1. Тіл туралы түсінік



жүктеу 0,75 Mb.
бет1/10
Дата07.12.2017
өлшемі0,75 Mb.
#3496
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1.Тіл туралы түсінік.


Тіл деген сөздің өзінде бірнеше мағына бар.

  1. Тіл – жан – жануарлардың дәмді сезетін және адамның сөйлеу дыбысын атқаратын мүшесі.

  2. Тіл – уақытты (минут пен сағатты) көрсетіп тұратын көрсеткіш.

  3. Тіл – адамдардың бір – бірімен қатынас жасайтын, өзара түсінісуіне мүмкіндік беретін

Тіл, ең алдымен, адамдар арасындағы қатынас құралы болғандықтан, ол белгілі бір адамдар арасында, қоғамда өмір сүреді де, сол ортада қоғамдық қызмет атқарады. Тілдің адамдар арасындағы қатынас құралы болуы деген сөз - адамның бір-біріне ойын жеткізіп, түсінік алуы, сөйтіп, бір-бірімен қатынас жасауы, сөйлесуі. Мысалы, мүғалімнің сабақ түсіндіруі, одан оқушының жаңа үғымдар арқылы білім алуы, түсінбегенін мұгалімнен сүрауы немесе оқушының сабақ айтуы, білгенін түсіндіруі, мүғалімнің сұрақ қоюы, оқушының оған жауап беруі - осының бәрі тілдің қатынас құралы болуы арқылы іске асады.
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл

Қазақ тілі түркі тектес тілдерге, соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады. Түркі тілінде сөйлейтін халықтар: қазак, қырғыз, өзбек, үйғыр, қарақалпақ, татар, башқұрт, қарашай, балқар, әзірбайжан, түрікмен, чуваш, саха, тува, хакас, алтай, құмық, га­гауз, т.б.

Қазақ тілі – Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге басқа туысқан республикаларда, сондай-ақ шетелдерде (Ресей, Қытай, Ауғанстан, Манғолия т.б.) тұратын қазақтардың ана тілі
Ана тілі

Ана тілі - бар білімнің кайнары,

Аталардың өсиеті пайдалы.

Алаканы мейірімді анаңның,

Үстазыңның жаркын жүзі - жайдары.
Ана тілім - тастамайтын әліппем,

Болғаным жок әріптерін танып мен.

Өз тілімді жаксы көру арқылы

Достасамын басқа барлык халықпен.



(Ә. Дәуренбеков)

2.Дыбыс және әріп


Алфавит
Дыбысты айтуға, құлақпен естуге, ал әріпті көруге және жазуға болады. Мәселен, бала, бор, қалам, сия сөздерін айтқанда, ондағы б, а, л, о, р, қ, м, с, и, я сияқты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің қатысумен жасалғандықтан, құлаққа еркін естіледі. Бұл сөздерді құрастырып тұрған ең кішкене бөлік – дыбыстар. Осыған орай сөздің ең кішкене бөлігін дыбыс дейміз.

Тілдің дыбыстық жүйесінің өзіне тән орнықты дербес заңдары бар. Мәселен, сөздерді айтып қана қоймаймыз, оны кейде дауыс жетпейтін жерге жеткізуге де тура келеді. Сөздерді ондай деңгейге жеткізу құралдары - радио, телеграф, телефон, және теледидар. Бұлар болмаған жағдайда қолданылатын әдіс – жазу, таңба.

Дыбысты белгілеу үшін қабылданған шартты белгіні әріп дейміз. Әр елдің өзіне тән дыбыстарды белгілейтін шартты белгісі болады. Мәселен, қазақ халқы өз тарихында көне түркі, араб, латын, орыс графикасына негізделген шартты белгілер - әріп таңбалар пайдаланды.

Қазір дүние жүзінде көп тараған жазудың түрлері - латын, орыс, араб, қытай жазуы үлгісінде жасалған таңбалар.

Сөзде дыбыс саны мен әріп саны үнемі бірдей болып келе бермейді. Мысалы, ащы (а-ш-ш-ы); аяқ (а-й-а-қ) сөздерінде, сондай-ақ орыс тілінен енген альбом, руль, съезд сөздерінде дыбыс санынан әріп саны артық. Әріптердің баспаша, жазбаша нұсқалары және олардың баспаша да, жазбаша да нұсқасының бас әріп, кіші әріп түрлері болады. Соны­мен бірге әр әріптің жеке тұрғандағы өз атауы бар. Әріптер белгілі бір жүйе бойынша, тәртіппен тізіледі. Осылайша әріптердің рет-ретімен тізілген жиынтығын алфавит дейміз.

Қазақ тілінде 42 әріп бар. Олар: Аа (а), Әә (ә), Бб (бэ), Вв (вэ), Гг (гэ), Ғғ (ға), Дд (дэ), Ее (йэ), Ёё (йо), Жж (жэ), Зз (зэ), Ии (и), Йй (қысқа й), Кк(ка), Ққ,(қа),Лл (эл), Мм (эм), Ни (эн), Ңң(эң), Оо(о), Өө(ө),Лп(пэ),Рр(эр), Сс(эс), Тт (тэ), Уу(у), Ұұ(ұ), Үү(ү), Фф (эф), Хх (ха),һһ (һа), Цц(цэ), Чч (чэ), Шш (ша), Щщ (ща), ъ (айыру белгісі), ЬІы (ы), Іі (і), ь (жіңішкелік белгісі), Ээ (э), Юю (йу), Яя (йа).

Алфавит деген сөз — грек алфавитінің алғашқы екі әрпінің қосындысы, яғни альфа - грек әріптерінің бірінші әрпі де, бета екінші әрпі болып табылады. Кейін осы сөздер жазу жүйесінде белгілі бір тәртіппен тізілген әріптер жиынтығы бөлып, алфавит деп аталып кеткен.

Алфавитті дұрыс білудің жазба тіл үшін, күнделікті өмір үшін және еңбек процесін жеңілдетуде практикалық мәні аса зор. Мәселен, сынып оқушыларының тізімі және адамдардың аты жазылған барлық тізімдер алфавит ретімен жазылса, алфавитті жақсы меңгерген адамдар ғана оны жеңіл пайдаланады. Сондай-ақ, басқа тілді меңгеруде түрлі сөздіктермен жұмыс істейтін адамдар үшін де алфавитті дүрыс меңгерудің мәні ерекше. Сөздікпен жұмыс істейтін адамдарға ондағы сөздердің түзілу принципін білген жөн. Мәселен, бірінші әріп біркелкі әріптен басталған сөздер алфавиттік ретпен беріледі, олардың екінші, үшінші әріптері де реттілікті сақтайды. Мұны сөздердің ішкі алфавит тәртібі деп атайды. Мәселен:

қабақ — қас пен кездің арасы;

қабан — жабайы шошқа және еркегі;

қабат - қатар, рет, дүркін;

қағаз - ағаш, шүберек массасына жасалған жазуға арналған зат.

қада - діңгек;

қаз - қүс.

Мүндағы сөздердің басқы әрпі мен екінші әріптері алфавит тәртібін сақтаған.

1. Төмендегі сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп көшіріңдер. Алфа­вит тәртібін сақтап, сөз ішіндегі ешқандай дыбыстық мәні жоқ әріптерді көрсетіңдер.

Қала, жер, орындық, сары, адам, щетка, балык, вагон, иық, ілгек, фабрика, заң, ән, ұршық, өрік, парта, лашын, чех, разъезд, дүйсенбі, тарақ, мал, нан, химия, съезд, бас, альбом, эпос, қол, руль, цирк, яғни, юрист, қаһарлы, щи, біз, фильм, ыстық, үлкен, акт, педагог, грамматика, түз, әкім, сырнай, осы, сіңір, бет, шолақ, асфальт, география, етік, тың, фонетика, жұлдыз, табыс.



жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау