан оңға қарай бағыттта іздеуге негізделген.
Егер мақсат факт болып табылса, онда Турбо-Пролог True (Шындық) деп немесе False (Жалған) деп немесе No деп жауап береді. Егер мақсат айнымалыны қамтитын болса, пролог сол мәнді шығарып береді, болмаса No solutions (шешімі жоқ) деген хабар шығарады.
Егер мақсат ішкі мақсаттардан тұрса және ішкі мақсаттардың ең болмағанда біреуі салыстырылмайтын жағдайда тап болса, онда мақсат сәтсіз аяқталды деп түсіну қажет. Егер барлық ішкі мақсаттар салыстырылатын мүмкіндікке ие болса, онда мақсат сәтті болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |