1. Заң жобасының атауы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


«Қызметтерін орындау сапасын арттыру»



жүктеу 493,12 Kb.
бет3/3
Дата07.12.2017
өлшемі493,12 Kb.
#3404
1   2   3

«Қызметтерін орындау сапасын арттыру» бағыты жоғары әлеуетті мәнмен нақты мақсаттарды жобалайды. Осы траекторияны таңдайтың елдер аутсорсингті бюджеттік шектеулер немесе азаматтар талаптары ықпалымен, сондай-ақ уақытпен шектелген болғандықтан стратегиялық мақсаттарға жету үшін құрал ретінде қолданады.

Осы траекторияны қолданатын елдердің күрделірек жобаларда пайда болатын мәселелерді шешуде тәжірибелері бар. Мысалы, Ұлыбритания (инфрақұрылыммен байланысты жобалардан бастап, бизнес-үрдістер аутсорсингіне дейін) аутсорсингті қолдануда үлкен тәжірибеге ие және тиімділігін қызметкерлерді ауыстыру сияқты күрделі тапсырмаларды шешуде көрсетті.

Канада, Австралия және Құрама штаттар сондай-ақ белгіленген бағытты мемлекеттік аппараттың қызметін ұйымдастыруда ұстанады.

«Қызметтер орындауға қаражатты азайту» бағыты бірінші кезекте шығындарды азайтумен және өнімді арттырумен байланысты. Тиімділік траекториясын таңдайтын елдер шығындарды азайту құралдары мен негізгі қызметтерді орындауға капиталды ауыстыру сиқты технологиялық инфрақұрылым мен бизнес-қосымшасы аутсорсингіне шоғырланады. Бұл кезде көшбасшы орындарды Сингапур, Жапония мен Гонконг алуда, мұнда ойланып жасалған әдістеме тиімділік пен шығындар саласында едәуір жақсаруға әкелді.

Финляндиядағы IT-аутсорсингтің негізгі мақсаты үкіметті кеңейтуді барабар қабылдау үшін қажетті техникалық білімдерге қол жеткізуден тұрады. Финляндия IT-аутсорсингке толығымен орталықсыздандыру әдісін қолданады. Жалпы басшылықты қаржы министрлігі жүзеге асырады, сондай-ақ Еуро Одақтың негізгі басқарушы қағидалары қолданады. Үкіметтің аутсорсингті көп уақыт бойы қолданғанына қарамастан, келісімшарттар көп жасалмады. Жүзеге асырлғандар кешенді болмады, және негізінен инфрақұрылым мен қолданбалы міндеттерді басқаруға қатысты болды, тек бірқатары ғана бизнес жоспарлардың аутсорсингімен байланысты болды. Бағасы мен сапасының оңтайлы қатынасы үкіметтің негізгі мақсаты болып табылады және бұл сегментте түбегейлі өзгерістер білінбейді.

ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарының соңында мемлекеттің ішкі жүйесінде IT-білімді әзірлеу мен сақтап қалуға жасалған тырысуларға қарамастан, қазіргі кезде Жапонияда IT-аутсорсингтің – әсіресе, Жапония үкіметінің қажеттіліктерін толық көлемде аутсорсингтау саласында өсуі байқалады. Рекордты бюджет тапшылығының, министрліктерді 23-тен 12-ге дейін қысқарту акцентінің, сондай-ақ 2000 ж. әзірлеген және IT негізгі рөліне негізделген «Жапонияны жандандыру жоспарының» нәтижесі болып табылатын күшті қаржы қысымы Жапониядағы IT-аутсорсингінің өрістеуіне едәуір ықпал жасайды. Мақсат тек IT-аутсорсинг көлемдерін арттыру ғана емес, сонымен қатар, шетел компанияларына ақпараттық технологиялар қызметтерін ұсыну мүмкіндігімен қамтамасыз етуде.

IT-аутсорсинг Сингапур үкіметі үшін өте маңызды болып табылады. Аутсорсинг инфрақұрылым саласы сияқты қолданбалы міндеттер шешу саласында да дамыған және тараған. Қазіргі кезде, бизнес-үрдістердің аутсорсингі кең таралмаған, бірақ келешекте үкімет бірқатар қызметтерді жеке секторға беруді жоспарлап отыр. Сингапур үкіметінің аутсортингті қолдануының негізгі мақсаты билік өкілдеріне өзекті мәселелерді орындауға шоғырлануға мүмкіндік беруде.

Қазіргі кезде Оңтүстік Африканың үкіметі IT-аутсорсинг қолданбалы міндеттерге, әсіресе қаржы жүйелерінде және Ғаламтор-порталдарына шоғырландырды. Оңтүстік Африканың аутсорсинг қолдануда жақсы тәжірибесі бар, кейбір жобалар ХХ ғасырдың сексенінші жылдарының ортасында іске қосылды, бірақ құрылымды әдіс жақында қолданыла басталды. 2000 жылы ұлттық та және жергілікті де деңгейде аутсортинг мәселелеріне тиімді жетекшілік жасайтын «Жеке-мемлекеттік әріптестік бөлімшесі» құрылды. Орталықтанған қадағалау мен бірыңғай саясатқа қарамастан, Оңтүстік Африкадағы аутсорсинг әрбір департамент өз келісімшарттарын жүзеге асыруға жауап беретін болғандықтан орталықсыздандырылған болып табылады.

Ұлыбритания IT-аутсорсингті ойланған және кешенді шешімдерді жүзеге асыру есебінен мемлекеттің аутсорсингі мәселелерінде өзіне беделді және тәжірибелі шенін бекітті. Аутсорсингті қолданудың негізгі локомативі тиімділік тұжырымдамасы, яғни аутсорсинг есебінен шығындарды азайту болып табылады. Ұлттық аудит департаменті тікелей аутсорсингтің ірі келісімшарттарына салудың тиімділігін бағалаумен айналысады, бұл кезде Мемлекеттік коммерция департаменті сияқты осы мақсатпен жеке аутсорсер-агенттіктерінен алынған тапсырмаларды оңтайландыру катализаторы болады.

Мысалы, Ұлыбритания үкіметінің Еңбек және зейнетақы департаменті Siemens Business Services компаниясымен жаңа келісімшарт жасады. Келісімшарт көлемі 85 млн. евроны құрады. Жоба барысында есеп-қисап пен төлемдерді есептеуді жүргізетін Департамент үрдісін автоматтандыратын Басты төлем жүйесі құрылады. Үрдістерді автоматтандырғанға дейін Департамент 17 миллион адамға жалпы 160 млн. евро көлемінде жыл сайын жәрдемақы, зейнетақы және жеңілдіктерді есептеді. Ұлыбритания үкіметінің IT-қызметінің жетекші жеткізушісі ретінде Siemens Business Services IT-жүйесін әзірлеуге, оның жұмысын басқаруға және АТ-қолдауға жауап береді. Басты төлем жүйесі Департаменттің қосымшасымен біріктіріледі, бұл азаматтарға жылдам қызмет көрсетуге, төлемдерді нақтырақ есептеуге және жақсырақ бақылауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде АҚШ үкіметінің IT-аутсорсинг бойынша жобалары технологиялық инфрақұрылым айналасында шоғырланған. Үкімет аутсорсингке жағымды қарайды, Президентті қоса, жоғары басшылықтың ықыласымен тиімділікті арттыру, үкіметтік шығындарды азайту мен ұсынылып отырған өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыруға ынталандырылады. Аутсорсинг саясаты едәуір орталықсыздандырылған. Көптеген үкіметтік агенттіктер жалпы қадағалауды жүзеге асырады, бірақ жекелеген департаменттердің өздері аутсорсинг қажеттілігі туралы шешімдерді қабылдау құқығы бар. Орталықтанған қадағалау да шектелген, себебі басшылық жоғарыда құрылады және түсіріледі, бірақ департаменттер оларды өзінше түсіне және оларды орындау туралы шешімдер қабылдай алады. Менеджмент пен бюджеттеу департаментінің A-76 циркуляры қандай жағдайларда қызмет коммерциялық ұйымдарға келісімшарт бойынша беріле алады, ал қай уақытта өзінің ресурстары мен қызметкерлерін қатыстырумен үкімет шеңберінде жүзеге асатыны туралы нысанулықты ұсынады.

Мысалы, АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі барлау қызметінің IT-инфрақұрылымын жаңғырту үшін Computer Sciences Corporation (CSC) корпорациясымен құны 2 млрд. долларға келісімшарт жасады. Groundbreaker жобасы деп аталған 10 жылдық келісімшарт корпорацияға қолдауды жүзеге асыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және компьютер желілерін басқару үшін жауапкершілікті беруді болжады. Жоба мақсаты агенттікке жаңа ақпарат технологияларына қол жеткізу болды, өз кезегінде агенттікке өзінің негізгі қызметіне шоғырлануына және оны тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік берер еді.



9.4 Компьютерт ойындарына қатысты «Жас бойынша шектеу»

Компьютер технологияларының қазіргі даму деңгейі кезінде бағдарламалық қамтамасыз етудің маңыздылығын кинематорграфтың педагогикалық, ағартушы, мәдениет, ақпараттық және насихаттық маңыздылығымен толық салыстыруға болады.

Компьютер ойындары – бұқаралық мәдениеттің басқа түрінен ерекше, әлеуметтік және әлеуметтік мәдениеттің өзара әрекет етуін үлгілеудің ерекше әдісі. Театр мен көркем фильмдердің қойылымдары негізі сияқты көптеген электрондық ойындардың негізінде әйгілі әдебиет жанрлары бар. Компьютер ойындары бұқаралық мәдениеттің жаңа түрлерінің бірі болып табылады, оған бағдарлаудың ерекше құндылықтары мен жасырын нормалар мен ережелер тән.

АҚШ пен Батыс Еуропа компьютер ойындарын қазіргі мәдениет пен өнердегі жекелеген бағыт деп таниды.

2006 жылдың 9 қарашасында Францияның Мәдениет министрі Рено Доннедье де Вабр компьютер ойындарын өнер деп таныды және оларды жасаушыларға қазіргі кезде киностудиялар алатын субсидиялар түрінде мемлекеттік қолдау көрсетуге уәде берді2.

2008 жылдың 18 тамызында Германияда компьютер ойындарын өнер деп таныды. Енді WarCraft, Stalker, Call of Duty және Monkey Island көркем игілік деп есептеледі, ал оларды әзірлеушілер мәдениет сұрақтары бойынша Неміс кеңесінің құрамына кіреді3.

5 мая 2011 жылдың 5 мамыры АҚШ үкіметі Өнерді қолдау ұлттық бағдарламасы (National Endowment for the Arts) атынан компьютер ойындарын өнердің жаңа түрі деп таныды. 2012 жылдан бастап АҚШ компьютер ойындарының өндірісі кино өндірісімен тең мемлекеттен қаржыландырылады.

Жас бойынша шектеу – бұқаралық мәдениет туындыларына – негізінен фильмдерге, телехабарларға және компьютер ойындарына – онымен тікелей байланысты рейтингтер жүйесіне қатысты бірқатар мемлекеттердің заңнамалық саясаты. Жас бойынша шектеудің негізгі қызметі – балаларға, олардың психикасына кері әсер етуге қабілетті келешекте олардың жағынан барабар емес және әлеуметке қарсы жүріс-тұрысқа әкелетін материалдармен қарым-қатынас жасатпауға тырысу.

Еуроодақтың шешіміне сәйкес 2003 жылдың сәуірінен бастап, жасөспірімдерге ана не басқа ойын ойнай алуға рұқсат ету жасын анықтайтын бейне таспаларға қойылатын сияқты барлық сатуға түскен компьютер ойындарына индекстер қойылады.

Қазіргі уақытта әлемде компьютер ойындарының жас санаттарын жалпыға мәлім бірнеше жүйелері бар:

1) еуропалық (Pan-European Game Information - PEGI). Сатуға шектеулер қоймаса да, жүйе еуропаның 30 елінде, сондай-ақ Ресейде қолданылады. PEGI ойындар рейтингі кинофильмдер рейтингі жүйесіне ұқсас олардың мазмұнына негізделген. Рейтинг екі бөлімнен тұрады - өнім үшін жас шектеуін бағалау, сондай-ақ жағымсыз сипаттағы нормативті емес лексика, зорлау және басқа элементтер туралы ескертетін бірден жетіге дейін мазмұнының сипаттамасы. PEGI деректері тұтынушыларға арналған ақпарат болып есептеледі және орындауға міндетті болып табылмайды. Соған қарамастан, көптеген елдер PEGI жүйесін жастардың құқығын қорғау бойынша мемлекеттік іс-шараларға қосады. Мысалы, Швейцарияда және Австралияның кейбір федералды жерлерінде ойындарды логотипсіз сатуға тыйым салынған.

2) американдық (Entertainment Software Rating Board - ESRB, Ойынды бағдарламалық қамтамасыз ету рейтингі бойынша кеңес). ESRB – қызметінің негізгі бағыты АҚШ пен Канадада компьютер ойындары мен басқа ойын-сауық бағдарламаларын қабылдау мен анықтау болып табылатын мемлекеттік емес ұйымдар. ESRB ойындарының рейтингі кинофильмдер рейтингі жүйесіне ұқсас олардың мазмұнына негізделген және екі бөлімнен тұрады: рейтинг белгілері және мазмұнының қысқаша сипаттамасы.

3) жапондық (Computer Entertainment Rating Organization - CERO). Жапонияда компьютер ойындары үшін жас рейтингтерінің CERO жүйесі жұмыс істейді, тағайындалатын рейтинг сондай жас көрсеткіші мен ойын мазмұнын сипаттаудан тұрады;

4) австралиялық (The Australian Classification Board – Компьютерлік және бейне сауық-сайрандарды жас сыныптауы бойынша Австралиялық кеңесі), ойындар мен фильмдерді пайдалану үшін рұқсат етілген жасты белгілеу үшін таңбалау қолданады.

Компьютер ойындары сияқты осындай серпінді дамып келе жатқан қазіргі мәдениет саласын мемлекеттік реттеудің мәселелері мен келешегі ресей қоғамымен де: заң шығарушылармен және компьютер ойындары өндірісі өкілдерімен, педагогтармен және психологтармен, қаржы институттары мен салық органдары өкілдерімен бірнеше рет талқыланды

Мемлекеттік Дума қабырғасынан мемлекетті жас өспірімдер мен жастарды компьютер ойындарына қол жеткізулерін реттеуге тарту бағытындағы бастамалар бірнеше рет айтылды. АҚШ бар ESRB рейтингі үлгісі бойынша бір орган құру идеясы және еуропаның PEGI4 компьютер ойындарын таптастыру жүйесіне ұқсас рессейдің ойындар рейтингін бір ізге түсіру идеясы талқыланды.

Өзбекстан ғаламтор желісіндегі зиянды ақпаратқа кәмілетке толмағандардың қол жеткізуін шектеуге ниетті. Заң жобасын әзірлеушілер қазіргі кезде Өзбекстанда кәмілетке толмағандарды ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелері балаларға қауіп-қатер туғызатын ақпараттық өнімдер туралы ережелерді қамтымайтын тек ішкі ведомствалық сипаттағы заңға тәуелді заңдармен және құжаттармен реттелетінін атап көрсетеді. Мобильді байланыс құралдары, компьютер мен электрондық ойындар, жаппай көңіл көтеру шаралары арқылы таратылатын ақпарат мазмұнына, сондай-ақ әртүрлі жастағы балаларға арналған баспа, дыбыстық-көру өнімдеріне және электрондық өнімге қойылатын талаптар жекелеген заңдармен бекітілмеген5.

Әлемдік практика әзірлеуші-компаниялардың коммерциялық емес (АҚШ пен Германиядағы сияқты) немесе үкіметтік (Австралия, Оңтүстік Корея) ұйымдардың ойындарға рейтинг тағайындауды жүзеге асыратын сараптамасын өз еркімен өтуіне негізделген, алайда көптеген елдерде таңбасыз ойындарды сатуға немесе пайдалануға рұқсат етілмейді.

Әзірлеушінің пікірінше, келтіріліп отырған ақпараттандыру саласындағы құқықтық қатынастардың жекелеген аспектілерін реттеудің халықаралық тәжірибесіне жасалған шолу Қазақстан Республикасы дамудың қазіргі кезеңінде Сингапурдағы, Ұлыбританиядағы, АҚШ-тағы, Еуропа Одағы елдеріндегі заңнамалық реттеудің оңды құралдарын және осы салада іс жүзінде орын алып отырған саясатты, соның ішінде «электрондық үкіметті» одан әрі дамытуды, IT-аутсорсингін енгізуді, киберқылмысқа жататын іс-әрекеттерді криминализациялауды, компьютерлік және бейнеойындар жөнінде «жасына қарай шектеу» саясатын енгізуді пайдалана алатынын айғақтайды.

10. Заң жобасын жүзеге асырумен байланысты болжанатын қаржы шығындары

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2010 жылғы 29 қыркүйекте бекітілген № 983 Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды 2010 – 2014 жылдарда дамыту жөніндегі бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 21 тармағын іске асыру үшін әзірленді.

2010-2014 жылдарда Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі бағдарламаға сәйкес 2012-2014 жылдарға республикалық бюджеттің шығындары 65 065 575 мың теңгені құрайды:

2012 жылға 22 970 430 мың теңгені;

2013 жылға 21 089 845 мың теңгені;



2014 жылға 21 005 300 мың теңгені құрайды.


1 Өнер – шындықты танып білу мен бейнелеудің ерекше түрі, қоғамдық сананың көркемдік қызметінің бір түрі және адамның да және адамзаттың да рухани мәдениетінің бір бөлігі // Үлкен кеңестік энциклопедия

2 Францияның Мәдениет министрі бейнеойындарды өнер туындылары қатарына жатқызды // http://lenta.ru/news/2006/11/09/gameart/

3 Потапова О.С. Компьютерная игра в пространстве культуры / Искусствоведение // Вестник Нижегородского университета им. Н.И. Лобачевского. – 2010. - № 4. – С. 349 – 353.

4 Депутаттар компьютер ойындарын талқылады // http://www.niros.ru/news/17752.html

жүктеу 493,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау