Әдістемелік нұсқаулары:
1-сұрақ бойынша: КОКП-ң әміршіл-әкімшіл басшылық рөлі мен М.С.Горбачевтың демократиялық реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық, ұлттық шиеленістер, экономикалық дағдарыстар, елді басқарудағы елеулі өзгерістер және реформаторлық бағыттың біртіндеп үстемдік алуы, қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсері, экономикалық тәуелсіздікке жету шараларының жартыкештігі туралы қарастыру.
2-сұрақ бойынша: Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметі, Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері, партиялық басшылықтың бастамасымен жастарға және зиялы қауым өкілдеріне қарсы бағытталған қуғын-сүргіннің қайта өршуі туралы талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |