1 практикалық жұмыс


Еңбекті қорғау бойынша негізгі заңдық құқықтық актілер



жүктеу 49,87 Kb.
бет9/10
Дата19.05.2020
өлшемі49,87 Kb.
#30518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1 прктикалық жұмыс еңбек қорғау

Еңбекті қорғау бойынша негізгі заңдық құқықтық актілер


      Еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау туралы заң Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Pecпубликасындағы еңбек туралы" Қазақстан Pecпубликасының Заңына негізделеді және осы Заңнан әрi еңбек қауіпсiздігi және еңбектi қорғау саласындағы өзге де норма құқықтық актiлерден тұрады.
  

Осы заңда мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады:


      1) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндiрiстік объектiлердi, цехтарды, учаскелердi, оларда орындалатын жұмыстардың қауіпсіздік, зияндылық, ауырлық, қауырттылық, еңбек гигиенасы жай-күйін және өндiрiстiк орта жағдайларының еңбек жағдайларының нормативтерiне сәйкестігiн айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет;
      2) еңбек қауіпсiздiгi - еңбек процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етілген қызметкердiң қорғалу жай-күйi;
      3) еңбектiң қауiпсiз жағдайлары - қызметкерге зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi болмайтын немесе олардың әсерiнің деңгейi қауiпсiздiк нормаларынан аспайтын еңбек жағдайлары;
      4) өндiрiстік жабдықтың қауiпсiздігі - өндiрiстiк жабдықтың берiлген функцияларды нормативтік-техникалық және жобалау құжаттамасында белгiленген жағдайларда орындауы кезiнде еңбек қауіпсiздiгiнің талаптарына сәйкестiгiн сақтау ерекшелігi;
      5) өндiрiстік процестiң қауiпсiздiгi - өндiрiстiк процестiң нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауiпсіздігінiң талаптарына сәйкестігiн сақтау ерекшелігі;
      6) зиянды өндiрiстiк фактор - белгiлi бiр жағдайларда оның әсерi қызметкердiң сырқаттануына немесе еңбекке қабiлеттілiгiнің төмендеуiне және (немесе) ұрпағының денсаулығына керi әсер етуге әкеп соқтыруы мүмкін өндiрiстік фактор;
      7) еңбек гигиенасы - қызметкерлердiң денсаулығын сақтау, өндiрiстiк ортаның және еңбек процесiнiң қолайсыз әсерiнің алдын алу жөніндегі санитарлық-гигиеналық шаралар мен құралдар кешенi;
      8) еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі мониторинг -  өндiрiстегі еңбек қауiпсiздiгінiң және еңбектi қорғаудың жай-күйiн қадағалау жүйесi, сондай-ақ республикадағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жай-күйiн бағалау әрi болжау;
      9) өндiрiстегi жазатайым оқиға - нәтижесiнде қызметкердiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн немесе жұмыс берушінің тапсырмасын орындау кезiнде жарақаттануына, денсаулығының күрт нашарлауына немесе қатты кәсiби ауруға (улануға) шалдығып, кейiннен оны уақытша немесе тұрақты еңбек ету қабiлетiнен айрылуына не өлiмiне әкеп соқтырған өндірістік фактордың қызметкерге әсер ету оқиғасы;
      10) қауiпсiздiк нормалары - қауiпсiздіктiң барлық түрлерін (өндiрiстiң, жабдықтардың, өндiрiстiк процестiң, еңбектiң қауіпсіздігі) қамтамасыз ету тұрғысынан өндірiс жағдайларын, өндiрiстiк және еңбек процесiн сипаттайтын көрсеткіштердің сандық мазмұны;
      11) еңбек жағдайларының нормативтерi - бұл еңбектiң қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін эргономикалық санитарлық-гигиеналық және психофизиологиялық талаптары бар нормативтер;
      12) қауіптi өндiрiстік фактор - әсерi белгiлі бiр жағдайларда қызметкердің уақытша немесе тұрақты еңбек ету қабiлетiнен айрылуына (еңбек жарақаты немесе кәсіптiк ауру) немесе өлiмiне әкеп coқтыруы мүмкiн өндiрiстік фактор;
      13) еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын-алу, оңалту және өзге де iс-шаралар мен құралдардан тұратын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмiрi мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе;
      14) өндiрiстік жабдықтар - машиналар, тетіктер, аппараттар мен жабдықтар;
      15) өндiрiстік санитария - зиянды өндiрiстiк факторлардың қызметкерлерге әсер етуін болғызбайтын немесе оның әсерін азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру iс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесi;
      16) кәсiби ауру - қызметкердiң өзiнiң еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуiнен болған созылмалы немесе қатты ауру;
      17) жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметi процесінде өзінің еңбек міндеттерiн орындау кездегi тұрақты нeмece уақытша болатын орны;
      18) арнаулы киiм - қызметкердi зиянды және қауiптi өндiрiстік факторлардан қорғауға арналған киiм, аяқ киiм, бас киiм, қолғаптар;
      19) жеке қорғану құралдары - қызметкердi заңы және (немесе) қауiптi өндiрiстік факторлардың әсерiнен қорғауға арналған құралдар;
      20) ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс iстеп жатқан екі немесе одан да көп адамдарды зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен бір мезгiлде қорғауға арналған техникалық құралдар;
      21) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi - еңбек жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның мемлекеттiк мекемесiне ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалары;
      22) еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган - еңбек қатынастары саласындағы өкiлеттікті Қазақстан Pecпубликасының заңына сәйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      23) еңбек қауiпсiздiгiнің жағдайлары - еңбек процесінде адамның денсаулығы мен жұмысқа қабiлеттiлiгiне әсер ететiн өндiрiстiк opтa және еңбек процесі факторларының жиынтығы.
 Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заңның күші Қазақстан Pecпубликасының азаматтарына, Қазақстан Pecпубликасында еңбек қызметiн жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
      2. Жұмыс берушiлер мен қызметкерлер арасында еңбек қатынастары туындаған кезде еңбек қауіпсіздігінің және еңбектi қорғаудың талаптарын олардың бәрi орындауға міндеттi.
      3. Жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушiлердің актілерiнде көзделген жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайлары осы Заңда көзделген еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жағдайларынан төмен болмауға тиiс.
    Еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау саласындағы заңдар талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты мемлекеттiк бақылау нәтижелерi бойынша құқықтық әсер ету шараларын қабылдау мақсатында мемлекеттiк еңбек инспекторлары мынадай актiлер шығарады:
     Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдары талаптарының бұзылуын болдырмау туралы;
      еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектілерге аттестаттау өткізу туралы;
      өндірiстік объектiлер мен өндiрiстiк жабдықтарда, сондай-ақ өндiрiстiк процестерде жарақаттану қаупі және апаттық жағдайлар туындауын болдырмау үшiн еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жөнiнде профилактикалық жұмыстар жүргізу туралы;
      жекелеген өндiрiстерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындары мен жабдықтарды қызметкердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайларда соттың шешiмiнсiз 3 күннен аспайтын мерзiмге, көрсетiлген мерзiмде міндетті түрде сотқа талап арыз берiп, пайдалануға тыйым салу және тоқтата тұру туралы нұсқама. Бұл ретте қызметтi тоқтату немесе тыйым салу туралы акт анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейiн немесе сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады;
      Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңдары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершіліккe тарту туралы қаулы.
      Актілердің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібiн еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттік орган бекiтедi.





  1. жүктеу 49,87 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау