23
ағымдағы қызметін басқару жалғыз атқарушы органмен жүзеге асырылады,
яғни Серіктестіктің бас директоры Ержанова Раушан Зейнуллаевнамен
жүзеге асырылады. «G&N Garant» ЖШС 2010 жылдың 24 қазанында
тіркелген. Компания көлік түрлерін, мүлік, денсаулық, кепілдіктерді, қаржы
шығындарын сақтандыруды ұсынады.
Серіктестік принциптері. Серіктестік қызметін ҚР қолданыстағы
заңына сүйене отырып жүзеге асырады. Компания жұмысының негізі болып
келесілер табылады: адамгершілік нормаларын ұстану және жақсы бизнес-
репутацияны қолдау.
- кәсіпқойлық және біліктілік;
- құпиялылықты сақтау;
- тапсырыс берушінің мүддесін қорғау;
- әр клиентке жеке дара тіл табу.
Компания қызметтері:
- көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
- тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру;
- аудиторлардың және аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру;
- қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен
денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру;
- Жеке нотариустардың азаматтық құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
- туроператордың және турагенттердің азаматтық құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру;
- экологиялық сақтандыру.
Сайтты құру бірнеше кезеңдерді қамтиды:
1) Бастапқы кезең. Бастапқы кезеңнің мақсаты – жобаның дизайны мен
технологиялық негізінің талаптарын анықтау, сонымен қатар ресурстың
мақсаттары мен міндеттерін белгілеп, жобаны құрастырудың жоспарын
бекіту. Жобаның графикалық безендірудің талаптарын қамтитын «дизайнның
брифі» құрастырылады.
2) Жобаның дизайны мен архитектурасын жасау. Сайттың дизайнымен
байланысты жұмыс келесі кезеңдерді қарастырады:
- пайдаланушы интерфейсіне қойылатын талаптар анализі;
- материалдардың интуитивті түрде түсінікті ұйымдастырылуы мен
ойластырылған өтулер;
- дизайн
концепциясының
құрастырылуы.
Жобаның
барлық
функционалдық мүмкіншіліктерін жақсы жағынан ұсынып, мақсатты
аудиторияның сұраныстарын қанағаттандыруға көмектесу;
- дизайнды бекіту. Жобаның бастапқы дизайн концепциясына қажетті
өзгертулер енгізіп, соңғы шешімге келу.
24
Тапсырыс берушінің қойған негізгі талаптары келесідей:
a) сайттың бірінші бетінде компания жайлы слайд болуы;
b) сайтта іскерлік әдеп сезілуі;
c) сайттағы тустердің кара және сұр тустері болғаны;
d) жоғарғы горизонталь және сол жақ вертикаль мәзірлердің болуы.
3) Технологиялық негізін жасау; Технологиялық негіздеме мен
бекітілген дизайн концепциясы бойынша мәліметтер қорының оңтайлы
құрылымы жасалады. Сондай-ақ сайт бөлімдерінің шаблондары мен
интерактивті сервистері бапталып өңделеді.
Сайттың қызмет көрсету функциялары мен материалдарын компания
қызметкерлеріне оперативті түрде өзгертуге мүмкіндік беретін сайттың
әкімшілік жүйесінің интерфейсі мен механизмдерін құрастыру жұмыстары
жүргізіледі.
Аталған кезеңде графикалық және мәтіндік материалдарды енгізуге
болатын сайттың жұмыс нұсқасы жасалады.
4) Контентпен толтыру;
Бұл кезеңде сайттың мәліметтер қоры контентпен толтырылады. Тиісті
шаблондар мен механизмдер құрастырылғаннан кейін барлық мәтіндер,
файлдар және қажетті көрсетілімдер енгізіліп немесе әкімшілік интерфейс
арқылы мәліметтер қорына көшіріліп сайтта жарияланады.
5) Дайын шешімді тестілеу;
Жүйені интегрирлеу мен интернет өкілеттіліктің құралдырының
баптаулары аяқталған соң тестілеуге ұсынылады.
6) Құралдарды баптау және хостингтік платформаға көшіру;
Мұнда провайдерді таңдау, хостингті алу, домендік атты таңдау және
сайтты интернетке жүктеу әрекеттері жүргізіледі.
7) Жобаны іске асыру; Барлық процедуралар аяқталғаннан кейін сайтты
тестілеп, жобаны қолдау бойынша мамандардың нұсқауларынан өткеннен
кейін сайт оның кірушілеріне ашылады.
2.2
Сайтты құру құралдары
Интернеттің дамуына орай жасалынған web-беттердің бет-бейнесі
өзгере түсуде. Бастапқыда HTML беттер тек белгілі бір ақпаратты бере отыра,
ешқандай қосымша қызметтерді атқармайтын. Бірте-бірте сұраныстар
күрделене түсті, енді сайтты құруда тек HTML тілін білу жеткіліксіз. Түрлі
технологиялар икемді сайт жасауға ықпалын тигізеді. Қазіргі заманауи
сайттарды құру үшін: HTML, CSS, JavaScript (немесе VBScript), Flash, PHP
(немесе Perl) және MySQL реляциялық мәліметтер қоры пайдаланылады.
Технологиялардың қолданысқа енуіне байланысты web-сайттардың оңтайлы
өзгеруін байқауға болады (2.2-сурет).
25
2.2 cурет - Web-технологиялардың қолданысқа енуі
Клиенттік орта (браузер, мысалы Opera) бағдарламаның сыртқы келбеті
(бір бөлігі) болады. Осы ортада HTML беттер мен қызмет көрсету сеанстары,
ағымдағы сессиялар көрсетіледі. Бетте орналасқан нысандар терезелерді,
оқиғаларды және HTML беттерін (манипуляциялауға) басқаруға мүмкіндігі
болуы міндетті. Ол үшін JavaScript клиенттік тілі керек.
Сервермен жұмыс істеуде PHP тілі (немесе Perl) және MySQL
мәліметтер қоры қажет.
HTML. HTML- бұл бағдарламалау да, құжаттарды басқару тілі де емес.
Бұл ең алдымен гипермәтінді белгілеу тілі. Оның басты мақсаты- мәтінді
орналастыру, құрылымын тегтер арқылы сипаттау: параграф, цитата, тізім,
бөлім.
HTML тілінде көптеген құрамдас элементтері бар. Олар құжатты кез
келген қалау бойынша безендіруге көмектеседі. Браузердің үнсіздік кейпіндегі
қаріп стильдерінің көрінісі ұнамаса, қосымша тегтер арқылы оңай өзгертуге
болады. Егер бұл да көңілден шықпаса CSS стильдер кестесін пайдалануға
болады.
XHTML. XHTML тілі XML және HTML тілдерінің қоспасы, біртіндеп
HTML-ды ығыстырып келеді.
CSS. CSS (Cascading Style Sheets) – каскадты стильдер кестесінің тілі. Ол
web-беттердің мүмкіндіктерін арттыру үшін құрастырылған.
Web - құрастырушыларға беттің сырт келбетін жақсартуға мүмкіндік
береді (қаріптер, түстер, шегіністер, орналасуы, т.б.). CSS құжаттың негізгі
ішкі құрылымын (мысалы, HTML тілінде жазылған) және оны безендіруінен
(CSS-те жазылғанынан) айыру үшін жасалған. Мұндай әрекет құжаттың
сырты көрінісі мен қайталанатын элементтерін безендіруге септігін тигізеді.
HTML мен CSS-ті пайдаланғанда келесілерді ескеру қажет:
Достарыңызбен бөлісу: |