Маркетингтік зерттеу жоспарлары зерттеу дизайнына байланысты іздеу және қортынды болып бөлінеді. Іздестірушілік зерттеулер маркетингтік зерттеулердің проблемаларын түсінуге көмектесетін, ақпараттарды жинау және идеяларды туындатуға бағытталған. Ол нақты жұмыс гипотезін көрсететін проблемалардың кең және белгісіз тұжырымдамаларын шағын және нақты тұжырымдалған шағын проблемаларға бөлу үшін қолданады.
Қортынды зерттеулер нақұты жағдайдағы басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін іс-әрекеттің ең жақсы баламасын анықтауға, бағалауға және таңдауға бағытталған.
Суреттен көріп отырғанымыздай қортынды зерттеулер дескритивті және каузалды болып бөлінеді, ал біріншісі профилді және қайталанбалы болады.
8.Тақырып: Маркетингтік зерттеулерді жоспарлау.
Мазмұны: Маркетингтік зерттеулер типтерінің өзара байланысы. Маркетингтік зерттеулерді жүргізу шараларын тұрақтандыру. Маркетингтік зерттеу типтері арасындағы байланыс
Зерттеудің белгілі бір түрін таңдауға тәуелсіз маркетолог қателіктердің потенциалды(әлеуетік) көзін барынша азайтуға тырысу керек:(іріктеменің қателігі және жүйелі қателікті (бақылау қателігі (зерттеуші, интервъюр және респондент) және бақыламау қателігі) Өлшеу шкалаларын құру және жұмыс құжаттарын жасау. өлшеу әдісін (алдын-ала анықталған ережелер бойынша объектілер сипаттамасының басқа символдары мен санына ие болу) әдісінжәне сипаттамасының басқа символдары мен сандарына ие болу) әдісін және шкалалау (өлшенетін объект орналасқан жалғаспалы рет жасау) әдістерін таңдауды білдіреді.
Шкалалаудың негізгі 4 типі болады:
Номиналды- сандар мен объектілер арасындағы сәйкестікті, бір-біріне сәйкес болуын қатаң объектілерді анықтау және жіктеу үшін құлақша қағаз (ярлык) немесе белгі (метка) ретінде қызмет ететін сандардан тұратын реттелмеген шкала. Мысалы: «Сіздің жанасыңызды көрсетіңіз: ер адам немесе әйел адам»
Ретті-белгілі бір объектілердің кейбір сипаттамасы көрсетілуін көрсету үшін объектілерге берілген сандардың рангті шкаласы. Осы шкала көмегімен белгілі бір рет немесеқатаң жалғаспалы ретті орнатуға болады. Мысалы «Ұялы телефонды таңдау кезінде сіз жетекшілік ететін критерилердің маңыздылық дәрежесі бойынша саралаңыз: бағасы, байланыс сапасы, қосымша қызметтер, сервистік қызмет көрсету»
Интервалды-өлшенетін сипаттамалардың мағнасы арасындағы тең аралыты көрсететін тең аралықтың сандық шкаласы. Мысалы: санатория-курортты қызмет көрсету сапасын бағалау: көзделген деңгей (4,6-5 балл), толеранттылық зонасы (3,6-4,5 балл), сайма-сайлы (теңдестік адеквантность) зона (2,6-3,5 балл) және қанағаттанбау зонасы (2,5 баллдан төмен)
Қарым-қатнас шкаласы- (салыстырмалы шкала) – нөлдік нүктеге ие шкала, сондықтан оның көмегімен алынған нәтежиелердің сандық салыстыру жүргізуге болады. Мысалы сату көлемін, шығындарды, нарық үлесін және сатып алушылар санын өлшеуге болады.
Маркетингте шкалалаудың 2 әдісі қолданылады:
салыстырмалы – реттеу, қостау арқылы салыстыру, тұрақты соммамен Q-сорттау және басқа да тәсілдер.
Салыстырмалы емес-үздіксіз рейтенгтік шкалалар және нақтыланған рейтенгтік шкалалар (Лайкерт шкаласы, семантикалық дифференциал, Стэппел шкаласы)
9 .Тақырып: Маркетингтік зерттеулерді жүргізу үрдісі.
Мазмұны: Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің негізгі кезеңдері. Зерттеулер тұжырымдамасын әзірлеу. Мәселені айқындау. Маркетингтік зерттеулердің әдістемесін жоспаралу. Талдаулық моделдерді құру. Олардың нысаны. Маркетингтік зерттеулер әдістемесін жоспарлау. Маркетингтік зерттеулердің объектісін және пәнін айқындау. Маркетингтік зерттеулердің мақсаттары және жұмыс гипотезасын әзірлеу. Маркетингтік зерттеулердің мақсаттары: іздеу, сипаттаушы, себеп-салдарлық. Маркетингтік зерттеулердің релевантты сипаттамаларын бөліп көрсету және міндеттерін белгілеу. Маркетингтік зерттеу нәтежиелерінің тиімділігі ақпараттарды жинау нақты және дұрыс тұжырымдамаға байланысты.
Маркетингтік зерттеу тұжырымдамасы проблеманы нақты анықтаудан, зерттеу әдістемесі жоспарлаудан, аналитикалық моделдерді құрастырудан, зерттеу объектісі мен құралын анықтаудан, жұмыс гипотезасы мен мақсатын анқытаудан, релевантты сипаттамаларын бөлуден тұрады.
Маркетингтік зерттеу проблемасының идентификациясы маркетингтік зерттеудің бірінші кезеңінің негізгі пункті болып табылады. Проблема – бұл:
шешуді қажет ететін күрделі сұрақ, кейбір жағдайлардың қарама-қайшылығы;
нақты жағдайдың көзделген жағдайға сәйкес келмеуі;
маркетингтік мақсаттарға жету жолындағы қарама-қайшылықтар.
Зерттеу әдістемесін жоспарлау. Маркетингтік зерттеу зерттеу жоспарын жүргізу және тұжырымдамасын жасаудың ғылыми-негізделуі мақсатында теориялық-әдістемелік базаларды пайдалануға негізделуі керек. Зерттеу әдістемесі келесідей міндеттерді шешуге бағытталған:
тұжырымдаманы қалыптастыру және негізгі ауыспалыларды бөлу- проблемалы жағдайдың көзі болып табылатын, процестерді түсіну мен әдістемелік негізін қамтамасыз етеді.
негізгіауыспалыларды операциялау – маркетолог нақты жағдайды көрсететін теориялы негізделген ауыспалыларды қолдана алады
маркетингтік зерттеу типін таңдау – теориялық себепті-салдарлы заңдылықтар маркетингтік зерттеудің себепті немесе дескриптивті типін таңдауға мүмкіндік береді.
Іріктемелі бақылау типін анықтау- әдістеме негізінде бас жиынтық, іріктеме, іріктеме бірлігі, іріктеме шегі, іріктеме типі мен әдісі
10.Тақырып: Маркетингтік зерттеулерді жүргізу үрдісі.
Мазмұны: Маркетингтік зерттеулердің жоспарын құру. Маркетингтік зерттеулердің жоспарының жіктелуі. Іріктеме, шкалалауды жоспарлау және бюджетті құру түсініктері. Ақпаратты жинау. Далалық зерттеулер персоналын даярлау. Таңдау. Дайындық, ақпаратты талдау және маркетингтік зерттеулердің нәтежиесі бойынша есептемесін әзірлеу.
Маркетингтік зерттеу процесінің екінші кезеңі зерттеу жоспарын жасау, іріктемені жоспарлаудан тұрады.
Маркетингтік зерттеу жоспары – маркетингтік зерттеу проблемасын шешу немесе қажетті ақпараттарды жинауға бағытталған, зерттеу тұжырымдамаларын жүзеге асыру әдістері көрсетілген негізгі құұжат. Оны жасау келесі бағыттар бойынша негізгі процедуралы шараларды зерттеу әдістемесі мен техникасы, жұмысты орындау кестесі мен оны орындауға жауаптыларды тіркеуді қажет етеді:
зерттеу тұжырымдамасын анықтау;
маркетингтік зерттеу типін таңдау – іздеушілік, дискриптивті және каузалды;
өлшеу және шкалалау процедураларын анықтау;
анкета жасау және ақпарат жинау үшін сауалнама жүргізу;
іріктеме процесі мен оның көлемін анқытау;
дала жұмыстарын жүргізу жоспарын жасау және мәліметтерді талдау;
Іздеушілік зерттеу маркетингтік зерттеу проблемасын түсінуге көмектесетін идеяларды генерациялау мен ақпарат жинауға бағытталған. Ол ірі және белгісіз проблемаларды, шағын нақты проблемаларға бөлуде қолданылады.
Қортынды зерттеу белгілі бір жағдайда басқарушылық шешім қабылдау үшін іс-әрекеттің ең дұрыс вариантын бағалау, анықтау және таңдауға бағытталған.
11. Тақырып: Маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру және этика
Достарыңызбен бөлісу: |