1 требования к структуре умк дисциплины



жүктеу 5,18 Kb.
Pdf просмотр
бет31/49
Дата10.02.2018
өлшемі5,18 Kb.
#9350
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49

 
79 
 
Сурет.1. Ріск құралы кӛмегімен объектілерді белгілеу. 
  
         Объектілер жиыны. Кӛп жағдайда бір операцияны бірнеше объектілерге 
қайталап орындағаннан барлық объектілер жиынын бір рет орындаған тиімді. 
Мысалы, жоғарғы суреттегі дельфин мен балықты басқа жерге жылжыту қажет 
болсын, оларды жеке-жеке жылжыту, уақыт алады және олардың арақашықтықтары 
ӛзгеріп кетуі мүмкін.  
        Бұндай  есептерді  шешу  үшін    CorelDraw-да  ҥш  тәсіл  бар:  объектілерді  бірге 
белгілеп,  операция  қолдану.  Жоғарыда  айтылған  белгілеуден  басқа  Edit-Select  All 
командасымен  де  барлық  объектілерді  белгілеуге  болады.  ''Ріск''  құралын  екі  рет  шерту 
арқылы  да  бірнеше  объектілерді  белгілеуге  болады.  Егер  объектілер  жиынына  бірнеше 
операцияларды орындау қажет болса, оларды бір топқа біріктіріп алу тәсілі тиімді болады.  
      CorelDraw  графикалық  редакторында  белгілеудің  жаңа  тәсілі,  маркерлік  тор 
кӛмегімен белгілеу қосылған. Егер объектілерді торға алу процесінде Alt пернесін басып 
тұрсақ,  CorelDraw  маркер  торының  ішіндегі  барлық  объектілерді  белгілеп  қоймай, 
сонымен  бірге  осы  объектілермен  қиылысатын,  жанасатын,  тор  ішіне  кірмейтін 
объектілерді де белгілейді. Маркерлік тор ішіне қажет емес объектілер кіріп кеткен болса, 
онде Shift пернесін басып тұрып, олардың белгілеулерін алып тастауға болады.  
Объектілерді аттап кету. Жоғарыда айтылған белгілеулерді кӛп мәселелерді шешу 
үшін қолдануға болады, бірақ күнделікті ӛмірде, күрделі бейнелермен жұмыс істегенде 
кейбір объектілерді аттап, белгілемей кету қажеттілігі туады. Бұндай жағдайда:  
1. Ӛзіңізге қажетті объектіні немесе қасындағы жақын орналасқан объектіні 
белгілеңіз.  
2. Тав пернесін басыңыз. Сол сәтте CorelDraw бірінші объектінің белгілеуін жойып, 
қасындағы бізге қажетті объектіні белгілейді.  
     Екі немесе бірнеше, формалары мен ӛлшемдері бірдей, бірінің үстіне бірі 
орналасқан объектілер болмаса кӛбінесе объект контуралары бір-бірінен айырмашылықта 
болып келеді. Бұндай жағдайда астындағы объектіні белгілеу үшін, бірінші кӛрініп тұрған 
объектіні белгілейміз, содан соң Тав пернесін басамыз. Егер бірнеше объектілер қабаты 
бар болса Тав пернесін бірнеше рет басамыз. Қай объектінің белгіленгені туралы 
ақпаратты қалып-күй қатарынан кӛруге болады.  
      Тав пернесі арқылы бейнелерде, күрделі сызбаларда майда объектілердің 
жиынының ішінен қажетті объектіні белгілеу жұмысы да жоғарыда айтылғандай 
орындалады.  
Объект белгіленген соң, оны басқа орынға жылжытуға болады. Координата торының 
және қалып-күй қатарының кӛмегімен объектіні бейне ішінде басқа орынға жоғары 
дәлдікпен жылжытуға болады. 
   12.2. Объектілерді реттестіру 
      CorelDraw-да объектілерді реттестірудің мынадай түрлері бар: басқа объектіге 


 
80 
салыстырмалы реттестіру, бірінің үстінде бірі орналасқан объектілерде сурет бетіне шығу 
тізбесін ӛзгерту, топтасу және объектілерді біріктіру. Ол үшін қажетті командалардың 
бәрі Arrange (монтаж) мәзірінің ішінде орналасқан. Объектілердің тізбегін ӛзгертетін жеті 
команда бар: 
      Ол  Arrange-Order (рет) командасы арқылы шақырылады. Бұл  командалар:  алдына 
шығару,  артына  шығару,  алға,  артқа,  тізімді  бастапқы  қалпына  келтіру,  объект  алдына, 
объектіден  кейін  объектілерді  топтау  және  топталған  объектілерді  бастапқы  қалпына 
келтіру.  
     Бірнеше объектілерді бір топқа біріктіру үшін, алдын ала ол объектілерді жоғарыда 
айтылған тәсілдердің бірімен белгілеу керек. Содан соң Arrange-Group (топтастыру) 
командасын орындау керек. Осы топталған объектіні қайтадан бастапқы қалпына келтіру 
үшін Ungroup (топты жою) командасын орындау қажет.  
     Топтастыру мен біріктіуден басқа екі немесе бірнеше объектілерден бір объекті 
немесе бірнеше жаңа объекілер алудың үш тәсілі бар. Бұлар: біріктіру, қиылыстыру және 
шегеріп тастау.  
     Біріктіру. Бұл операция орындағанда бірнеше объектілер бір контурмен қоршалып, 
араларындағы бастапқы объектілер контурлары жойылады да, бір объект болып шығады.  
Қиылыстыру. Бұл операция нәтижесінде екі немесе бірнеше объектілердің 
қиылысуында пайда болған объект шығады.  
Шегеріп тастау. Бұл операция орындалу барысында таңдалынған объектінің 
белгіленген объектімен кесілген бӛліктері жойылады.  
       12.3.  Перспектива. Кӛлеңке тҥсіру. 
     CorelDraw  графикалық  редакторы  негізінен  жазықтықтағы  бейнелерді  салуға 
бағытталған.  Сондықтанда  бейнелеу  жұмыстарында  түсетін  жарыққа  байланысты 
кӛлемнің  ӛзгеруі,  түс  қанықтылығы  сияқты  қасиеттер  тек  графикалық  тәсілдермен 
жасалынады.      Осы  қасиеттерді  алуға  бағытталған,  CorelDraw-да  Көлеңке  түсіру
Перспектива жасау  сияқты құралдар бар. Сонымен қатар Перспективаны түрлендіруге де 
болады.  Геометриялық  перспективаның  заңдылықтарын  ерте  заманның  ӛзінде-ақ 
суретшілер  тапқан  болатын.  Бейнеленетін  объектінің  ӛлшемін,  адамның  кӛзінен 
арақашықтығына пропорционалды кішірейту арқылы тереңдік алуға болады. Бір объектіге 
немесе  объектілер  тобына  қолданылған  перспективаны  түрлендіру,  перспективаның 
таңдалынған схемасы бойынша қисайту деген сӛз. 
      Заттардың  жазықтыққа  түсетін  кӛлеңкесін  құру  үшін  кӛлеңке  құратын  арнайы 
құралдарды қолдануға болады. Тіктӛртбұрыш үшін перспективаны түрлендіру кезеңдерін 
қарастырайық.  Ол  үшін  CorelDraw-да  арнайы  құрал  жоқ.  Сондықтан  бұл  жұмысты  
объектіні  белгілеуден  бастаймыз.  Содан  соң  Effects-Add  Perspective  (эффектілер-
перспективаны  қосу)  командасын  орындаймыз.  Команда  орындалып  болған  соң,  объект 
бетінде қызыл түсті пунктир тор пайда болады. Осы кезде автоматты түрде Shape(форма) 
құралы  таңдалынады.  Ол  тордың  бұрыштарындағы  түйіндерді  жылжытып,  объект 
формасын ӛзгертуге мүмкіндік береді.  
         12.4. Клондар және эффектілер клонын салу  
    CorelDraw-да  клон  деп  ӛзінің  кӛшірілген  үлгісімен  байланысын  үзбейтін, 
объектілердің  арнайы  кӛшірмелерінің  жиынын  айтады.  Үлгі  объектіні  клонның 
басқарушы объектісі деп атайды. Клонның негізгі қасиеті, оны редакциялауға болмайды. 
Клон элементін түрлендіруге: жылжытуға, бұруға, айнадағы кескінін алуға болады, бірақ 
оның боялу параметрлерін және контурлық сызықтарын ӛзгертуге болмайды.  
     Эффектер  клонын  салу.        Эффектер  клонын  салу  дегеніміз  -  бұрын  құрылған 
құрама объектілердің эффектерін басқа объектіге кӛшіру түрі. 
    Қадамдап  ауту.  Қадамдап  ауту  CorelDraw-да  құрама  объект,  алдыңғы  басқару 
объектісі, соңғы басқару объектісі және реттелген аралық  объектілер жиынынан тұрады. 
Аралық  объектілер  форматы,  бастапқы  объектінің  соңғы  объектіге  ӛзгеруін  түрленуіне 
баяулап жақындауы тиіс. 


жүктеу 5,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау