71
5-ші сурет. Кӛпбұрыш, миллиметрлік тӛртбұрыш, спираль құралдарының жұмысы.
Бақылау сҧрақтары:
1. CorelDRAW графикалық редакторын, кеңейтілуі Ctrl файлын таңдау арқылы іске
қосуға боладыма?.
2. Жаңа суретте CorelDRAW-дың ӛзі қандай атау береді?
3. Мәзір қатары не үшін қолданылады?
4. Графика панелі не үшін қолданылады?
5. Қарапайым геометриялық объектілерге қандай фигураларды жатқызуға болады?
6. Сызық сызу үшін қандай құрал қолданылады?
7. Графика кӛлемінің тӛменгі оң жақ бұрышындағы үшбұрыш нені білдіреді?
8. Егер экранда графика кӛлемі жоқ болса, оны қалай шақыруға болады?
10-шы лекция. Сызықтар
1.
Қисық моделі.
2.
Сызықтар және қолмен сызу мен Безье қҧралдары.
3.
Сызықтар және Суперлиния қҧралы.
4.
Ӛлшемді жазу қҧралдары.
5.
Редакциялау қҧралдары.
6.
Жҧмыс ортасын баптау қҧралдары.
7.
Объектіні қисыққа тҥрлендіру.
a.Қисық моделі
CorelDRAW жұмыс істейтін сызықтар модельінде екі түсінік негізге алынады: түйін
және сегмент. Бейне жазықтығындағы қисық сегменттің бір ұшын кӛрсететін нүктені -
түйін деп атайды. Сегмент - деп екі қатар орналасқан түіндерді қосатын қисықтың бір
бӛлігін айтады. Түйіндер мен сегменттер бір-бірімен тығыз байланыста: тұйықталған
сызықтарда сегменттер саны мен түйіндер саны тең, ал тұйықталмаған сызықтарда
түйіндер саны 1-ге артық.
Кез келген сызық CorelDRAW-да түіндер мен сегменттерден тұрады, қисықтарға
қолданылатын барлық операциялар солармен жұмыс істейді. Жалпы сипаты бойынша
түйіндер үшке бӛлінеді: тұйықталмаған қисықтың бастапқы түйіні, түзусызықтың және
қисықсызықтық түйіндер.
72
Тҥйін сыну
Түйін сыну нүктесі деп аталады, егер түйінде оның жанындағы екі сегментке
жүргізілген жанамалар бір түзудің бойында жатпаса, яғни олардың арасында бұрыш бар
болса.
Жайылған тҥйіндер
Түйін жайылған деп аталады, егер оның жанындағы екі сегментке жүргізілген
жанамалар бір түзудің бойында жатса.
Симметриялық тҥйіндер
Жайылған түйін симметриялық деп аталады, егер бағыттаушы нүктелер одан бірдей
қашықтықта орналасқан болса.Симметриялық түйіндер сыну нүктелері мен жайылған
түйіндерге қарағанда сирек қолданылады.
Тҧйықталған, тҧйықталмаған және біріктірілген сызықтар
Сызықтың шеткі түйні деп, бір ғана сегментпен жанасатын түйінді айтады. Алдыңғы
жағында сегмент жoқ түйін, бастапқы түйін деп аталады. Бастапқы түйіні бар сызық,
тұйықталмаған деп аталады. Шеткі нүктелері жoқ сызық тұйықталған деп аталады.
Біріктірілген сызықтар әрқайсысы тұйықталған немесе тұйықталмаған сызықтардан
тұратын бірнеше тармақтардан құралған объектілер.
10.2.Сызықтар және қолмен сызу мен Безье қҧралдары. Қолмен сызу құралы түзу
кесінділері мен сынған түзулерді және еркін формалы қисықтар сызу үшін қолданылады.
Қисық сызу үшін, құралды таңдағаннан соң, тышқан бағыттауышын сол жақ батырманы
басып тұрып жұмыс бетінде жылжытамыз. Түзу сызық сызу үшін құралды таңдаған соң
тышқанның сол жақ батырмасын кесіндінің басында және соңында шерту керек. (13-
сурет).
13-сурет. Қолмен сызу құралы кӛмегімен сызықтар сызу.
Безье құралы сызылатын қисықтың түйіндерінің орнын тағайындайды және сызу
барысында бағыттаушы нүктелерге әсер етіп, қисық формасын ӛзгертуге мүмкіндік
береді. (14-сурет).
қисықтың 1-ші нүктесін құру қисықтың 2-ші нүктесін құру
қисықтың 3-ші нүктесін құру қисықтың 4-ші нүктесін құру
қисықтың 5-ші нүктесін құру
14-сурет. Безье қисығы құралы кӛмегімен сызықтар сызу.
73
10.3. Суперсызық қҧралы "суперсызықтар" құрамындағы объектілерді салу үшін
қолданылады. Құралды таңдаған соң экранның сол жақ жоғарғы бұрышында қосымша
құралдар пайда болады. (показать рисунок) (дайын суреттер, шашыратқыш, кисть,
каллиграфия). (15-сурет).
Бұл қосымша құралдар тӛгілмелі тізімнен таңдалынған объектілерді қайталап салу
мүмкіндігін береді. (15-сурет).
15-сурет. Суперсызық құралының кӛмегімен сызықтар сызу.
10.4. Ӛлшемді жазу қҧралдары
Бейне масштабын тағайындау
Бейне масштабын Options сухбат терезесінің кӛмегімен тағайындалады. Ол терезе
View/Grid And Ruler Setup мәзірі бойынша ашылады. Терезеде Rulers қатпарын таңдап,
Edit Scale батырмасын басу қажет. Drawing Scale деген сухбат терезесі ашылады. Осы
терезенің басқару элементтері арқылы беттегі бейне ұзындығының бірлігіне сәйкес оның
шынайы ӛмірдегі бірлікке жақындатуға болады.
Ӛлшемді кӛрсететін сызықтармен жҧмыс
1,38"
#
Ӛлшемді жазу құралдарын ашу үшін графика панелінде ӛлшем батырмасын басу
қажет.
Горизонталь, вертикаль және кӛлбеу ӛлшемдерді кӛрсету ҥшін:
Dimension тӛбе құралдарының Vertical Dimension (Horizontal Dimension, Slanted
Dimension) батырмасын басу керек. «Snap To Object» (Объектілерге байлау) командасы
іске қосылып тұруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |