18 кесте - 2004-2005жж. кезеңдеріндегі адамзат ресурстарын пайдаланудың талдауы
Банктің аталуы
|
Кпр
|
Кв
|
Кт
|
Кпс
|
«Валют-Транзит Банк» АҚ
|
0,02
|
0,018
|
0,03
|
0,98
|
«ТұранӘлем Банкі»АҚ
|
0,05
|
0,12
|
0,05
|
0,95
|
ЦентрКредит Банкі
|
0,03
|
0,04
|
0,09
|
0,97
|
«АТФ Банкі»АҚ
|
0,04
|
0,08
|
0,07
|
0,96
|
Коммерциялық банктердегі адамзат ресурстарын пайдалану сондай-ақ, талданған кезеңдегі жұмыс істеген күндер мен сағаттардың санына қарай бағаланады. Берілген талдауды біз «Валют-Транзит Банк» АҚ берілгендер негізіне сүйеніп өткіздік. (19 кесте)
Талдау көрсеткендей, банкте адамзат факторы рационалды қолданылады. Әріптестердің жыл бойы жұмыс істеген күндері болжамнан ауытқуы 10 күнді құрайды: банктегі орындардың саны мен әріптестердің сандық көрсеткіші толық жұмыспен қамтылу арқылы қол жеткізілген. Бұл бөлімдердің қызметкері мен оның функциялары әртүрлі банк бөлімдерінің арасында жұмыстың қайталанбауы үшін анық айрықшаланған. Банк басшылығы банк қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында әрбір бөлімнің нақты функцияларын анықтап көрсеткен.
«Валют-Транзит Банк» АҚ ұйымдастырушылық мәдениеті екі аспектіні қарастырады. Бір жағынан, - бұл тұтынушыларға жәй әрі белсенді операциялар қызметін көрсетуде, сондай-ақ қаржылық қызметтер көрсетуде банк қызметкерінің қарым-қатынас мәдениеті болып табылады. Екінші жағынан, - банк ішіндегі банк қызметкерлеріне жасалған тұрмыстық (жақсы кеңселер, асхана, демалыс жүйесі, автотұрақтың болуы, т.с.с.) жағымды жағдайлардың ұйымдастырушылық мәдениеті болып табылады. .[23]
Қызметкерлерді басқару арқылы банк қызметіне және оның ұйымдастырылуына әсер ету әр жылғы талдау мен банк қызметкерлерінің жұмыстарын бағалау операциялары және таза кірістің өсімін кеңейту көзқарас тұрғысында жүзеге асырылады. Көбінесе мұндай бағалау басшылықтың жылдық бас қосуда әр жылғы балансты дайындауы мен банк акционерлері алдындағы есеп берушілігінде жүзеге асады. Мұндай бағалаудың нәтижесі кадрлық саясаттың өзгеруіне алып келеді, бұл ереже бойынша, қызметкер банктің маңызды өндірістік күші болып табылады.
Алайда, зерттелінуші коммерциялық банктердегі адамзат ресурстарын басқарудың әрекет етуші жүйесінде бірқатар кемшіліктер бар. Сонымен қатар, жоспарлық тапсырмаларда нақты әрі қатаң ғылыми көзқарастар тұрғысындағы талдаулар әлі де жоқ, сондай-ақ банк қызметіндегі тұрақтылық негіздемесі мүлдем жоқ. Басқарушылық жүйесіндегі жеке бөлімдер арасында жауапкершіліктерді тарату мен құқықтарын белгілеуде де кемшіліктер кездеседі. Жұмыскерлердің материалдық әрі моральдық стимулдар жүйесу болашақта әлі де жетілдіруді талап етеді. Мұның нәтижесі құжат айналымының анық еместігі, көрсеткіштердің қажетсіз қайталануы және құжаттар қозғалысының негізсіз жолдармен шектелуі болып табылады. Басқару жүйесінің мәліметтік базасының өзі де анық анықталмаған, яғни көрсеткіштердің тағайындалуы мен таратылуы құжаттық хабарламалар ретінде көрініс табады. Зерттеулер көрсеткендей, үнемі бір көрсеткіштің басқаларда қайталануы байқалады. Мұндай шатасулар ортақ терминологияның болмауынан болады, бұл мағыналары бірдей сол бір көрсеткіштер әртүрлі қызметтерде әртүрлі атаулармен функцияланады. Құжаттардың жабдықталуы мен көрсеткіштер мазмұнынының шифрленуі стихиялы, міндетті негіздерсіз өткізіледі. Құжаттарды жабдықтау барысында әртүрлі қол қойылған қағаздар мен визалар қажет, бұл құжаттардың құқықтық тәртібін құрастыруда артық қиындықтар алып келеді.
Ресурстарды басқару міндетін жүзеге асыруда мәліметтердің өсіп жатқан көлемі үлкен роль атқарады. Сонымен, коммерциялық банктерде ай сайын банк қызметін сипаттайтын бірнеше он мыңдаған алғашқы көрсеткіштерді өңдеуге тура келеді. Сонымен қоса, мәліметтердің белгілі бір бөлігі артық болып шығады да, басқару аппаратының тиімділігін арттыруға шын мәнісінде қажетті мәліметтер болмай қалады. Ұйымдардағы еңбекті басқару саласына қазіргі заманның ғылыми әрі техникалық жетістіктеріне негізделген басқарудың прогрессивті жаңа әдістері мен оптимальды жоспарлауды енгізу қажеттілігі талап етілуде.
Ғылыми және іс-тәжірибелік мақсаттар үшін, әрі жоғарыда аталған проблемаларды шешуде, коммерциялық банктердегі экономикалық саясаттың түбірлі сұрақтарының бірі ретінде ресурстарды басқарудың экономикалық тиімділігі алға қойылады. Бұл міндеттерді шешудің басты ролі басқаруды жетілдіру болып табылады. Алайда, басқарудың әрбір жетілдірілуі экономикалық тиімді бола бермейді. Экономистер арасында шығындардың дұрыс тиімділігін өңдеу қажеттілігі туралы ортақ пікір қалыптасқан.
Басқару жүйесіндегі күштер, әдістер басқару процесінің басты мақсаты ретінде ең алдымен экономикалық нәтижелерге аса қатты байланысты. Әрине, біздің пікіріміз бойынша, ресурстарды басқару тиімділігі басқару жүйесі әрекетінің нәтижесінде аз шығыстарға қол жеткізу мақсаттарына жету үшін объектілерді басқаруды қамтамасыз етеді. Басқарудың жоғарғы сапасының критериі оның жеделдігі, оптимальдығы мен нәтижелігі болып табылады.
Басқарудың жеделдігін оның қарқыны анықтайды. Мәліметтерді жинақтауға, өңдеуге, талдауға және шешімдер қабылдауға және оны орындауға кетірілген уақыт басқару сапасының маңызды көрсеткіші болып табылады. Соңғы уақытта күшейген динамизм процесі қаржы жүйесінің алдына қажетсіз жағдайда орындалған іс-әрекетке өз уақытында шара қолдану қажеттілігі жайына қатысты ерекше өткір сұрақтарды қойды. Басқарудың жеделдігі мәліметтерді жинақтау мен қайта өңдеуде тек автоматизация процесін құрап қана қоймайды, сондай-ақ басқару звеносындағы қысқартулар, әрбір адам үшін еңбектің нақты ұйымдастырылуын енгізеді. .[25]
Басқарудың оптимальдығы оның сапасының ең маңызды критериі болып табылады. Ол үшін өте прогрессивті шешім қабылдауға болады, бірақ та ол коммерциялық банктерде орын алған жағдайларға жауап бере алмайды. Екінші жағынан, ұжымда бар, алайда оны пайдалану мүмкіндіктерін қолданбайтын шешімдерді қабылдауға болады. Мұндай шешімдер шаруашылық қызметтің белгілі бір көрсеткіштерін дамытып ілгері жылжытуға мүмкіндік бере алмайды. Оптимальды шешім ұжым қызметінде бәріне танымал салмақ түсіреді, шығармашылық, жоғарғы ұйымшылдық, еңбек өнімділігін қажет ететін мақсаттарды қояды, сондай-ақ оның орындалуына шын мәнісіндегі мүмкіндіктерді алға шығарады. Басқарудың компьютеризациясы оның жұмысының оптимизациялау мүмкіндігін арттырады. Басқарудың оптимизациялау мүмкіндігі мен бұл мүмкіндіктің шындыққа ұласуы – басқару сапасының маңызды тіреуіші болып табылады.
Басқарудың нәтижелілігі басқару сапасының негізгі критериі болып табылады. Нәтижелілік жұмыстың өткен бөлімінде қарастырылған көрсеткіштермен анықталады. Сапалы басқару критериін ала отырып біз ресурстарды басқарудың бағыты мен арттыру жолдарын қарастыра аламыз.
Басқару тиімділігін арттырудың басты бағыты оның компьютеризациясы болып табылады. Мәліметтерді қарапайым автоматизациялау пооцесі үлкен жеңіске қол жеткізеді, еңбекті басқарудың дәл сол процестеріне жауапты жақтарының өндірістілігін едәуір жоғарылатады, Бұл процестің автоматизациясы еңбек шығындарын тек қысқартып қана қоймайды, сондай-ақ басқару процесіне жаңа сапалы құбылыстар алып келеді, алайда басқарудың оптимальдығын, жеделдігін арттыруға көмектеседі.
Дегенмен, біз басқарудың компьютеризациясы нәтиже бермейді деп есептейміз, өйткені басқару негізінің экономикалық әрі ұйымдасушылық негізінде өткізіледі.
Басқарудың тиімділігін арттырудың екінші бағыты бүкіл басқару процесін тұтас жетілдіру болып табылады. Бұл дегеніміз коммерциялық банктерде басқару құрылымы, мамандандырылу рационалды ұйымдастырылуы тиіс дегенді білдіреді.
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
РЕТІНДЕДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Коммерциялық банктердегі ресурстарды басқарудың стратегияларын қалыптастыру жолдары
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердегі ресурстарды тиімді басқару туралы мәселе өте өзекті болып отыр. Коммерциялық банктерде кіріс статьяларына және баланстың шығыс бөлігінің төмендеуіне жеткілікті деңгейде аса мән беріле бермейді, алайда мұны тек пайда болатын қиындықтармен ғана ақтауға болмайды.
Коммерциялық банктердегі ресурстарды басқарудың алғашқы мақсаттарына, әсіресе кірістер қысқарғанда үнемі шешуге тура келетін, кірістер мен шығыстардың төмендеуі және рационализациясы болғанда шығындарды бақылау керек. Ол сапалы, яғни сенімді, жедел, сәйкестенген болуы керек.
Соңғы жылдары коммерциялық банктер үшін жаңа шаруашылық жағдайлары, әртүрлі инструкциялар мен үлгілер енгізілген есеп беру түрлері өзгергендіктен, қаржылық нәтижелерді толығымен жүзеге асыру мүмкін болмай қалды. Сенімділік пен анықтылық та төмендегендіктен, соңғы өзгерістер бірнеше жылдар бойы тұрақты болады. Өзгерістер жеке жағдайларда қағидалық мінездемеде болмаса да, әсіресе компьютеризация жағдайында ол үлкен мағынаға ие.
Өкінішке орай, экономикалық әдебиеттерде Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі ресурстардың тиімділігін талдау сұрақтары жеткілікті деңгейде зерттелінбеген. Бүгінгі күнге дейін аналитикалық механизмнің аяқталған ұйымдық құрылымы анықталмаған. Қолданылмаған қорларды толық анықтауды қамтамасыз етпейтін, шығыстар мен кірістерді басқарудың эпизодтық мінездемесі бар, нәтижесі жалпыланбаған ресурстарды басқару әдістері де бар. Рационалды құрылым табысты өмір сүру үшін үлкен мағынаға ие.
Қаржы ресурстарын басқарудың маңызды бөлігі шығындарды қысқарту болып табылады, бұл көп жағдайда нәтижелерді алуға бейімделген қателерді реттеу әдісі ретінде сипатталады. Шығындарды қысқарту көбінде мәліметтердің өсуімен қатар табыс көзінің негізі болып табылатын технология және стандартизацияны кеңінен қолдану қажеттілігі туындады. Компьютерлер мәліметтерді қолмен жасау процесін алмастырып, сенімді әрі жылдам жинақтап, талдайды.
Қазақстанның коммерциялық банктерін зерттеу ресурстарды басқару стратегияларын қалыптастыру бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.
1. Шығыстарды басқарудан басқа қысқарушы кірістерді іздеу компенсациясы мен олардың өсімін басқару үшін, - өмір сүру үшін стратегиясы. Шығыстарды сақтау көп жағдайда – онша танымал емес, ұйымшылдықты, тәртіптілікті әрі қатаңдықты талап ететін бағдарлама болып табылады. Өзінің шығыстарын қадағалай алмайтын адам өзінің орташа шұғыл кірістерін де өсіре алмайды.
Шығыстарды табысты басқару – кәсіпкерлік мәдениетінің қатаң әрі жұмсақ, ресм әрі бейресми элементтері бар шешуші әрі өзгермейтін бөлшегі. Кімде өзіне сәйкес кәсіпкерлік мәдениеті болмаса, сол шығыстарды қысқартудың қатаң қысқа шұғыл бағдарламаларымен әлі ұзақ айналысады. Кемшіліктер арқылы үйренуге қабілеттің болмауы әрі сапасыз еңбекті азайтуға ұмтылмау – ең қымбат әрі жағымсыз шығындар болып есептеледі.
Әрбір ойланып ақылмен қысқартылған шығыстар немесе кірістер мен шығыстардың рационалды құрылымы ұйымдасқан, жалпы стратегиялар аумағында өз-өзін сынаушы инвентаризация мен мақсаттарды қалыптастырудан басталады: мақсаттарды сәтсіз қалыптастыру нашар нәтижелерге алып келеді. Мақсаттарды анықтауға қатысты қарым-қатынас көп банктерде әлі де жолға қойылмаған. Кімде-кім өзінің алдына шын мәнісіндегі мақсаттарды қоя білсе, сол қарапайым жолдарды таба біледі. Шығыстарды азайту үшін мақсаттар мен іс-әрекеттер арасында қарама-қайшылықтар болмауы тиіс.
Бөлімшелердің тапсырмалары бойынша ішкі жеке шығыстардың есептері жалпы жүйеге нақты енгізілуі керек. Қызметтерді қабылдап алушы идеал бойынша міндетті түрде оның саны мен сапасына әсер ете алуы керек. Нарықта сұранысқа ие қызметтердің нарықтық бағасы құнның жоғарғы шегі бола алады. Ішкі есептесудің құны көрсетілген қызмет бөлімшелердің ең тиімді деген мамандарына арналады әрі ешқандай кірістері болмайды. .[24]
Тапсырма бойынша нақты идентификациялауға болмайтын қызметтер оны қабылдап алушыға сандық не сапалық қатынаста әсер ете алмайды. Сондықтан да, қаражаттарды дұрыс тарату мен пайда болу көздеріне қарай нақты негіздеу шешуші мағынаға ие. Тратылған шығыстардың үлесі аз болған сайын объективті есептесулердің үлесі де жоғары, сонымен қатар УИС сенімділігіне қол жеткізу де жеңіл болады. Сондай-ақ шығыстар жинақталмай өз уақытында таратылса дұрыс болады.
Банктің таза кірісіне марапаттауға қатысты төлемақыларды қоспағандағы шығыстар қатты әсер етеді. Банктің марапаттауға қатысты төлем ақылардан басқа да шығыстарының құрылымдарын «ТұранӘлем Банкі»АҚ мысалға ала отырып тереңірек талдауға тырысып көреміз (агреграциялық кестеде «екінші деңгейлі шығыстар» статьясы енгізілген) (20
Келтірілген құрылымдық талдаудан, шығыстардың негізгі бөлігі марапаттауға қатысты емес төлемдер бойынша басқа да шығыстарға кетекені көрініп тұр (49,8% және 69,3%) олардың ішіндегі негізгі үлес жеке тұлғаларды міндетті түрде қауіпсіздендіруге кетірілген (92,3% және 83,1%); әрі қарай орынды 2004 жылы басқа да операциялық шығыстар алып отыр (28,2%), оның ішінде 99,1% анықтамалық-кеңес беру қызметтері құрап отыр, 2005 жылы басқа операциялық шығыстар 1,9% дейін төмендеген. Сондай-ақ, шығыстың басым бөлігінің үлесі тасымалдауға (9,9% және 9,5%) және жарнама шығыстарына (5,8% және 11,7%) кетірілгені анықталып отыр
20 кесте - «ТұранӘлем Банкі» АҚ марапаттауға қатысты емес басқа да шығыстары
Статьялардың аталуы мен мазмұны
|
1.01.2004ж.
|
1.01.2005ж
|
сомасы
|
салмағы
|
сомасы
|
салмағы
|
1. Басқа банктерден аудару қызметі бойынша комиссиялық шығыстар
|
1365
|
3,2
|
1362
|
4,1
|
2. Қауіпсіздендіру бойынша комиссиялық шығыстар
|
44
|
,1
|
94
|
0,2
|
3. Шетел валюталарын сату-сатып алу қызметі бойынша комиссиялық шығыстар
|
|
|
|
|
5. Заңды тұлғаларға валюта бойынша кепілдік беру
|
|
|
|
|
6. Аудиторлық мәлімет қызметтері бойынша комиссиялық шығыстар
|
|
|
|
|
7. Банктің басқа да қызметтері бойынша комиссиялық шығыстары:
|
823
|
1,8
|
1038
|
3,3
|
7.1. Банк аралық несиелеу қызметтері бойынша комиссиялық шығыстар
|
|
|
|
|
7.2. Несиені қайтару үшін делдалдық қызметтер бойынша комиссиялық шығыстар
|
|
|
|
|
7.3 Банк-корреспонденттерінің теңге бойынша қызметі
|
105
|
|
59
|
|
7.4. НБРК теңге бойынша кассалық қызмет көрсету үшін комиссиялар
|
325
|
|
436
|
|
7.5. EUROPAY пластикалық карт-есептеу қызметі бойынша комиссиялар
|
|
|
|
|
7.6. Теңге бойынша клирингтік қызмет көрсету
|
393
|
|
543
|
|
7.7. Банк-корреспонденттерді валюта бойынша қызмет көрсету
|
|
|
|
|
7.8. Теңгелей ақашаны тасымалдау және сақтау
|
|
|
|
|
7.9. Валюта бойынша акредетивтің комиссиялық шығыстары
|
|
|
|
|
8. Тасымалдауға байланысты шығыстар
|
4442
|
9,9
|
3129
|
9,5
|
8.1. Тасымалдаудың норма бойынша қызметтік іс-сапар қызметі
|
1107
|
|
|
|
8.2. Құнды заттарды тасымалдау мен сақтау
|
13
|
|
270
|
|
8.3. АУ қатысы жоқ тасымалдау аппаратын қаржыландыру
|
551
|
|
84
|
|
8.3.1. «ТитанИнкасация» ЖШС бойынша шығыстар
|
|
|
398
|
|
8.4. Арнаулы көлікпен тасымалдауды қаржыландыру
|
2758
|
|
2377
|
|
9. Жарнамаға кетірілетін шығыстар
|
2626
|
5,8
|
3811
|
11,7
|
10. Норма бойынша ұсыныу қызметтеріне кетірілетін шығыстар
|
250
|
0,6
|
|
|
10.1. Нормадан артық ұсыныу қызметтеріне кетірілетін шығыстар
|
270
|
0,6
|
|
|
11. Материалдық емес активтерді амортизациялық есептен шығару
|
|
|
|
|
12. Басқа да операциялық шығыстар
|
12558
|
28,2
|
650
|
1,9
|
12.1. Мемлекеттік салық (госпошлина)
|
12
|
|
9
|
|
12.2. Банктік карточкалармен қызмет көрсету
|
12
|
|
10
|
|
12.3. Анықтамалық-кеңес беру қызметтері
|
12451
|
99,1
|
371
|
|
12.4. Құжаттарды жабдықтау
|
31
|
|
257
|
|
12.5. Құқықтық фирмалардың қызметтерін қаржыландыру
|
52
|
|
2
|
|
12.6. Кедендегі құжаттарды жабдықтауға кетірілетін шығыстар
|
|
|
|
|
12.7. Валютаны тасымалдау кезінде кедендегі құжаттарды жабдықтауға кетірілетін шығыстар
|
|
|
|
|
13. Айыппұлдар, өсімдер, ауытқушылықтар
|
|
|
|
|
13.1. Бюджетке
|
|
|
|
|
13.2. Заңды және жеке тұлғаларға
|
|
|
|
|
14. Басқа да шығыстар
|
22211
|
49,8
|
22695
|
69,3
|
14.1. Банк қызметіндегі өзге де шығыстар
|
|
|
|
|
14.2. Өткен жылы жіберілген марапаттауларды осы ағымдағы жылдарда төлеуге қатысты шығындар
|
|
|
630
|
|
14.3. Жеке тұлғаларды теңге бойынша міндетті түрде қауіпсіздендіруге байланысты кетірілетін шығыстар
|
20505
|
92,3
|
18878
|
83,1
|
14.4. Жарамсыз материалдарды тізімнен шығаруға қатысты шығыстар
|
29
|
|
2223
|
|
14.5. Банктік емес қызметтер бойынша басқа да шығыстар
|
1237
|
|
|
|
14.6. Есептелуге қатысы жоқ, көзге көріне бермейтін шығыстар
|
|
|
678
|
|
14.7. Қайырымдылық қорына көмек
|
440
|
1,9
|
284
|
1,2
|
14.8. Негізгі қаражаттарды тізімнен шығаруға қатысты шығындар
|
|
|
2
|
|
Қорытынды:
|
44589
|
100,0
|
32779
|
100,0
|
Келтірілген құрылымдық талдаудан, шығыстардың негізгі бөлігі марапаттауға қатысты емес төлемдер бойынша басқа да шығыстарға кетекені көрініп тұр (49,8% және 69,3%) олардың ішіндегі негізгі үлес жеке тұлғаларды міндетті түрде қауіпсіздендіруге кетірілген (92,3% және 83,1%); әрі қарай орынды 2004 жылы басқа да операциялық шығыстар алып отыр (28,2%), оның ішінде 99,1% анықтамалық-кеңес беру қызметтері құрап отыр, 2005 жылы басқа операциялық шығыстар 1,9% дейін төмендеген. Сондай-ақ, шығыстың басым бөлігінің үлесі тасымалдауға (9,9% және 9,5%) және жарнама шығыстарына (5,8% және 11,7%) кетірілгені анықталып отыр.
Зерттелініп отырған банктерде мәліметтік жүйелерді басқаруды талдауға арналған сенімді әрі қолайлы шығыстар статьясы мүлдем жоқ. Дегенмен, ол сыртқы әрі ішкі қызмет көрсету көздерін тарту мүмкіндігін дайындау кезеңдері әрі жолы болып табылады.
Шығыстарды азайтудың тиімді әдісі тәуекелділікті ескере отырып реттеуші несиелердің бағасымен табысты келісімге келу, сондай-ақ өзіндік тәртібі: орындау мен бақылаудың нашар тәртібі, сондай-ақ баланстың бағасын тізімнен шығару мен қосымша қорға жіберу, басқа да шығыстарды құрайды. Мұның шешімі тәукелділікті ескере отырып реттеудің, сондай-ақ өз еркімен ынталана оқу мен кәсіби біліктілігін көтеруге тізбектеліп жалғасқан кәсіпкерлік мәдениеттен тұрады.
2. Мәліметтік технологиялар (МТ) бүгінгі күні қазіргі заманғы банктердің жұмыс істеуіндегі белгілі бір анықтаушы фактор болды. Мұндағы мәліметтік технологияның тапсырмалық базасы іскерлік стратегия болуы тиіс, ал ақпараттандыру саласындағы стратегия – іскерлік стратегиясының нақты құрамасы болып табылады. МТ жеке құрылымы жеткілікті дәрежеде дені сау әрі икемді, үнемі өзгермелі әрі жаңа технологияларға бейімделген болуы шарт.
Банктерді зерттеудің нәтижесі мәліметтік технологияға қатысты проектілердің менеджерлері оншалықты кәсіби емес екенін көрсетті. Мұндай сәтсіздіктердің маңызды себептеріне: банк басшылары МТ проблемаларымен толық таныспаған, басқару проектілеріндегі кемшіліктер мен қолданудағы жетіспеушіліктердің болуы жатады. Қызығушы қолданушылардың жеткіліксіз немесе кешіккен қарым-қатынас іс-әрекеті жаңашыл әдістерді қолдануы бейресми қарама-қайшылықтарға әрі төмен сапалы қолданысқа алып келеді. Қызметкерлерді қосымша оқыту мен үйретуге кетірілген жасырын шығыстар МТ – проектісінің үлкен үлес көлеміндегі шығыс салмағын құрайды. .[26]
Әрбір банкке мықты мәліметтік технологиялар қажет. Банктің жеке беделін арттыруға көмектесетін проектілер орындалуы қауіпті болса да басым болуы тиіс.
3. Зерттелініп жатқан банктердің әріптестері өздерінің тұтынушыларға керегі бар ма, әлде жоқ па деген сұрақ туралы ойланбай-ақ әлі де «өз орындарында» өте жиі отыр. Тұтынушылық сұраныс жыл мерзімінде, апта күндерінде және күндердің уақыттарында өзгеріп отырады. Жұмысты дұрыс тарату, ыңғайлы жұмыс кестесін құру арқылы шамалы жұмыспен қамтылу, сондай-ақ қызметтерді араластырып отыру шығыстардың төмендеуіне пайдасы тиеді. Өз-өзіне қызмет көрсету, жеке тапсырыстар, тұтынушылардың өздеріне сәйкес стимулдарды өзіндік орындауы мен бағаларды реттеп отыруы – шығыстардың маңызды әрі де қолданылмаған потенциалын қысқартады.
4. Шығыстарды табысты басқарудың ең маңызды потенциалы – қызметкерлерді дұрыс таңдағанда, әріптестердің іс-әрекеті мен процестерді басқаруда, сондай-ақ өнімдерді сегментациялау мен стандартизациялауда және операцияларды жалғастыруда анықталады. «Ең қымбат» адамзат капиталы – нашар менеджерлер мен әріптестер. Көп емес, алайда өте жақсы қызметкер нәтижесінде арзан түседі. Жұмысқа алған кезде өте жақсы әріптестерді нұсқа бойынша сұрыптап қабылдайтын аса ақырын әрі жоспарлы саясат керек: іздеу, кәсіби біліктілігін көтеру әрі қолдау көрсету.
Бүгінгі күні Қазақстанның коммерциялық банктерінің табысты қызмет етуі үшін жоғарғы кәсіби дайындығы бар, шетелдік банктерде тәжірибеден өткен, болжам мен жаңашыл әдістерді қолданы ұйымдастыру салаларында қызмет жасаған, яғни әлемдік-танымал банктерде іс-тәжірибеден өткен, арнаулы мамандандырылған сауатты мамандар қажет болып отыр.
Біздің көзқарасымыз бойынша, кадрларды басқару саласында қызметкерерді бағалау жұмысы аса маңызды. Банк қызметкерінің жеке қасиеттері мен қабілеттерін бағалау басқаруда маңызды орын алуы тиіс. Еңбегі мен еңбегінің нәтижесіне баса назар аудару керек.
Біз қызметкерді бағалаудың екі элементтен тұратын өзара байланысқан әрі бір мезгілде жүргізілетін әдісін ұсынамыз: жеке бас қасиеті, еңбегі, еңбек нәтижесі.
Оның ішінен екі түрлі тұтастық бағалау нұсқасын бөліп алуға болады: ол жұмыскерді тұтас бағалау және шын мәнісіндегі еңбегінің нәтижесіне қарай бағалау.
Бағалаудың екі түрі де шын мәнісіндегі немесе қажетті жеке қасиеттерді қарастырады – еңбекті бағалау, шын мәнісіндегі немесе нормативтік нәтижелеріне қарай бағалау. Дегенмен, бірінші бағалау идеалдың үлгісін жасауға бейімделсе, екіншісі – жұмыскерді шын мәнісінде бағалаудан тұрады. Осыдан келіп олардың қолданылуындағы айырмашылықтары байқалады. Біріншісі кадрларды таңдау мен тағайындауда маңызды болса, екіңншісі – еңбек ақысын ұйымдастыруда маңызды. Алайда, екі бағалауды үлкейтуге болмайды – олар көбінесе тығыз байланысқан. Мәселен, кадрларды тағайындағанда үміткердің жасаған жұмыстарының нәтижесін бағалауды ескеру керек.
5. Сонымен қатар, Қазақстандағы коммерциялық банктердің кірістерін жоғарылату үшін дамыған елдердің тәжірибесін белсенді түрде қолдана білу керек.
2003 жылы Қазақстанда 2003-2015жж. арналған өндірістік-инновациялық Стратегия қабылданды. Бұл Стратегия Қазақстанның 2015 жылына дейінгі кезеңдегі Мемлекеттік экономикалық саясатты қалыптастырады әрі елдің тұрақты дамуы үшін экономикалық салаларын диверсификациялау жолдары арқылы сервистік-технологиялық экономикаға өту жолдарын қарастырады.
Бәсекелестікке қабілетті өндіріс пен тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің экспортталуына бейімделген өңдеуші кәсіпорындар мен қызмет көрсету салалары Мемлекеттік өндірістік-инновациялық саясатта маңызды зат болып отыр.
Өндірістік-инновациялық саясат түсінігі Мемлекеттің кәсіпкерлерге бәсекелестікке қабілетті жағдайлар жасауы мен ұлттық экономиканың тиімділігін арттыруға көрсететін қолдауы мен көмектесу іс-шаралары дегенді білдіреді.[26]
Қазақстанның өндірістік-инновациялық саясатын жүзеге асыруы үшін жасап жатқан іс-шаралар, сондай-ақ ресурстарды басқаруды жетілдіру мен банктің кірісін арттыру үшін шетелдік банк ісінің мол тәжірибесін қолдану қажеттілігі Қазақстандағы жаңа шаруашылық жүйесін жүргізуге қызығушылық тудырып отыр. Жаңа банктік механизмдерді құру мүмкіндігі, несие беру мекемелерінің функционалдық қызметтерін қайта құру жолы, өркениетті елдердің ғасырлар бойы қалыптасқан озық тәжірибесіне сүйенген нарықтық банк құрылымын құру жоспары негізінде ғана жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан, шетелдік банк жүйесін терең оқып-үйрену тәжірибесі үлкен тиімділікті берері сөзсіз.
Сонымен, Франциядағы коммерциялық банктер нарықтық экономиканың қалыптасуында белсенді роль атқарған.
Ірі кәсіпорындар өздерінің қаржылық қызметінде үнемі тәеулсіздік алуға тырысуы, олардың ақша капиталын жинақтауға, өндірістік әрі коммерциялық аппараттарын кеңейту процесінің дамуына, әрине үлкен әсер еткен.
Бәрібір айырбастың ағымдық тұрақсыздығы еңбекте едәуір қиындықтар туғызып, кәсіпорындарды қаржыландыруда тепе-теңдіктің бұзылуына алып келсе де, банктердің несиелеу жүйесі мен кәсіпорындардың өзі ұсынатын несиелеу жүйелері арқылы орнын толтыруға болады. Мұнда ірі кәсіпорындардың жеке қызметерімен тәуелділік тереңдейді де, өндірістің диверсификациясы үлкен деңгейге қол жеткізеді. Бұл жағдайлар ірі өндірістер ішіндегі өндірістер мен тұтынушылар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге әрі айырбастан бас тартуға көмектеседі. Бүгінгі күні өндірістік күштердің дамуымен қатар, әсіресе инвестициялар тарту, болашақ өнімдерді шығару жоспарына қатысты көптеген несиелер алу және аса қомақты капиталдарды алудың артуымен банктердің ролі өсе түскені байқалады.
Қаржыландыру процесінде делдалдық рольді атқарушы коммерциялық банктер кәсіпорындар мен сауда мекемелеріне әртүрлі деңгейдегі қарыздар мен несиелеу жүйесін жүзеге асыруда. Ағымдағы қаржыландыру банктің біліміне де қатысты – бұл үлкен әрі шағын ізденістер, - кәсіпорынның өз қарызын «жабуы» мен «пайыздарын төлеуін» қамтамасыз етуге қатысуын білдіреді. Кірістің нормалары (әр кәсіпорынның ерекше жағдайларына байланысты) әрібір бірлестікте әрқалай, сондай-ақ оларды қаржыландыратын банктердің қызметі де әртүрлі, яғни несиелеудің әртүрлі қағидалары ұсынылады әрі көбінесе несиелеу процесі әртүрлі жағдайларға байланысты таңдау арқылы жүргізіледі.
Екінші жағынан, несиені ұсыну жүйесі ең соңында операцияның рентабельдігі деңгейі мен тікелей қызығушылығына қарай қаржыландыру орталықтары экономиканың әртүрлі сектордында, оның ішінде қатысу жүйесі негізінде салымдар мен ақшалай қаржыландырумен аяқталады.
Банктік капитал жеке кәсіпорындардың тек кірістерін ғана ескермейді; оның мақсаты – коммерциялық банктер капиталға айналдыра алатын барлық кіріс түрлері де ескеріледі. Осыған орай, қаржыландыру орталықтарының алдында коммерциялық банктерге төленетін, пайыздық көлемі жоғары пайда табу үшін капиталды қалай енгізуге болады деген сұрақ туындады. Пайыздық өлшемнің арақашықтығы ақшалай кірісті ұстап тұруда төленетін салымдар мен банкке алып келетін кірістер мөлшері ақша мен қаржы қаражатын жинақтау арасындағы байланысты жүзеге асыруы қажет.
Кәсіпорындар ақша нарығында ұсынылатын қаражаттарды пайдаланады. Бұл жағдайда салымдарды ақшалай ұстап тұрушылар кәсіпорындық және сауда мекемесінің акционерлері бола алады. Керісінше, тек банк орталықтары ағымдағы қаржыларға өз қаражаттарын ұсынуға шамасы бар, бұл ірі инвестицияларды қаржыландырумен тепе-тең. Бұл ақша нарығындағы операцияларды жүзеге асыруға көмектеседі. Коммерциялық банктер өз кезегінде өндірістік әрі сауда мекемелерінің қызметін бақылай алатын белгілі бір мөлшердегі акциялар үлесін алуға қол жеткізді. Осылайша, банктер үнемі жоғарғы деңгейдегі пайда әкелетін жолдарды қарастыру арқылы өздерінің қалыптастырған бақылауларының тиімділігін артыруға ұмтылып, бір мезгілде өздерінің тікелей қатысуларын қысқартуға ұмтылуда.[27]
Сонымен, банктер өздерінің функцияланушы капиталдарымен бірге бірлесе отырып, тікелей қатысу тәжірибесіне жүгінді. Мұндай жағдайда банктер несиелік ресурстардың қайтпай қалуы мүмкіндігінен арылады.
Келтірілген зерттеулер көрсеткендей, Қазақстанның коммерциялық банктері дәл осы тәуекелділіктерге жиі душар болады, бұл олардың қаржылық нәтижелерін нашарлауына алып келеді.
Басқару және инфрақұрылымдарды қаржыландыруға қатысты сұрақтар, елдің не экономикалық, не әлеуметтік өмірінде де шешілуі қиын мәселелер болғандықтан, рентабельдігі мемлекеттің жергілікті басқару органдары мен мекемелердің мамандандырылуына артылады.
Академик С.С.Сатыбалдин «оңтүстіккореялық үлгінің ерекшелігі мемлекеттің қызметі ірі ұлттық қаржы-бірлестіктерін – чебольды «өсіруге» бағытталуымен сипатталады» деп жазады. [28]. Осындай институттардың дамуы арқасында Оңтүстік Кореяда өндірістік кәсіпорындар жақсы дамыған, мұнда Қазақстанның өндірістік-инновациялық даму Старетегиясында келтірілген проблемалар қарастырылған.
Пофессор У.Б.Баймұратов өзінің еңбетерінде «банктердегі ең тиімді деген шешімдер өндірістік инвестицияларды тарту арқылы өндірістің қаржы-кәсіпорындық бірлескен тобын құруға болады» деп жазған. (ФПГ) [28].
Біз дәл қазір жоғарыда аталған институттардың қызметі жайлы Заңды басып жариялау қажеттілігі бар деп есептейміз, әйтпесе А.Е.Есентүгелов, К.А.Есентүгеловтердің жазған мақаласындағы көрсетілген жағдайлардың пайда болуы әбден мүмкін. Олар «экономикадағы ұзақ мерзімді инвестицияларды стимулдау арқылы инвестициялық әрі іскерлік ауа-райын тез арада жақсартып, тұрғындардың банктерге салым салуы үшін сенімдерін арттыру керек». Егер қазіргі «микроскопсыз» «көзге көрінбейтін» жағдайлар жалғаса берсе, бұл инфляциялық процестердің күрт өсуіне алып келеді, кейін - өндірістің дағдарысына алып келеді.
Егер екінші деңгейдегі банктер жинақы орта, көп тұтынушыларға қол жеткізгісі келсе, оларға сенімді әрі ұнамды салым салушыларды өздері іздеп тауып оларды тәрбиелеуге, өсіруге, сондай-ақ олардың кәсіпкерлік деңгейін көтеруге, шын мәнісіндегі экономикалық кәсіпорындардағы менеджменттік менеджментті жақсартуға, менеджменттік ұқыптылықты қадағалауды үйретуге, өндірістің даму стратегиясын өңдей білуді үйретуге, «бизнес-жоспар» құруды үйретуіне және т.с.с. тура келеді. [29]
6. Дамыған елдердің көптеген коммерциялық банктері өздеріне сенімді тұлға функциясын қабылдап өздерінің жеке әрі бірлескен тұтынушыларымен осы рольдерді орындаған. Мәселен, бизнесмен өзінің ұлы банктегі әкесінің атындағы капиталдың бір бөлігін алып отыруын қаласа, ал ол кәмелетке толғаннан кейін бүкіл капиталды алып отыруды қаласа.
Әлемдік тәжірибеде жеке тұлғалар үшін трастік қызмет көрсетудің үш негізгі категориясы бар:
иегері қайтыс болғаннан кейінгі мүлікке ие болу тәртібі;
мүлікті сенім артылғанда немесе қамқор болғанда басқару;
агенттік функциялар.
Мұрагерлердің иесі қайтыс болғаннан кейін мүлікке ие болу құқы – ең сенімді қызмет түрі болып табылады. Мұнда мүліктің жағдайы түгелімен толық суреттелуі тиіс, яғни қарыздарының төленуі, ал қалған сома мұрагерлерге заң бойынша таратылады. [29].
Мүлікті траст түріндегі басқарылуы әртүрлі құқықтық негізге ие болады: мұра, арнаулы келісім, соттың үкімі. Банк басқаруында тұрған трастардың түрлері әртүрлі:
Өмірлік трасті банк пен жеке тұлға арасында келісіліп бекітіледі. Мәселен, тұтынушы өз ақшасын банкке сенім артып аударады, яғни өзіне кірістің бір бөлігін өмір бойы төлеп отыруды, ал өзі өмірден өткеннен кейін бүкіл капиталды жұбайына немесе балаларына қалдыруды тапсырады. .[28]
Қауіпсіздік трасті егер тұтынушы өзінің қауіпсіздік полисін банкке сенімді тұлға ретінде қарап тапсыруы, мұнда ол өзі қайтыс болғанда әйеліне, ал әйелі қайтыс болса, балаларына аударуды тапсырады.
Корпорациялық трасті компанияның облигацияларын алуды қамтамасыз ету үшін банкке мүлік түрлерін қою арқылы бекітіледі.
Ал, жалданған жұмысшылар пайдасындағы трастілер зейнеткерлік қоры немесе пайда табуға қатысу жоспары түрінде болады. Бірінші жағдайда кәсіпкер әріптестер арасындағы жасы жеткен зейнеткерлерге тікелей төлеу немесе аннуитеттер сатып алу үшін, бекітілген үлгі бойынша қорға ақша салады. Егер жұмыскерқорға ақша салса, онда оны зейнеткерлік траст деп атайды, егер жоқ болса – қатыспайлды. Екінші жағдайда кәсіпкер банктегі компания қызметкерлеріне, зейнеткерлікке жасы жеткендерге арналып ашылған қорлар бойынша салымдарды салу үшін өзінің кірісінің бір бөлігін траст-қорға салады.
Агенттік фунциялардың трастілерден айырмашылығы, жеке меншікке иелік ету үшін заңдық құқық алады, ал агенттік қарым-қатынаста құқық принципалда қалады. Агенттік функция келесі қызметтерден тұрады:
- құндылықтарды сейфте сақтау. Банк құндылықтарды принципалдың рұқсатымен ешқандай белсенділіксіз әрі белсенді функциясыз сақтайды және таратады.
- мүліктерді белсенді функцияларымен бірге сақтау. Банк құндылықтарды сейфте сақтап қана қоймайды, сондай-ақ сатып алады және сатады, принципалдың инструкциясына сәйкес әрекет ете отырып кіріс алады.
- басқару. Банк барлық мүліктерді сақтаушы функцияларды орындайды және жеке меншікті белсенді түрде басқарады, мәселен, құнды қағаздар сөмкесін талдайды, капиталды инвестициялауға ұсыныс жасайды, т.б. Егер де банк қызметін жүргізу шын мәнісіндегі жеке меншікті қарастырса, банк оны принципалдың инструкциясына сәйкес жалға бере алады. [29]
Банктер агенттік функцияларды іскер фирмалар үшін орындайды:
1. Трансферт бойынша агент. Банк операцияның кооперациясы үшін жеке меншік құқын акцияларға және аталған облигацияларға аударып, бір иеліктен екінші иелікке ауыстыра алады.
2. Банк әртүрлі қаржылық ұйымдастырылуда депозитария ролін атқарады.
3. Банк өзінің мойнына акциялар мен компания облигацияларының пайыздарды төлеу үшін агент функциясын алады (сондай-ақ негізгі қарызды төлеу).
4. Банктің траст-бөлімі жеке иелерге, қамқоршыларға және біреудің иелгіндегі мүлікті басқару сеніп тапсырылған басқарушыларға көптүрлі қызметтер мен қаржылық кеңестер береді. [30]
5. Коммерциялық банктер кәсіпорындар мен ұйымдардағы өзінің қызмет түрлерін кеңейтуі қажет. Қазіргі уақытта қолма-қол ақшасыз есептесу әдістері кең тараған.
Осындай әдістердің бірі ретінде өзара талаптар бойынша орталықтанған сынақтар, кезеңдік алдын-ала талап етуші сальдолар, өзара қарыз берудің бір мезеттік сынақтар орын алады.
Бұл есептесулердің мәні кәсіпорындардың бір-біріне деген өзара талаптары жабылады. Төлемге тек өшірілген қарыздардың сынағы ұсынылады. [30]
Жақсы ұйымдастырылған өзара есептесу кәсіпорындардың өзара өндірістенуіне әсер етіп нығайтады.
У.Б.Бамұратов өзінің еңбегінде, «кәсіпорындар арасындағы бір банктің жабық есептесу циклі:
- «ішкі ақшалардың» тиімділігін арттыруға, яғни несиелеудің технологиялық тізбегін бірнеше мәрте өсіруге мүмкіндік береді;
- несие алушылардың төлей алмаушылық тәуекелділігін ішкі корпорациялық қаржыландыру есебінен төмендету мен өзара төлеу талаптарының мүмкіндіктеріне қол жеткізуге болады;
- банктің ликвидтігін қолдау үшін қажеттіліктер мен абсолюттік ликвидті белсенділікті төмендетуді аз тәуекелділіктің есебінен жүзеге асыру мүмкіндігіне қол жеткізуге болады.
Қазақстан экономикасы нығаюы үшін кәсіпорындар мен ұйымдардың келісім-шарттағы міндеттемелерін өз уақытында орындауы және қарыздарын өз мерзімінде төлеп отыру жауапкершілігін арттыруы қажет.
3.2. ҚР коммерциялық банктердегі кірістер мен шығыстар құрылымын оптимизациялау
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында банк секторын әлемдік стандарттарға сәйкес қалыптастыру процесі белсенді түрде жүзеге асып отыр. Бұл елдегі нарықтық қатынастарды құраушы жаңа экономикалық жүйенің тұрақталып, Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке енуімен сипатталады. Алайда, зерттелінуші коммерциялық банктердегі адамзат ресурстарын басқарудың әрекет етуші жүйесінде бірқатар кемшіліктер бар. Сонымен қатар, жоспарлық тапсырмаларда нақты әрі қатаң ғылыми көзқарастар тұрғысындағы талдаулар әлі де жоқ, сондай-ақ банк қызметіндегі тұрақтылық негіздемесі мүлдем жоқ. Басқарушылық жүйесіндегі жеке бөлімдер арасында жауапкершіліктерді тарату мен құқықтарын белгілеуде де кемшіліктер кездеседі. Жұмыскерлердің материалдық әрі моральдық стимулдар жүйесу болашақта әлі де жетілдіруді талап етеді. Мұның нәтижесі құжат айналымының анық еместігі, көрсеткіштердің қажетсіз қайталануы және құжаттар қозғалысының негізсіз жолдармен шектелуі болып табылады. Басқару жүйесінің мәліметтік базасының өзі де анық анықталмаған, яғни көрсеткіштердің тағайындалуы мен таратылуы құжаттық хабарламалар ретінде көрініс табады. Зерттеулер көрсеткендей, үнемі бір көрсеткіштің басқаларда қайталануы байқалады. Мұндай шатасулар ортақ терминологияның болмауынан болады, бұл мағыналары бірдей сол бір көрсеткіштер әртүрлі қызметтерде әртүрлі атаулармен функцияланады. Құжаттардың жабдықталуы мен көрсеткіштер мазмұнынының шифрленуі стихиялы, міндетті негіздерсіз өткізіледі. Құжаттарды жабдықтау барысында әртүрлі қол қойылған қағаздар мен визалар қажет, бұл құжаттардың құқықтық тәртібін құрастыруда артық қиындықтар алып келеді.
Ресурстарды басқару міндетін жүзеге асыруда мәліметтердің өсіп жатқан көлемі үлкен роль атқарады. Сонымен, коммерциялық банктерде ай сайын банк қызметін сипаттайтын бірнеше он мыңдаған алғашқы көрсеткіштерді өңдеуге тура келеді. Сонымен қоса, мәліметтердің белгілі бір бөлігі артық болып шығады да, басқару аппаратының тиімділігін арттыруға шын мәнісінде қажетті мәліметтер болмай қалады. Ұйымдардағы еңбекті басқару саласына қазіргі заманның ғылыми әрі техникалық жетістіктеріне негізделген басқарудың прогрессивті жаңа әдістері мен оптимальды жоспарлауды енгізу қажеттілігі талап етілуде.
Ғылыми және іс-тәжірибелік мақсаттар үшін, әрі жоғарыда аталған проблемаларды шешуде, коммерциялық банктердегі экономикалық саясаттың түбірлі сұрақтарының бірі ретінде ресурстарды басқарудың экономикалық тиімділігі алға қойылады. Бұл міндеттерді шешудің басты ролі басқаруды жетілдіру болып табылады. Алайда, басқарудың әрбір жетілдірілуі экономикалық тиімді бола бермейді. Экономистер арасында шығындардың дұрыс тиімділігін өңдеу қажеттілігі туралы ортақ пікір қалыптасқан. .[31]
Басқару жүйесіндегі күштер, әдістер басқару процесінің басты мақсаты ретінде ең алдымен экономикалық нәтижелерге аса қатты байланысты. Әрине, біздің пікіріміз бойынша, ресурстарды басқару тиімділігі басқару жүйесі әрекетінің нәтижесінде аз шығыстарға қол жеткізу мақсаттарына жету үшін объектілерді басқаруды қамтамасыз етеді. Басқарудың жоғарғы сапасының критериі оның жеделдігі, оптимальдығы мен нәтижелігі болып табылады.
Басқарудың жеделдігін оның қарқыны анықтайды. Мәліметтерді жинақтауға, өңдеуге, талдауға және шешімдер қабылдауға және оны орындауға кетірілген уақыт басқару сапасының маңызды көрсеткіші болып табылады. Соңғы уақытта күшейген динамизм процесі қаржы жүйесінің алдына қажетсіз жағдайда орындалған іс-әрекетке өз уақытында шара қолдану қажеттілігі жайына қатысты ерекше өткір сұрақтарды қойды. Басқарудың жеделдігі мәліметтерді жинақтау мен қайта өңдеуде тек автоматизация процесін құрап қана қоймайды, сондай-ақ басқару звеносындағы қысқартулар, әрбір адам үшін еңбектің нақты ұйымдастырылуын енгізеді.
Басқарудың оптимальдығы оның сапасының ең маңызды критериі болып табылады. Ол үшін өте прогрессивті шешім қабылдауға болады, бірақ та ол коммерциялық банктерде орын алған жағдайларға жауап бере алмайды. Екінші жағынан, ұжымда бар, алайда оны пайдалану мүмкіндіктерін қолданбайтын шешімдерді қабылдауға болады. Мұндай шешімдер шаруашылық қызметтің белгілі бір көрсеткіштерін дамытып ілгері жылжытуға мүмкіндік бере алмайды. Оптимальды шешім ұжым қызметінде бәріне танымал салмақ түсіреді, шығармашылық, жоғарғы ұйымшылдық, еңбек өнімділігін қажет ететін мақсаттарды қояды, сондай-ақ оның орындалуына шын мәнісіндегі мүмкіндіктерді алға шығарады. Басқарудың компьютеризациясы оның жұмысының оптимизациялау мүмкіндігін арттырады. Басқарудың оптимизациялау мүмкіндігі мен бұл мүмкіндіктің шындыққа ұласуы – басқару сапасының маңызды тіреуіші болып табылады.
Басқарудың нәтижелілігі басқару сапасының негізгі критериі болып табылады. Нәтижелілік жұмыстың өткен бөлімінде қарастырылған көрсеткіштермен анықталады. Сапалы басқару критериін ала отырып біз ресурстарды басқарудың бағыты мен арттыру жолдарын қарастыра аламыз.
Басқару тиімділігін арттырудың басты бағыты оның компьютеризациясы болып табылады. Мәліметтерді қарапайым автоматизациялау пооцесі үлкен жеңіске қол жеткізеді, еңбекті басқарудың дәл сол процестеріне жауапты жақтарының өндірістілігін едәуір жоғарылатады, Бұл процестің автоматизациясы еңбек шығындарын тек қысқартып қана қоймайды, сондай-ақ басқару процесіне жаңа сапалы құбылыстар алып келеді, алайда басқарудың оптимальдығын, жеделдігін арттыруға көмектеседі. .[31]
Дегенмен, біз басқарудың компьютеризациясы нәтиже бермейді деп есептейміз, өйткені басқару негізінің экономикалық әрі ұйымдасушылық негізінде өткізіледі.
Еңбек нарығындағы күрделі жағдайларға қарамастан, жұмыс істеуші коммерциялық банктердің басым көпшілігі қызметкерлермен тығыз жұмыс істеу мәселесі жақын арада белсенді түрде алғашқы жоспарға шығатынын түсініп отыр. Сондықтан да коммерциялық банктерге кадрлық саясатты жүйелеуіне тура келіп отыр. Бүгінгі күні оның қалыптасуының негізгі екі жолы қарастырылып отыр.
Алғашқы жолы, қызметкер банктің өзінде бизнесті жүргізу философиясымен бірге, көп жылдар бойы жұмыс істеген тәжірибелі мамандардың көмегімен қалыптасады. Бұл әдіс арқылы басшылық қызметіне және бөлім қызметкерлеріне өздерінің тәжірибесіне қарай тағайындалады. Банк қызметкерлерін банк мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарын бітіріп келген жас мамандар толықтырып отырады.
Екінші жолы – басқа жақтан, яғни басқа банктерден кәсіби мамандарды тарту арқылы толықтыру. Оның жүзеге асуы үшін банк тексеру мен бейімдеуден өткізетін жоғарғы деңгейлі қызметті қолданады. Банктің бизнес философиясы қызметкерге фискальды сипатта әсер етеді, бұл әрбір маманның өзінің лауазымдық міндетін орындауда қатаң қаржылық-материалдық жауапкершілігін орындауды талап етеді. Бөлімдер мен қызмет орындарының басшылары өзге банктер мен ұйымдардан шақырылады әрі үнемі ротацияға түсіп отырады, бұл негізінде лауазымдық көтерілу үшін емес, банк қызметі туралы құпия мәліметтерді сақтауға және еңбектің жоғарғы тиімділігін сақтап тұру үшін жүргізілетін тексеру процесі болып табылады. Өте жоғарғы деңгейдегі бақылау жұмыскерлердің еңбектік кәсібилігін бақылаудан өткізіп тереңдету мен шығындарды үнемдеу үшін жасалады. .[32]
Коммерциялық банктердің кадрлық саясаты аймақтық әрі конъюнктуралық ерекшеліктерінінің дамуын ескере келе, банк секторындағы еңбек нарығына едәуір дәрежеде әсер етеді. Банк жұмысының табысты болуы кез-келген күрделі экономикалық жағдайда өзіне жауапкершілік алуға қабілетті және дұрыс шешім қабылдай алатын кәсіби келісілген маман болуы тиіс.
Зерттелініп жатқан банктердің кірісі мен шығыстарының құрылымын салыстыра отырып (21 кесте), келесі қорытындыға келуге болады, яғни қазақстандық банктер орташа көрсеткіштері бойынша, соңғы бес жылда әлемдік бейімделулерден айтарықтай ерекшеленеді
Зерттелініп жатқан банктердің негізгі бағыты – несие бойынша кірістер (орташа алғанда 57,2%) тәуекелі жоғары операциялық қадам жасаған. Тек «АТФ Банкі» АҚ өзінің ақшалай кірістерін әлемдік стандартқа сай деп есептейді. Егер американдық банк үшін екінші деңгейлі кіріс 52% құраса, онда «АТФ Банкі» АҚ басқа отандық банктер үшін орташа табыс көзі 31,4% құрайды.
21 кесте-Зерттелінуші банктердің американдық банктермен салыстырғандағы кірістері мен шығыстарының құрылымы (%)
Көрсеткіштер
|
Американдық банк
|
Валют-Транзит Банкі
|
ТұранӘлем Банкі
|
АТФ Банкі
|
ЦентрКредит Банкі
|
Несие бойынша кіріс
|
55
|
41,7
|
64,2
|
57,7
|
65,2
|
Құнды қағаздар бойынша кіріс
|
10
|
2,0
|
7,3
|
3,2
|
3,1
|
Қолданылған ақшалай активтер бойынша кіріс
|
30
|
2,7
|
14,9
|
29,7
|
5,3
|
Екінші деңгейлі кіріс
|
5
|
53,6
|
13,6
|
9,4
|
26,3
|
Кірістердің қорытындысы
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Депозиттер бойынша пайыздық төлем түріндегі шығыстар
|
45
|
21,9
|
37,7
|
64,3
|
39,9
|
Депозиттік емес қарыздар бойынша пайыздық төлем түріндегі шығыстар
|
15
|
15,9
|
39,4
|
5,9
|
36,8
|
21 кестенің жалғасы
Еңбек ақысын төлеу бойынша шығыстар
|
15
|
9,6
|
10,6
|
25,1
|
12,8
|
Екінші деңгейлі шығыстар
|
5
|
48,4
|
11,6
|
4,1
|
4,5
|
Салықтық төлемдер
|
10
|
4,2
|
1,8
|
0,6
|
6,0
|
Шығыстардың қорытындысы
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Егер шығыстарды салыстырсақ, келесі нәтижелерді көрсетеді:
1. Депозиттер бойынша пайыздық төлемдер түрі мен шығыстар 21,9 дан 64,3% құрайды;
2. Депозиттік емес қарыздар бойынша пайыздық төлем түріндегі шығыстар «Валют-Транзит Банкі» АҚ, «ТұранӘлем Банкі» АҚ, «АТФ Банкі» АҚ мен «ЦентрКредит Банкі» АҚ американдық банк көрсеткішінен асып түседі.
3. Еңбек ақыны төлеуге кетірілетін шығыстар әлемдік стандартқа сәйкес емес.
4. Екінші деңгейлі шығыстар «Валют-Транзит Банкі» АҚ асып түссе, «АТФ Банкі» АҚ мен «ЦентрКредит Банкі» АҚ әлемдік стандартқа сәйкес.
Бұл жағдайлардағы радикалды өзгерістер басқарудың экономикалық тіреуішін сапалы өзгертуді талап етеді, әсіресе коммерциялық банктер үшін қаржы ресурстарын басқару аса маңызды. Басқарудың төмен сапалығы қай елде болмасын көптеген қарама-қайшылықтарды туғызып, экономикалық процестерді тоқтата түседі. Сондықтан Қазақстанның коммерциялық банктерін зерттеу ресурстарды басқару стратегияларын қалыптастыру бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.
1. Шығыстарды басқарудан басқа қысқарушы кірістерді іздеу компенсациясы мен олардың өсімін басқару үшін, - өмір сүру үшін стратегиясы. Шығыстарды сақтау көп жағдайда – онша танымал емес, ұйымшылдықты, тәртіптілікті әрі қатаңдықты талап ететін бағдарлама болып табылады. Өзінің шығыстарын қадағалай алмайтын адам өзінің орташа шұғыл кірістерін де өсіре алмайды.
Шығыстарды табысты басқару – кәсіпкерлік мәдениетінің қатаң әрі жұмсақ, ресм әрі бейресми элементтері бар шешуші әрі өзгермейтін бөлшегі. Кімде өзіне сәйкес кәсіпкерлік мәдениеті болмаса, сол шығыстарды қысқартудың қатаң қысқа шұғыл бағдарламаларымен әлі ұзақ айналысады. Кемшіліктер арқылы үйренуге қабілеттің болмауы әрі сапасыз еңбекті азайтуға ұмтылмау – ең қымбат әрі жағымсыз шығындар болып есептеледі.
Әрбір ойланып ақылмен қысқартылған шығыстар немесе кірістер мен шығыстардың рационалды құрылымы ұйымдасқан, жалпы стратегиялар аумағында өз-өзін сынаушы инвентаризация мен мақсаттарды қалыптастырудан басталады: мақсаттарды сәтсіз қалыптастыру нашар нәтижелерге алып келеді. Мақсаттарды анықтауға қатысты қарым-қатынас көп банктерде әлі де жолға қойылмаған. Кімде-кім өзінің алдына шын мәнісіндегі мақсаттарды қоя білсе, сол қарапайым жолдарды таба біледі. Шығыстарды азайту үшін мақсаттар мен іс-әрекеттер арасында қарама-қайшылықтар болмауы тиіс. .[30]
Шығыстарды тиімді басқару мәліметтік жүйелерді дұрыс басқару қажеттілігін талап етеді. Шығыстар мен кірістерді ақылды есептеудің негізі болып табылады. Сенімді УИС мүмкіндігінше, «ішкі сенімділікті» алу және сақтау үшін транспарентті болуы керек. Бөлімшелердің тапсырмалары бойынша ішкі жеке шығыстардың есептері жалпы жүйеге нақты енгізілуі керек. Қызметтерді қабылдап алушы идеал бойынша міндетті түрде оның саны мен сапасына әсер ете алуы керек. Нарықта сұранысқа ие қызметтердің нарықтық бағасы құнның жоғарғы шегі бола алады. Ішкі есептесудің құны көрсетілген қызмет бөлімшелердің ең тиімді деген мамандарына арналады әрі ешқандай кірістері болмайды.
