Тұжырымдар есептелімінің құруда келесі кезең дәлелденетін (шығарылатын) формулалардың класын бөліктеу болады.
Дәлелденетін формула анықтамасы формулалар анықтамасы сияқты. Алдымен бастапқы дәлелденетін шығарылатын формулалар (аксиомалар) анықталады, ал содан кейін бар дәлелденетін формулалардан жаңа дәлелденетін формулаларды алуға мүмкіндік беретін шығару ережелері анықталады. Бастапқы дәлелденетін формулалардан шығару ережелерін қолдану көмегімен жаңа дәлелденетін формуланы алу процесі берілген формуланы аксиомалардан шығаруы (дәлелдеуі) деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |