Сабақтың тақырыбы: Құралдар тақтасымен жұмыс. Орын ауыстыру, айналдыру. Айнаға шағылысу, пропорция өзгерісі. Қабырға тұрғызу әдістері. Негізіг материал: Пайдаланушы интерфейсі



жүктеу 197,5 Kb.
бет1/8
Дата19.01.2022
өлшемі197,5 Kb.
#33572
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Құралдар тақтасымен жұмыс. Орын ауыстыру, айналдыру


Сабақтың тақырыбы: Құралдар тақтасымен жұмыс. Орын ауыстыру, айналдыру. Айнаға шағылысу, пропорция өзгерісі. Қабырға тұрғызу әдістері.

Негізіг материал:

Пайдаланушы интерфейсі. AutoCAD жүйесінің Жұмыс столы төмендегілерден тұрады (4 сурет):

а) төмен түсетін менюлер – экранның ең жоғарғы жолы;

б) міндетті емес құралдар тақталары:

1) стандарт  құралдар тақтасы – екінші жол;

2) объектілер қасиеттері тақтасы – үшінші жол;

3) әртүрлі құралдар тақталары (4 суретте үш тақта көрсетілген);

4) қалып жолы –төменгі жол;

5) командалар жолының терезесі – қалып жолының алдында;

6) міндетті емес экрандық меню – суретте көрсетілмеген ;

7) жұмыс столының барлық қалған бөлігін қамтитын сызба өрісі




Құралдар тақталары  

Қ ұралдар тақталарында AutoCAD командалары пиктограммалар түрінде келтірілген. Курсорды пиктограмманың бойымен жылжыту барысында, курсордың астында кішкентай төртбұрыштың ішінде команданың аты пайда болады.

Егер пиктограмманың оңжақ төменгі бұрышында кішкентай қара үшбұрыш кескінделсе, онда пиктограммада ұқсас командалар жиынтығынан тұратын  қосымша менюі бар. Қосымша менюді шақыру үшін «мыштың» сол жақ кнопкасын басып, курсорды пиктограммада біраз уақыт ұстау қажет.

Құралдар тақталары жылжымалы (float) немесе белгілі бір орынға бекітілген (dock)  болуы мүмкін. Бекітілгендермен салыстырғанда, жылжымалы тақталарды сызба өрісінде жылжытуға және өлшемдерін өзгертуге болады (5 сурет). Жылжымалы тақтаны сызба өрісінен тысқары шығару арқылы, бекітілген түрге айналдыруға болады. Бекітілген тақта сызба өрісіне сүйреп әкелінсе, онда ол жылжымалы тақтаға айналады.

AutoCAD-ты бірінші рет қосқанда экранда тек төрт қана құралдар тақтасы болады:  Standard Toolbar (Стандартная), Object Properties (Свойства объектов),  Draw  (Рисование) және Modify (Редак­тирование). Жұмыс столына қажетті құралдар тақтасын шығару үшін, 6 суретте көрсетілген  Toolbars (Пане­ли) диалогтық терезеден қажетті тақтаның атын көрсетсе жеткілікті.

      Бұл диалогтық терезе View (Вид)   Toolbars... (Панели...) төмен түсетін менюінен немесе экранда «мыштың» оңжақ кнопкасын құралдар тақтасының фондық аймағында басу арқылы шығарылатын контексті менюдің  Customize... (Адаптация...) пунктінен шығарылады

( 7 сурет).

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

  



Қажетті құралдар тақтасын 8 суретте көрсетілген тізімнен таңдаған ыңғайлы. Бұл тізімді шығару үшін құралдар тақтасының кез-келген пиктограммасында тұрған «мыштың» оң жақ кнопкасын басса жеткілікті.

 Тақтаны алып тастау үшін оны «қалқымалы» ету қажет, егер ол бекітілген болса. Сонан соң тақтаның жоғарғы оңжақ бұрышындағы кнопканы басса жеткілікті.



Стандарт құралдар тақтасы


жүктеу 197,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау