117
Герцбергтiң қорытындысы бойынша, алған жауаптарды екi үлкен категорияға жатқызуға
болады, оларды ‖гигиеналық факторлар” және ынталандыру деп атады (Кесте 3).
Гигиеналық фактор ол жұмыс жүргiзетiн қоршаған ортамен байланысты, ал ынталандыру -
жұмыстың ӛзiнiң маңызы мен сипатымен байланысты. Герцбергтiң зерттеуi бойынша егер де
гигиеналық фактор жоқ болса, не болмаса онда адамның жұмысқа қанағатсыздығы пайда
болады. Бірақта‚ егер олар жеткілікті болса‚ онда олар ӛздігінен жұмысқа қанағаттануды
тудырмайды және адамды бір нәрсеге ынталандырмайды.
Кесте 3.Герцберг бойынша ынталандыру ҥлгісі.
Гигиеналық факторлар
Ынталандыру
Фирма мен әкiмшiлiк саясаты
Жұмыс жағдайы
Табыс (ақша табу)
Бастықтармен, әрiптестерiмен‚
қасындағы адамдармен ӛзара
қарым-қатынастар
Жұмысты тiкелей бақылаудың
дәрежесi
Табыс
Қызметте жылжу
Жұмыстың нәтижесiне ризашылық бiлдiру және
қолдау
Жауапкершiлiктiң жоғары дәрежесi
Творчествалық iскерлiк ӛсудiң мүмкiндiгi
Герцберг теориясын тиімді пайдалану үшін‚ гигиеналық‚ әсіресе ынталандыру
факторларының тізімін жасау қажет‚ және қызметкерлерге ӛздеріне анықтауға және ӛзінің
қалауын кӛрсетуге мүмкіндік беру.
Қажеттіліктердің әртүрлі теорияларына қысқаша талдау және салыстырмалы баға беретін
болсақ. Ынталандырудың барлық үш мазмұнды теорияларында ӛзара кӛп ұқсастық бар.
Мысалыға
алатын болсақ‚ Герцбергтің гигиеналық факторлары физиологиялық
қажеттіліктерге‚ қауіпсіздік және келешекке сеніммен қарау қажеттілігіне сәйкес‚ ал оның
ынталандыруы Маслоудың жоғарғы деңгей қажеттіліктерімен салыстырмалы (Кесте 4).
Бірақта бұл теориялардың принципиалды ерекшеліктері бар. Маслоу ойынша‚ егер жұмысшы
менеджер арқасында‚ бірінші қажеттіліктердің бірін қанағаттандырса‚ онда ол осыдан кейін
жұмыс істейтін болады.
Герцберг ойынша‚ жұмысты гигиеналық факторларға кӛңілді тек егер жұмысшының ойынша
оған қатысты жүзеге асыру әділетсіз немесе дұрыс болмаған жағдайда ғана аудара бастайды.
Мак Клелланд теориясы‚ оның ішінде билік және табыс қажеттіліктері Маслоу бойынша
екінші қажеттіліктермен және Герцбергтің ынталандыру факторларымен сәйкес келеді. Мак
Клелланд теориясы бойынша ‖қатыстық қажеттілігі‖‚ оған Маслоу бойынша ‖әлеуметтік
қажеттілігі‖ және Герцберг бойынша ‖гигиеналық факторлар‖ сәйкес келеді.
Маслоу‚ Мак Клелланд және Герцберг үлгілерінің негізгі сипаттамаларын сәйкестендіру
тӛменде келтірілген.
Маслоу теориясы
1. Қажеттіліктер бірінші және екіншіге бӛлінеді және басымдылығына сәйкес
орналасқан бес деңгейлі иерархиялық құрылымда кӛрсетеді.
2. Адамның мінез -құлқын иерархиялық құрылымның ең тӛменгі қанағаттандырмаған
қажеттілігі анықтайды.
118
3. Қажеттілік қана қанағаттандырылғаннан кейін‚ оның ынталандырушы әсері
тоқтатылады.
Мак Клелланд теориясы
1. Адамды ынталандырушы үш қажеттіліктер бұл билік‚ табыс‚ қатыстық қажеттілік.
2. Бүгінде жоғары деңгейдің бұл қажеттіліктері аса маңызды ‚ ӛйткені тӛменгі деңгей
қажеттіліктері қанағаттандырмаған.
Герцберг теориясы
1. Қажеттіліктер гигиеналық факторлар және ынталандыру болып бӛлінеді.
2. Гигиеналық факторлардың бар болуы тек жұмыспен қанағаттанбаудың дамуына жол
бермейді.
3. Маслоудың жоғарғы деңгей қажеттіліктеріне және Мак Клелланд қажеттіліктеріне
сәйкес келетін адамның мінез -құлқына белсенді әсер ететін‚ ынталандыру.
4. Бағыныштыларды тиімді ынталандыру үшін‚ басшы ӛзі жұмыстың мәнін жетік
түсінуі тиіс.
Ынталандырудың процессуалдық теориясы.
Ынталандырудың мазмұнды теориясы тұтынуға және соған байланысты адамдардың мiнез-
құлқын анықтайтын факторларға негiзделген.
Iс-жүргiзушiлiк теориясы қажеттiлiктердiң болатынын терiске шығармайды, бiрақ
адамдардың мiнез-құлықтарын тек қана солар анықтайды дегенмен келiспейдi.
Процессуальдық теориялар бойынша тұлғаның мiнез-құлқы оның сенуi мен күтуiнiң
(функциясы) қызметi болып табылады. Ол берiлген жағдайға тәуелдi. Ынталандырудың
процессуальдық теориялары адамдардың түсiнiгi мен дүние танымына байланысты ӛзгерiп,
қалай ұстайтындығына негiзделiнедi.
Ынталандырудың iс-жүргiзу теориясы бiршама кейiнiрек пайда болған. Ол негiзiнен алғанда,
бiрiншi кезекте адамның түсiнiгi мен танымын ескере отырып, олардың ӛздерiн қалай
ұстайтындылығына негiзделген.
Iс-жүргiзу теориялары адамдар әр түрлi мақсатқа жету үшiн ӛзiнiң күш жiгерiн қалай
бӛлетiндiгiн және мiнез-құлықтың нақты түрiн қалай таңдайтындығын талдайды.
Осы теориялар бойынша жеке бастың мiнез-құлқы, оның нақты жағдайға және таңдап алынған
мiнез-құлық типiнiң мүмкiн болатын себеп-салдарына байланысты қабылдау және үмiттену
функциясы да болып саналады.
Ынталандырудың iс-жүргiзу теориялары былайша бӛлiнедi. Олар: күту теориясы,
әдiлеттілік теориясы және Портер-Лоулер үлгісі.
1) Күту теориясы мынадай қағидаға негiзделедi:
Белсендi қажеттiлiк болуы адамдардың мақсатқа жетуiнiң бiрден-бiр себебi - ынталандыру
болып саналмайды. Күту бұл - жеке адамның белгiлi бiр оқиғаға ықтималдылығын бақылау.
Кӛпшiлiк адамдар, мәселен, жоғарғы оқу орнын бiтiргеннен кейiн‚ жақсы жұмысқа
орналасатындығына және де, егер жақсылап жұмыс iстейтiн болса, қызметi
жоғарылайтындығына үмiттенедi.
Еңбекке деген ынтаны талдау кезiнде күту теориясы үш ӛзара байланыстыларды бӛліп
кӛрсетеді;
- еңбек шығындары - нәтижелер \Ш-Н\;
- нәтижелер - марапаттау \Н-М\;
- валенттілік -марапаттауға қанағаттану \В\.
Достарыңызбен бөлісу: |