1. Топырақтану-ғылым ретінде,оның мақсаты мен міндеттері, топырақ туралы түсінік


Топырақтың сіңіру кешені және топырақтың сіңіру қабілеті



жүктеу 1,1 Mb.
бет77/88
Дата25.08.2020
өлшемі1,1 Mb.
#31349
түріҚұрамы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   88
Топырақтану ответ

65.Топырақтың сіңіру кешені және топырақтың сіңіру қабілеті

Академик К.К.Гедройц тұжырымдауы бойынша, топырақтың сіңіру қасиеті деп оның топырақ ішіндегі ерітінділірінің кейбір қосылыстарын, майда ұнтақталған минералды және органикалық қосылыстарды, микроорганизьдерді және ұнтақталмаған ірі заттарды өзіне сіңіріп, ұстап қалу мүмкіншілігін айтады. Қатты денелердің өзіне газдарды, парларды және еріген заттарды сіңіруін сорбция деп атайды.

Сіңіру оның тәсілдеріне қарай бірнеше түрлерге – механикалық, физикалық, химиялық, физика-химиялық немесе алмасулық және биологиялық сіңірулерге бөлінеді (К.К.Гедройц, 1933).

Топырақтың механикалық сіңіру қабілеті деп, оның сумен немесе желмен бірге келген әртүрлі заттардың топырақ кеуектерінде ұсталып қалуын айтады. Былайша айтқанда, топырақ кеуектері арасында елгезерге еленген кездегі ұннан қалған кебектер сияқты, топырақ арқылы өткен сулардан ұсталып қалған әртүрлі заттар.


Топырақтың физикалық сіңіруі деп, топырақ бөлшектерінің беткі қабатының топырақ ауасы мен ерітіндісінен кейбір молекулаларды сіңіру қасиетін (абсорбция) айтады.
Физика-химиялық сіңіру қабілеті деп қатты фазада сіңірілген катиондардың өзіне жұғысқан топырақ ертіндісіндегі катиондарға эквивалентті санына тең мөлшерде алмастыру қасиетін айтады

Химиялық сіңіру қабілеті (немесе хемосорбциялық) деп топырақ ертіндісіндегі әртүрлі компоненттердің әрекеттесуінің нәтижесінде суда ерімейтін немесе өте аз еритін тұнба түзілуін айтады. Мәселен карбонаттар мен гипстердің түзілуі.


Топырақтың биологиялық сіңіруі деп – топырақтың тірі бөлігі арқылы микроорганизмдер мен өсімдіктер тамырлары топырақ ертіндісінен әртүрлі заттарды сіңіруін айтады.
Осы сіңірулердің ішінде, топырақтың көп қасиеттеріне өзінің шешуші әсерін тигізетін сіңіру – топырақтың физика-химиялық немесе алмасу сіңіруі. Сондықтан академик К.К.Гедройц баса назар аударған болатын. Оның зерттеуі бойынша алмасу реакцияларына қатысы бар қосылыстарды топырақтың сіңіру кешені деп атайды. Топырақтың сіңіру кешеніндегі (ТСК) катиондар әр уақытта өзіне тең мөлшекрдегі басқа катиондарға алмаса алады.

Топырақтың сіңіру мүмкіндігі әртүрлі топырақтарда әртүрлі. Топырақ неғұрлым қарашірікке бай және механикалық құрамы ауырлау (балшықты) болса, соғұрлым оның сіңіру қабілеті де жоғары, ал топырақ қарашірікке кедей, құрамы жеңіл (құм, құмдақ) болса, оның сіңіру мүмкіндігі де шамалы болады.

Топырақ сіңіру кешені құрылысы. Топырақтың өз денесінде топырақ ерітіндісіндегі иондарды, ұсақталған минералдық және органикалық заттарды, тірі микроорганизмдерді, әртүрлі суспензияларды ұстап қалу қабілетін айтады. Топырақтың сіңіру процесіне қатысатын компоненттер жиынтығын К.К.Гедройц топырақ сіңіру кешені (ТСК) деп атады. ТСК-ның басым бөлігін топырақ коллоидтары құрайды.

Топырақтың сіңіру қасиеттерінің ішінде физика-химиялық сіңіру қабілеті оның құнарлығының қалыптасуында маңызды роль атқарады. Физика-химиялық сіңіру дегеніміз топырақтың қатты фазасының құрамындағы катиондарын топырақ ерітіндісіндегі катиондарына эквивалентті мөлшерде алмастырылуы.




жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау