Тест тапсырмалары
1. Информатика ғылымы деп -
а) техникалық тасымалдаушыға ақпараттарды орналастыруды айтамыз;
ә) ЭЕМ-нің көмегімен ақпаратты жинақтау, өңдеу, сақтау үрдісін айтамыз;
б) оқу процесінде компьютерді пайдалануды айтамыз;
2. Ағылшын тіліндегі компьютер сөзінің мағынасы
а) электрондық ақпарат;
ә) электрондық – сәулелі түтікше;
б) есеп шығарушы адам;
Ақпараттың неше қасиеті бар?
а) 4 ә) 3 б) 2
Кеңсенің есептерін механикалық тұрғыдан есептеуге арналған арифмометрді жасаған кім?
а) Г.Лейбниц ә) Б. Паскаль б) Ч.Бэббидж
Төрт арифметикалық амалдарды автоматты түрде орындайтын бірінші машина қай ғасырда пайда болды?
а) XVII ғасырда
ә) XVIII ғасырда
б) XV ғасырда
Немістің философы және математигі Готфрид Лейбництің машинасы қалай аталады
а) IBM
ә) ENIAK
б) Лейбництің тісті дөңгелегі
Ағылшын математигі Ч.Бэббидж "Аналитикалық машина" деп аталатын программаланатын автоматты есептеу құрылғысының нұсқасын қай ғасырда жасады?
а) XIX ғасырда
ә) IX ғасырда
б) X ғасырда
IBM фирмасының негізі болатын фирманы ашқан кім?
а) Г.Холлерит
ә) Ч.Бэббидж
б) Норберт Винер
ENIAK машинасы қай жылы құрастырылды?
а) 1946-1949
ә) 1943-1946
б) 1940-1943
Алғашқы есептеуіш машинаны ойлап шығарған:
а) Джордж Буль
ә) Норберт Винер
б) Чарльз Бэббидж
Бақылау сұрақтары
Адамда қандай сезім мүшелері бар?
Адам ақпаратты қандай түрде қабылдайды?
Байланыс тілі деп нені айтады?
Бит, байт деген не?
Қандай процесті ақпараттық процесс дейді?
Кестені толтыр
Нысан
|
Ақпарат түрлері
|
Сезім мүшелері
|
Хат жазу
|
көру
|
көз
|
Торт
|
дәм сезу
|
тіл
|
Картина
|
|
|
Бақылау жұмысы
|
|
|
Кітап
|
|
|
Радио тыңдау
|
есту
|
құлақ
|
Тұз
|
|
|
Телехабар
|
|
|
Әтір
|
|
|
Ребусты шеш
№2 Практикалық жұмыс
Тақырыбы: ЭЕМ-нің негізгі мүмкіндіктері
Мақсаты:
Жаңа типті арнаулы компьютер құрылымын меңгерту
Компьютердің негізгі құрылғыларының мәні мен жұмыс істеу тәртібін пысықтау
Пернетақта прнелерінің қызметтерін меңгерту
Тапсырмалар
1. Компьютер құрылғыларының аталуын жаз
2. Пернетақтамен жұмыс жасау мүмкіндіктері:
Қызметіне сәйкес пернелерді жаз
Енгізу пернесі -
Бос орын пернесі -
Курсордың алдындағы символды өшіру пернесі -
Жазба әріптерді баспа әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылатын перне -
Егер оны бір рет басса, баспа (үлкен) әріптер теріледі, ал оны екінші рет басса, кіші әріптер теріледі. Бұл қандай перне?-
Меңзердің оң жағында тұрған символды өшіру пернесі-
Меңзерді жолдың басына ауыстыру пернесі -
Меңзерді жолдың соңына ауыстыру пернесі -
Бір бетке жоғары жылжыту пернесі -
Бір бетке төмен жылжыту пернесі -
Тест тапсырмалары
1. Компьютермен жұмыс жасау үшін қажетті құрылғылар жиынтығы
а) принтер, жүйелік блок, пернетақта
ә) жүйелік блок, монитор, пернетақта
б) жүйелік блок, диск енгізгіш, тышқан
2. Қате енгізілген символдарды өшіру пернелері
а) Backspace, Del
ә) Enter
б) Shift, Ctrl
3. Жаңа абзацты бастау үшін
а) Shift
ә) Backspace
б) Enter
4. Монитор не үшін қажет?
а) экраннан ақпаратты енгізу үшін
ә) мәтіндік және графикалық ақпараттарда көрсету үшін
б) ақпаратты өңдеуге даярлау үшін
5. Пернетақта не үшін қажет?
а) символдарды енгізу үшін
ә) компьютерді басқару мен таңбалы мәліметтерді енгізу үшін
б) ақпаратты қатты дискіден енгізу үшін
6. Курсордың алдында орналасқан таңбаларды жоюға арналған батырма
а) Shift
ә) Backspace
б) Enter
7. Ақпаратты сақтайтын жабдыққа не жатады?
а) Принтер
ә) қатты және иілгіш магнитті дискілер
б) монитор
8. Компьютерге ақпаратты енгізу жабдығы
а) жүйелік блок
ә) пернетақта
б) принтер
9. Компьютердің қандай құрылғысы адам өміріне қауіпті?
а) монитор
ә) принтер
б) пернетақта
10. Меңзердің оң жағында орналасқан символды өшіру үшін қандай пернені қолданамыз?
а) Delete
ә) Backspace
б) Enter
Бақылау сұрақтары
Компьютер құрамына енетін негізгі құрылғыларды атаңыз.
Ақпараттарды енгізу-шығару құрылғыларын атаңыз.
Жадтың сыртқы тасушыларын атаңыз.
Монитордың мүмкіндігі деп нені айтамыз?
Енгізу, шығару құрылғыларының қызметі қандай?
Процессор не үшін қажет?
Жедел жад, тұрақты жад, сыртқы жад дегенді қалай түсінесіз?
CD-ROM құрылғысы не үшін қажет?
Иілгіш алмалы-салмалы дискілермен ақпарат қалай тасымалданады?
Ребусты шеш
№3 Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Операциялық жүйелер
Мақсаты:
Операциялық жүйелер қызметін пысықтау
MS Window операциялық жүйесінің негізгі объектілерінің қызметтерін меңгерту
Тапсырмалар
Ақпараттық диктант
2. Дискілердің қызметтеріне сипаттама беріңіз.
Дискілердегі ақпараттарды өшіру, көшіру, сақтау әрекеттері қалай жүргізіледі?
Достарыңызбен бөлісу: |