1 Оқушыларды мәтінді есептер шығаруға үйретудің психологиялық-педагогикалық мәселелері



жүктеу 0,99 Mb.
бет3/6
Дата22.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#34599
1   2   3   4   5   6
00058ba2-ae971c27

Жауабы: 22,5%
Есеп. Жүк машинасымен 10 км қашықтыққа тасымалдағанда жұмсалатын толық шығын 750 теңге, ал 30 км қашықтыққа тасымалдағанда - 1500 теңге. Жүк тасымалдағанда жұмсалатын толық шығынды сипаттау үшін сызықтық функцияны құрыңыз. Жүкті 24 км қашықтыққа тасымалдау шығынын анықтаңыз.

Шешуі:


Ізделінді түзудің екі нүктесі берілген. А(10; 750), В(3;1500).

Екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуінің формуласын құрамыз.



Жүкті 24 км қашықтыққа тасымалдау шығынын анықтаймыз.



у = 37,5 ·24 + 375 =1275

Жауабы: 1275 теңге

Оқушылардың жақын әрі қол жететін фактілермен жұмыс істеуі өз кезінде олардың танымдық және бағалау тәжірибесін байытуға жағдай жасайды, оқушылардың сезімі мен көңіл күйіне әсер етіп, бұл фактілерді терең меңгеруіне, жақын қабылдауына ықпал етеді.

Есеп. Жанұя мүшелері екі бөлмеге орналасқан. Әрбір бөлменің ұзындықтары 5,2 м, бір бөлменің ені 3,6 м, екінші бөлменің ені 4,4 м. Жалпы жанұя тұратын бөлменің ауданын анықтандар.

2. Белсенді ойлау әрекетін ұйымдастыру немесе есеппен жұмыс істеуге шығармашылық элементтерін енгізу әдіс-тәсілдеріне, фактілеріне сәйкес материалға оқушылардың назарын аудару.



Есеп. Екі топтың балалары 60 жәшік алмұрт жинаған. Оны мектеп асханасына өткізгенде біреуінің жинаған 9 жәшік алмұртының салмағы екіншілер жинаған үш жәшіктің салмағындай болған. Әрбір топ қанша жәшіктен жинаған? Жауабы: I топ - 15 жәшік, II топ - 45 жәшік.

Есептердің шешімі оқушылардан сипатталған оқиғаның математикалық моделін құра білуді, сызықтық теңдеулер жүйесін шешуді ғана емес, сондай-ақ алдын ала шамалар арасындағы тәуелділікті белгілеуді, жетпейтін мәліметтерді анықтауды, оларды анықтамалық әдебиеттерден табуды, онымен есептер мазмұнын толықтыруды талап етеді. Осындай есептерді шығару балалардың үлкен қызығушылығын тудырады, олардың ойын онда қарастырылып отырған экономикалық мәселеге аударып, экономикалық ойлауының қалыптасуына әсерін тигізеді.

3. Есептің сұрағы оқушылардың назарын қажетті аспектіге аударатындай, қарастырылған мәселеге өз пікірін немесе қарым-қатынасын білдіруге, өзіндік ой түюге итермелейтіндей етіп қойылады.

Мысалы, оқушыларға мынандай есептер ұсынуға болады:

1. Бір бөлмелі пәтердің құрылысына мемлекет 420000 теңге жұмсайды. Елдегі орташа пәтерақы 1 м2 алаңға 14 теңге. Ауданы 20 м2 болатын бір бөлмелі пәтердің бір жылдағы, он жылдағы, жиырма жылдағы пәтерақысын есептеп шығарыңдар. Көрсетілген пәтерақы бойынша 420000 теңгені неше жылда төлеп шығуға болады?

2. Біз асханадан сатып алатын бір тілім нан 1 теңге түрады, салмағы - 80 грамдай болады. Егер бір тілім нанның әрқайсысының 1/4 бөлігін тастасаңдар, біздің мектеп оқушылары бір жылда қанша нан рәсуә етеді? Сендер бір күнде пайдаланылатын нанның канша пайызы ысырап болады?



Мұндай есептерді шешу оқушылардан жоспарлы материалды меңгеру ғана емес, күнделікті өмірде кездесетін бірқатар мәліметтерді (мектептегі оқушылар саны, бір жылдағы күн саны, тәуліктегі пайдаланылатын нан көлемі) білуді де талап етеді.

Мектеп курсының "Проценттер", "Арифметикалық орта","Диаграмма", "Графиктер" және т.б. тақырыптарының қолданбалы бағытын күшейтудің кейбір әдістемелік аспектілеріне тоқталайық.

Есеп мазмұны шаруашылықта жиі кездесетін процентке берілген мәтіндік есептерден басқа "Проценттер" тақырыбы бойынша 5-9 сыныптардың бүкіл математика курсында қайталауға арналған жаттығулар қолданбалы бағдардағы есептермен толықтырылды. Мысалы, оқушыларға бірнеше шама (бес жыл ішінде алынған мұнай, зауыттың рентабельділігі, 1 га-дан астықтың түсімі және т.б.) ұсынылады. Олардың ішінен процентпен көрсетуге болатындарын алу керек. Есепті тексергенде балалар әр түрлі мысалдар қарастырып соның негізінде ойларын жинақтап, мысалы еңбек өнімділігінің артуы, уақытты үнемдеу, жоспарды орындау және т.б. процентпен өрнектелетінін айтады.

Осы сияқты тәсілдерді "Арифметикалық орта" тақырыбын өткенде де пайдаланады. Арифметикалық орта болып табылатын шамаларды меңгертуде, шаруашылықтың дамуының жылдық орташа көрсеткішін есептеу жаттығулары пайдаланылады.

Мәселе есептерді шешуде қандай да бір ортақ шешу әдісі жоқ, алайда есептерді шығарғанда, келесі нұсқаны ұстанған дұрыс:

1. Белгісізді анықтау. Көп жағдайда есепте анықталатын шаманы белгісіз ретінде алады. Белгісіз шамалар көп болса, теңдеулер немесе теңсіздіктерді құру жеңіл болады.

2. Теңдеулерді құру . Теңдеулер жүйесін құру барысында есептің барлық шарттарын қолдануға болады.Теңдеулер саны белгісіздер санына сәйкес болуы керек.

3. Қажетті белгісізді немесе белгісіздер комбинациясын анықтау. Есептің шартына қарай шешу барысында кейбір түбірлерді ескермеуге болады. Мәтінді есептерді төмендегі топтарға жіктеуге болады:


  1. Қозғалысқа арналған есептер.

  2. Жұмыс және еңбек өнімділігіне арналған есептер.

  3. Концентрация және проценттік құрамға арналған есептер.

  4. Арифметикалық амалдар компоненттерінің арасындағы байланыстарға есептер.

  5. Процентке арналған есептер.


жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау