1- тапсырма. Астана қаласы туралы мәтінді теріп, оны пішімдеңіз.
АСТАНА
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 697 257 адам тұрады (1 қаңтар 2011). Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие. Астанада Сарыарқа ауданы, Алматы ауданы және Есіл ауданы бар.
АСТАНА 1830 Ж. ЕСІЛ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ҚАЗАҚ-ОРЫСТАР ӘСКЕРЛЕРІ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН БЕКІНІСТЕН БАСТАУ АЛАДЫ.
1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.
1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.
1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.
1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
Шекара және бояуы. Мәтінді бояу және жақтауға алу үшін мәтінде ерекшелеп алып, Разметка страницы=>беттің жиектері (Разметка страницы=>Границы страниц) батырмасына басамыз. Жиектер бетін таңдап, жиектің типін жән түсін таңдаймыз (3.11-сурет).
4.11-сурет. Мәтінге жиек қою
2- тапсырма. Шақыру билетін төменде берілгендей етіп пішімдеңіз.
ШАҚЫРУ
Құрметті әріптестер!!!
Сіздерді жаңа жылдық мереке кешіне шақырамыз.
Cіздерді 2012 жылдың 27 желтоқсанында, сағат 1800 – де «Жұлдыз» мейрамханасында күтеміз.
Құрметтен, кафедра ұжымы
Арнайы символдары қою. Пернетақтада жоқ арнаулы символды мәтінге қою үшін Қою=>Символдар (Вставка=>Символ) батырмасына басамыз (4.12-сурет).
4.12-сурет. Символдар қою
Символ сұқбат терезесі пайда болады. Символдар бетіндегі ашылған Шрифт тізімінен керек символдар шрифтін таңдаймыз (4.13-сурет).
4.13-сурет. Арнайы символдар терезесі
3- тапсырма. Мәтінге арнайы белгілерді қойыңыз.
Жұлдызнама
Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір)
Торпақ (21 сәуір – 20 мамыр)
Егіздер (21 мамыр – 21 маусым)
Шаян (22 маусым –22 шілде)
Арыстан (23 шілде – 23 тамыз)
Бикеш (24 тамыз – 23 қыркүйек)
Таразы (24 қыркүйек – 23 қазан)
Сарышаян (24 қазан – 22 қараша)
Мерген (23 қараша – 21желтоқсан)
Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)
Суқұйғыш (21 қаңтар – 20 ақпан)
Балық (21 ақпан – 20 наурыз)
№5 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік редакторында тізімдермен, бағаналармен жұмыс
Жұмыстың мақсаты: Microsoft Word мәтіндік редакторында тізімдермен, бағаналармен жұмыс істеуді үйрену.
Жұмыстың мазмұны:
Мәтінді бағаналарға бөлу. Мәтінді екі және онан көп баған түрінде ұсынуға болады, ол үшін мәтінді ерешелеп, Разметка страницы=>Бағаналар (Разметка страницы=>Колонки) батырмасына басамыз (5.1-сурет).
5.1-сурет. Мәтінді бірнеше бағаналарға бөлу
Мәтінге тізімдер қою. Абзацтарды санмен немесе символдармен нөмірлеу үшін тізімдерді пайдаланамыз. Ол үшін Басты=>Маркерлер, Нөмірлер, Көп деңгейлі тізімдер (Главная=>Маркеры, Маркеры, Нурмерация, Многоуреневый список) батырмалардың керегіне басамыз (5.2-сурет).
5.2-сурет. Мәтінге маркер қою
Суретті қою. Графикалық мүмкіндіктерді қолдану. Суретті құжатқа қою үшін: Қою=>Сурет (Вставка=>Рисунок) батырмасына басып, содан кейін графикалық файлды тауып қоямыз (5.3-сурет).
5.3-сурет. Графикалық файл қою
Егер суретті Clipart кітапханасынан алғымыз келсе, онда Қою=>Клип (Вставка=>Клип) батырмасына басамыз. Терезенің оң жақ бөлігінде пайда болған Клип сұқбат терезедегі Клипті реттеу (Упорядичить клипы) таңдаймыз. Экранда Жинақтар тізімі (Список коллекции) аймағында объект таңдауы қажет Суреттер жинағы (Коллекция картинок) терезесі шығады, ал оң жағында суретті тізім мәзірінен таңдаңыз (5.4-сурет).
5.4-сурет. Коллекция картинок терезесі
Суретті пішімдеу. Суретті пішімдеу үшін оны ерекшелеп, төмендегі тәсілдердің бірін орындаңыз:
1. Пішім (Формат) терезесі лентасын ашып керек пішімдеуді таңдаймыз (5.5-сурет).
2. Суреттің үстінен тышқанның оң батырмасына басып, жанама мәзірінен Суретті пішімдеу (Формат рисунка) командасын таңдаймыз (5.6-сурет).
5.5-сурет. Суретті пішімдеу құралдары бар Пішім лентасы
5.6-сурет. Суретті пішімдеу сұқбат терезесі
Достарыңызбен бөлісу: |