Тапсырма бойынша нақты идентификациялауға болмайтын қызметтер оны қабылдап алушыға сандық не сапалық қатынаста әсер ете алмайды. Сондықтан да, қаражаттарды дұрыс тарату мен пайда болу көздеріне қарай нақты негіздеу шешуші мағынаға ие. Тратылған шығыстардың үлесі аз болған сайын объективті есептесулердің үлесі де жоғары, сонымен қатар сенімділігіне қол жеткізу де жеңіл болады. Сондай-ақ шығыстар жинақталмай өз уақытында таратылса дұрыс болады.
Қаржыландыру процесінде делдалдық рольді атқарушы коммерциялық банктер кәсіпорындар мен сауда мекемелеріне әртүрлі деңгейдегі қарыздар мен несиелеу жүйесін жүзеге асыруда. Ағымдағы қаржыландыру банктің біліміне де қатысты – бұл үлкен әрі шағын ізденістер, - кәсіпорынның өз қарызын «жабуы» мен «пайыздарын төлеуін» қамтамасыз етуге қатысуын білдіреді. Кірістің нормалары (әр кәсіпорынның ерекше жағдайларына байланысты) әрібір бірлестікте әрқалай, сондай-ақ оларды қаржыландыратын банктердің қызметі де әртүрлі, яғни несиелеудің әртүрлі қағидалары ұсынылады әрі көбінесе несиелеу процесі әртүрлі жағдайларға байланысты таңдау арқылы жүргізіледі. .[32]
Екінші жағынан, несиені ұсыну жүйесі ең соңында операцияның рентабельдігі деңгейі мен тікелей қызығушылығына қарай қаржыландыру орталықтары экономиканың әртүрлі сектордында, оның ішінде қатысу жүйесі негізінде салымдар мен ақшалай қаржыландырумен аяқталады.
Банктік капитал жеке кәсіпорындардың тек кірістерін ғана ескермейді; оның мақсаты – коммерциялық банктер капиталға айналдыра алатын барлық кіріс түрлері де ескеріледі. Осыған орай, қаржыландыру орталықтарының алдында коммерциялық банктерге төленетін, пайыздық көлемі жоғары пайда табу үшін капиталды қалай енгізуге болады деген сұрақ туындады. Пайыздық өлшемнің арақашықтығы ақшалай кірісті ұстап тұруда төленетін салымдар мен банкке алып келетін кірістер мөлшері ақша мен қаржы қаражатын жинақтау арасындағы байланысты жүзеге асыруы қажет.
Кәсіпорындар ақша нарығында ұсынылатын қаражаттарды пайдаланады. Бұл жағдайда салымдарды ақшалай ұстап тұрушылар кәсіпорындық және сауда мекемесінің акционерлері бола алады. Керісінше, тек банк орталықтары ағымдағы қаржыларға өз қаражаттарын ұсынуға шамасы бар, бұл ірі инвестицияларды қаржыландырумен тепе-тең. Бұл ақша нарығындағы операцияларды жүзеге асыруға көмектеседі. Коммерциялық банктер өз кезегінде өндірістік әрі сауда мекемелерінің қызметін бақылай алатын белгілі бір мөлшердегі акциялар үлесін алуға қол жеткізді. Осылайша, банктер үнемі жоғарғы деңгейдегі пайда әкелетін жолдарды қарастыру арқылы өздерінің қалыптастырған бақылауларының тиімділігін артыруға ұмтылып, бір мезгілде өздерінің тікелей қатысуларын қысқартуға ұмтылуда.[36]
Сонымен, банктер өздерінің функцияланушы капиталдарымен бірге бірлесе отырып, тікелей қатысу тәжірибесіне жүгінді. Мұндай жағдайда банктер несиелік ресурстардың қайтпай қалуы мүмкіндігінен арылады.
Келтірілген зерттеулер көрсеткендей, Қазақстанның коммерциялық банктері дәл осы тәуекелділіктерге жиі душар болады, бұл олардың қаржылық нәтижелерін нашарлауына алып келеді.
Басқару және инфрақұрылымдарды қаржыландыруға қатысты сұрақтар, елдің не экономикалық, не әлеуметтік өмірінде де шешілуі қиын мәселелер болғандықтан, рентабельдігі мемлекеттің жергілікті басқару органдары мен мекемелердің мамандандырылуына артылады.
Бұл жағдайда орталықтанған жоспарлаушы орган негізгі әлеуметтік-экономикалық міндеттерді анықтайды және қаржыландырудың негізгі бағыттарына бақылау жасайды. Ғылыми-техникалық база негізінде қаруландыру, реконструкциялау, мен кәсіпорындарды басқару проектілері қарастырылуда, нәтижесінде бұл проетілер жүзеге асырылуға дайындық үстінде. Аймақтық деңгейдегі проектілер еңбетік және табиғи ресурстарды тиімді қолдану үшін зерттелінген аймақтарға қатысты әлеуметтік даму үлгілері ұсынылуда.
Біз, бұл әдістің орталықтанған экономикалық басқару кезінде, яғни кәсіпорынның және банктің кәсіпкерлік қызметі халық шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аумағында жүзеге асырылғанда ғана тиімдірек болады деп есептейміз. Ресурстардың қалыптасуы мен олардың белсенділерге таратылуы осы бағдарламаларды орындау кезінде жүзе асады әрі ол сол банктің жұмысының нәтижесіне онша тәуелді емес.
-
Орталық жоспарлаушы орган
|
|
Коммерциялық банк
|
|
Коммерциялық банктің аналитикалық бөлімі
|
4 сурет – ҚР коммерциялық бактеріндегі несиелік ресурстарды оптимальды жоспарлау
Ресурстарды басқарудың тағы бір әдісі «банктер ішіндегі банкте» негізделеді: бұл бұл әдіс ең алдымен нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес, яғни қатаң кәсіпкерлік қызметінің сұрыпталуы мен жұмыс нәтижесіне материалдық жауапкершілік алғанда ғана жүзеге асырылады. Бекітілген капитал мұнда банктің капиталдық басымдылығын құру үшін, яғни алдын-ала салымдар – тез арада жүзеге асатын ағымдағы белсенділіктер, шұғыл және сақтаушы салымдар – орта шұғыл және ұзақ шұғыл ссудалара, т.б. қолданылуы тиіс.
Біз бұл әдістің өзектілігі, банктің басшылығы мен әрбір бөлімшесінде қабылданатын шешімдердің тиімділігі мен соған сәйкес операциялардың нәтижелі болуының жауапкершілігін арттырады, яғни бұл қазіргі заманғы Республикамыз үшін өте маңызды деп есептейміз.
Сондай-ақ, бұл әдіс жұмысында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген жеке жұмыскерлер мен банк департаментін сыйақымен марапаттаудың ыңғайлы жүйесін енгізуге көмектеседі.
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы тиімді қызметті өсіруге бағытталған әрі коммерциялық банктердің экономикалық субъекті ретінде нығаюына бағытталған шынайы экономикалық саясатты жүзеге асыруды талап етуде.
Осыған қарамастан, қазіргі заманғы коммерциялық банктердің жағдайы жағымды тенденциялармен сипатталады, едәуір проблемалары бар. Жоспарланушы жағымды тенденцияларды әрі қарай дамыту мен бекіту банктік секторлардан үлкен күштерді талап етеді. Екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі коммерциялық банктер деңгейінде өткізілетін тұтас қаржылық талдау болып табылады. Коммерциялық банктердің жұмысын талдау оның шаруашылық қызметін зерттеудің бір түрі; талдаудың міндеті ішкі қорларды шығару мен оны дұрыс қолдану болып табылады.
Микродеңгейдегі аналитикалық жұмыстың маңыздылығын бағалау өте қиын. Коммерциялық банк деңгейінде талдауы мазмұнның нақты жетілдірілген, күнделікті шаруашылық-қаржылық банк қызметіне, оның ұжымына, менеджерге, жеке меншік иесіне байланысты. [37].
Экономикалық талдауды өткізуді, оның мақсаттары міндеттерін сауатты етіп қою әрбір коммерциялық банк үшін аса өзекті болып табылады. Экономикалық талдау шешімдер мен іс-әрекеттердің алдын алады, қаржылық нәтижелерді ғылыми басқарудың негізі болумен қатар негіздейді, олардың объективтілігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Ол ресурстарды үнемшіл қолдануға, озық тәжірибені енгізуге, еңбекті ғылыми ұйымдастыруға, банк ісінің жаңа техникасы мен технологиясын енгізуге, басы артық шығындар мен жұмыстағы әртүрлі кемшіліктердің алдын алуға көмектеседі. Нәтижесінде банк экономикасы нығаяды, оның қызметінің тиімділігі жоғарылайды. Сондықтан талдау қаржылық ресурстарды басқару жүйесінде, ішкі шаруашылық қорлардың әрекет етуші құралында ғылыми-негізделген жоспарлар мен басқару шешімдерін өңдеудің негізінің маңызды элемент болып табылады.
Ресурстарды басқаруда коммерциялық банктің өмірлік қабілетінің сапасы мен сенімділігін арттыратын экономикалық талдау айрықша роль атқарады. Ойлану, алынған мәліметтерді өңдеп-талдау процесі басқарудың ерекше функциясы ретіндегі мазмұнды атқарады. Экономикалық талдаудың міндеті: банк қызметінің заңдылығын зерттеуге қатысты теоретикалық талдау; нақты фактілер мен құбылыстардың бірлесуін зерттеуші ағымдағы талдау; негізгі тенденциялар мен басты әрекет етуші факторларды зерттеуші болашағы зор жетілдірілген талдау; аз мерзімдер аралығында пайда болатын міндетінде ауытқушылығы бар жедел талдаулар болып табылады.
