5-сұрақ бойынша: патша өкіметінің жазалаушы әскерлерінің қазақ даласындағы қанқұйлы әрекеттері, жазалау шараларының түрлері мен салдары, қазақтардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының алғашқы толқыны, көтерілістің тарихи маңызы туралы қарастыру, кеңестік кезеңдегі және тәуелсіз Қазақстан тарихнамасындағы 1916 ж. көтерілісті бағалау жөніндегі көзқарастарға талдау жасау.
6-сұрақ бойынша: 1917 жылдың жазындағы саяси дағдарыс, «Алаш» партиясының бағдарламасы, Жалпыресейлік Құрылтай Жиналысына депутаттар сайлау, Алаш партиясының жеңісі, ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә.Н.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойының атап өтілуі, Алаш қозғалысының 100 жылдығы: ұлттық интеллигенцияның саяси, мәдени-ағартушылық қызметіне жаңа көзқарастың қалыптасуы туралы қарастыру.
Әдебиеттері:
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. – Алматы: «Атамұра», 2017 (электрондық нұсқа).
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Атамұра», 2017 (электрондық нұсқа).
Достарыңызбен бөлісу: |