Біздің коммерциялық банктегі қаржы ресурсының негізгі бөлігін құрайтын қаржылық ағымды талдауымызды біз коммерциялық банктегі кіріс, шығыс пен таза кірістің агреграциялық есебін құраудан бастадық.
Жүргізілген зерттеулер көмегімен келесі қорытындыға келуге болады, яғни Қазақстанның коммерциялық банктері тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге бет бұрып, банктің жаңа технологияларына аса зор мән беруге ұмтылуда, өз қызметтерін белсенді жүзеге асыруда, банктің кірістілігін тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету арқылы ұлғайтуға тырысуда. Дегенмен, ҚР коммерциялық банктері өзара қатыгез бәсекелестік күресі жағдайында еңбек ететінін ескеру керек. Сондықтан да, қаржылық ресурстарды «өмір үшін күресте» маңызды фактор ретінде әрмен қарай таза кіріс көзі ретінде қарап басқаруды жетілдіруді қарастыру қажет.
Жалпы алғанда зерттелініп жатқан банктер талаптарға сай әрі қазіргі заманғы жан-жақты банктерге тән сапаларға ие. Қазіргі уақыттағы банктердің өткізіп жатқан барлық іс-шаралары таза кірісті көтеру мен қаржылық нәтижелерді жақсартуға бағытталған.
Еңбектің сапасы оның нәтижесінен көрінеді. Нәтиженің сапалы болуы еңбекті басқарудың функционалдық міндеттемелері болып табылады.
Банктік еңбекті басқарудың сапалы ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1) еңбекті басқарудың жалпы ерекшеліктері: шығармашылық ой еңбегінің түрі ретінде; инновациялылық; уақытты қатаң шектеу; ұжымдық мінез-құлық (серіктестік, корпоративтілік); тәуекелшілдік;
2) банк қызметіндегі еңбекті басқарудың мамандандырылған ерекшеліктері: еңбек қызметінің бағыттарындағы абсолюттік басымдылығына жоғарғы кәсіби талаптар қою; кәсіпкерлік мінез-құлық; еңбектің жеке басымдылық мінездемесі; жұмысшыларды еңбекпен қамтудағы (ең алдымен мәліметтік) ресурстық ерекше талаптар (толық және сенімді мәлімет); банк басшылығы мен қызметкерлерінің категорияларына қарай еңбектегі стресстік элементтердің көрінісі.
Еңбекті басқарудың сапалық мінездемелері әржақтылы, олардың арасында экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық және басқа да түрлері бар. Оларды бағалау банк қызметінің шын мәнісіндегі талаптарының сапалы мінездемелерін міндетті салыстыруды жоспарлайды.
Аталған еңбек сапасының мінездемелеріне мәліметтік ресурстар, басқарудың техникалық құралдарының талаптарын қосқан дұрыс; жұмыскерлер мен ұжым арасындағы сапалы қарым-қатынастар мінездемесі, еңбектік жағдай мен мотивациялар.
Қазіргі уақыттағы коммерциялық банктерде басқарушылық мінездеменің өзгерісі байқалады, бұл қызметкерлердің мотивациясы, ұмтылушылығы, бір-бірімен ара қатынас, т.с.с. проблемаларына аса мән берілуідің күшеюімен сипатталады.
Коммерциялық банктерде еңбекті басқарудың терең мамандандырылуы жүзеге асырылуда, бұл жұмыскерлердің білімі, дайындығы, қызығушылығы деңгейіне қарай сұрыптау кеңінен орын алған, сондай-ақ жұмыскердің жеке тұлғасына да аса мән беру талап етілуде. Коммерциялық банктерге кәсіби менеджерлер қажет.
Банк жұмысының тиімділігін арттырудың тағы да бір маңызды көрсеткіші ретінде кадрлық саясат пен банк қызметкерлеріне жалақы төлеу жүйесінің тиімділігін жоғарылату табысқа қол жеткізеді. Банктерді зерттеу барысында анықталғандай, 2000 жылдағы банктерді қамтамасыз етуге кетірілген қаражаттардың орташа деңгейі барлық шығындардың 17,7% құраса, 2005 жылы – 14,3% құрады. Коммерциялық банктердегі кеңейтілген штаттар үлкен шығыстарды талап етеді, ал жалақы төлеуге кетірілген шығыстар ұйымның қаржылық көрсеткіштерін төмендетеді. Керісінше, салыстырмалы түрде шамалы белсенді ұжымдар акционерлер үшін қосымша таза кіріс әкелуге қабілетті.
-
Коммерциялық банктердегі ресурстарды жоспарлау технологиясы
|
-
Стратегиялық жоспарлау
|
|
Жедел жоспарлау
|
|
Әдістемелік жоспарлау
|
-
қызметтерді бағалау; сұраныс пен ұсынысты бағалау; тұрмыстық технологиялар; нарық потенциалы
|
|
мәліметтік ағымдар; қаржы ағымдары; басқару технологиялары; нарық конъюнктурасы
|
|
Кіріс пен шығыс құрылымын бағалау; қабылданған шешімдердің тәуекелділігін бағалау; нарықты бақылау
|
-
Ресурстарды басқару идеологиясы
|
|
Ресурстарды басқару мотивациясы
|
|
Ресурстарды басқарудың құрылымдығы
|
5 сурет – Коммерциялық банктердегі ресурстарды басқарудың әдістемесі
Банктердегі ресурстарды басқару проблемасының өзектілігі стратегиялық жоспарлау деңгейінде орын алған, бұл банк қызметіндегі пайызы жоқ шығыстар өзара сұраныстың қанағаттандырылуы мен қолдауын анықтайды. Осылайша, коммерциялық банктің таза кірісі қаржы ресурстарын басқару концепцияларын қалыптастыру мен құру саласында қарастырылады, яғни коммерциялық банктің қызметі оның қаржылық-мәліметтік қатынасы мен нарықтық потенциалынан тұрады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық қатынастардың дамуы экономикалық саясаттың бара-бар жүзеге асуын талап етеді,бұл жағдай сондай-ақ акционерлік қоғамдардың қалыптасуы мен қызметінің дамуына да байланысты. Сондықтан да ең бастысы акционерлік қоғамдардың ресурстарын тиімді қалыптастыру үшін стратегиялық мақсаттарға үлкен мән беруі қажет, ұйымдағы осы ресурстарды тиімді басқару әдістерінің қолданылуы аса маңызды болып табылады.
Ғылыми-техникалық прогрестің жылдам дамуы кезеңінде еліміздегі елбасымыздың халыққа жолдауында көрсетілген алға қойылған барлық мақсаттардың, экономикалық саясаттың жүзеге асырылуы акционерлік қоғамдардың дамуын талап етеді.
Осыған қарамастан, қазіргі заманғы коммерциялық банктердің жағдайы жағымды тенденциялармен сипатталады, едәуір проблемалары бар. Жоспарланушы жағымды тенденцияларды әрі қарай дамыту мен бекіту банктік секторлардан үлкен күштерді талап етеді. Екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі коммерциялық банктер деңгейінде өткізілетін тұтас қаржылық талдау болып табылады. Коммерциялық банктердің жұмысын талдау оның шаруашылық қызметін зерттеудің бір түрі; талдаудың міндеті ішкі қорларды шығару мен оны дұрыс қолдану болып табылады.
Микродеңгейдегі аналитикалық жұмыстың маңыздылығын бағалау өте қиын. Коммерциялық банк деңгейінде талдауы мазмұнның нақты жетілдірілген, күнделікті шаруашылық-қаржылық банк қызметіне, оның ұжымына, менеджерге, жеке меншік иесіне байланысты.
Экономикалық талдауды өткізуді, оның мақсаттары міндеттерін сауатты етіп қою әрбір коммерциялық банк үшін аса өзекті болып табылады. Экономикалық талдау шешімдер мен іс-әрекеттердің алдын алады, қаржылық нәтижелерді ғылыми басқарудың негізі болумен қатар негіздейді, олардың объективтілігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Ол ресурстарды үнемшіл қолдануға, озық тәжірибені енгізуге, еңбекті ғылыми ұйымдастыруға, банк ісінің жаңа техникасы мен технологиясын енгізуге, басы артық шығындар мен жұмыстағы әртүрлі кемшіліктердің алдын алуға көмектеседі. Нәтижесінде банк экономикасы нығаяды, оның қызметінің тиімділігі жоғарылайды. Сондықтан талдау қаржылық ресурстарды басқару жүйесінде, ішкі шаруашылық қорлардың әрекет етуші құралында ғылыми-негізделген жоспарлар мен басқару шешімдерін өңдеудің негізінің маңызды элемент болып табылады.
Ресурстарды басқаруда коммерциялық банктің өмірлік қабілетінің сапасы мен сенімділігін арттыратын экономикалық талдау айрықша роль атқарады.
Экономикалық талдаудың міндеті: банк қызметінің заңдылығын зерттеуге қатысты теоретикалық талдау; нақты фактілер мен құбылыстардың бірлесуін зерттеуші ағымдағы талдау; негізгі тенденциялар мен басты әрекет етуші факторларды зерттеуші болашағы зор жетілдірілген талдау; аз мерзімдер аралығында пайда болатын міндетінде ауытқушылығы бар жедел талдаулар болып табылады.
Басқару тиімділігін арттырудың басты бағыты оның компьютеризациясы болып табылады. Мәліметтерді қарапайым автоматизациялау пооцесі үлкен жеңіске қол жеткізеді, еңбекті басқарудың дәл сол процестеріне жауапты жақтарының өндірістілігін едәуір жоғарылатады, Бұл процестің автоматизациясы еңбек шығындарын тек қысқартып қана қоймайды, сондай-ақ басқару процесіне жаңа сапалы құбылыстар алып келеді, алайда басқарудың оптимальдығын, жеделдігін арттыруға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |